Бекiтемiн: Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту



бет4/4
Дата01.07.2016
өлшемі0.63 Mb.
#169851
1   2   3   4

Банктік кепілдік

Банктің атауы:_______________________________________________________


                      (банктің атауы мен деректемелері)
Кімге:_______________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)
№ _________кепілдік міндеттеме
______________________________ ____ж. «___»______________
      (орналасқан жері)
Біз бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын,__________________________,
                                    (әлеуетті өнім берушінің атауы)
_______________________________ұйымдастырған_________________________
              (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
              сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатындығынан және
_____________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурс
(лот/-тар)
бойынша атауын беруді (жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді)
жүзеге асыруға дайындығынан хабардармыз.
________ж. «___»______________ жоғарыда аталған конкурсты өткізу
жөніндегі конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің банктік
кепілдік түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі
көзделген.
      Осыған байланысты біз_______________________осымен өзімізге
                               (банктің атауы)
Сіздің талап етуіңіз бойынша Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды,
ондай-ақ Өнім беруші:
      конкурсқа қатысуға түпкілікті мерзім өткеннен кейін конкурсқа
қатысуға өтінімді кері қайтарып алғандығын не өзгерткендігін және
(немесе) толықтырғандығын;
      танылған конкурс қатысушысы өзінің конкурстық баға ұсынысын
белгіленген мерзімде тапсырмағандығын не кері қайтарып алғандығын;
      конкурстың жеңімпазы етіп анықталған қатысушы мемлекеттік сатып
алу туралы шарт жасасудан жалтарғандығын;
      мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық
құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға
қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы
талаптарды орындамағандығын не уақтылы орындамағандығын.
      Бұл кепілдік міндеттеме конкурстық өтінімдер бар конверттерді
ашқан күннен бастап күшіне енеді.
      Бұл кепілдік міндеттеме Өнім берушінің конкурсқа қатысуға
конкурстық өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады
және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз________ аяғына дейін
алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатындығына немесе
қайтарылмайтындығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін
жояды. Егер конкурстық өтінімнің мерзімі ұзартылған болса, онда бұл
кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.
      Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар
мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

      Кепілгердің қолы мен мөрі                 Күні мен мекен-жайы

Үлгі конкурстық құжаттамаға
10-қосымша      

Берешектің жоқтығы туралы анықтама

      Банк (атауы) ___________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес осы Банкте қызмет көрсетілетіннің (заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекенжайы, көрсетiлciн) банк алдында анықтама берiлген айдың алдындағы үш айдан артық созылған мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығын растайды.

      Күнi
      Қолы
      М.О.

Үлгі конкурстық құжаттамаға


11-қосымша     

Конкурста сатып алу мәні болып табылатын,
жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер
(қызметтер көрсету кезіндегі қоса орындаушылар)
туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті өнім беруші қосалқы
мердігерлерге (қоса орындаушыларға) беретін жұмыстар мен
қызметтердің түрлері (конкурстың толық атауын көрсету қажет)


Р/с


Қосалқы мердігердің (қоса орындаушы) - заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (қоса орындаушының) - Т.А.Ә.

Қосалқы мердігер (қоса орындаушы) бизнес-сәйкестендіру нөмірі, оның толық заңды және пошталық мекенжайы, байланыс телефоны

Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) атауы

Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ақшалай мәндегі көлемі

Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ақшалай мәндегі көлемі











































Осы қосалқы мердігер (қоса
орындаушы) бойынша барлығы




теңге




көлемі
нің %











































Осы қосалқы мердігер (қоса
орындаушы) бойынша барлығы




теңге




көлемі
нің %

Барлық қосалқы мердігерлер (қоса
орындаушылар) бойынша жиыны




теңге




көлемінің %

      Осымен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) қатысуға өтінім беретін әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігері(лері) (қоса орындаушысы(лары)) конкурс (конкурстың толық атауын көрсету) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысудың шарттары туралы өзінің хабардар екендігін білдіреді және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлеріне (қоса орындаушыларына) қатысты бөлігінде конкурстық
құжаттамада көзделген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті өзіне
қабылдайды.

Қосалқы мердігер
(қоса орындаушы) -
заңды тұлғаның атауы
не жеке тұлға болып
табылатын қосалқы
мердігер (қоса
орындаушы) Т.А.Ә.

Қосалқы мердігердің (қоса орындаушының)
уәкілетті өкілінің Т.А.Ә. (бар болғанда)

Қолы




























      Әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерге (бірлесе орындаушыға)
беретін жұмыстар мен қызметтердің көлемі жұмыстар мен қызметтердің
жалпы көлемінің үштен екісінен аспауға тиіс.

Үлгі конкурстық құжаттамаға


12-қосымша      

______________________әлеуеттi өнiм берушi бағаларының кестесi
(әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы)
(лоттың нөмірі көрсете отырып, әрбір лотқа жеке толтырылады)


Р/с


Мазмұны

Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы

1

Қысқаша сипаты




2

Шығарылған елi (жұмыстарды сатып алу кезiнде алынып тасталады)




3

Дайындаушы зауыт (жұмыстар мен қызметтердi сатып алу кезiнде алынып тасталады)




4

Өлшем бiрлiгi




5

_______бiрлiктің бағасы ___________
ИНКОТЕРМС 2000 шарттары
бойынша _________
(межелі орны)




6

Саны (көлемi)




7

Барлық бағасы =__________
5-бет х 6-бет,




8

Жалпы бағасы,_________ИНКОТЕРМС
2000 шарттары бойынша __________
межелі орны, әлеуеттi
өнiм берушiнiң тасымалдауға
арналған, кеден бажын, ҚҚС және
басқа төлемдер мен алымдарды,
жинақтаушы бөлшектер мен
мiндеттi қосалқы бөлшектер
бағасын, бiр өлшем бiрлiгiне
пайдаланудың бастапқы мерзiмi
iшiнде қызмет көрсетуге арналған
барлық шығыстарды қоса алғанда,
басқа да шығыстар




      Бiз Сiздердiң конкурстық құжаттамада айтылған төлем
шарттарыңызға келiсемiз
      _______________ _______________________________
        (Қолы)        (лауазымы, Т.А.Ә.(бар болғанда)

М.О.


      Ескертпе: әлеуеттi өнiм берушi жалпы бағаның құрауыш бөлiктерiн
көрсетпеуi де мүмкiн, бұл ретте осы жолда көрсетiлген бағаны әлеуеттi
өнiм берушiнiң барлық шығындарын, болған кезде жеңілдіктерді ескере
отырып конкурстық комиссия қарайды және қайта қарауға жатпайды.

                                                  

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасына

6-қосымша

Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы
үлгілік шарт

___________ (орналасқан жері) көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы _____ жылғы «__» _________ үлгілік шарт

Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын ______________________________

(Тапсырыс берушінің толық атауы)

атынан _____________________________________________________________,

(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын,

________________________________________________________ атынан

(өнім беруші конкурс жеңімпазының толық атауы)

__________________________________________ негізінде әрекет ететін

(Жарғы, Ереже және т.с.с.)

_____________________________________________________________________

(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

екінші тараптан, 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) және ___ жылғы «__» _______ өткен _____________ мемлекеттік сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден алу тәсілімен) қорытындыларының негізінде осы Мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:

1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге мөлшері (соманы цифрмен және жазбаша көрсету) сомаға (бұдан әрі – Шарттың бағасы) қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.

Бұл ретте, ҚҚС сомасы (соманы цифрмен және жазбаша көрсету), акциз сомасы (соманы цифрмен және жазбаша көрсету) құрайды.

2. Осы Шартта төменде тізбеленген ұғымдардың мынадай мағынасы болады:

1) Шарт – Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Тапсырыс беруші мен Өнім берушінің арасында жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, оған қоса берілетін барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта оған сілтеме берілген бүкіл құжаттамамен бірге тараптар қол қойған азаматтық-құқықтық акт;

2) Шарттың бағасы – Өнім берушіге Шарт шеңберінде өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін Тапсырыс беруші төлеуі тиіс сома;

3) Көрсетілетін қызметтер – Тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесі жоқ қызмет;

4) Тапсырыс беруші – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;

5) Өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке ұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше белгіленсе, мемлекеттік мекемелер), Тапсырыс берушімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум).

3. Төменде тізбеленген құжаттар мен онда айтылған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:

1) осы Шарт;

2) сатып алынатын көрсетілетін қызметтер тізбесі;

3) техникалық ерекшелік;

4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.

4. Өнім беруші Шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 137-тармағында көрсетілген жағдайларда және мөлшерде Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.

Өнiм берушi Шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:

1) Тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарнаны;

2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.

5. Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші бір тұлғалардың енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға толығымен не бір бөлігінде талап ету құқықтарының туындауына әкеп соқтыратын іс-қимылдар жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің Өнім беруші енгізген кепілді ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына жол берілмейді.

6. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындармен бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік сатып алу туралы шарт мынадай:

1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскери құралымдарының жеке құрамының тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді. Мұндай мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауы тиіс;

2) көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда бір қаржы жылынан асатын мерзімге сатып алған жағдайда жасалады.

Бұл ретте, қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттарды жоғарыда көзделген жағдайларда, бәсекелестік негізде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілермен жасасуға ғана рұқсат етіледі.

7. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар көрсетілген тұлғалардың басқару органы немесе жоғарғы органы бекіткен даму жоспарында (бизнес-жоспарда) оларды аяқтау мерзімі келесі (кейінгі) қаржы жылына (жылдарына) белгіленген іс-шараларды орындау үшін қажетті тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасуы мүмкін.

8. Жылдық қаржылық есептілік аудиті бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.

9. Өнім беруші қызметті көрсетуге, Тапсырыс беруші көрсетілетін қызметтердің саны мен сапасын Өнім берушінің конкурстық өтінімі мен Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына сәйкес қабылдап алуға және ақысын төлеуге міндеттенеді.

Ақы төлеу нысаны

_______________________________________________________________

(аудару, қолма-қол есеп айырысу және т.б.):

10. Төлемдердің мерзімі________________________________________

(мысалы: межеленген пункттегі қызметтерді көрсеткеннен кейін % немесе алдын ала төлем және т.б.).

11. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:______________________

(шот-фактура немесе қабылдап алу-беру актісі немесе т.с.с.).

Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерiстер енгiзу шартын көздеуi тиiс.

Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа өткізілген мемлекеттік сатып алу шарттарының мазмұнын өзгертуі мүмкін өзгерістер және (немесе) Заңның 39-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негiздер бойынша өнiм берушi таңдау үшiн негiз болған ұсыныстарды енгiзуге жол берiлмейдi.

12. Осы Шарт шеңберінде көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары болуы тиіс.

13. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарттың немесе оның қандай да бар ережелерінің, сондай-ақ техникалық құжаттаманың, жоспарлардың, сызбалардың, моделдердің, үлгілердің мазмұнын немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, Тапсырыс беруші немесе оның атынан басқа тұлғалар ұсынған ақпаратты ешкімге жария етпеуі тиіс.

Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;

14. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда көрсетілген құжаттардың немесе ақпараттың қандай да біреуін Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауы тиіс.

15. Жоғарыда көрсетілгеннің бір де бір тармағы Өнім берушіні осы Шарт бойынша кепілдіктерден немесе басқа да міндеттемелерден босатпайды.

16. Осы Шарт шеңберінде Өнім беруші конкурстық құжаттамада көрсетілген қызметтерді көрсетуі тиіс.

17. Тапсырыс берушінің Шартта көрсеткен бағалары Өнім беруші өзінің конкурстық өтінімінде көрсеткен бағаларға сәйкес келуі тиіс.

18. Екі тарап та қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарттың құжаттарына (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, түсіру, орау әдісі, жеткізу орны немесе өнім беруші ұсынатын қызметтер және т.б.) ешқандай ауытқуларға немесе оларды өзгертуге жол берілмейді.

19. Егер кез келген өзгеріс Шарт бойынша Өнім берушінің қызмет көрсетуі үшін қажетті құнын немесе мерзімін азайтуға әкеп соқтыратын болса, онда Шарттың бағасы тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті өзгерістер енгізіледі.

Осы баптың шеңберінде түзету жүргізуге Өнім берушінің барлық сұрау салулары Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкімді Өнім беруші алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде берілуі тиіс.

20. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін не толығымен, не ішінара ешкімге бермеуі тиіс.

21. Егер бұл конкурстық өтінімнің құжаттарында айтылған болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін беруі тиіс.

Қосалқы мердігерлердің болуы Өнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа да жауапкершіліктен босатпайды.

22. Қызметтерді көрсетуді Өнім беруші кестеге сәйкес жүзеге асыруы тиіс.

Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қызмет көрсетудің ең аз мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем болмауы тиіс.

23. Өнім беруші тарапынан қызмет көрсетуді орындаудың кешіктірілуі оған жүктелетін мынадай санкцияларға:

Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұстап қала отырып, Тапсырыс берушінің Шартты бұзуына не уақтылы жеткізілмегені үшін тұрақсыздық айыбын төлеуге әкеп соқтыруы мүмкін.

24. Форс-мажорлық жағдайларды қоспағанда, Өнім берушінің тарапынан Шарт бойынша қызметтерді көрсету бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына залал келтірмей Шарттың шеңберінде мерзімі кешіктірілген әр күн үшін өнім беруші міндеттемені орындамаған жағдайда шарттың сомасынан 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) өндіреді немесе мерзімі кешіктірілген әр күн үшін тиісінше орындалмаған міндеттеменің сомасына 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) өндіріп алады.

25. Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір санкцияларға зиян келтірместен, Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:

а) егер Өнім беруші көрсетілетін қызметтерді Шартта көзделген мерзімде немесе Тапсырыс беруші берген Шарттың ұзартылған кезеңі ішінде көрсете алмаса;

б) егер Өнім беруші Шарт бойынша өзінің қандай да бір басқа міндеттемелерін орындай алмаса осы Шартты бұза алады.

26. Егер Шартты орындау бойынша кідіріс форс-мажорлық мән-жайлардың салдары болса, Өнім беруші Шарттың орындалуын өз қамтамасыз етуінен айырылмайды және тұрақсыздық айыбын төлеу үшін немесе Шарттың талаптарын орындамау себебінен оны бұзу үшін жауапты болмайды.

27. Осы Шарттың мақсаттары үшін «форс-мажор» Өнім берушінің тарапынан бақылауға бағынбайтын, Өнім берушінің қателігіне немесе ұқыпсыздығына байланысты емес және тосын сипатқа ие оқиғаны білдіреді.

Мұндай оқиғалар мыналарды қамтуы мүмкін, бірақ соғыс іс-қимылдары, табиғи немесе дүлей апат, індет, тауарларды жеткізуге қойылатын карантин мен эмбарго сияқты іс-қимылдармен шектелмейді.

28. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде кезінде Өнім беруші мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы Тапсырыс берушіге дереу жазбаша хабарлама жіберуі тиіс.

Егер Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін қаншалықты орынды болса мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және Шартты орындаудың форс-мажорлық мән-жайларға байланысты емес, баламалы әдістерін іздейді.

29. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болған жағдайда, Тапсырыс беруші кез келген уақытта Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, біржақты тәртіппен Шартты бұза алады.

Бұл жағдайда бұзу дереу жүзеге асырылады және Шарттың бұзылуы залал келтірмесе немесе іс-қимылдары жасауға немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе кейіннен қойылатын санкцияларды қолдануға қандай да бір құқықтарды қозғамаса, Тапсырыс берушінің Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық жауапкершілігі болмайды.

30. Тапсырыс берушi Өнім берушіге тиiстi жазбаша хабарлама жiбере отырып, Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес Шартты одан әрi орындаудың орынсыздығына байланысты оны кез келген уақытта бұза алады.

Хабарламада Шартты бұзудың себебi көрсетiлуі, жойылған шарттық міндеттемелердің көлемi, сондай-ақ Шартты бұзудың күшiне енетiн күнi жазылуы тиіс.

31. Шарт жоғарыда көрсетілген мән-жайлар негiзiнде жойылған кезде, Өнім беруші Шарттың бұзылуына байланысты, бұзылған күндегі iс жүзiндегi шығындары үшiн ғана төлемақыны талап етуге құқылы.

32. Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген жәрдемді көрсеткені анықталған жағдайда, Мемлекеттік сатып алу туралы шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.

Өнім берушінің осы негіздер бойынша Шарттың бұзылуына байланысты шығындары үшiн ғана төлемақы талап етуге құқығы жоқ.

33. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктерді тікелей келіссөздер жүргізу барысында шешу үшін барлық күштерін салуға тиіс.

34. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселенің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуін талап ете алады.

35. Мемлекеттік сатып алу туралы шартта Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағының кедендік заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кедендік заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құнға салынатын салықтар мен акциздердің төленуі туралы талаптар қамтылуы тиіс.

36. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының резидентi емеспен жасасқан жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресiмдеуге жол берiледi.

37. Шарт қазақ және/немесе орыс тiлдерiнде жасалады. Шартты төрелiкте қарау қажет болған жағдайда, Шарттың қазақ және/немесе орыс тiлдерiндегi данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу немесе тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес болуы тиiс.

38. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалуы тиiс.

39. Шартқа сәйкес тараптардың бiрi екiншi тарапқа жiберетiн кез келген хабарлама кейiннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрiнде жiберiледi.

40. Хабарлама жеткiзiлгеннен кейiн немесе күшiне ену көрсетiлген күнi (егер хабарламада көрсетiлсе) күшiне енедi, ол бұл күндердiң қайсысы кеш болатынына байланысты болады.

41. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиiс.

42. Өнiм берушi Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгiзуге мiндеттi.

43. Осы Шартта Тапсырыс берушi мен Өнiм берушi белгiленген тәртiппен келiсiлген өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де талаптар көзделуi мүмкiн.

44. Осы Шарт Тапсырыс берушi оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде (мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер үшiн) тiркеуден өткiзгеннен кейiн және Өнiм берушi осы Қағиданың 135-тармағында көрсетiлген жағдайларда Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзгеннен кейiн күшiне енедi.

45. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелерi:

Тараптардың деректемелері

Тапсырыс беруші: Өнім беруші:

Тапсырыс берушінің толық атауы Өнім берушінің толық атауы Тапсырыс берушінің толық заңды Өнім берушінің толық заңды мекенжайы мекенжайы Тапсырыс берушінің БСН <БСН> Өнім берушінің «БСН/ЖСН/ТЕН» Тапсырыс берушінің БСН <БСН> Өнім берушінің БСН>БСН Тапсырыс берушінің ЖСК <ЖСК> Өнім берушінің ЖСК> ЖСК Банктің атауы Банктің атауы Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны> Тел.: <Өнім берушінің телефоны> <Тапсырыс берушінің лауазымы> <Өнім берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің Т.А.Ә. бар болғанда> <Өнім берушінің Т.А.Ә. бар болғанда>

Аумақтық қазынашылық органында тіркелген күні (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін):_____________________

Осы Мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Тапсырыс берушінің тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру процесінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді.

Осы Шартты пайдалана отырып, Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың түпкілікті жобасын әзірлеуі тиіс.

Бұл ретте, осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына, соның ішінде мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамасына, тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Өнім берушінің конкурстық өтініміне және Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес болуы тиіс. Осы Шартта курсивпен бөліп көрсетілген түсіндірулерді Тапсырыс беруші толтыруы тиіс.

Мемлекеттік сатып алуды


жүзеге асыру қағидасына
7-қосымша

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге


асыру туралы хабарландырудың нысаны


«Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жаңақорған кенті Б. Майлин көшесі №5 үй электрондық адрес : jkorgan@mail.ru

(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы, почталық және электрондық мекен-жайлары) мынадай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы хабарлайды: Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

(тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру орны және олардың көлемі көрсетіледі) (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық тізбесі, олардың саны мен егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігі конкурстық құжаттамада көрсетілгеніне сілтеме жасауға құқылы).

Тауарларды берудің (жұмыстарды орындаудың/қызметтерді

көрсетудің) талап етілетін мерзімі: Конкурстық құжаттама толығымен көрсетілген.

Конкурсқа «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.

Конкурстық құжаттама көшірмесінің бумасын әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамаға ақы төлеу туралы құжатты (егер мұндай конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда) бергеннен кейін 2015 жылғы « 28 »_қазан дейінгі мерзімді қоса алғанда (конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқанға дейін 24 сағат бұрын уақыт пен күні көрсетілсін) мына мекен-жай бойынша:Жаңақорған кенті, Б.Майлин көшесі №5, бөлме №1, №__сағат_12 -дан____-ге дейін және/немесе мына мекен-жай

бойынша jkorgan@mail.ru электрондық почтамен алуға болады.

Конкурстық құжаттаманың көшірмесі бумасының құны_______________

теңгені құрайды және_конкурстық құжаттар тегін беріледі_

(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тиісті шоты көрсетілсін) шотына енгізіледі (егер төлем көзделмеген болса, осы абзац алынып тасталады).

Конвертке желімделген конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді

әлеуетті өнім берушілер «Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетілсін)

мына мекен-жай бойынша_инд. 120300 Жаңақорған кенті, Б.Майлин көшесі №5үй, №1 бөлме.

(толық мекен-жайы, бөлменің № көрсетілсін)

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі_29 қазан 2015 жыл, сағат 12.00-ге ______________дейін. (уақыты мен күні көрсетілсін)

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер_29 қазан 2015 жыл, сағат 15.00-ге

(уақыты мен күні көрсетілсін)

мына мекен-жай бойынша_ инд. 120300 Жаңақорған кенті, Б.Майлин көшесі №5үй, №1 бөлме ашылады.

(толық мекен-жайы, бөлменің № көрсетілсін)

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға

болады:_8 (72435) 23-2-70

(қаланың коды мен телефон нөмірі көрсетілсін)



Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі_маман Мұсатаева Нұрсауле Исатайқызы 8 (72435) 23-2-70

(Т.А.Ә.(бар болғанда), лауазымы және байланыс телефоны көрсетіледі)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет