«бекітемін» Жұмыс оқу жоспарлары және


-лекция. Экологиялық сараптама және қоршаған ортаға әсерді бағалау жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар



бет26/68
Дата02.01.2022
өлшемі1.4 Mb.
#453433
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68
УМК нормалау

9-лекция. Экологиялық сараптама және қоршаған ортаға әсерді бағалау жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар
Меншік нысаны мен қай ведомстваға жататындығына қарамастан ҚР экологиялық сараптама Заңының 6-бабына сәйкес, сараптама обьектілеріне міндетті түрде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілуі тиіс.

Бұндай заңның болуы төмендегі қызметтерді жүргізу барысында обьектінің жобалануы, орналастырылуы, салынуы, қайта жөнделуі пайдалануға берілуі, қалыпты қызмет істеуі, басқа өндіріске ауыстырылуы, сонымен қатар обьектінің жойылуы және басқа қызметтерді тиісті дәрежеде есепке алынып, бұларға экологиялық сараптама және қоршаған роаға әсерін бағалауды жүргізуде талдаудың дұрыс жүргізілгенін қадағалау қажет болады. Бірақ, іс жүзінде бұл қызметтердің барлығы есепке алынады деу өкінішке орай, әлі мүмкін болмай тұр, сондықтанда табиғат ресурстарын пайдаланудың және дамытудың бұл тетігі әлі жақсы жетілмеген. Қоршаған ортаға әсерді бағалау мен экологиялық сараптама жүргізілуде экологиялық нормативтерді есепке алумен қатар басқа да, талаптарды ескеруге тура келеді. Мысалы, нормативті құжаттарға қойылатын талаптары инвестициялық материалдарға, жобалау құжаттары мен құрылысы құжаттарына, рұқсат қағаздарына (лицензияларға), техникалық-экологиялық негіздемелерге, технология мен материалдарға, келісім шарттарға және т.б. тиісті болады.

Қоршаған ортаға тікелей немесе жанама жарамсыз әсер ете алатын обьектілер, жобалар, құрылыс және қайта жөндеу жұмыстары, өндіріс орындарын іске қосу және т.б. қойылатын жалпы экологиялық талаптары ҚР-ның «Қоршаған ортаны қорғау» заңының Х-тарауында 46-62 баптарында бекітілген.

Кәсіпорындарды, обьектілер мен кешендерді, үйлер мен ғимараттарды орналастыруға, салуға, қайта жаңартуға, дамытуға, техникалық жаңа жарақтандыруда, қайта бейімдеуде, ауыл шаруашылығы саласында, энергетика және көлік шаруашылығында, су, коммуналды шаруашылықтарда электр желісі мен мұнай, газ құбырларын салу каналдар және т.б. қоршаған ортаға тікелей немесе жанама әсер ете алатын обьектілер салынуы кезінде (48-50баптар)экологиялық қауіпсіздік талаптарымен халықтың денсаулығын сақтау, ортаны қорғау жұмыстары, табиғат қорларын үнемді пайдалану, қоршаған ортаны қалпына келтіру жұмыстары ескерілуі қажет. Бұл талаптардың орындалмаған немесе бұзылған жағдайда мысалы, ақаулық түзетілгенше тоқтатылады немесе толық тоқтатылады. Кәсіпорындарды орналастыруда қоршаған ортаны қорғаудың мына талаптарының орындалуы қажет: табиғи ресурстардың үнемді қолданылуы және қалпына келтірілуі: экологиялық, экономикалық, демографиялық және т.б. әсерлердің зардаптарының адам денсаулығына келтіретін зиянының дәрежесі: сол территориядағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне әсердің мейлінше аз болуы. Өнеркәсіп орындарының және басқа обьектілердің орналастырылуы ҚР қоршаған ортаны қорғау заңының Хтарауының 48-бабына сәйкес, обьектілерді орналастыру кезінде санитарлық – қорғау және аймақтық қорғау орындары жасалады.

Жобаның техникалық – экономикалық негіздемесін жасауда құрылыс және басқа обьектілерді жобалауды ғылыми-техникалық процестің қазіргі деңгейі және қоршаған ортаға әсердің жүктеме мөлшері, әрі қоршаған ортаны ластаудан қорғаудың сенімді және тиімді шаралары, ресурс үнемдеу, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар ескеріліп, қоршаған ортаны сауықтырушы жұмыстардың жобалануына көңіл бөлінеді.

Құрылыс және басқа обьектілер жобаларының техникалық және экономикалық негіздеуі ТЭН мемлекеттік экологиялық және қажет болса, қоғамдық экологиялық сараптамадан өтуі керек. Экологиялық талаптарды қанағаттандырмайтын және мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтпеген жобалап бекітілмейді, ал ол жұмыстардың іске асырылуы тиісті банкілер тарапынан қаржыландырылмайды.

Обьектілерді қайта жаңарту мен құрылыс және басқа өнеркәсіп обьектілері, алдын-ала экологиялық сараптаудан өтіп, ой қорытынды алып, табиғат қорғау және барлық санитарлық құрылыс нормаларына жауап беретін бекітілген жобалар бойынша жасалуы керек (50-бап). Бекітілген жобаны немесе жұмсалатын қаржы көлемін қоршаған ортаны қорғау жұмыстары есебінен өзгертуге болмайды.

Құрылыс жұмыстары жүргізілуі кезінде топырақтың күйін, табиғи қорларды сақтау, қорғау және тиімді қолдану, қоршаған ортаны және территорияны көгалдандыру, сауқтыру жұмыстарының орындалуы шаралары алдын – ала белгіленеді.

Обьектілерді пайдалануға беру кезінде мемлекеттік экологиялық сараптама мен жобада жоспарланған экологиялық талаптардың толық көлемде орындалуы қадағаланып (54-бап), тазалау, залалсыздандыру, зиянды қалдықтарды қайта өңдеу қатаң тексеріледі, ал қондырғылармен: қамтамасыз етілмеген өндіріс, өнеркәсіп немесе басқа обьектілерді іске қосуға рұқсат етілмейді.

Обьектілерді пайдалануға беру кезіндегі экологиялық талаптарға (55-бап) өндіріс, энергетика, көлік және байланыс, ауыл шаруашылық обьектілері және т.б. белгіленген экологиялық технологиялардың қолданылуы қоршаған ортаны ластамайтын, қажетті тазалағыш қондырғылар мен санитарлық қорғау аймақтарының болуы қажет. Бұл обьектілерді пайдалануға беру кезінде аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар, өндірістері, тиімді тазалағыштары бар, зиянды қалдықтарының барлығын қайта өңдей алатын, зиянсыз және қауіпсіз отын қолданатын, табиғи ресурстарды рационалды пайдаланатын, экологиялық қаіпсіздік шаралары максимальды дәрежеде ескерілген технологияларды қолдану керек.

Ауыл шаруашылығандағы экологиялық талаптарға да обьектілерге жобалау кезіндегі қойылатын талаптар мен обьекті пайдалануға берілердегі талаптар қойылады. Жобалаушылар да пайдалануға алушылар да топырақты, су қоймаларын, орман және басқа өсімдіктер мен жануарлар дүниесін табиғаттың сұрапыл апаттарынан қорғауды, күрделі ауылшаруашылық техникасын қолданудын жанама әсерінің салдарынан, химиялық әсерлерден, мелиоративтік жұмыстар мен басқа адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіретін факторлардан қорғаудың кешенді шараларын жобалауы және орындау қажет.

Мал шаруашылық фермалары мен кешендері, ауыл шаруашылық өнімдерін өндеуші өнеркәсіп орындары, топырақ, жер үсті және жер асты суларын, атмосфераны ластамайтын қажетті санитарлық қорғау аймақтары мен тазалағыш қондырғылармен жабдықталғн болуы керек. Бұл талаптардың жобалау кезінде және жұмыс барысында орындалмауы қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиян келтіру: обьектінің тоқтатылуын немесе шаруашылықтың экологиялық зиянды түрлерінің жұмысын мемлекеттік экологиялық сараптаманы: қорытындысына сәйкес жазба бұйрық (жарлық) беруге құқықты органдар тарапынан тоқтатылуы мүмкін.

Мелиоративті жұмыстарды жобалау, жоспарлау және жұмыстарын іске асыру кезінде су баланысының сақталуын, топырақты рационалды пайдалануды, суды үнемдеп пайдалануды, топрақтағы организмдер мен басқа өсімдіктер дүниесін тозып кетуден сақтау шаралары қолданылады.

Бұл талаптар орындалмаса жобалау тоқтатылады, немесе құрылыс және пайдалануға берілген обьектінің айқындалған кемшіліктері айтылғанша тоқтатылады немесе мемлекеттік экологиялық сараптау органдарын жұмысты тоқтату туралы қаулысы алынғанға дейін ол жұмыстардың қаржыландырылуы да банкілер тарапынан бір мезгілде тоқтатылады.

Қалаларды, басқада елні мекендерді жобалау мен құрылыс, жаңарту жұмыстарына қойылатын экологиялық талаптар; (заңның 56-бабы) бұл заң бойынша тұрғындардың демалысына, еңбегіне, тіршілігіне кепілдік бере алатын экологиялық жағдайдың қамтамасыз етілуі, өндіріс, көлік шаруашылықтары, түрлі тасымалдаушы құбырлар және т.б. шаруашылық обьектілерінің зиянды факторларын тұрғындардың денсаулығы мен өміріне, санитарлық тұрмыстық жағдайларына жағымсыз әсерлері болмайтындай етіп орналастыру.

Қала және басқа елді мекендер құрылыстарын жоспарлау кезінде алдын-ала санитарлық тазалау, залалсыздандыру,қайта өңдеу, қалдықтарды жиып қауіпсіз жерге орналастыру, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу жұмыстары жасалуы тиіс. Үлкен қалаларда орман-тоғайларды, саябақтарды қооғау аймақтары құрылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет