2-Лекция. Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Жаңа обьектілерді жобалау кезінде ескі немесе бұрынырақ салынатын қайта іске қосылатын обьектілер үшін, немесе іске жарамайтын обьектілерді жою кезінде олардың қоршаған ортаға келтіретін әсерін бағалау қажет болады. 1969 жылы Европада (СКОПЕ-Югославия ) құрылған қоршаған орта мен адам денмаулығына әсерлерді бағалау жөнінде қабылданған көптеген әдістемелік зерттемелердің маызы зор ( Scientific Committee On Promlems of Environmental (Scope).Scope5: Environmental Impact Assesment: Principles and Procedures). Ондағы мақсат біріншіден адам әрекеті нәтижесінде қоршаған ортаға әсер жөніндегі адамдардың білімін тереңдетіп жетілдіре түсу, екіншіден осы өзгерістер қандай шамада және қандай механизмдермен адам денсаулығы мен оның ауқаттылығына әсер етуін бағалау. Әсіресе бұл әсерлердің үлкен көлемде яғни дүгиежүзілік маңызы ескеріліп, соған сәйкес жобалар дайындау олардың жасалуы кезінде ескерілетін принціптер мен әдістемелерғ сол кезеңдерде бандалған (1975 ж) шартнамалар көптеген мемлекеттер тарапынан қолдау тапқан.
Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы " заңындағы (15.07.1997№ 160-1) XI тарауы экологиялық сараптама туралы болса оның 16- бабы қоршаған ортаға әсерді бағалауға арналған.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) ұғымы, қоршаған табиғи ортаға, адам денсаулығы мен ауқаттылығына қатысты жобаланған әр түрлі іс әрекеттердің әсерін болжауға, оларды түрлі алаңдарда ақпарат ретінде пайдалану және қажетті шешімдер алу үшін пайдалануға аранлған.
Бұл процесттің негізгі мазмұны, оның жаңа немесе бұрыннан жұмыс жасап жатқан обьектілердін қайтадан жұмыс жасау жобаларын бекітуде эколгиялық мүдделерді жан-жақты есепке ала отырып оларға техника-экономикалық және саяс-әлеуметтік баға беру болып табылады.
Дүниедегі әр түрлі дамыған мемлекеттерде қоршаған ортаға әсерді әр түрлді бағалайды. Өйткені эконмикасы нашар дамыған, халқы өте кедей, халқы тамақ, киім,оқу, денсаулық салаларында артта қалған мемлекттер халқының тірішілігін қалпына келтіру үшін экологияны эконмиканың дамуы үшін құрбан етеді, оларға дұрыс өмір сүру қоршаған ортаның әсерін бағалаудан әлде қайда маңызды. Бірақ экономика саласындағы артта қалудың деңгейінің өте терең болуы, -экологиялық мәселелермен санаспау , сонында антропогендік іс-әрекет нәтижесінде экологиялық апатты болдырмау мүмкіндігіни азайтады. Сондықтан әлсіз экономикалы, нашар дамыған мемлекеттерде қоршаған ортаның ластануы "кедейлікпен ластану", ал эконоикасы күшті дамыған мемлекеттерде қоршаған ортаның сапасның төмендеуі " молшылықтан ластанумен" сипатталады.
Бұл мемлекеттер, табиғаттың саяс-әлеуметтік жағдайларының әсерін есепке ала отырып жасалатын обьектілердің жұмыс істеуіне, жұмыс істеу кезінде қолданылатын шикізатты жіне басқа да қорларды тиімді пайдалануына, олардың қоршаған ортаға келтіретін кері әсерінің мейлінше аз болуын ескере отырып, қоршаған ортаны деградацияландырмайтын жобаларды іздестіру жолдарын қарастырады.
Міне, сондықтан да қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) мерзіміне және обьектілердің көлеміне, масштабына қарай (региональды, облыстық, аудандық жобалар,электростанциялар, су қоймалары, үлкен зауыт-фабрикалар, комбинаттар және т.б.) үш түрлі уақыт маусымына бөлінеді.
Құрылыс жұмыстары жанадан басталған этапта ауыр жер қазғыш техника және құрал саймандардың орналастырып уақытша салынатын жолдар мен түрлі құрылыс кешендерінің салынуы кезінде қоршаған орта сапасы шаң-тозаң мен шудың әсерінен деградацияланып, әлеуметтік өзгерістер пайда болады.
Құрылыс жұмыстары біткен соң қаншалықты құрылыс орындары көгалдандырылса , жаңа жолдар мен арықтар салынса да құрылыс жұмыстары нәтижесінде түзілген қалдықтарды көмген шұқырлардың, жолдардың бағыттары мен орындарының өзгеруі денағатын сулар рельефінің өзгеруі және мбасқа да өзгерістер нәтижесінде қоршаған ортаның өзгеруі болмай қоймайды.
Бірнеше жылдар жұмыс істеуі нәтижесінде бұл өңірде түрлі өңдеуші өнеркәсіп орындарының жұмыс істеуі халық санының өсуіне, ал бұл халыққа жаңа қызмет салаларының ашылуына негіз болады.
Ұзақ мерзімді түрлі жобаларды іске асыруда экономиалық және саяси мүдделерді ескере отырып, дәстүрлі тәжірибелерді қолданып, қоршаған ортаны мейлінше өзгеріске ұшыратпайтын жаңа халықаралық әдістемелік бағалауды және жобаларды негізге алып жүргізу қажет.
Бұл уақыттық кезендерден басқа ҚОӘБ да кейбір кеңістіктік масштабтарды да қарастыру қажетү олар тікелей өндіріс орындары территориясы ішінде, белгілі бір ауыл шаруашылық алқапта (мысалы түрлі зиянкестерден өңдеу кезінде), тоғандардың қасындағы территория (мысалы, тоғаннан кейінгі өзеннің бір бөлімі), әлдеқайда кең алқапты қамтитын, ал кейбір ерекше жағдайда түгел континентті немесе түгел жер бетін есепке алу қажет болады.
Қоршаған ортаға әсерді бағалауда (ҚОӘБ) әр түрлі топтардың уәкіддері қатысып олардың әр қайсысы өз рөлін атақарады.
Инициатор-инвестор қоршаған ортаға әсерді бағалау жұмыстарын және зерттеулерді қаржыландырады. Инвестор-тапсырушы (заказшы) ҚОӘБ –ды өткізу жұмыстарын ұйымдастырады.
ҚОӘБ-ды жетілдіріп-істеуші (разработчик) экологиялық шарттарды қарастырып, экологиялық сараптама жүргізу үшін қажетті құжаттарды дайындайды. Бұл құжаттарды қоршаған ортаға әсердің негіздемесі немесе мәлімдеме деп атайды.
Мәлімдемеде немесе негіздемеде құжаттарда қарастырылып отырған жобаны мақсаты, қызметы, міндеттері сол территориядағы экологиялық жағдай күйінің түрлі сипаттамалары, жоспарланған қызметтің қоршаған ортаға мүмкін болатын әсері көрсетіледі.
Негіздеу құжаттары соңында мемлекеттік сараптау жүргізу үшін экология минстрлігіне немесе оның территорияларындағы органдарына жіберіледі: қажет болған жағдайда ол құжаттар қоғамдық сараптамадан да өткізіледі.
Қоғамдық сраптама ғылыми ұжымдардың немесе қоғамдық бірлестіктердің өздерінің бастамасымен жүргізіледі. Сапа жағынан бұл сраптама мемлекеттік сараптама сияқты, бірақ құқықтық жағынан мемлекеттік сараптама дәрежесіне жетуі үшін, оның нәтижелері мемлекттік экологиялық сараптама органдарының мақұлдауынан өтуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |