«бекітемін» Жұмыс оқу жоспарлары және


-лекция. Қоршаған ортаға әсерді бағалауды өткізудің халықаралық тәжірибе процедурасы



бет17/68
Дата02.01.2022
өлшемі1.4 Mb.
#453433
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68
УМК нормалау

5-лекция. Қоршаған ортаға әсерді бағалауды өткізудің халықаралық тәжірибе процедурасы

Бұл бағыттағы өте маңызды адым деп санауға болатын нәрсе, ол қоршаған ортаға әсерді бағалаудың жаңа методологиясы. Р.Манның анықтауы бойынша, қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына келтіруі ықтимал әсерлерді болжай білу және оларды егжей-тегжей талдап, қажетті шараларды ұсына отырып алынған ақпаратты жариялау.

ҚОӘБ-ның методологиясының негізгі мәні – іске асырылуға дайындалған жобалардың экологиялық қауіпсіздік бойынша қоршаған ортаға әсер ете алатын, ғылыми негізде, жүйелі түрде талданған шешімдердің қабылданылуында.

ҚОӘБ-ны және бастапқы материалдарды дайындауды жаңа сапалық деңгейде өткізу үшін Л.Леопальд пен әріптестерінің және АҚШ-тың геология институтының қызметкерлері жасаған әдісті пайдаланған тиімді. Әдісті кейде Леопальд матрицасы деп те атайды.

Ол әдістің ұғымдылығы біріншіден, бақылаушы тізімнен тұруы (тізімде себеп – салдар байланысының сапалық ақпараты болады). Екіншіден, нәтижелер туралы хабардың болуы. Бұл матрицада 100 түрлі әсер ететін факторлар «көлбеу» сызық бойында, ал 88 түрлі қоршаған ортаға әсердің «сипаттамасы» мен «шарттары» тік сызық бойына орналастырылады.

Әдістің көптеген кемшіліктерімен бірге жетістіктері де баршылық. Олардың ішінде біреуі – көрнекілігі, өйткені талдау нәтижелерінің барлығын бір бағдарламада көрсетуге болады. Енді бір жетістігі – икемділігі яғни «фактор - әсер» және «сипаттама» мен «шарттар» әрбір мақсатпен жағдайға бейімделіп жасалуы мүмкін.

Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың өте күшті құралы картографиялық модельдеу болып табылады. Бұл күрделі геожүйедегі әр түрлі қызметтерді, материалдарды, жер бедерін, картографиялық ерекшеліктерін ескере отырып түрлі мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

ҚОӘБ-ның процедурасы үшін қолда бар картографиялық мәліметтерді жасалатын жобаның мақсаты мен мүддесіне қарай қоршаған ортаға әсерді бағалауға немесе сараптауға қолдануға болады.

Осы күні болашақта мүмкіндігі зор әдістердің бірі космостық зондтау. Бұл әдіс тек жер бедерін және түрлі өзгерістердің суретін сандық, код түрінде ғана емес, сонымен қатар қарастырылып отырған процестердің динамикасының дамуын, оның геометриялық, калориметриялық және басқа өзгерістерін модельдеуге мүмкіндік береді. Экологиялық сараптаманың кқп параметрлік жүйесінде жаңа әдіс – тәсілдерді тиімді пайдалану, соның ішінде географиялық және картографиялық зерттеулерді қолдану – қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы жаңа сипатты ақпарат алуға көмектеседі. Жобаланайын деп отырған обьекті туралы түбегейлі материал жинап, оның қоршаған орта компоненттерімен байланысын, басқа күрделі процестер дамуының әсерлерін, қоршаған ортаға ықтимал әсердің келешек салдарын болжауға септігін тигізеді.

Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың негізгі әдістеріне 1968 жылы Я.М.Харг ұсынған бірлестірілген талдау әдісін жатқызуға болады. Бұл әдіс бойынша зерттелетін территория географиялық бөліктерге бөлінеді де, олардың орнына қарай топографиялық координаттары белгіленеді. ҚОӘБ-ны жүргізу үшін аэрофотосуретке түсіру, топографиялық карталар және топырақты межелеудің мемлекеттік картасы, далалық зерттеулер, қоғамдық тыңдаудың нәтижелері: сарапшы мамандардың бағалары қажет болады. Әрбір қызықтыратын фактор бойынша талданатын территорияның картасы жасалады. Талдау үшін 10 картадан артық алу қажет емес деп саналады. ҚОӘБ процедурасын жүргізу карталардың бөліктерін белгілі бір ретпен біріктіруге негізделіп, бақылауға алынған обьектінің жаңа сапалық деңгейі талданады. Әдістің обьективтілігі ҚОӘБ-ғы жүргізуші мамандардың біліктілігі мен картографиялық білім негіздерінің дұрыстығына байланысты болады.

Әдістің негізгі артықшылығы онда көрсетілген әсерлердің шығу көздері мен обьектілері туралы мағлұматтарының кеңістіктегі таралуына негізделеді, ал күрделі үлкен аймақтық жобаларды іске асыру кезіндегі түрлі әсерлерді болжауға мүмкіндік береді.

Біріктірілген карталарды талдау әдісі (анализі) Ресейде де қолданылады, онда ол экологиялық карталар әдісі деп аталған. Іс жүзінде бұл әдісті ландшафттық – географиялық зерттеулердің практикалық қосымшасы деп те қарастыруға болады. Оны қоршаған ортаны қорғаудың территориялық кешенді сызба нұсқасы («Территориальная комплексная схема охраны природы» ТерКСОП) деп атаған орынды.

Осы зерттеу негізінде сараптамашылар мен мамандардың қатысуымен біріңғай картографиялық карталар құрастырылған:


  • Су ресурстарының қазіргі халі және су қорларын қорғау.

  • Ауаның ластануы.

  • Жер қойнауы ресурстары. Инженерлік-геологиялық заңдастыру.

  • Жерді қарқынды пайдалануды кешенді бағалау.

  • Орман ресурстары.

  • Жануарлар, құстар, балықтардың қазіргі күйі.

  • Медико-географиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайды бағалау.

  • Әрекет етуші және жобаланып отырған табиғат қорғау обьектілерін ландшафттық аудандастыру.

  • Қазіргі және келешектегі халықтың орналасуы. Халық саны. Рекреация.

  • Территорияның шаруашылықты игеру дәрежесі. Қоршаған ортаға әсер ететін негізгі көздер.

  • Табиғи кешендердің тұрақтылығына қарай аудандарға бөлу.

Осындай карта бойынша әрбір аудандарда эко-топографиялық түсіру жасалып, экологиялық жағдайдың әр компоненті ескеріледі. Талдау үшін қоршаған орта туралы статистикалық материалдар, өндіргіш күштердің таралуы, әлеуметтік салалар мен аймақтың келешек әлеуметтік және экономикалық дамуы жоспарлы түрде қарастырылған.

Бұл бұрынғы Кеңес үкіметі тұсында осыған ұқсас кешенді территориялық сызба-нұсқаларды жасаудың әдістемелік негізі болған.

Жеке территориялар мен аймақтардың болашақ даму жоспары мақсаттық бағдарламаларын жасау жұмыстары үшін экологиялық сызба-нұсқа картаны құрастырудың үлкен маңызы бар. Оларды үнемі жаңартудың нәтижесінде сызба-нұсқа картаны динамикалық ақпараты да жаңарып, ол экономикалық жоспарлаудың келешек даму құралы ғана емес, сонымен қатар әдісі де болады. Экологиялық карталандыру әдісінің күмәнсіз артықшылығына оның жаңа сапалық деңгейде нақты мақсаттарды шешуге кешенді түрде қарастырылуын жатқызу қажет.

Көп факторлы жүйені модельдеудің күрделілігі сапалық мәндерге (өлшеу арқылы немесе интуициямен) сандық көрсеткіштер беру процедурасында.

Жекеленген математикалық модельдердің жиынтығы нақты процестер мен мақсаттарды шешуде алғашқы материалдардың жақсы көзі бола алады. Ақпараттық банктың құрамындағы жеке модельдер, болжауға кететін жұмыс уақытты әлдеқайда азайтады, өйткені сарапшылардың арсеналында стандартты мәселелерді шешудің түрлі тәжірибе әдістемелері бар. Сонымен, ҚОӘБ-ның мақсатты салаларында жеке территорияда немесе жекеленген әрекеттерді шешуге бағытталған білім қорын жинауға алғы шарттар орныға бастайды. Бұл әдістеменің артықшылығы сараптаудың автоматтандырылған жүйесінде, ҚОӘБ туралы жаңа жобаларда, жүйенің ұқсас нұсқаларының іске асырылуында.

АҚШ қоршаған ортаны қорғау бюросының ҚОӘБ-ың процедурасына арналған баяндамасында қоршаған ортаға әсерді бағалау үшін берілетін өтініш-мәлімдемеге ҚОӘБ-ге қойылатын негізгі үш талап бар: Біріншіден, қоршаған ортаға жүргізілген талдау немесе бағалау жобасы іске асырылғанға дейін жүргізіліп, және талдау нәтижелерінің қабылдануын қамтамасыз етілуі қажет. Екіншіден, жобаны сараптауда міндетті түрде оның әр түрлі нұсқалары қарастырылып бұл процесс экологиялық қауіпсіздік үшін дұрыс нұсқаны таңдаудың құралы болуы шарт. Үшіншіден, өтініш мәлімдемені дайындау барысында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі егжей-тегжейлі талдау қорытындылары мен қабылданған шешімдердің есебі, келешекте федералды органдарда, конгресс пен президент және Жоғарғы сот пен қоғамдық ұйымдар тарапынан сараптаудың міндетті түрде қатар жүргізілуімен ерекшеленеді.

Қоршаған ортаның саласын қорғау кеңесінің (Совет по охране качества окружающей среды СОКОС) көптеген міндеттердің ішінде қоршаған ортаға әсерді бағалау өтінішінің типтік процедураларын дайындап бекіту және жобаның авторларына тиісті түсіндірмелер беру міндеті де бар. Кеңес мезгіз-мезгіл әдістемелік нұсқаларын жариялап отырады және басқа федералды оргондардың да өзгерген нұсқаларын жариялап отыруын талап етеді. Бұл шарттарды әрбір штаттар мен федералды масштабтағы барлық әдістер мен әдістемелік нұсқалардың орындалуын қадағалауда, қажет болса унификациялау және заң шығарушы органдармен бақылаушы органдардың тәжірибелерінің және ұсыныстарының үйлесімділігін жетілдіріп отыру үшін мәні зор.

ҚОӘБӨ дайындау жауапкершілігі өтінуші мекемеге жүктеледі. Егер жобада бірнеше фирма қатысқан болса, онда олардың ішінде біреуі жауапты «жетекші» болып тағайындалады, оған жобаның бүкіл жауапкершілігі жүктеледі де, қалғандары ҚОӘБӨ мақсатына қарай нақты өздеріне жүктелген мәселелерді шешумен айналысады. Егер жоба мемлекеттік емес ұжым жағынан ұсынылған болса (мысалы, электростанциясы жеке меншік фирма тарапынан мемлекеттік лицензия бойынша жасалатын болса) федералды органдар алдындағы жобаға жауапты мемлекеттік ведомство (бұл жағдайда – лицензия беретін агенттік) ҚОӘБӨ дайындауға да жауапты болады. Жобаның қоршаған ортаға әсерін бағалау үшін берілетін өтініш (ҚОӘБӨ) қабылданған ережелер бойынша төмендегі мазмұнға сай болуы қажет:



жобадан шегетін зияндарының сипаттамасы және мақсаты туралы өтініш.

  • Жерді паудалануда жоспарланып отырған істердің бағдарламалары

мен әсерге ұшырайтын аудандарды бақылау арасындағы қарым-қатынасты қарастыру.

  • Позитивті немесе негативті әсер туралы, жанама немесе тікелей

әсерлер, көрші мемлекеттердің келтіруі мүмкін әсерлері туралы мәліметтер.

  • Нұсқалардың қарастырылуы.

  • Бүгінгі күнгі білімнің технологиялық жетістіктерін пайдалана

отырып болуы мүмкін зиянды жоюдың мүмкінсіздігі.

  • Табиғат ортасын локальды немесе қысқа мерзімді пайдалануда

болашақ әрекеттер әсерлерінің қарым-қатынасы.

  • Қайта (орнына) қалпына келтірілмейтін табиғат қорлары туралы

мәлімет.

  • Ұсынылып отырған жобаның немесе нұсқаның қоршаған ортаға

келтіретін зиянының орнын толтыру үшін төленетін федералдық компенсациялар туралы мәлімет.

  • Пікір жазушылардан (рецензенттерден) келіп түскен түсініктемелер.

АҚШ-тағы қабылданған ҚОӘБ процедураларын бағалау кезінде

барлық федералды мекемелерді пән аралық және жүйелі әдістемені қолдануға міндеттейді, өйткені ол әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдарының ең соңғы жетістіктерін пайдаланады, әрі табиғат қорғаудағы жобалардың, шаруашылық жүйедегі, жоспарланудағы жаңалықтарды негізге ала отырып, орындалу жүйесінің қоршаған ортаға негативті әсерін анағұрлым азайтып, келтірілген әсер мен байғалған әсер шамаларының аз болуына мүмкіндік береді.

АҚШ-тағы ҚОӘБ процедурасының қолданылуы тәжірибе көрсеткеніңдей қоршаған ортаны қорғау саясатын іске асыруға оң әсерін тигізуде. Өйткені, соның әсерінен көптеген қоршаған ортаға кері әсер ететін жобалар мен түрлі шаруашылық қызметтер ұсыныстары іске аспай, сараптаушылар жағынан қабылданбай тасталған. Сөйтіп, үкімет іс жүзінде келешекте қоршаған ортаны ластаушы, деградациялаушы және оның әкелетін әлеуметтік дағдарыстарының, алдын алатын механизмге ие болады. Іс адамдары жоспарланып отырған инвестицияларды қарастырғанда олардың, экологиялық зиянын есепке алуға мәжбүр халық алғаш рет экологиялық жағдайлар туралы нақты деректер ала бастады, өздері тіршілік етіп отырған аймақтарда келешекте жоспарланып отырған жобалардың қоршаған ортаға қаншалықты зиянды екенін, сонымен қатар экологиялық қауіпсіздік жөніндегі өз құқығын сот арқылы қорғай алатын болды.

ҚОӘБ-ның бұл нақты және қарапайым әдістемесі тез арада көптеген дамыған мемлекеттер тарапынан қолдау тауып, олар аз мемлекеттерінің заңдарына енгізіп бекітіп жіберді. 1988жылы шілде айында Европалық Экономикалық Одақтың (ЕЭО) Директивасы қабылданды (85/337/ЕЭО,27.06.1985) онда «кейбір жеке және мемлекеттік жобалар мен шаруашылық қызметтердің қоршаған ортаға әсерін бағалау» қажет делінген. Бұл құжатқа сай, қоршаған ортаға әсер ете алатын үлкен жоспарлары бар жобаларды іске асыру алдында оған рұқсат алу үшін ЕЭО-ға мүше барлық елдер ҚОӘБ-ны өткізу шарт.

ҚОӘБ термині дерективті түрде қабылданып, онда жобаның қоршаған ортаға әсері мен салдары, олардың адам тіршілігіне әсері туралы ақпараттар ескеріліп, жобаның іске асырылуы немесе асырылмауы жөнінде шешім қабылдауда қолданылады.

Сонымен, ЕЭО директивасымен ҚООБ процедурасының жалпы принциптері белгіленеді. ҚОӘБ – өтінішінің негіздеу әдістері және олардың мемлекеттік органдардан өткізілуі тәртібі ЕЭО-ға мүше елдердің әрқайсысының өздерінің заңдарына сәйкес жүргізіледі.

Бүкіл дүние жүзлік экологтар ассоциациясының 16.11.1990жылы Лиможда өткізілген конференциясының Экологиялық, құқық жөніндегі декларациясы бойынша. ҚОӘБ-ның процедурасын қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық стратегиясын жасайтын негізгі құқықтық және ғылыми құралы деп қарастыру қабылданған. Декларация ҚОӘБ-ның негізгі принциптерін бекітіп (ЕЭО директивасында белгіленгендер) және ҚОӘБ-ға қосымша төмендегілерді енгізу ұсынылған:


  • Жобаның көрші мемлекеттер территориясына келтіретін зиянды әсерін анықтау үшін экспресс-талдау жүргізу.

  • Жобаны іске асыру үшін табиғат қорғау істерінің, қажетілігі жөнінде құқықтық құжаттардың бар немесе жоқтығын білдіру.

  • Жобанын, балама нұсқаларының болуы.

  • Қоршаған орта сапасы мен жер тұрғындарына қатысты әсерді бағалау.

  • Келешектегі әсердің аккумулятивті әсерін зерттеу.

  • Әңгіме болып отырған территорияға жалпы әсері.

  • Ғылыми белгісіздікті айқындау.

ҚОӘБ-ны бақылауды бағымсыз ғылыми мамандандырылған органдардың

жүргізуі ұсынылған.

Декларацияда қоғамның әр түрлі қабаттарының ҚОӘБ-ны талқылауға қатысуына және шешім қабылдаудағы орнына ерекше көңіл бөлінген.

ҚОӘБ кезінде жиналған мағлұматтар, ғылыми экологиялық білімді жетілдіру үшін және жүйелі түрде қоршаған ортаны қорғауды жақсарту үшін сақтау қажеттігі ұсынылған.

Батыс мемілекеттерінің тимді тәжірибелерін тек жай көшіріп алумен емес, ол түрлі мемлекеттердің ҚОӘБ-ның процедураларын логикалық жетілдіру ерекшеліктері мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларын ескере отырып жоғары ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдалана отырып, экологиялық саясаттың негізгі бағыттарының елімізге келтіретін оң әсерлерін алып, оны ары қарай дамыту, білікті мамандар дайындауда шет елдер тәжірибесін пайдалану негізгі мақсат болу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет