«Бекітемін» жшс «Ласточка» бөбекжай балабақшасы меңгерушісі Мергенбаева М. А. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары



бет4/36
Дата02.10.2023
өлшемі112.32 Kb.
#479538
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Перспективка қыркүйектен бастап

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Артикуляциялық және дыбыстық аппаратты, сөйлеу кезінде тыныс алуды, естуді дамыту. Көрнекілікпен немесе көрнекіліксіз өзіне айтылған сөзді тыңдау және түсінуді дамыту. Қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ дыбыстарын өздігінен дұрыс айтуға баулу.
Сөздік қор.
Ауызекі сөйлеуде түрлі балалар әрекеттерінде қоршаған орта заттары мен табиғат нысандарының атауларын өздігінен қолдануды қалыптастыру. Қоршаған ортадағы күнделікті жиі қолданылатын туыстық қатынасқа байланысты сөздерді («бөпе», «аға», «апа», «іні», «қарындас») атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Тілдің грамматикалық құрылымы.
Жуан және жіңішке түбір сөздерді ажырату, оларды көпше түрде қолдануға үйрету. Бұйрық райлы етістіктерді жекелей қолдануға баулу (бар, кел, айт).
Байланыстырып сөйлеу.
Ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгерту, балалардың өздеріне
айтылған сөзді, пікірді түсінуін қалыптастыру, алдын ала үйретілген сөйлеу
үлгілерін есте сақтап, әңгімелесе білуге баулу.

Математика негіздері

- қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;
- бақылау арқылы қоршаған орта заттарының санын, пішінін, шамасын, олардың кеңістікте орналасуын ажыратуға үйрету;
- заттарды зерттеуге қызығушылықты ояту, жаңаны тануға, өзіне сенімділікке баулу;
- командада жұмыс істей білуге дағдыландыру;
- көрнекі-қимылдық ойлауды және шығармашылық қиялдауды дамыту.
Сан.
«Көп», «бір» ұғымдары туралы түсініктерді қалыптастыру, заттардың санын ажыратуға үйрету: көп-біреу (біреу-көп), біртекті заттарды топтастыру және олардың біреуін бөліп көрсету, қоршаған ортадан бір немесе бірнеше бірдей затты табу, «қанша? неше?» сұрағына жауап беру. Заттарды салыстыру: заттарға қосу немесе заттардан алу тәсілдері арқылы тең және тең емес заттар тобын салыстыру, «Тең бе?», «Қайсысы артық (кем)?» сауалдарына жауап беру.

Қоршаған ортамен таныстыру

- балаларды қоршаған ортадағы заттардың атауларымен және олардың міндеттерімен таныстыру, таныс заттарды ажыратуға үйрету;
- отбасына, туған өлкесіне, Отанға деген сүйіспеншілікке, ересектерге құрмет көрсете білуге, кішілерге жанашыр болуға тәрбиелеу;
- еңбектің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, көмек көрсету ниеттерін қолдау;
- тірі және өлі табиғат туралы білімдерін байыту;
- табиғатта қауіпсіздікті сақтау (саңырауқұлақтар мен жидектер жемеу, жануарларға тиіспеу);
- құммен, сумен, қармен, ұсақ заттармен ойындарда қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру (оларды ауызға алмау, құмды шашпау, заттарды
құлаққа, мұрынға тықпау);
- табиғатқа сүйіспеншілікке және қамқорлық жасауға баулу.

Құрастыру

- қарапайым заттарды, құбылыстарды, пішіндерді, түстерді, бөліктердің орналасуын бере отырып, бейнелеу дағдыларын қалыптастыру, көз бен қолдың үйлесімін дамыту.
Балалардың құрастыруға қызығушылығын арттыру, конструкторлардың түрлерімен таныстыру.

Сурет салу

- бейнелеу өнеріне қызығушылықты қалыптастыру, шығармашылық ойлауы мен қиялдауын дамыту;
- бейнелеу әрекеті мен оның нәтижесіне эмоционалды жағымды қарым қатынас орнату;
- бейнелеу әрекетін балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, ұйымдастыру, балаларға бейнелейтін заттарды өз бетінше зерттеуге мүмкіндік беру;
- қазақ халқының өнер туындыларымен, сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру;
- өнер туындыларына, қоршаған шынайы әлемнің эстетикалық жағына қызығушылықты тәрбиелеу;
- бейнелеу әрекеті барысында қауіпсіздікті сақтауға және еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа баулу.
Көлденең және тік сызықтарды салу, олардың қиылысуын жүргізе білу, әр түрлі пішіндегі (көгөністер мен жемістер, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, жануарлар), дөңгелек пішінді (шарлар, бұлттар, күн) заттарды бейнелеу, бірнеше көлденең және тік сызықтардан тұратын заттарды бейнелеу.

Мүсіндеу

- балалардың қалауы бойынша материалдарды, бейнелеу техникасын (саусақпен, алақанмен, мақтамен, сазбалшықпен, ермексазбен, қағазбен) таңдауға мүмкіндік беру;
- қазақ халқының өнер туындыларымен, сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру;
- өнер туындыларына, қоршаған шынайы әлемнің эстетикалық жағына қызығушылықты тәрбиелеу.
Сазбалшықтан, ермексаздан мүсіндеуге қызығушылыққа баулу.
Сазбалшық, ермексаз кесектерінен бөліп алу, домалату, ширату, созу, жаю тәсілдерін пайдалана отырып, көгөністер мен жемістерді, кейбір заттарды, азықтүлік тағамдарын мүсіндеуге үйрету.

Жапсыру

- балалардың қалауы бойынша материалдарды, бейнелеу техникасын (саусақпен, алақанмен, мақтамен, сазбалшықпен, ермексазбен, қағазбен) таңдауға мүмкіндік беру;
- қазақ халқының өнер туындыларымен, сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру;
- өнер туындыларына, қоршаған шынайы әлемнің эстетикалық жағына қызығушылықты тәрбиелеу.
Балалардың жапсыруға қызығушылығын арттыру. Қағаз бетінде көлемі, түсі, пішіні бойынша әртүрлі дайын пішіндерді белгілі реттілікпен орналастыра отырып, ойдан немесе берілген тапсырма бойынша заттардың бейнесін жасау, содан соң пайда болған бейнені қағазға жапсыру.

Музыка

- музыкаға қызығушылықты қалыптастыру, шығармашылық ойлауы мен қиялдауын дамыту;
- қазақ халқының өнер туындыларымен, сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру;
- өнер туындыларына, қоршаған шынайы әлемнің эстетикалық жағына қызығушылықты тәрбиелеу.

«Ласточка» бөбекжай балабақшасы


Ортаңғы «Балапан» тобы
Балалардың жасы: 3 жастан.
Жоспардың құрылу кезеңі: қазан айы, 2023-2024 оқу жылы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет