Жалпы дамытушы жаттығулар.
Қол және иық белдеуіне арналған жаттығулар:
- қолды жоғары, алға, жан-жаққа көтеру және түсіру (бірге немесе кезекпен);
- заттарды бір қолынан екінші қолына салу, алдына, артқа апару, басынан жоғары көтеру;
- қолдарын алдына немесе басынан жоғары, артына апарып шапалақтау;
- қолды алға, жан-жаққа созу, алақандарын жоғары қарату, қолды көтеру, түсіру, саусақтарды қозғалту, қол саусақтарын жұму және ашу.
Дербес қимыл белсенділігі.
Қимылдарды орындауда балалардың дербестігін, белсенділігі мен шығармашылығын дамыту. Арбалар, автомобильдер, велосипедтер, доптар, шарлармен өз бетінше ойнауға ынталандыру. Өрмелеу, еңбектеу дағдыларын,ептілікті, жылдамдықты дамыту, қимылдарды мәнерлі орындауға баулу.
Спорттық жаттығулар.
Велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедті тура, шеңбер бойымен, оңға және солға бұрылып тебу.
Жүзу және гидроаэробика элементтері. Суға түсу, жүгіру, ойнау, суда билеу. Жүзуді үйрету (тиісті жағдайлар болған кезде).
Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру.
Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары.
Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу.
Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.
Сезім мүшелерін ажыратуға және атауға (көз, құлақ, мұрын, ауыз) үйрету, олардың ағзадағы рөлі және оларды қалай қорғауға, күтуге болатыны туралы түсінік беру (ұсақ заттарды құлаққа, мұрынға тықпау).
Сауықтыру-шынықтыру шаралары.
Балалардың денсаулығын және жергілікті жағдайларды ескере отырып, табиғи факторлар: ауа, күн, суды пайдалана отырып, шынықтыру шараларының кешенін жүзеге асыру.
Сөйлеуді дамыту
|
- балаларды өз бетінше сөйлеуге үйрету;
- түрлі балалар әрекетінде балалардың бір-бірімен сөйлесуіне жағдай жасау;
- әрбір баланың қызығушылығына мән беру, сұрақтарына жауап беру, жеке сөйлесу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |