"Бекітемін" "Келісемін"



бет2/3
Дата08.09.2024
өлшемі177 Kb.
#503468
түріБағдарламасы
1   2   3
таңдау курсы шахмат 2016-2017 о.ж

Оқу – тақырыптық жоспар
1 - сынып





Р/с



Мазмұны

Сағат саны



Әдіс - тәсілдер



Білімдік ережесі



Күні



Бар-лығы

Тео-рия

Прак-
Тика

1

Шахмат ойынының тарихымен танысу.

1

1




Ауызша түсіндіру




5.09

2

Шахмат тақтасы

1




1

Ауызша түсіндіру

Танымы кеңейеді

5.09

3-4

Фигураларды орналастыру

2

1

1

Түсіндіру,
іздену

Қызығушылығы артады

12.09
12.09

5-6

Жүрістер және фигураларды алу

2

1

1

Ауызша түсіндіру

Қызығушылығы артады

19.09 19.09

7-8

Піл фигурасымен танысу

2

1

1

Ауызша түсіндіру

Танымы кеңейеді

26.09
26.09

9-10 11

Піл ойынға қатысуда

3

1

2

Түсіндіру,
іздену

Қызығушылығы артады




12-13 14

Ладья офицерге қарсы

3

1

2

Іздену
Сұрақ-жауап

Қызығушылығы артады




15-16 17

Ферза

3

1

2

Ауызша түсіндіру

Танымы кеңейеді




18-19 20-21

Ферза ойынға қатысуда

4

1

3

Түсіндіру,
іздену

Қызығушылығы артады




22-23 24

Ферзаның фигураларға қарсы шабуылы

3

1

2

Іздену
Сұрақ-жауап

Қызығушылығы артады




25-26 27

Ат фигурасымен танысу

3

1

2

Ауызша түсіндіру

Танымы кеңейеді




28-29 30

Аттың ойынға қатысуы

3

1

2

Іздену
Сұрақ-жауап

Қызығушылығы артады




31-32 33-34

Аттың фигураларға қарсы шабуылы

4

1

3

Ауызша түсіндіру

Қызығушылығы артады

9,9,
16,16.01

35

Пешкамен танысу

1




1

Түсіндіру,
іздену

Танымы кеңейеді

23.01

36-37 38

Пешканың ойынға қатысуы

3

1

2

Түсіндіру,
іздену

Қызығушылығы артады

23,30,30.01

39-40 41

Пешканың фигураларға қарсы шабуылы

3

1

2

Іздену
Сұрақ-жауап

Қызығушылығы артады

6,6.02, 13.02

42-43 44

Король фигурасымен танысу

3

1

2

Түсіндіру,
іздену

Танымы кеңейеді

13.02, 20,20.02

45-46 47

Корольдің фигураларға қарсы ойыны

3

1

2

Іздену
Сұрақ-жауап

Қызығушылығы артады

27, 27.02.
6. 03

48

Шахмат партиясының мақсаты

1

1




Ауызша түсіндіру

Қызығушылығы артады




49-50 51-52

Шах

4

1

3

Түсіндіру,
іздену

Қызығушылығы артады




53-54 55-56

Мат

4

1

3

Түсіндіру,
іздену

Қызығушылығы артады




57-58 59

Тең ойын. Пат.

3

1

2

Түсіндіру,
іздену

Қызығушылығы артады




60-61

Рокировка

2




2

Ауызша түсіндіру

Қызығушылығы артады




62-63

Бастапқы орналасу, қосу.

2

1

1

Түсіндіру,
іздену

Қызығушылығы артады




64-65

Есеп шығару

2




2




Қызығушылығы артады




66

Қайталау

1




1




Қызығушылығы артады




Барлығы

66

21

45












Бағдарламаның мазмұны


Бағдарламаның атауы : «Шахмат – ақыл – ой спорты»
І. «Шахмат туралы түсінік» - 5 сағат

Шахмат – ғылыми ақыл-ой және халық шығармашылығы негізінде пайда болған ең


танымды да, қызықты спорт ойыны. Шахмат ойынының шыққан кезеңі және ойшылдар
ойыны екендігін түсіндіру. Шахмат ойыны чемпиондарымен танысу.Шахмат
фигураларының бөлінуі туралы танысу.
ІІ. «Шахмат тақтасы» - 8 сағат
Шахмат ойынының арнаулы тақтасының өзара ақ және қараға түске боялған бірдей 64
тең шаршыға бөлінгендігін, 64 шаршының қақ жартысы, яғни 32-сі ақ түске, 32-сі қара
түске боялғанын түсіндіру. Тақтада фигуралар 3түрлі жолмен жүре алады. Олар: вертикаль
жолдар, горизонталь жолдар және диогональ жолдар екендігін ұғындыру
ІІІ. «Шахмат фигуралары» - 16 сағат

Шахмат фигураларымен танысу. Олардың тақта бетінде орналасу заңдылығын салыстыру
арқылы анықтау, бос орынға тиісті фигураның өзін қою.Әр қатардағы фигуралардың
қалай орналасқанын, әрі қарай жүріс ретімен жалғастыру.
IV. «Фигуралардың жүрісі» - 27 сағат
Шахмат фигураларының тақта бетінде вертикаль, горизонталь және диогональ жолдармен
жүре алатындығын түсіндіру. Әр фигураның өз тәсілімен жүру бағытын ұғындыру. Әр
фигураны ойынға қоса білуге үйрету.


V. «Ойын ережесі» - 10 сағат

Шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналтындығы туралы және ойын
тақтасы 64 шаршыдан тұратындығы туралы түсіндіру. Ойынның мақсаты қарсыластың
тастарын шабуылдай отырып, патшаға мат қою екендігін ұғындыру. Әр ойын сайын ойын
ережесін есте сақтау керектігін ескерту. Ойын барысында қолданылатын термин сөздерді
түсіндіру.

Түсінік хат
Қазіргі ақпараттандыру технологиясының кең дамыған кезінде оқушылар үлкен ауқымды ақпараттарды тез қабылдап, сараптап, логикалық қорытындылар жасай білулері керек. Логикалық және жүйелі ойлауды қалыптастыруда шахматтың алатын орны зор. Ол оқушылардың аз уақытта ойларын шоғырландыруына, болған жағдаятты сараптауға және шешім шығаруға үйретеді және алдына қойған мақсатына жетуге, төзімділікке тәрбиелейді.
«Шахмат ақыл-ой спорты» таңдау курсы 2 – кластар үшін қосымша шахматтық білім беру курсы ретінде енгізіледі. Ол арқылы балалардың жалпы білім деңгейі арттырылады, ойлау қабілеті мен интеллектуалдық әлеуеті дамытылып және еркі тәрбиеленеді.
Таңдау курсы аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағатқа құрылған.
Курс сабағы екі негізгі түрін қамтиды:
1. Теориялық сабақ
2. Практикалық сабақ – ойындар
Шахмат – екі тұлғаның көрнекі түрде сайысу түрі. Ол бізге адамның шығармашылық дәрежесін анықтауға қажет. Шахмат - бір мезгілде оқытатын және ой – өрісін ұштайтын, әрі тәрбиелейтін, ойын. Ойын барысында тек қана ойлау деңгейі ғана емес, сонымен қатар, зейіні, еркі, ынтасы дамиды. Бұл курс теориялық сұрақтармен қатар, үш деңгейдегі логикаға сәйкес, шахмат ойынының практикасын қамтиды. Бастапқы деңгей (екінші топ) шахмат ойынының тарихын, шахмат әліппесін, шахмат тактикасын, психологиясын, этикасын, сонымен қатар жүйелі түрде балалардың жарыс, турнирлерге қатысуын қамтиды. Бірінші топ ойында салыстырмалы талдау әдісін меңгеріп, шахмат тастарын орналастыра білу, позициясын және комбинация негіздерін байланыстыра білу нәтижесінде білім деңгейін меңгеруге қол жеткізеді. Шахмат ойыны нәтижесінде шешімді зерттеуге, әр түрлі жүріс нұсқасын қайта – қайта таңдауға, өз бетімен есеп шығару қабілетін дамытуға, қорытындылауға үйренеді.

Мақсаты:

Жалпы шахмат мәдениеті негіздерін, шахмат ойнау тайталасында базалық техникалық дағдыларды пайдалана білетін жас шахматшыларды даярлау. Шахмат сабағы арқылы шығармашыл, дарынды жеке тұлға жетілдіруге жағдай жасау. Оқушылардың бос уақыттарын босқа өткізбей оларды шағармашылық ізденімпаздыққа, қиялын ояту арқылы ой еңбегіне тәрбиелеу.


Міндеті:

1. Оқушыларға практикалық ойын кезінде шахмат тактикасының элементтерімен және жүріс


түрлерін есептей білуге үйрету.
2. Оқушыларға бір дүркін шахмат ойнау барысында жүрістің жоспарлау әдісін, шахмат ойынының
стратегиялық негіздерін игерту.
3. Оқушыларды шахмат ойынында кездесетін және көбінесе өзінің бастапқы жүрісті құра білу
дағдысын (дебют) көрсете алатын негізгі стратегиялық және тактикалық білімге оқыту.
4. Шахмат ойнау мәдениеті негіздерін қалыптастыру.
5. Тұлғаның логикалық ойлауын, есте сақтауын, орнықтылығын жаңа басқа да жағымды
қасиеттерін жетілдіру;
6. Айналасына ұқыптылықпен қарау, жеке қасиеттерін жетілдіруге ұмтылдыру;
7. Өзін тәртіпке салуға, еріктілік қасиеттерін жетілдіруге және өзін өзі бағалай білуге тәрбиелеу;
Бұл бағдарламаны игеру барысында оқушылардың пәнді игеруімен қатар ұжымда жұмыстана білуі қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет