«Бекітемін» «Келісілді» ӘБ отырысында қаралды



Дата21.09.2023
өлшемі40.5 Kb.
#478120
Таңдау курсы «Химия есептерін шығару әдістері» 9-10 сыныптар


Түсінік хат

Білімді ұрпақ тәрбиелеп өсіру әрбір ұстаздың борышы. Ал болашағымыздың жарқын болуы мен өмірде оқушылардың теориялық алған білімдерін өмірде қолдана білуі мектеп қабырғасында жүргізген оқыту үдерісі мен тәрбиелеуге байланыстылығы сөзсіз. Сондықтан бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, заман талабына сай өмір сүруіне ықпал ету мұғалімнің міндеті. Әрбір мұғалім оқушылардың білімін тереңдетіп, ой-өрісін, шығармашылық қабілетін арттыруды көздеп, пәнге деген қызығушылығын тудыру қажет.


Ұсынылып отырған бағдарлама 8-сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама аптасына 1 сағаттан. «Олимпиадалық тапсырмаларды шешудің түпкі негіздері» таңдау курсында әртүрлі тақырыптарда олимпиадалық есептер шығарудың әдіс-тәсілдері қарастырылады. Бұл курста теориялық алған білімді практикада қолдану аясын кеңейтеді.Жалпы мектеп курсындағы қарапайым есептерден бастап күрделендірілген есептер, олимпиадалық есептерді шығарудың түрлі тәсілдерін меңгеріп, теориялық білімдерін толықтырады. Күрделі есептерді шығару түрлі деңгейдегі олимпиадаларға, ғылыми жобаны қорғау барысында химия пәні бойынша оқушылардың Республикалық ғылыми жарыстарына арналған тестілік сұрақтардың түрлі деңгейлік тапсырмаларын орындауға, болашақта ҰБТ – дан таңдау пәні ретінде химия пәнін қаласа бірден –бір көмек екендігі аян. Осы курс материалдарын оқушы дұрыс меңгерсе, олар химия есептерін шығаруды дәл түсініп, оны берік меңгерсе басқа да күнбе-күнгі сабақтарда көмегін тигізеді.
Бағдарламаның мақсаты: Өз ісіне, біліміне сенімі күшті, қоғамдағы өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті адам тәрбиелеу. Химиялық үдерістерді, зат пен құбылыстардың арасындағы сандық қатынастарды жүзеге асыра отырып, оқушының өздігінен білім мен білігін толықтыруға бағыттап, ғылыми көзқарасын дамыту.
Міндеттері:

  • Оқушылардың пенге қызығушылығын арттыру мақсатында танымдық белсенділікті арттыратын есептер, тәжірибелермен таныстыру.

  • Оқушылардың өз бетімен белсенді жұмыс істеуіне баулу.

  • Сандық және сапалық есептер шығару арқылы теория мен практиканың өз ара байланысын дәлелдеу.

  • Саралау әдісі арқылы оқушының жеке қабілетін дамыту, өзара салыстыру, себеп-салдар байланысын ашу, алған білімін дәлелді жеткізе білу.

  • Тереңдетіп оқыту барысында кәсіптік бағдарлау мәселелерін шешу.

  • Оқушыларды болашақта бейіндік, бағдарлы оқытуға дайындық жұмысын жетілдіру.

  • Есептер шығару арқылы жауапкершілікке, табандылыққа, жігерлікке, еңбек сүйгіштікке баулу.

  • есеп шығару арқылы табиғаттың біртұтастығына көз жеткізу.

  • Оқушыларды дамыта оқытуда ізденімпаздық пен іскерлікті жетілдіру.

  • Есеп шығаруда пән аралық (математика, физика) байланысты жетілдіру.



Күтілетін нәтиже:

  1. Химиялық есептерді шығару әдістері мен тәсілдерін талдай отырып, көркемдеп, сөйлеу мәдениетінің дамуы.

  2. Есеп шығару барысында математикалық, физикалық әдістерге жүгіну, олардың шынайылығын дәлеледей білуге, тура және кері жору әдістерін пайдалану арқылы есептердің шығындысын тексере білуді үйрету.

  3. Химиялық терминдерді, формулаларды, деректерді зерттеуді кезеңдер бойынша жүргізе отырып, оқушылардың коммуникативті біліктілігінің дамуы.

  4. Сандық есептермен қатар, сапалық, эксперименттік жұмыстарды орындауда шығармашылықты дамыту.

  5. Оқушы өз бетімен қарапайым есептерді жазып, оны ешкімнің көмегінсіз шығара білу.

  6. Оқушы есеп шығармас бұрын, алгоритмін дұрыс құрып, есеп шығаруды өз бетінше меңгеру.



Болжам: Егер оқушы «Олимпиадалық тапсырмаларды шешудің түпкі негіздері» курсын ойдағыдай толық меңгеріп шықса, олимпиадалық есептердің шығарылу моделін, алгоритмін құра білуге, эксперименттік жұмыстарды жүргізіп, есептеу, тұжырым жасауды меңгерсе, онда өз бетінше білім алу қабілеттері бар шығармашылық ізденімпаздығы артып, құзіреттілігі жоғары тұлға болып қалыптасады.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет