Бекітемін Күні 26 09 23ж Тақырыбы


Автор Бір кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып: Шал



бет2/4
Дата28.09.2023
өлшемі45.5 Kb.
#478951
түріСабақ
1   2   3   4
Ашық сабақ Бауырсақ ертегісі 1 сынып

Автор
Бір кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:
Шал
-Кемпір ау, маған бауырсақ пісіріп берсейші.
Кемпір
- Неден пісіремін? Ұн жоқ қой
Шал
-Әй, кемпірім ай! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.
Автор
Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа былғап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытып қояды.
Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан далаға домалап түседі, көгал үстімен домалайды,көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса , қарсы алдынан қоян шыға келеді.
Қоян
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын !
Бауырсақ
Жоқ ,сен мені жеме, саған қандай өлең айтып берер екенмін, онан да соны тыңда.
Автор
Қоян құлағын түріп тыңдайды, ал бауырсақ ән айтады:
Бауырсақ
Әжем қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа былғаған,пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атамнан да құтылдым,әжемнен де құтылдым.
Қоян
Қоян: -қой, бауырсақ сенің өлеңің жақсы екен сен одан да менің тапсырмамды орында. Ал оқушылар қояннан бауырсақты құтқарып сұрағына жауап берейік
Қоянның тапсырмасы:
-Ұннеден алынады? (Бидайдан)
Бауырсақтың түсі қандай? (Сары.)
Автор_Бауырсақ_жолмен_келе_жатса,оның_алдынан_қасқыр_шыға_келіп:_Қасқыр_Бауырсақ!_Бауырсақ!_Мен_сені_жеп_қоямын_!_Бауырсақ'>Автор
Бауырсақ жолмен келе жатса,оның алдынан қасқыр шыға келіп:
Қасқыр
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын !
Бауырсақ
- Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Автор
Бауырсақ әндете жөнеледі
Бауырсақ
Әжемқойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атамнан да құтылдым,әжемнен де құтылдым.
Қояннан да сытылдым,қасқыр,сенен құтылу
Қиын емес бұл маған
Қасқыр
Қасқыр: -жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ. Сен менің тапсырмамды орында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет