ІІ бөлім
1)Оқушылар денсаулық,тазалық туралы мақалдар айтып мән-мағынасын өздері түсіндіріп өтеді.
2)Қорытынды.
Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде )
Ішпеген, шылым шекпеген, (Жасайды жылдар көптеген.)
Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)
Адам арақты ішеді, (Арақ ақылды ішеді. )
Жасында темекісін будақтатқан, ( Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан )
Арақ- ішіп ішіне көшеді, (Ақыл шөлмек ішіне түседі )
Денсаулық – көтеріңкі көңіл- күй, үлкен бостандық, сергек қимыл.
«Ғасыр обасы» деп аталған осы ауруды дүние жүзі ғалымдары қанша бас қосып ақылдасса да әзірге көзін жоюға шамалары келмеуде. Бұл аурудың үдеуінің бірден-бір себепшісі – есірткі.
Есірткі шегушілер негізінен қылмыскерлер, олар өзін ғана құртып қоймайды, өзгелерді де құртады. Олар өзімшіл, ата-ана, бауыр, туыстарына жаны ашымайтындар, олар адам пішініндегі құбыжық деуге болады. Саналы адамзаттың көздеген мақсаты есірткі мен ЖҚТБ ауруына қарсы тұру, қоғамға, ел болашағына нұқсан келтіртпей, адамзаттың, қоғамның саулығын қорғау болуы керек. бүгінгі таңда ЖҚТБ ауруы туралы естіп біргенімізге тура 26 жылдай уақыт болыпты,бірақ осы уақытқа дейін бірде-бір аурудың құлан таза емделіп жазылғанын кездестіріп немесе естіген емеспіз. Ауруды зерттеп тексерген ғалым мамандардың айтуы бойынша, бұл аурудан қорғанудың бір-ақ жолы бар, ол –білім.
ЖҚТБ қандай қауіпті ауру екендігін, оның қандай жолмен жұғып тарайтынын әрбір адам нақты біліп, терең түсінуі қажет. Үлкендер отбасында салауатты өмір сүру нормаларын, әр адам жеке бас тазалығын, жұбайлық тазалықты сақтап, өсер ұрпаққа үлгі бола білуі қажет. Боламын деген жасөспірім, мектеп жасындағы балалар сабақтан тыс уақыттарын мазмұнды өткізуге тырысуы керек.
Әр бала өзі ұнататын пән үйірмелеріне қатысып, кітапхана, білім ұяларында ұйымдастырылған шараларға үйірсек болса, одан олар тәлімі анағұрлым көп болар еді. Міне, осындай өзіңе пайдалы еңбек етсең, болашақта оның шырын-нәрін емерсің демекпін. Әркез естен шығармау керек, еңбек адамға нағыз дос, ұлы бабамыз Абай бекер айпаса керек «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деп. Ал Құсайын Тәкежанов еңбек туралы:
Анық дос адамзатқа- адал еңбек,
Қайғысыз, уайымсыз пайда бермек.
Істемей адал еңбек жалқау болған
Азаппен өмірінде қорлық көрмек. – деп түйген екен.
Еңбексіз адам есірік болып, түбінде өзін-өзі азапқа апарып түсіреді. Сондықтан еңбекпен, біліммен дос болуың, имандылыққа бет бұруың – міндетің. Жақсылыққа бет бұруын, барлық істе ауызбірлікте,ынтымақта болу, алдағы күнде жақсылықпен қарау биіктерге жетелейді. Сондықтан балалар, білімді болып әрі еңбекпен дос болсаңдар, өз денсаулықтарыңды қорғай білсендер, жат қылықтарға жандүниелеріңмен қарсы болып адалдықты сүйсендер, салауатты өмір сүрудің нормаларын үйреніп, өзің өмір сүрген ортада көпшіл, мейірімді болсаңдар сендерге ешқандай кесел жолай алмай айналып өтетіндігіне сенімім өте зор.
ДЕНСАУЛЫҚ – бірдің емес мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық
Достарыңызбен бөлісу: |