Сабақтың тақырыбы: Еңбек етсең ерінбей



жүктеу 47.21 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі47.21 Kb.
Абайтану. 10-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Еңбек етсең ерінбей.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ақынның еңбек тақырыбындағы шығармаларының мазмұны мен идеясын меңгерту арқылы, оқушылардың сөздік қорын дамыту, тіл ерекшелігіне оқушылардың назарын аудару, көркемдігін түсіндіру

Дамытушылық: Өлеңнің мазмұнын түсіну, ақын-жазушының стилін меңгеру, әдеби-теориялық түсініктерді ұғына білу қабілеттерін дамыту, мәтінмен жұмыс істей білуге төселдіру, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру. Оқушының лексикалық қорын молайту.

Тәрбиелік: Еңбекке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу. Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын түсіне білуге баулу.

Түрі: таным сабағы

Пәнаралық байланыс: тарих, орыс әдебиеті, қазақ тілі

Әдістері: жинақтау, талдау, салыстыру, сұрақ-жауап, қорытынды жасау,

Көрнекіліктері:электронды слайдтар, кітаптар, интерактивті тақта, электрондық оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу

Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын, қатысу деңгейін тексеру .



2.Үй тапсырмасын тексеру. Отыз екінші қара сөздің орыс тіліндегі аудармасына сүйене отырып, мән-мағынасын толық түсініп, «Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» тақырыбына эссе жазу.

3. Жаңа сабақ. А)Мәтінді түсініп оқу.

Ә)Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар құрастыру.

Ақынды қатты алаңдатқан жағдайлар қазақтардың жаппай кедейленіп, қайыршылық халге түсе бастауы, патша үкіметі шенеуніктерінің шектен шыққан озбырлығы, жергілікті болыстардың парақорлығы мен қанағатсыз пайдакүнемдігі болды. Ол өзінің өлеңдерінде жақын туыстарына көмек қолын созбайтын сараң байларды өлтіре сынады.

Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Өзінің кейбір замандастарының бойындағы жаманшылық мінездерді — жалқаулықты, еңбексіздікті, көрсеқызарлықты, алтыбақан алауыздықты, надандықты жеріне жеткізе әшкереледі. Кедейшіліктен құтылудың бір тәсілі егіншілікпен айналысу, қолөнер кәсібін және сауда-саттық жасауды үйрену екенін айтты. Ол былай деп жазды:



«Егіннің ебін,

Сауданың тегін

Үйреніп, ойлап, мал ізде».

Оның басқаша ойлауы мүмкін де емес еді. Қазақ даласында жиі болып тұратын жұт қарапайым халықты ауыр қайғы-қасіретке душар ететін. Ондай кезде жылдар бойы жинаған малдан бір-ақ күнде айырылып, жұтап қалуға болатын еді. Абай 1880 жылғы алапат ауыр жұтты өз көзімен көрді. Сол жылы оның сан мыңдаған жерлестері қайыршылық халге душар болған еді. Семей облысында кедей жатақтардың саны бұрын-соңды болып көрмеген жоғары көрсеткішке жетті. Олар казак станицалары мен орыс шаруаларының деревняларына жаппай ағылып, болар-болмас тиын-тебенге жалданды, үй қызметшілері, қолбала, бақташылар болды. Қайыр сұрап, ел кезіп кеткендер де көп еді.

Абай қазақтарды мал өсірумен қоса сауда жасауды, белгілі бір кәсіп түрімен шұғылдануды үйрену қажеттігіне баса назар аударды. Орта Азия тұрғындарының кәсіп түрлеріне үлкен ілтипатпен қызыға қарады. Ол былай деп жазды: «Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, саудагердің жүрмеген жері жоқ, қылмаган шеберлігі жоқ».

Абайдың «Еңбек етсең ерінбей; Тояды қарның тіленбей» деген қанатты қағидасы ескірмейді.



4. Ақын шығармаларынан мысал келтірілген еңбек туралы нақыл сөздердің мағынасын орыс тіліндегі баламасына сүйене отырып ашу.

1. Әуелі Құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды.

2.Сақалын сатқан кәріден; Еңбегін сатқан бала артық.

3.Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуан боласың; адамзаттың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың.

4.Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі – біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң болғаны, іздегенің − сол.

5.Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

6.Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі – қазақтың әулиесі сол. Бірақ Құдай тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтың кеселі болады.

7.Талап, еңбек, терең ойғ

Қанағат, рахым ойлап қой.

Бес асыл іс көнсеңіз



1.Кто не сумеет разбогатеть, если будет трудиться без лени, добиваться без устали, творить с умом?! Но тебе ведь не это нужно, тебе хочется получить богатство, запугивая, выпрашивая, обманывая других.

2.Тот, кто трудится для своего блага, уподобляется животному, которое пасется только для себя; того, кто трудится, выполняя человеческий долг, всевышний метит своей любовью.

3.Юноша, продающий свой труд, достойнее старца, торгующего своей бородой.

4.А разум и доброта,

Упорство, скромность и труд -

Вот пять друзей, согласись.

5.Жить хитростью, обманом, попрошайничеством — удел бездарных проходимцев. Веруй в Бога, надейся на свое умение и силы. На честный и самоотверженный труд даже твердь земная ответит всходами.

6.Будь разборчив в пути своем:

Если ты талантлив — гордись

И надежным лишь кирпичом

В стену строящуюся ложись.

7.Хочешь быть богатым — учись ремеслу. Богатство со временем иссякает, а умение — нет. Тот, кто продает плоды своего ремесла без обмана, в народе считается святым. Но тех, кому Бог даровал хоть какое-нибудь ремесло, не минуют и пороки.




5. Өлеңді мәнерлеп оқу. Сегіз аяқ(үзінді)

Болмасын кекшіл,

Болсайшы көпшіл,

Жан аямай кәсіп қыл.

Орынсыз ыржаң,

Болымсыз қылжың

Бола ма дәулет, нәсіп бұл?

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Егіннің ебін,

Сауданың тегін

Үйреніп, ойлап, мал ізде.

Адал бол- бай тап,

Адам бол- мал тап,

Қуансаң, қуан сол кезде.

Біріңді, қазақ, бірің дос

Көрмесең, істің бәрі бос.

Малыңды жауға,

Басыңды дауға

Қор қылма, қорға, татулас.

Өтірік, ұрлық,

Үкімет зорлық

Құрысын, көзің ашылмас.

Ұятың, арың оянсын,

Бұл сөзімді ойлансын.

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық

Аздырар адам баласын.

Таласып босқа,

Жау болып досқа,

Қор болып, құрып барасың.

Өтірік шағым толды ғой,

Өкінер уақытың болды ғой.



6.Сабақты қорыту. Еңбек туралы қазақ мақал-мәтелдерімен жарысу.

7. Үйге. Ақынның еңбек туралы нақыл сөздерін жаттау. Сабақта қарастырылмаған шығармаларынан еңбек туралы нақыл сөздер тауып, жазып келу.

8. Бағалау.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет