(әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы әр лотқа жеке толтырылады)
N
|
Мазмұны
|
Тауарлар, жұмыстар, қызметтер атауы
|
1.
|
Қысқаша сипаты
|
|
2.
|
Шығарылған елi (жұмыстарды сатып алу кезiнде алынып тасталады)
|
|
3.
|
Жасаушы зауыт (жұмыстар мен қызметтердi сатып алу кезiнде
алынып тасталады)
|
|
4.
|
Өлшем бiрлiгi
|
|
5.
|
Баға_______бiрлiкке___________
ИНКОТЕРМС 2000 шарттары
бойынша _________
(белгiленген пунктi)
|
|
6.
|
Саны (көлемi)
|
|
7.
|
Барлық бағасы =__________
б., 5 х б. 6,
|
|
8.
|
Жалпы бағасы,_________ИНКОТЕРМС
2000 шарттары бойынша __________ белгiленген пунктi, әлеуеттi өнiм берушiнiң тасымалдауға арналған, кеден бажын, ҚҚС және басқа төлемдер мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер мен мiндеттi қосалқы бөлшектер бағасын, бiр өлшем бiрлiгiне пайдаланудың бастапқы мерзiмi iшiнде қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарды қоса алғанда, басқа да шығыстар
|
|
Әлеуеттi өнiм берушi басқа шығыстарды да көрсетуге құқылы, оның iшiнде:
жеңiлдiктер берiлетiн жағдайда, оның көлемi
Бiз Сiздердiң конкурстық құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызға келiсемiз. Төлемнiң мынадай балама шарттарын ұсынамыз
__________________________________________________________________
(егер олар болса)
__________________________________________________________________
(төлемнiң балама шарттары көрсетiледi)
немесе басқа шарттар (санамалау қажет:___________ ______________)
бұл ретте________________мөлшерде жеңiлдiктер ұсынамыз
__________________________________________________________________
(ақшалай мәнде жазбаша түрде көрсету қажет)
________________________ _______________________
(Қолы) (лауазымы, тегi)
М.О.
Ескертпе: әлеуеттi өнiм берушi жалпы бағаның құрауыш бөлiктерiн көрсетпеуi де мүмкiн, бұл ретте осы жолда көрсетiлген бағаны әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық шығындарын ескере отырып конкурстық комиссия қарайды және қайта қарауға жатпайды.
Ережеге
5-қосымша
Ескерту. 5-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу туралы шарт
_____________________________ _____ жылғы "___"__________
(Орналасқан жерi)
Бұдан әрi Тапсырыс берушi деп аталатын______________________
(Тапсырыс берушiнiң толық атауы)
атынан____________________________________________________________,
(уәкiлеттi адамның лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
бiр тараптан және бұдан әрi Өнiм берушi деп аталатын,
____________________________________________________________ атынан
(өнiм берушi - конкурс жеңiмпазының толық атауы)
___________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
(Жарғы, Ереже және т.с.с.)
__________________________________________________________________
(уәкiлеттi адамның лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
екiншi тараптан, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Заңның (бұдан әрi - Заң) және ___жылғы "__"_______ өткен Мемлекеттiк сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бiр көзден тәсiлiмен) қорытындыларының негiзiнде осы Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты және мына төмендегi келiсiмге келдi:
1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы - (мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетiлсiн) Тапсырыс берушi үшiн мемлекеттiк сатып алуды (жұмыстардың қысқаша сипаттамасы) жариялады және Мердiгердiң (сомасы сандармен және жазумен көрсетiлсiн) (бұдан әрi - Шарттың бағасы) мөлшерiнде осы жұмыстарды орындауға конкурстық өтiнiмiн қабылдады.
2. Жұмыстар Жоба бойынша орындалады (жобаның аты, объектiнiң атауы мен орналасқан жерi)
Бас жобалаушы (ұйымның атауы мен мекен-жайы)
__________________________________________________________________
3. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдарға мынадай түсiнiк берiледi:
1) "Тапсырыс берушi" - мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ дауыс беретiн акциялардың елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындар, заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
2) "Бас мердiгер" (бұдан әрi - Мердiгер) - Тапсырыс берушiмен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шартта оның контрагентi ретiнде әрекет ететiн заңды тұлға, сондай-ақ, консорциум (сатып алуды жүзеге асыру ережесiнде көзделген жағдайларда);
3) "Қосалқы мердiгер (бiрлескен орындаушы)" - Шарт бойынша учаскеде (объектiде) жұмыстардың бiр бөлiгiн орындауға Мердiгермен шарты және (немесе) келiсiмi бар адамды немесе ұйымды бiлдiредi;
4) "Техникалық қадағалаушы" - мердiгерлiк жұмыстарды Мердiгердiң Шарттың ережелерiне сәйкес орындауы жөнiндегi бақылауды жүзеге асыруға Тапсырыс берушi тағайындаған және Мердiгерге хабарланған адамды бiлдiредi;
5) "Объект" - мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы Мердiгердiң Шартта көзделген түрде құрылуға, қайта жаңартуға және Тапсырыс берушiге беруге тиiс деп анықтаған ғимарат, құрылым;
6) "Учаске" - Объект құрылысын салуға немесе жұмыстарды жүргiзуге бөлiнген аумақты бiлдiредi;
7) "Шарттың құны" - Шарттың Мердiгер өзiнiң конкурстық өтiнiмiнде көрсеткен және Тапсырыс берушi қабылдаған жалпы сомасын бiлдiредi;
8) "Шарт" - "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес Тапсырыс берушi мен Мердiгердiң арасында ғимараттар мен құрылымдардың құрылысын салуға және жөндеу-құрылыс жұмыстарына жасалған азаматтық-құқықтық шарт. Шартқа оған қол қойылғаннан кейiнгi барлық толықтырулар мен өзгерiстер қабылдау жолымен жасалуы мүмкiн. Шарт Жобалаушы мен Мердiгер, Тапсырыс берушiлер мен Қосалқы мердiгерлер арасындағы қандай да бiр шарттық қатынастар қалыптастыратындай түрде түсiндiрiлуге тиiс емес;
9) "Уақытша құрылыстар" - Объектiнiң құрылысын салу мен жөндеу үшiн қажеттi, тұрғызылатын, орнатылатын және Объектiнiң құрылысын салуды аяқтағаннан кейiн Мердiгер алып тастайтын барлық уақытша ғимараттар мен құрылыстарды бiлдiредi;
10) "Материалдар" - Объект құрылысын салу үшiн Мердiгер мен Қосалқы мердiгер пайдаланатын барлық шығыс материалдарын бiлдiредi;
11) "Жабдық" - Мердiгер мен Қосалқы мердiгердiң Объектiнiң құрылысын салу үшiн учаскеде уақытша тұрған барлық машиналары мен тетiктерiн бiлдiредi;
12) "Құрылыстың ұзақтық мерзiмi" Мердiгер Объектiнiң құрылысын салуды аяқтауға тиiс мерзiмдi бiлдiредi;
13) "Күндер" - күнтiзбелiк күндер, "айлар" - күнтiзбелiк айлар;
14) "Өзгерiстер" - Тапсырыс берушi Шартқа қол қойылғаннан кейiн берген өзгерiстер;
15) "Ақау" - жұмыстардың Шарт ережелерiн бұзып орындалған бөлiгi;
16) "Шалалықтар мен ақауларды жою кезеңi" - жұмыстардың орындалуын тексеру үдерiсiнде табылған шалалықтар мен ақауларды жою кезеңi.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
4. Төменде санамаланған құжаттар мен оларда айтылған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлiгi болып табылады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) Шарттың мәнi/сатып алынатын жұмыстардың тiзбесi;
3) техникалық өзiндiк ерекшелiк;
4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету (бұл тармақша, егер шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу конкурстық құжаттамада көзделген болса көрсетiледi);
5) жобалау-сметалық құжаттама/жұмыс сызбалары (сызбалардың нөмiрлерi мен олардың күндерi көрсетiлсiн):
Құжат
Атауы
Нөмiрi және күнi
6) Толықтырулар (осындайлар болса):
Құжат
Атауы
Нөмiрi мен күнi
7) Өзге де құжаттар: (Тапсырыс берушi Шарттың құжаттарына енгiзгiсi келетiн қосымша құжаттар көрсетiлсiн)
____________________________________________________
____________________________________________________
5. Өнiм берушi Шартты жасасқан күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде Шарттың атқарылуын қамтамасыз етудi енгiзуге тиiс. Өнiм берушi Шарттың атқарылуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн таңдауға:
1) Тапсырыс берушiнiң банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушiлер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдi ақшалай жарнаны;
2) банктiк кепiлдiктi таңдауға құқылы.
6. Өнiм берушiнiң Шарт бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн үшiншi бiр тұлғалардың енгiзiлген кепiлдiктi ақшалай жарнаға толығымен не бiр бөлiгiнде талап ету құқықтарының туындауын келтiрiп шығаратын iс-әрекеттер жасауына жол берiлмейдi. Тапсырыс берушiнiң Өнiм берушi енгiзген кепiлдi ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына жол берiлмейдi.
7. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер және жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындармен мемлекеттiк сатып алу шарты бiр қаржы жылынан астам мерзiмге мемлекеттiк сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада оларды аяқтау мерзiмi келесi (кейiнгi) қаржылық жылда (жылдарында) көзделген жұмыстарды сатып алған жағдайда жасалуы мүмкiн.
Бұл ретте, қолданылу мерзiмi бiр қаржы жылынан астам мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттарға жоғарыда көзделген жағдайларда, бәсекелестiк негiзде өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша анықталған өнiм берушiлермен ғана рұқсат етiледi.
Конкурс нәтижелерi бойынша жасалған Мемлекеттiк сатып алу шарты өнiм берушiнiң уәкiлеттi органға өтiнiм мен мемлекеттiк сатып алу бойынша уәкiлеттi органға шартты баға арасындағы айырма ретiнде алынған кiрiстi пайдалану бойынша ақпарат бергенi туралы келiсiм шарттарын қамтуы тиiс.
Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретiн акциялардың елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар басқару органы немесе көрсетiлген тұлғалардың жоғарғы органы бекiткен даму жоспарында (бизнес-жоспарда) оларды аяқтау мерзiмi келесi (кейiнгi) қаржылық жылға (жылдарына) белгiленген iс-шараларды орындау үшiн қажеттi жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу туралы ұзақ мерзiмдi шарт жасасулары мүмкiн.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
8. Мердiгер осы Шартта көзделген барлық жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етудi мiндетiне алады.
8-1. Отандық жұмыстарды берушiлермен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт алдын ала ақы төлеу және жұмыстарды жүзеге асырғаны үшiн толық ақы төлеу туралы шартты қамтуы тиiс, бұл ретте толық ақы төлеу мерзiмi осы шарт бойынша мiндеттемелердi орындаған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.
Ескерту. Қосымша 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыcымен.
9. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының бейрезидентiмен жасасқан жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресiмдеуге жол берiледi.
10. Шарт мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiнде жасалады.
Шартты төрелiк сотта қарау қажет болған жағдайда Шарттың мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiндегi данасы қаралады. Шартқа қатысты тараптар алмасатын барлық хат алмасу мен басқа да құжаттама осы талаптарға сәйкес болуы тиiс.
11. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа өзгерiстер енгiзу шартын көздеуi тиiс.
Өнiм берушiнi таңдауға негiз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгертпеу шартымен мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерiстер енгiзуге:
1) ұқсас сатып алынатын жұмыстарға бағалар азаю жағына өзгерсе, тараптардың өзара келiсiмi бойынша жұмыстарға бағаның және осыған сәйкес шарттың бағасын азайту бөлiгiнде;
2) егер мемлекеттiк сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерiстер енгiзiлсе және Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасында белгiленген тәртiппен қабылданған, осындай өзгерiстiң сомасынан қосымша ақша бөлу туралы шешiм қабылданса, шарттың сомасын ұлғайту бөлiгiнде;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген жұмыстарды қоспағанда, осы жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартта көрсетiлген жұмыс бiрлiгi үшiн бағаны өзгертпейтiн шартпен сатып алынатын жұмыстардың көлемiндегi қажеттiлiктiң азаюына немесе ұлғаюына байланысты шарттың бағасын азайту не ұлғайту бөлiгiнде. Мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартты мұндай өзгертуге мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарында осы жұмыстарды сатып алу үшiн көзделген соманың шегiнде жол берiледi;
4) салық, кеден және басқа да салалардағы заңнаманың не Қазақстан Республикасының заңнамасының өзгерiсiне байланысты еңбек пен материалдық ресурстар құнының өзгеруiнен туындаған аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) жылдағы (жылдардағы) жұмыстарды орындау шартының сомасын азайту және ұлғайту бөлiгiнде, сондай-ақ жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда, мемлекеттiк сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиiстi өзгерiстер енгiзу шартымен шарттың орындалу мерзiмдерiн тиiсiнше өзгерту бөлiгiнде жол берiледi.
Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттiк сатып алу шарттарының және (немесе) өнiм берушi таңдау үшiн негiз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетiн өзгерiстердi Заңның 39-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негiздемелер бойынша енгiзуге жол берiлмейдi.
12. Тапсырыс берушi мен Мердiгер арасындағы Объект құрылысын салу мәселелерiне қатысты ресми қатынас жазбаша түрде ғана күшке ие болады.
13. Мердiгер қосалқы мердiгерлiк ұйымдармен жұмыстардың жалпы көлемiнiң (мердiгерлiк бағасының) 2/3 бөлiгiнен аспайтын Шарт жасаса алады, және Тапсырыс берушiнiң жазбаша рұқсатынсыз Шартты үшiншi тұлғаға бере алмайды. Қосалқы мердiгерлердiң болуы Тапсырыс берушi мен Мердiгер арасындағы Шарттың талаптарын өзгертпейдi.
14. Учаскеде қосалқы мердiгерлер бар болса Мердiгер өзiнiң жұмыстарын олармен үйлестiрiп отыруы тиiс.
15. Тапсырыс берушi Мердiгерге объектiнiң құрылысын салуға (жөндеуге, қайта жаңартуға) жобалау-сметалық құжаттаманы бередi (мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурс құрылысты "Дайын тапсыру" шартымен өткiзiлген кезде бұл талап осы Шартта ескерiлуi тиiс).
16. Мердiгер негiзгi қызметтерге бiлiктiлiгi туралы мәлiметтерде көрсетiлген қызметкерлердi жалдайды. Бұл адамдарды басқасына ауыстырған кезде Мердiгер мұндай ауыстыруға Тапсырыс берушiнiң келiсiмiн алуы тиiс. Жаңа қызметкерлердiң бiлiктiлiгi туралы мәлiметтерде санамаланған қызметкерлердiң бiлiктiлiгiне тең немесе одан жоғары болуы тиiс.
17. Егер Тапсырыс берушi Мердiгерден Мердiгердiң немесе қосалқы мердiгердiң қызметкерi болып табылатын адамды, себептерiн көрсете отырып, Объектiде жұмыстарды орындаудан алыстатуды сұрайтын болса, Мердiгер мұндай адамды 72 сағат iшiнде құрылыс объектiсiнен кетiруге мiндеттi, одан кейiн бұл адамның осы Шарт бойынша жұмыстарды орындаумен ешқандай байланысқа ие болмауы тиiс.
18. Мердiгер Тапсырыс берушiнiң мүлкiне, меншiгiне шығындар немесе залал келтiрумен және өз қызметкерлерiнiң денсаулығына, сондай-ақ өз қызметкерлерiнiң мерт болуымен байланысты және Шартты орындау ағымында және салдарынан туындайтын барлық тәуекел үшiн жауапты болады.
19. Тапсырыс берушi тәуекелдiң ерекше түрлерi, атап айтқанда: соғыс, көтерiлiс, революция, азаматтық соғыс, бүлiктер, тәртiпсiздiктер (егер онда Тапсырыс берушiнiң қызметкерлерi қатысса) тәуекелi үшiн жауапты болады. Сондай-ақ, Мердiгер тапқан және конкурстық құжаттамада көрсетiлмеген топырақтың уытты және жарылғыш нәрселермен улануы және егер осы табылғандар жұмыстардың орындалуына тiкелей әсер ететiн болса да Тапсырыс берушiнiң тәуекелi болып табылады.
20. Мердiгер ақауларды жою кезеңiн қоса алғанда, жұмыстар басталған күннен жұмыстар толық аяқталғанға дейiнгi кезеңге Тапсырыс берушiнiң атына сақтандырумен жабуды қамтамасыз етедi.
Сақтандыру объектiлерi және сомасы __________________________
__________________________________________________________________
(жабдықтар берудi сақтандыру, адамдарды және т.б. сақтандыру)
21. Мердiгер сақтандыру полистерi мен сертификаттарын Тапсырыс берушiге жұмыстар басталатын Күнге дейiн ұсынуы тиiс.
22. Егер Мердiгер талап етiлетiн сертификаттарды ұсынбаса, Тапсырыс берушi Мердiгердiң қамтамасыз етуi тиiс сақтандыруды жүргiзуi және осы шығыстарды Шарттың құнынан ұстауы мүмкiн.
23. Мердiгер Тапсырыс берушiнiң келiсiмiнсiз сақтандыру шарттарын ешқандай өзгерте алмайды.
24. Екi тарап та сақтандыру полистерiнiң барлық шарттарын сақтауға тиiс.
25. Тараптардың әрқайсысы олардың бiрлескен iс-қимылдары немесе кемшiлiктерiнiң нәтижелерi болып табылған шығындар бойынша шығындар, шығыстар және талап-арыздар, адамдардың денсаулығына залал келтiргенi және өлiмi үшiн жауап бередi және оларды басқа тарапқа өтейдi.
26. Мердiгер Объектiдегi жұмыстар өндiрiсiнiң қауiпсiздiк техникасы үшiн толығымен жауап бередi.
27. Тапсырыс берушi Мердiгердiң объектiнiң құрылысын салуға бөлiнген Учаскенiң барлығын пайдалануға рұқсат етедi. Егер құрылысқа берiлген Учаскенiң бiр бөлiгi Учаске берiлетiн күнге берiлмеген болса және осы себеппен жұмыстарды орындау кiдiртiлсе, онда бұл жағдайда Тапсырыс берушi жұмыстарды аяқтау мерзiмiн осы Учаскенi берудi кiдiрткен мерзiмге ұзартуы тиiс.
28. Тапсырыс берушi немесе оның уәкiлеттi тұлғасы, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманың әзiрлеушiлерi Учаскеге немесе Шарт бойынша жұмыстар орындалып жатқан немесе орындалатын кез келген басқа орынға әрқашан рұқсаты болады.
29. Тапсырыс берушi мен Мердiгер Шарт бойынша немесе соған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келiспеушiлiктердi немесе дауларды тiкелей келiссөздер үдерiсiнде шешуге барлық күш-жiгерлерiн салуға тиiс.
30. Егер осындай ресми емес келiссөздер басталғанынан 21 (жиырма бiр) күн iшiнде Шарт бойынша дауды Тапсырыс берушi мен Өнiм берушi бейбiт жолмен шеше алмайтын болса, Тараптардың кез келгенi бұл мәселенi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешудi талап етуi мүмкiн.
31. Егер мердiгер Шарттық құжаттардың талаптарын бұзып орындалған жұмыстарды түзету жөнiндегi өз мiндеттемелерiн орындамаса, сондай-ақ егер Мердiгер жобалау-смета құжаттамасына сәйкес жұмысты соңына дейiн орындауға қабiлетсiз болып шықса, Тапсырыс берушi жазбаша нұсқамамен Мердiгерге жұмыстарды тұтастай немесе тоқтап қалу себептерiн жойғанға дейiн жұмыстардың бiр бөлiгiн тоқтату туралы өкiм бере алады.
32. Егер Мердiгер жұмысты түзете алмаса немесе түзеткiсi келмесе (оны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестендiру) және тапсырыс берушiден бұл туралы жазбаша ескерту алғаннан кейiн жетi күн iшiнде жазбаша немесе әрекеттерiмен жауап бермесе тапсырыс берушi көрсетiлген жетi күн мерзiм өткеннен кейiн өзiнiң талабын қайталауға құқылы. Егер Мердiгер келесi жетi күн мерзiмi iшiнде көрсетiлген Ақауларды түзетуге жағдайы болмаса, Тапсырыс берушi өзiнiң басқадай әсер ету әдiстерiн қолдану құқығынан бас тартпастан, осы жұмысты өз күшiмен орындай алады. Мұндай жағдайларда негiзiнде Мердiгерге төленуi тиiс болған сомадан Тапсырыс берушiнiң қосымша қызметтер үшiн мәжбүрлi шығындары өтемiн қоса алғанда, көрсетiлген Ақауларды түзету құны шегерiлетiн өзгерiстер туралы тиiстi бұйрық шығарылады. Егер Мердiгерге төлеуге тиiстi сома көрсетiлген шығыстарды жабу үшiн жеткiлiксiз болса, Мердiгер Тапсырыс берушiге айырманы өз қаражатынан төлеуге мiндеттi.
33. Мердiгер_____________________ мерзiм iшiнде Тапсырыс берушiге Объектiнiң құрылысын салу бойынша жұмыстарды орындау тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ Тапсырыс берушi тарапынан оның конкурстық өтiнiмiне сәйкес төлемдердi жүргiзу кестесi мазмұндалған жұмыстардың өндiрiс кестесiн бекiтуге ұсынады.
34. Егер форс-мажорлық жағдайлар орын алса немесе ол ұсынған ауытқулар жұмыстарды орындау үшiн қосымша мерзiмдер талап етсе, сондай-ақ егер, жұмыстарды орындау үдерiсiнде қосымша еңбек шығындарын талап ететiн жасырын Ақаулар анықталған жағдайларда Тапсырыс берушi жұмыстарды орындау мерзiмiн ұзартады. Бұл ретте Мердiгер азаматтық заңнамада көрсетiлген рәсiмге сәйкес Тапсырыс берушiнi жазбаша хабардар етуi тиiс.
35. Мердiгер бiлiмiн және қолда бар барлық мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, жұмысты бақылап және бағыттап отыруға мiндеттi. Мердiгер құралдар, әдiстер, техника, дәйектiлiк және жұмыстардың орындалу сапасын, сондай-ақ Шарт бойынша барлық жұмыстарды үйлестiру үшiн толығымен жауапты және бақылауды жүзеге асырады.
36. Мердiгер өз қызметкерлерiнiң, Қосалқы мердiгердiң (лердiң), Қосалқы мердiгердiң (лердiң) қызметкерлерiмен сенiм бiлдiрiлген адамдарының, сондай-ақ Мердiгермен шарт негiзiнде Шарт шеңберiндегi жұмыстардың бiр бөлiгiн орындайтын басқа да адамдардың iс-әрекеттерi мен кемшiлiктерi үшiн Тапсырыс берушi алдында жауапты болады.
37. Тапсырыс берушi жұмысты немесе конструкцияны тексеру үшiн сынақ жүргiзе алады. Егер тексеруден кейiн тексерiлген жұмыс немесе конструкция ақаулы болып шықса, Мердiгер жұмыстардың Ақауын түзетедi және (немесе) конструкцияны алмастырады.
38. Тапсырыс берушi табылған кез келген Ақаулар туралы Ақауларды түзету мерзiмiн көрсете отырып, Мердiгердi жазбаша түрде хабардар етедi.
39. Мердiгер Ақаулар туралы хабарламаны алып, Ақауды Тапсырыс берушi көрсеткен уақыт кезеңi iшiнде жоюға мiндеттi.
40. Ақы төлеу нысаны________________________________________
(аудару, қолма-қол есептеу және т.б.)
41. Төлемдердiң түрлерi мен мерзiмi_________________________
(төлемдердiң қалай жүргiзiлетiнi және төлеу мерзiмi көрсетiлсiн: аванстық төлем, ағымдағы төлемдер, соңғы төлемақы)
Достарыңызбен бөлісу: |