ІV.Мектепішілік құрылған ұйымдардың жұмыстары туралы және үйірмелердің жүргізілуі
№63 орта мектебінде 22 пән үйірмелер жұмыс атқарады. Мектепішілік үйірмелерге 313 оқушы , әр түрлі үйірмелерге тартылған. Жалпы мектеп оқушылары мектеп үйірмелеріне 100 % қамтылған. І тоқсанда мектепшілік үйірме мүшелеріне зерделеу жұмыстары жүргізіліп дарынды оқушылар анықталды. Бұл оқушылар алдағы уақытта «Зерде» , пәндік ғылыми жоба және пәндік олимпиадаларға қатысатын болады. 5-11 сынып оқушылары арасында «Ұлағатты ұстаз» қабырға газеттерін шығарды. Қосымша білім беру педагогі Н.Маханов тәрбие ісінің орынбасарымен бірге ұйымдастырумен «Үйірмеден үйренерім көп» атты оқушылар арасында он күндік болып өтті . Он күндік барасында оқушылардың басым бөлігі техникалық үйірмелерге қатысқысы келетіндігін айтты. Дене шынықтыру пәні бойынша ашылған үйірмелердің мүшелері мектепшілік, аудандық байқауларға барып жүлделі орындар иеленді.
І тоқсанның қорытынды бағаларына сәйкес зерделеу жұмыстарында анықталғандай бастауыш сыныптағы мектепшілік үйірме мүшелерінің арасыннан дарынды және үлгірім орташа оқушылар анықталып , оларды түрлі үйірмелерге тарту жұмыстары жүргізілді. Жекелеген оқушылармен жұмыс жүргізу бастамасында кейбір оқушылардың қарапайым дағдысының қалыптаспағандығы анықталды. Осы себепте бастауыш сынып мұғалімі Қазиева Жарқын « Мәнерлеп оқу » үйірмесін ашып үйірмесіне оқушылар тартты. Нәтижесінде көптеген оқушылардың сабақ үлгірімдері жақсарды. 4 сынып оқушыларын келесі 2020-2021 оқу жылында 5 сыныпқа көшуіне байланысты қазақ тілі, орыс тілі , ағылшын тілі және математика пәндік үйірмелерде дайындық жұмыстары жүргізілетін болады .Оқушылардың көбі спорт, технология пәндеріне бейім болғанымен кейбір сабақтардан атап айтсақ математика, физика , химия сабақтарынан орташа деңгейде болғандықтан қосымша сенбі күндері пән мұғалімдерімен біріге отырып әр түрлі зертханалық жұмыстар, саяхат сабақтары және тағы басқа іс-шаралар ұйымдастырылуда.Қазіргі таңда үйірме жұмыстарына қатысып жүрген оқушылардың математикалық және сауаттылық білім деңгейінің өсу динамикасын 20%-35% деп толықанды айтуға болады.Сонымен қатар дарынды оқушылармен жұмыс жоспарына сәйкес мынадай жұмыстар жүргізілді. Дарындылықты анықтау бірнеше жақта қарастырылды. Интеллектуалдық дарындылық, шығармашылық дарындылық , әртістік дарындылық, музыкалық дарындылық , техникалық дарындылық және спорттық дарындылықдарына сәйкес үйірмелерге тартылуда. Үйірме жетекшілерінің дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу барысында «Қызықты математика» үйірме мүшелерінің жетекшісі Ж.Жумаділла пәндік ғылыми жобаларға дайындауда. Дене шынықтыру пәні бойынша ашылған үйірмелердің мүшелері мектепішілік, аудандық байқауларға барып жүлделі орындар иеленіп 2020 жылд сайысында І орын , «әдебиет» секциясы бойынша 6 сынып оқушысы Сәрсенбай Гулбақыт І орынмен , жетекшісі Айниязова Гулханыс, «тарих» секциясы бойынша 9 сынып оқушысы Орынбасар Нұрмаханбет жетекшісі Талалиева Ардақ І орын иеленді. 1-7 сынып оқушылар арасындағы зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының XIV Республикалық «Зерде» конкурсының аудандық кезеңінде «медицина» секциясы бойынша Үздік жұмыс көрсеткені үшін 4 сынып оқушысы Тасболат Жаерке Алғыс хатпен жетекшісі Қазиева Жарқын марапатталды.ІІ тоқсан жұмыс жоспарына сәйкес экология-биологиялық бағытындағы үйірме жұмыстары сарапталды. Спорттық ойындар, командалық ойындар, эстафета, достық кездесулер, көркем ‑ эстетикалық бағыттағы үйірме мүшелерінің көрмесі және «Көңілді күз» отбасылық фотосуреттер байқауы болып өтті. Мектептегі жас мамандар арасында «Сапалы сабақ беру тәсілі мен әдісін меңгерту» тақырыбында үйрену семинары болды.Еңбек пәнінің мұғалімі Әбілезова Гулмира 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 5-11 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік тұғырым» атты қабырға газеттерін шығарды. Қосымша білім беру педагогі Н.Махановтың ұйымдастырумен «Үйірмеден үйренерім көп» атты оқушылар арасында 5-10 сыныптар арасында кеш өтті . Семинар барасында оқушылардың басым бөлігі техникалық үйірмелерге қатысқысы келетіндігін айтты.
Достарыңызбен бөлісу: |