«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет131/230
Дата31.05.2024
өлшемі3.7 Mb.
#502171
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   230
pr vn bol sd kz

Жіті пиелонефрит
Этиологиясы мен патогенезі. Жедел пиелонефриттің дамуына мына себептер: а) жедел пиелит инфекцияның бүйрек түбекшесінен бүйрек тініне тарауы; б) организмде инфекция ошақтары пайда болған кезде немесе жіті жұқпалы аурулар тұсында инфекцияның қанмен бүйрекке және оның түбекшелеріне таралуы мүмкін.
Бірақ бактериалардың бүйрекке және түбекшеге енуі барлық уақытта бірдей пиелонефритке әкеліп соқпайды, көбіне бактериурия байқалады. Пиелонефриттің дамуына мүмкіндік туғызатын ыңғайлы жағдайдың бірі бүйрекпен зәрдің бөлінуінің қиындауы (несепағардың бұралып қалуы, таспен бітелуі).
Клиникалық көрінісі. Көбінесе науқастың жағдайы ауырлау болады, қызу өте жоғары көтеріледі, қалтырап тоңады, бел аймағы сыздап ауырады. Қабыну үдерісі қуыққа, үрпі өзегіне таралғанда зәр шыққан кезде қуық қатты шаншып ауырады. Зәрді зерттегенде пиурия (іріңді зәр) және бактериурия болады. Диабетпен ауыратын науқастарда жіті пиелонефрит ерекше ауыр түрде жүреді. Жіті пиелонефриттің белгілері байқалмайтын түрі де болады. Бұндай жағдайда бүйрек қызметінің бұзылуын тек қана зәрді зерттегенде анықтауға болады.
Емдеуі: антибиотиктар, сульфаниламидтар (уросульфан), нитрофуран препараттары (фурадонин).

Созылмалы пиелонефрит


Этиологиясы мен патогенезі. Созылмалы пиелонефриттің дамуына мына себептер: а) созылмалы пиелит жағдайында инфекцияның бүйрек түбекшесінен бүйрек тініне тарауы; б) емделмеген жіті пиелонефрит; в) аллергиялық, фармакологиялық себеп-шарттар; г) урологиялық, әйел жыныс салаларының әр түрлі аурулары. Бұл аурумен әйелдер жиі ауырады, себебі әйелдердің жүкті кезі жіті пиелонефритті созылмалы пиелонефритке жиі айналдыратын себеп-шарттардың бірі болып саналады. Созылмалы пиелонефрит пиелит сияқты шартты патологиялық флоралар - ішек таяқшалары, энтерококктар, протейлер т.б. инфекциялардың әсерімен дамиды. Кейбір жағдайларда инфекция бүйрекке қан жолымен (гематогенді) түседі. Инфекция бүйрек түбекшесінен бүйрек паренхимасына таралғанда әуелі бүртікті қабаты, сонан соң ми тәріздес және қабыршақ тәріздес қабаттары зақымданады. Осының әсерінен бүйректер бүріседі, беткейлігі үлкен кедір-бұдырлы болады. Созылмалы пиелонефрит көбінесе біржақты үдеріс болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   230




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет