«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие


Созылмалы гломерулонефрит



бет134/230
Дата31.05.2024
өлшемі3.7 Mb.
#502171
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   230
pr vn bol sd kz

Созылмалы гломерулонефрит


Этиологиясы мен патогенезі. Созылмалы (жайылған) гломерулонефрит кең таралған аурулардың бірі болып табылады. Гломерулонефриттің жедел түрі кейде созылмалы гломерулонефритке ауысады, бұл әсіресе, уақытында жүргізілмеген және нәтижелі түрде емделмеген науқастарда кездеседі. Кейбір науқастарда ауру кездейсоқ байқалады. Науқастың анамнезінде жедел гломерулонефритпен сырқаттанғаны көрсетілмесе де, айқын шағымдарсыз өткен, сондықтан да анықталмаған жедел гломерулонефриттің созылмалы түрдегі гломерулонефритке себепші болғанын пайымдауға болады.
Созылмалы (жайылған) гломерулонефрит кейбір жағдайларда әйелдердің жүкті кезіндегі емделмеген нефропатиясының нәтижесі болуы мүмкін. Созылмалы гломерулонефрит Брайт сырқатының 3 классикалық түрінің біреуі болып табылады. Соңғы уақытта созылмалы гломерулонефриттің патогенезіңде аутоиммунды механизмге зор маңыз беріледі. Созылмалы гломерулонефритпен сырқаттанған науқастардың организмінде стрептококқа қарсы қарсыденелердің түзілуінен басқа, бүйрек тінінің өзгерген белоктарына да қарсы антиденелердің түзілуі жүреді, ол бүйректегі қабыну үдерісін қолдай отырып, аурудың созылмалы түрде үдеуіне себепші болады.
Дерттің анатомиясы. Бірнеше жылдар бойына созылатын аурудың алғашқы кезеңінде бүйректер үлкеймейді немесе сәл ғана үлкейеді, ал соңғы кезеңінде күрт кішірейіп, беткейлігі бұдырланады, бүйрек тіндері тығыздалады (бүйректің екіншілік бүрісуі).
Микроскопиялық зерттеу: созылмалы гломерулонефрит көбіне бүйрек шумақтарында интракапиллярлы түрде жүретін қабыну үдерісінің біртіндеп капилляр ілмектері мен капсулалар қуысының бітелуімен және одан әрі қарай шумақтардың тыртықшаға немесе гиалинді түйінге айналуымен сипатталады. Сонан соң бүйрек түтікшелерінің эпителийінде дистрофиялық өзгерістер байқалады.
Клиникалық көрінісі. Ауру барысында анық екі кезең ажыратылады: бірінші, бүйректің азотты бөліп шығару қызметі айқын бұзылмаған (бүйректің теңгеру сатысы) кезеңі. Екінші, бүйректің азотты бөліп шығару қызметі едәуір бұзылған (бүйректің декомпенсациялық) сатысы.
Аурудың бірінші кезеңінде жедел гломерулонефрит кезіндегідей белгілер байқалады. Науқастар әлсіздікке, тұрақты түрдегі бас ауруына, бастың айналуына, және ісіктің пайда болуына шағымдануы мүмкін. Бірақ жедел нефритке қарағанда бұл белгілер жеңіл түрде өтеді. Көбінесе аурудың ағымы белгісіз жүреді, сондықтан диспансерлік зерттеу кезінде ол кездейсоқ анықталады. Объективті әдістермен зерттегенде артериялық қан қысымының көтерілгені және жүректің сол жақ қарыншасының гипертрофиясы айқындалады. Зәрді зерттегенде протеинурия, цилиндрурия, әсіресе диагностикалық маңызы өте құнды балауыз тәрізді цилиндрлер табылады. Зәрдің тұнбасында аздаған мөлшерде сілтіленген эритроциттер анықталады. Қан сарысуында холестерин мөлшері көбейеді. Протеинурия тұрақты түрде болғандықтан әр түрлі мөлшерде үнемі гипопротеинемия байқалады. Үдемелі нефросклероз салдарынан аурудың ақырғы кезеңінің белгілері біртіндеп қосыла бастайды. Бүйректің қызмет атқаратын тіндерінің санының азаюы тазарту сынамасының (әсіресе инулинмен) көрсеткішінің төмендеуімен куәланады. Бүйректің фильтрациялық қызметі ұзақ уақыт бір қалыпты болады, тек қана аурудың асқыну кезендерінде ғана төмендейді. Біртіндеп бүйректің концентрациялық қабілеті азайып, зәрдің салыстырмалы тығыздығы төмендейді. Бұл кезеңде сұйықтықтың көп бөлінуіне (полиурия) байланысты азот қалдықтары организмнен жуылып кетеді. Компенсаторлы түрде түнгі несеп мөлшері күндізгіге қарағанда көбейеді (никтурия). Бүйректің концентрациялық қабілеті қатты бұзылғанда, зәрдің меншікті салмағы төмендеп, құрғақ тамақтың әсерінен де тәулік бойына өзгермейтін бірқалыпты 1009-1011 болады (изогипостенурия). Осы кезеңде науқастың қанында азот қалдықтарының (мочевина, креатинин, индикан) деңгейі жоғарылайды. Біраздан соң уремия белгілері пайда болады: әлсіздік, бастың ауруы күшеюі, лоқсу, терінің қышуы, ауыз қуысынан жағымсыз аммиак иісінің пайда болуы, көз көруінің нашарлауы. Соңғы кезенде науқас уремиялық ес түссіздікке түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   230




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет