Есептер:
1. Бауыр ауруына күдікті науқастың анализдерінде: жалпы белок 66 г/л, альбуминдер 36%, у-глобулиндер 28%; билирубин 28 мкмоль/л, тікелей 18 мкмоль/л. Тікелей емес 10 мкмоль/л, тимол сынамасы 12 сд.: АЛТ 80 Б.. ACT - 66 Б., СФ - 186 МЕ/л.
А. Барлық анализдерде қалыптыдан ауытқулар бар ма?
Б. Мұндай анализ нәтижелері кезінде қандай ауру туралы ойлауға болады?
В. Этиологиялық диагнозды нақтылау үшін тағы қандай анализдер керек?
2. Науқас 39 жаста, ішінің кебуіне және улкеюіне, арықтауға, әлсіздікке, кезеңдік аздаған сарғаюға және қышуға, зәрдің аз бөлінуіне, лоқсуға, тәбетінің жоғалуына шағымданады. Анамнезінде - 10 жыл бұрын сары аурумен ауырған. Объективті: тері жамылғысы сұрғылт-сары түсті, қасыған іздері, ішінде гиперпигментация белгілері, жеңіл гинекомастия, тырнақтары ағарған, «бауырлық» алақандар және табанында, маңдайында және арқасында – телеангиэктазиялар, кіндік аймағының қолтықасты аймағына бағытталған аймағының теріасты веналары кеңейген. Өкпеде везикулярлық тыныс. Тахикардия – пульсі және ЖЖЖ 96 рет 1 минутта, ырғағы сақталған, жүрек тондары аздап тұйықталған.
А. Диагноз құрастырыңыз.
Б. Сіздің берілген науқасқа тексеру жоспарыңыз.
1) Тақырып:№16. Бүйректі зерттеудің лабораторлық –аспаптық зерттеу әдістері.
2) Мақсаты: Бүйректі зерттеудің лабораторлық –аспаптық зерттеу әдістерін оқыту.
3) Тапсырма:
- СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиет таңдау (каталогтармен, журналдармен,
монографиялармен, сөздіктермен, оқу әдебиеттерімен, интернет мәліметтерімен жұмыс жасау)
- сабақ тақырыбы бойынша конспект, презентация, көрнекті құралдар (буклеттер, интеллект карта) құрастыру
тест тапсырмаларын шешу
берілген тақырып бойынша өз бетінше 4-5 тест құрастыру
4) Орындалу түрі:
- «кейс-стади»
- постерлік доклад
- тақырып бойынша эссе Кластерлер
- тақырып бойынша глоссарий
презентация
интеллект карта
Достарыңызбен бөлісу: |