«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет190/230
Дата31.05.2024
өлшемі3.7 Mb.
#502171
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   230
pr vn bol sd kz

Есептер:
1. Зәр анализінен келесі мәліметтер алынды: түсі ет жуындысы тәрізді, белок 2.4 г/л, салыстырмалы тығыздығы 1024, лейкоциттер 10-20 к.а; эритроциттер жаңасы 3-5, сілтіленгені 8-10 к.а; цилиндрлер гиалинді және дәнді 5к.а дейін.
А. Дәрігер қандай ауру туралы ойлауы керек?
Б. Мұндай науқастарда қандай сырқы және АҚ өзгерістер болуы мүмкін?
В. Берілген осы бір анализбен диагноз қоюға болады ма?
Г. Науқасты ары қарай тексеру жоспарын көрсетіңіз.
2. Науқас 62 жаста, қатты бас ауыруына, көруінің төмендеуіне, жүрек айнуына және құсуға, ішінің ауыруына, шулы тыныстың пайда болуына, күндіз ұйқышылдыққа және түнде ұйқысыздыққа, тері қышуына, аузынан жағымсыз иістің шығуына шағымданады. Бұрындары артериалдық қысымының жоғарылауы болған.
Объективті: тері жамылғысы жер түстес, құрғақ, тургоры төмендеген,қасыған іздер және ұсақ петехиялар бар. Куссмауль тынысы. Есі анық – сұрақтарға адекватты жауап береді, бірақ тыныштық жағдайда ұйқыға кетеді. Өкпеде –қатқыл тыныс. Пульсі және ЖЖЖ 92 рет мин. Ырғағы сақталған, барлық тыңдау нүктесінде 1 тонның сақталуымен систолалық шу естіледі. АҚ 210/110 с.б.б.. Бауыры 5 см қлғайған.
А. Қандай ауру туралы ойлауға болады?
Б. Тексеру жоспарын құрастырыңыз.
Тақырып: №17. Гипертониялық криз, жіті сол қарыншалық жеткіліксіздік, ангинозды ұстама кезінде диагностика және жедел көмек көрсету алгоритмі .
2) Мақсаты: Гипертониялық криз, жіті сол қарыншалық жеткіліксіздік, ангинозды ұстама кезінде диагностика және жедел көмек көрсету алгоритмін оқыту.
3) Тапсырма:
- СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиет таңдау (каталогтармен, журналдармен,
монографиялармен, сөздіктермен, оқу әдебиеттерімен, интернет мәліметтерімен жұмыс жасау)
- сабақ тақырыбы бойынша конспект, презентация, көрнекті құралдар (буклеттер, интеллект карта) құрастыру

  • тест тапсырмаларын шешу

  • берілген тақырып бойынша өз бетінше 4-5 тест құрастыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   230




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет