6) Өткізу мерзімі: 10-ші апта.
7) Әдебиет:
8) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер).
Сұрақтар:
Қандай тісшелер қарыншалық комплексті құрайды?
Қандай тісше миокард некрозыныі барын көрсетеді?
Неше кеуде тіркемесі бар?
Тесттер:
1. Стандартты тіркемелер потенциалдар айырмасын тіркейтін жазықтық:
сагитальды
фронтальды
горизонтальды
айтылған үш жазықтықта жазықтықта
сагитальды және горизонтальды жазықтықта
2. Кеуде \Вильсон ұсынған\ тіркемелер потенциалдар айырмасын тіркейтін жазықтық:
сагитальды
фронтальды
горизонтальды
айтылған үш жазықтықтада
сагитальды және горизонтальды жазықтықта
3.Жүрек деполяризациясына сәйкес ЭКГ белгісі:
P тісшесінің өрлеу бөлігі
P тісшесінің құлдырау бөлігі
P тісшесі
QRS комплексі
T тісшесі
4. P тісшесінің қалыпты ұзақтылығы:
0,1 секундтан аспайды
0,01 – 0,03 сек
0,03 – 0,05 сек
0,1 секундтан артық
әрдайым 0,1 секундтан кем
5. Синустық ырғақтың басты белгісі:
барлық стандартты тіркемелерде оң мәнді P тісшесі болуы
екінші тіркемеде әдайым QRS комплексі алдында оң мәнді P тісшесі болуы
V 1 тіркемесінде екі фазалы P тісшесі болуы
P тісшесінің екі өркештілігі
P тісшесінің терiс болуы
6. PQ аралығы ұзақтығы:
жүрекшелердің қозу ұзақтығы
тәж қан айналымына сәйкес
А – V өткізгіштігі ұзақтығы
электірлік систола ұзақтығы
карыншалардың қозу ұзақтығы
7. Қалыпты PQ ұзақтылығы:
0,16 – 0, 2 сек
0,1 – 0, 18 сек
0,1 сек
0, 12 – 0,22сек
0, 2 – 0,25 сек
8. Қалыпты Q тісшесінің тереңдігі:
R тісшесінің 1/3 - нен аспайды
R тісшесінің 25% - нен аспайды
маңызы жоқ
3 мм – ден аспайды
10 мм
9. Қалыпты R тісшесінің ең жоғарғы амплитудасы:
25 мм
30 мм
5-20 мм
5-15 мм
15 мм
10. Қалыпты QRS комплекісінің ұзақтығы:
0,06 – 0,10 сек
0,1 – 0,15 сек
0,06 секундқа дейін
0,15 сек
0,05 секундқа дейін
Достарыңызбен бөлісу: |