«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет214/230
Дата31.05.2024
өлшемі3.7 Mb.
#502171
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   230
pr vn bol sd kz

Есептер:
1. Бөлімшеге науқас Г., 70 жаста келіп түсті. Тыныштық жағдайда ентігуге шағымданады. Науқас төсекте қолын тіреп отыр. Біршама диффузды цианоз байқалады. Тынысы шулы, стридорозды, алыстан естіледі. Тыныс алу да шығару да қиындаған.
1. dyspnoe дәлірек себебі қандай?
2. Стридорозды тыныс туралы түсінік.
3. Орталық цианоз не туралы айтады?
4. Тыныс алудың және шығарудың қиындауымен ентігу қалай аталады?
5. Кеуде клеткасын палпациялау арқылы нені анықтауға болады?
2. 2 қабырғааралықта оң жақта бірден әлсіреген 2 тон, Боткин нүктесіне қарай интенсивтілігі төмендейтін диастолалық шу естіледі. Жүрек ұшында әлсіреген 1 тон, тұрақсыз пресистолалық шу естіледі.
1. Айтылған аускультативті кқріністің себебі қандай?
2. Көрсетілген пресистолалық шу қалай аталады?
3. Осы жағдайда бөдене бытпылын естуге болады?
4. 1 тон ыдырауы пайда болуы мүмкін бе?
5. Көрсетілген шу қолтықастында естілуі мүмкін бе?


Аралық бақылау: (сұрақтар, тесттер).
Сұрақтар:

    1. Небулайзер терапиясына негізгі көрсеткіштер?

    2. Өкпе абсцессімен ауратын науқастың мәжбүрлі жағдайын айтыңыз.

    3. ЭКГ-дағы қай тызше миокард некрозын көрсетеді?

    4. Нитриттардың түрлерін айтыңыз.

Тесттер:
1.Тыныс алуға байланысты кеуденің шаншып ауруы:

  1. крупозды пневмония, құрғақ плевритте

  2. өкпе эмфиземасында, пневмосклерозда

  3. интерстициальды пневмонияда

  4. жедел бронхитте

  5. өкпенің орталық рагінде

2. Ұстамалы жөтел, жабысқақ қиын бөлінетін қақырық тән патология:

  1. тыныс демікпесі

  2. өкпе рагі, туберкулезі

  3. өкпе абсцессіне брохоэктазы

  4. пневмосклероз, өкпе эмфиземасы

  5. ошақты не крупозды пневмонияда

3. Тәулігіне мол, 200 – 300 мл – ге дейін іріңді қақырық бөлу:

  1. іріңді обструктивті бронхитте

  2. өкпе эмфиземасы, пневмосклерозда

  3. тыныс демікпесінде

  4. ошақты не крупозды пневмонияда

  5. бронхоэктаздық ауруда

4. Қақырық бөлу ... патологиясына тән емес.

  1. ошақты не крупозды пневмония

  2. тыныс демікпесі

  3. іріңді обструктивті бронхитте

  4. өкпе гангрена

  5. өкпе эмфиземасы, пневмосклероз

5. Тот түстес қақырық бөлу:

  1. крупозды пневмонияда

  2. өкпе рагінде

  3. бронхоэктазиялық ауруда

  4. созылмалы бронхитте

  5. өкпе гангренасында

6. Кеуде \Вильсон ұсынған\ тіркемелер потенциалдар айырмасын тіркейтін жазықтық:

  1. | фронтальды

  2. | горизонтальды

  3. | айтылған үш жазықтықтада

  4. сагитальды

  5. сагитальды және горизонтальды жазықтықта

7.Жүрек деполяризациясына сәйкес ЭКГ белгісі:

  1. P тісшесінің өрлеу бөлігі

  2. P тісшесінің құлдырау бөлігі

  3. QRS комплексі

  4. T тісшесі

  5. P тісшесі

8. P тісшесінің қалыпты ұзақтылығы:

  1. 0,01 – 0,03 сек

  2. 0,03 – 0,05 сек

  3. 0,1 секундтан артық

  4. әрдайым 0,1 секундтан кем

  5. 0,1 секундтан аспайды

9. Синустық ырғақтың басты белгісі:

  1. екінші тіркемеде әдайым QRS комплексі алдында оң мәнді P тісшесі болуы

  2. барлық стандартты тіркемелерде оң мәнді P тісшесі болуы

  3. V 1 тіркемесінде екі фазалы P тісшесі болуы

  4. P тісшесінің екі өркештілігі

  5. P тісшесінің терiс болуы

10. PQ аралығы ұзақтығы:

  1. жүрекшелердің қозу ұзақтығы

  2. тәж қан айналымына сәйкес

  3. электірлік систола ұзақтығы

  4. А – V өткізгіштігі ұзақтығы

  5. карыншалардың қозу ұзақтығы

11. Қалыпты PQ ұзақтылығы:

  1. 0,16 – 0, 2 сек

  2. 0,1 – 0, 18 сек

  3. 0,1 сек

  4. 0, 12 – 0,22сек

  5. 0, 2 – 0,25 сек

12. Қалыпты Q тісшесінің тереңдігі:

  1. R тісшесінің 1/3 - нен аспайды

  2. маңызы жоқ

  3. 3 мм – ден аспайды

  4. R тісшесінің 25% - нен аспайды

  5. 10 мм

13. Қалыпты R тісшесінің ең жоғарғы амплитудасы:

  1. 25 мм

  2. 30 мм

  3. 5-15 мм

  4. 5-20 мм

  5. 15 мм

14. Қалыпты QRS комплекісінің ұзақтығы:

  1. 0,06 – 0,10 сек

  2. 0,1 – 0,15 сек

  3. 0,06 секундқа дейін

  4. 0,15 сек

  5. 0,05 секундқа дейін

15. «Кеуде құрбақасы» - (грудная жаба) – angina pectoris – деп аталатын науқастың аталуы :

  1. тұншығу ұстамасы

  2. стенокардия ұстамасы

  3. жүрек соғу ұстамасы

  4. жөтел ұстамасы

  5. іштің ұстама ауруы

16. Нитроглицеринмен басылатын ауырсыну:|

  1. эндокардитте

  2. кардионеврозда

  3. перикардитте

  4. стенокардия ұстамасында

  5. миокардитте

17. Стенокардияға ... тән емес.

  1. зілдей басып ауру

  2. күйдіріп ауру

  3. шаншып ауру

  4. сығып ауру

  5. пышак суккандай ауырсыну

18. Жүрек демікпесі дегеніміз:

  1. ларингоспазмға /түйіліуіне/ байланысты инспираторлы тұншығу ұстамасы

  2. сол қарыншалық жүрек жетіспеушілігі бар адамдағы аралас сипаты тұншығу ұстамасы

  3. туа біткен жүрек ақауы бар науқастағы жөтел ұстамасы және қан қақыру

  4. бронхообструктивті синдромы бар аурудағы экспираторлы тұншығу ұстамасы

  5. физикалық жүктеме кезіндегі аралас сипатты ентігу

19. Төсекке басын жоғарырақ салуға не аяқтан төмен түсіріп отыруға мәжбүрлік қалып ... кездеседі.

  1. коллапста

  2. ревматоидты артрит

  3. кеуденің сол бүйірі ауырғанда

  4. сол қарыншалық жүрек жетіспеушілігінде

  5. жөтел ұстамасында

20. Сол қарыншалық жүрек жетіспеушілігіндегі науқастың мәжбүрлі қалпы:

  1. төсекте басын жоғарырақ салып, аяқтарын төмен түсіріп отыру

  2. алдындағы отырғыш арқасына екі қолмен сүйеніп отыру

  3. аяқтарын көтерінкіреп жату

  4. жатқан «таз ит» қалпы

  5. тізе – шынтаққа тірей жату



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   230




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет