«Бекітемін» Қр бғМ вице-министрі Иманғалиев Е. Н



жүктеу 74.75 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі74.75 Kb.
«Бекітемін»

ҚР БҒМ вице-министрі ____________ Иманғалиев Е.Н.

«___»___________2016 ж.


Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау бойынша

геометрия пәнінен тест спецификациясы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, Жалпы білім беру ұйымдарына білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына және Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары негізінде құрастырылған құжат.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес 2013 жылы Ұлттық тестілеу орталығында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған тест тапсырмаларының базасы қалыптастырылды.

Функционалдық сауаттылық бойынша әзірленген тест тапсырмаларының түрлері:

1) математикалық сауаттылық – адамның қоршаған әлемінде математиканың рөлін түсіну және анықтай алу, жақсы негізделген математикалық пайымдарды айта алу, жасампаз, қызығушы және ойлаушы азаматқа тән қазіргі кездегі және болашақтағы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттілігі;

2) жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (биология, химия, физика, география) – қоршаған ортаны, ондағы адамның қатысуымен туындайтын түрлі өзгерістерді түсініп, ғылыми әдіс-тәсілдер арқылы зерттеп, түрлі бақылаулар мен тәжірбиелер негізінде шешімін тапқан мәселелерді өмірлік жағдайларда жаратылыстану-ғылыми білімдері негізінде қолдана білу қабілеттілігі;

3) оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі) – мәтін мазмұнын көздеген мақсатына жету үшін қолдана білу, қоғамдық өмірге белсенді араласуы үшін білімі мен мүмкіндіктерін дамыту мақсатында жазбаша мәтіндерді түсіну, ұғыну қабілеттілігі.

Тест базасын қалыптастыру Ережесіне сәйкес барлық тест тапсырмалары екі сараптамадан және апробациядан өткізілді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған тест тапсырмаларының мазмұны халықаралық салыстырмалы (PISA, PIRLS т.б.) зерттеулерде қолданылатын тапсырмаларға ұқсас келеді.



1. Мақсаты: 9 сынып оқушыларының геометрия пәні бойынша дайындық деңгейі мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасқандығын бағалау.

2. Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 21, екінші деңгейде – 12, үшінші деңгейде – 7 тапсырма.

Геометрия пәні бойынша тест тапсырмалары Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған оқу бағдарламасына сай құрастырылған.





Бөлім



Тақырып



Тақырыпша

08

Планимет-рия

01

Нүкте. Түзу.Бұрыш. Үшбұрыштар: үшбұрыштардың түрлері, қабырғалар мен бұрыштардың арасындағы қатыстар, сыртқы бұрыш, теңдік және ұқсастық, тамаша нүктелер

01

Нүкте. Түзу. Бұрыш. Үшбұрыш. Биіктік, медиана, биссектриса, үшбұрыштың тамаша нүктелері

02

Теңқабырғалы үшбұрыш

03

Теңбүйірлі үшбұрыш

04

Тікбұрышы үшбұрыш

05

Үшбұрыштардың ұқсастығы, үшбұрыштардың теңдігі, үшбұрыштың элементтерін табу

06

Үшбұрыштарға берілген аралас есептер

02

Төртбұрыштар: параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб, квадрат, трапеция

01

Параллелограмм, оның қасиеттері

02

Тіктөртбұрыш, оның қасиеттері

03

Ромб, оның қасиеттері

04

Квадрат, оның қасиеттері

05

Трапеция және оның қасиеттері

06

Төртбұрыштарға берілген аралас есептер

03

Шеңбер: центр, хорда, диаметр және радиус. Іштей сызылған бұрыш. Центрлік бұрыш. Шеңбердің ұзындығы және доғаның ұзындығы

01

Шеңбердің элементтерін табуға берілген есептер

02

Шеңберге іштей сызылған бұрыштарға берілген есептер. Центрлік бұрыш

03

Шеңбер ұзындығы, доғаның және хорданың ұзындығы

04

Формулаларды қолдануға берілген аралас есептер

04

Аудандарды есептеу: үшбұрыштың, тіктөртбұрыштың , параллелограмның, ромбтың, квадраттың, трапецияның. Дөңгелектің, сектордың және сегменттің аудандары

01

Тікбұрышы үшбұрыштың ауданы

02

Теңқабырғалы үшбұрыштың ауданы

03

Кез келген үшбұрыштың ауданы

04

Төртбұрыштардың аудандары

05

Формулаларды қолдануға берілген аралас есептер

06

Дөңгелектің және оның бөліктерінің аудандары.

07

Дөңгелектің ауданына және жазық фигуралардың аудандарына берілген аралас есептер

05

Дөңес көпбұрыштар. Дұрыс көпбұрыштар

01

Дөңес көпбұрыштар. Дұрыс көпбұрыштар

02

Шеңберге іштей және сырттай сызылған көпбұрыштар

03

Аралас есептер

06

Теоремаларды қолдану: Пифагор, косинустар, синустар теоремалары

01

Пифагор теоремасымен шығарылатын есептер

02

Синустар теоремасымен шығарылатын есептер

03

Косинустар теоремасымен шығарылатын есептер

04

Аралас есептер

07

Векторларға амалдар қолдану

01

Векторларды қосу және азайту, вектордың ұзындығы, вектордың координаттары

02

Векторды санға көбейту, векторлардың коллинеарлығы

08

Векторлардың скаляр көбейтіндісі

01

Векторлар арсындағы бұрыш және оның косинусын есептеу

02

Векторлардың скаляр көбейтіндісі

03

Аралас есептер

09

Планиметрия есептерінде векторларды және координаттар әдісін қолдану

01

Векторларды планиметрия есептерінде қолдану.Кесідінің ұзындығы, кесіндіні берілген қатынаста бөлу. Кесідінің ортасы. Түзудің теңдеуі. Шеңбердің теңдеуі

3. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Оқу бағдарламасы бойынша оқушылар геометрия курсынан меңгеруі тиіс:

- бұрыш, бұрыштың градустық өлшемі және оның қасиеттері, геометрияның аксиомалары, бұрыштың биссектрисасы, теорема, сыбайлас және вертикаль бұрыштар және олардың қасиеттері, бұрыштарды табу үшін теңдеулерді құра білу, сыбайлас, вертикаль бұрыштардың, параллель түзулерді қиюшымен қиғандағы бұрыштардың қасиеттерін пайдалану;

- тең бүйірлі, тік бұрышты, тең қабырғалы үшбұрыштардың қасиеттерін, үшбұрыштың орта сызығы туралы теореманы, теңдіктер белгісі туралы теорема және ұқсас үшбұрыштардың қасиеттерін пайдалану. Пифагор теоремасын қолдана білу, косинус және синус теоремаларын пайдаланып, үшбұрыштардың элементтерін табу;

- төртбұрыштың, дөңес төртбұрыштың анықтамаларын, төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теореманы, параллелограмның анықтамасын және оның элементтерін, параллелограмның қасиеттері мен белгілерін, тіктөртбұрыштың, ромбтың және квадраттың анықтамаларын, белгілерін және қасиеттерін, Фалес теоремасын, пропорционал кесінділер туралы теореманы, трапецияның, теңбүйірлі және тікбұрышты трапециялардың анықтамалары;

- дұрыс көпбұрыштың төбесіндегі бұрыштарды табу, дөңес n-бұрыштың бұрыштарының қосындысын және дұрыс n-бұрыштың бұрыштарын, бұрыштарының қосындысы бойынша дұрыс көпбұрыштың қабырғаларының санын табу, n-бұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысын, қабырғаларының санын, дұрыс n-бұрыштың төбелерінің санын таба білу;

- шеңбердің ұзындығы, дөңгелектің ауданы, шеңбер доғасы, сектордың ауданы және сегментін табу формулаларын пайдалана білу. Шеңберге орталық және іштей сызылған бұрыштар туралы теоремаларды пайдалану;

- екі нүктенің ара қашықтығы, кесіндінің ортасының координатасы, түзудің теңдеуін және шеңбердің теңдеуін құру;

- вектордың ұзындығын, вектордың координаттарын, вектордың скаляр көбейтіндісін, векторлардың қосындысын және айырмасын, вектордың коллинеарлығының қасиетін және екі вектордың перпендикулярлығын табу.

4. Тапсырмалар формасы:

Тест бір дұрыс жауапты (берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау) 25 тапсырмадан және бір немесе бірнеше дұрыс жауапты 15 тапсырмадан тұрады. Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. Тест тапсырмасын толығымен орындау – 90 минут.

5. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған бір дұрыс жауапты тест тапсырмасы үшін оқушы 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл алады.

Дұрыс орындалған бір немесе бірнеше дұрыс жауапты тест тапсырмасы үшін оқушы 2 балл, бір қате үшін – 1 балл, екі және одан да көп қате үшін– 0 балл алады. Толық тест бойынша максималды балл – 55.

6. Тест тапсырмаларын апробациядан өткізу:

Тест тапсырмалары ҚР мектептерінің 9 сыныптарында апробациядан өтеді.




Ұлттық тестілеу орталығының директоры

Қ. Әбдиев


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет