Бекітемін: Тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ел тірегі» Мақсаты



Дата08.02.2024
өлшемі21.14 Kb.
#491421
жабылуы


Бекітемін:
Тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ел тірегі»
Мақсаты: 
• Мектеп көлемінде ұйымдастырылған апталықтың негізгі мақсаты – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру. Мүмкіндігінше мектептің барлық оқушыларын белсенді қатыстыру; 
• Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру;
• Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету; 
Математикаға, физика және информатикаға деген қызығушылығын арттыру; 

1-жүргізуші: Қайырлы күн аяулы ұстаздар мен құрметті оқушылар ! Бүгінгі «ИФМ» апталығының жабылу салтанатына қош келдіңіздер.
2- жүргізуші:
Информатика, математика, физика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Апталықты бірге қорытындылауға,
Шақырамыз сіздерді.
Келесі сөз кезегі __________________________________________________________________
1-жүргізуші:
Біз жастары жаңа ғасыр дәуірдің,
Білім берген ұстаз деген қауымның.
Бойға жинап қайрат, жігер, намысты,
Бағындырып ИФМ әлемін, ғарышты.
Біз тәуелсіз мемлекет ұланымыз,
Бар екпінмен самға алға, тек қана алға.
Жаңа, жаңа асуларға.
Білім алып Әуезов орта мектебінде
Бар білімді болашаққа арнаймыз.
Желбіретіп татулық пен достықты
Жеңіс туын биік ұстап самғаймыз.
2- жүргізуші:
Ойын ойнап, ән салмай
Өсер бала болар ма?
Ойын –сауық жасамай
Жастар жолы болар ма?
Құпиялы сандықтың
Кілтін аша алар ма?
Білім мұхит кемесін
Мінер ұрпақ болар ма?
Осылай ой толғайтын
Болашақты болжайтын.
Сөз бастамай алдымен
Сәлем беріп алайын!
Барша адамдар жиылған,
Сіздерге әнім ұнай ма?
Компьютер заманы
Әлде қатты қинай ма?
Білгің келсе ол жайлы
Дұрыс қара жарысты
Құстай ұшқан жаңа ойды
Қоржынға сал бұл істі!

1-жүргізуші:
«Білімді ұрпақ - ел тірегі» атты ИФМ-нің онкүндігінде оқушылардың алған білімдерін бүгін жинақтайтын кез келген сияқты.

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,


Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңен кетпейді-деп Төле би атамыз айтқандай жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығатын оқушыларды осы залдан ойынға қатысуға шақырамыз.

1-жүргізуші:
Білгенге білім байлық бағасы артық,
Салмағы сан жетпейді қорғасыннан.
Үйренсең өнер білім өшпес мұра
Таусылмас тау кенінің қордасындай.

Ортада информатика, физика және математика пәндері бойынша тапсырмалар бар. Кімде кім әрі жылдам, әрі дұрыс орындайтын болса, сол оқушылар жеңімпаз атанып марапатталады.


2-жүргізуші:_Информатика_пәнінен_сұрақтар_қойылады._Дұрыс_жауапты_әріптерді_құрастыру_арқылы_табады._1-жүргізуші'>2-жүргізуші:
Информатика пәнінен сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапты әріптерді құрастыру арқылы табады.
1-жүргізуші:
Физика пәнінен үстелдегі қажетті заттар арқылы эксперименттік тапсырмалар орындау керек.
2-жүргізуші:
Математика пәнінен берілген сандардың квадраттарын табу керек.
1-жүргізуші:
Дайын болсақ бастайық. Оқушыларымызды қолдап, қошеметтеп отырайық!

Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,


Компьютер бар сенің қасиетің,
Бір емес бірнеше іс атқарсаң
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарсаң-дей келе
Информатика пәнінен: /сұрақ-жауап/

  1. Интернет қай елде дүниеге келді?

  2. Info сөзінің қазақша атауы.

  3. Информатика термині қай тілден алынған?


2-жүргізуші:
Физика – тілдесер табиғаттың тілі екен ғой, 
Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой,
Салғаннан айтылған сөз ішілген ас, 
Бәрінің бағынары физика ғой.
Сондықтан табиғаттың сырын терең,
Деушіге оқып, зерттеп, көрем, білем.
Демесең болсын егер еңбегің еш,
Негізі бар ғылымның физика,
Жалықпай оқып үйрен тек қана,
Білімнің есігін ашты көзін тауып,
Ньютон, Эйнштейн, Архимедтер.
Физика пәнінен: /эксперименттік тапсырма/

  1. Берілген стақан, қатты қағаз және тиынды пайдалана отырып тәжірибе жасау. Стақан ішіне тиынды түсіру керек.

  2. Шарға стақанды жабыстыру керек. / шар және стақан/

  3. Тиынды ақшаның үстіне қойып, оның центрін табу керек?

1-жүргізуші:
Ғылымдардың патшасы атанған, 
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған, 
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа! 
Жасықтан емессің сен қаталдансың 
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін 
Нағыз пән математика атанғансың 
Жас достар, 
Мұны жақсы ұғайық 
Математика ғылымы 
Құрметтеуге лайық 
Дүниедегі құбылыстың мәніне 
Табиғаттың, қозғалстың бәрінде 
Мүмкін емес есептерсіз түсіну 
Есебіңіз дүние кілті әлі де. 
Математика пәнінен сандардың квадратын табу керек.
162 = 142 = 92 = 212 =
112 = 232 = 72 = 122 =
1 жүргізуші:
Ән...........................................................
Мықты болсаң- алдағыны басып оз.
Мықты болсаң- арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң- шоқалаққа сүрінбе,
Мықты болсаң- тайғанама көк мұзда
Мықты болсаң- бөгеттерді бұзып өт!
Мықты болсаң- заманыңды көктеп өт!

2жүргізуші: Осылайша біздің ИФМ-нің он күндігінде белсене қатысқан оқушылар марапатталады.

Алдыңызда жайнаған жүздер әні


Сіздермен кездесеміз біздер әлі.
Құрметті көрермен сау тұрындар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі.
1 жүргізуші:
Көңіл бөліп бұл кешке ,
Келгендерге мың алғыс,
Шын сезінген көрермен,
Кездесеміз әлі біз –дей келе ИФМ он күндігінің жабылу кеші өз мәресіне жетті, келгендеріңізге көп рахмет! Қош сау болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет