Бекітемін Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы



Дата25.02.2016
өлшемі228.7 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Бекітемін

Тарих және шетелдік студенттермен

жұмыс факультетінің деканы

____________________Б.С.Жұмағұлов

«_____» _____________2015 ж.


«6D020300 – ТАРИХ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы,


2015 ж.
Қабылдау емтиханының бағдарламасы:


  • Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы № 261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қатысты «Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі;

  • ҚР БжҒМ 2013 ж. 10 сәуіріндегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 158 бұйрығымен бекітілген «6D020300 – Тарих» мамандығының үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды.


Құрастырушылар: т.ғ.д., доцент Сексенбаева Г.А.

т.ғ.к., доцент Тілеубаев Ш.Б.


«Әлеуметтік тарих» кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды: № 9 хаттама, «28 » сәуір 2015 ж.




Кафедра меңгерушісі:

___________

М.Қ. Қойгелдиев



ӘЛЕМ ТАРИХЫНЫҢ ІРГЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ЖАҢАША КӨЗҚАРАС

Пәннің мазмұны
Кіріспе

«Әлем тарихының іргелі мәселелеріне жаңаша көзқарас» пәніне кіріспе.Пәннің нысаны мен мақсаттары.



Тарихты кезеңдеу проблемасы.

«Тарихты кезеңдеу» түсінігі. Оның кезеңдеуге қойылатын талаптар. Кезеңдеу теориялары. Тарихты кезеңдеудің қазіргі заманғы ұстанымдары.


Әлем тарихының ежелгі кезеңінің негізгі әлеуметтік-саяси мәселелеріне жаңа көзқарастар.

Ерте саналы адамдар (Homo sapiens) өкілдерінің даму ерекшеліктері. Қоғамның пайда болуы. Мемлекеттің қалыптасуы.


Ортағасырлар тарихының іргелі проблемаларына жаңаша көзқарастар.

Еуропа мен Азиядағы феодалдық қатынастардың генезисі мәселесі. Ортағасырлар кезеңінде этностардың қалыптасуы және дамуы. Феодалдық қатынастардың дағдарысы мәселелері.Шығыс пен Батыстың өзара мәдени және рухани ықпалдастығы. Орта ғасырлар кезеңіндегі табиғатпен қарым-қатынастың ерекшеліктері. Маргиналдық мәселелер.


Жаңа және қазіргі заманның саяси теориялары.

XVII ғ. табиғи құқықтар теориясының пайда болуы. Еуропалық Ағартудың саяси-құқықтық ілімдері. XVIII ғ. аяғы – XIX ғ. басындағы консервативтік саяси-құқықтық ілімдер. XIX ғ. либералдық және социалисттік теориялары. XX ғ. саяси теориялары.


Тарихты зерттеуге формациялық және өркениеттік тұрғыдан қараудың ара-қатынасы.

Тарихты зерттеуге формациялық және өркениеттік тұрғыдан қараудың мазмұндары. Тарихты зерттеуге формациялық және өркениеттік тұрғыдан қараудың өзгешіліктері.Тарихты зерттеуге формациялық тұрғыдан қарауды модернизациялау жолдары.


Жаңа және қазіргі замандағы шетелдердің конституциялық-құқықтық даму мәселелері.

Әлемдік конституциялық үрдістердің даму кезеңдері. Либералдық конституциялық үлгі. Этатистік конституциялық үлгі. Либералдық- этатистік конституциялық үлгі. XVIII – XX ғғ. АҚШ конституциялық-құқықтық дамуы. XVIII – XX ғғ. Францияның конституциялық-құқықтық дамуы. XVIII – XX ғғ. Германияның конституциялық-құқықтық дамуы. XVIII – XX ғғ. Жапонияның конституциялық-құқықтық дамуы. Еуропалық Одақтың конституциялық-құқықтық дамуы.


Батыс және Шығыс елдеріндегі қазіргі замаңғы саяси құрылымдардың қалыптасуы.

Ұлыбританиядағы, Италиядағы, Түркиядағы, Израильдегі, Қытай мен Үндістандағысаясиқұрылымдардың қалыптасуы.


Қоғамдық дамудың бейсинхрондылығы және тарихи синтездің жаңа деңгейі.

Тарихи ақиқаттың әртүрлі салаларындағы үрдістердің өтуінің әр уақыттылығы. Оқиғалардың бір тізбегі шеңберіндегі даму қарқынындағы өзгешіліктер. Жекелеген формациялардың және халықтардың, жекелеген елдердің дамуының әркелкілігі.


Гендерлік зерттеулердің негіздері.

С.де Бовуардың «екінші жыныс» тарихы. Әйелдер тарихын зерттеу және тарихи феминология. Гендерлік тарих және өткен тарихтың суреттемесін қайта қарастыру.



Модернизация теориялары.

Дәстүрлі қоғамнан индустриалдық қоғамға өту мәселесі.


Постиндустриалдық қоғам теориялары.

Д.Беллдың постиндустриалдық қоғам концепциясы. Э. Тоффлердің «үшінші толқын» теориясы.


Прогрестің эволюциялық және революциялық модельдері.

Қоғамдық прогрестің қазіргі заманғы теориялары. Әлеуметтік өзгерістердің мәні мен оларды талдауға эволюциялық және революциялық үстанымдар.


Капитализм дәуірінің (индустриалдық және постиндустриалдық қоғамдардың) экономикалық мазмұны.

Аралас экономика: пайда болу жағдайлары, құрылымдық элементтерінің сипаттамасы.Отарлау және отарлық бұғаудан босану. Тарих дамуының қазіргі заманғы тұжырымдары.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер

  1. Васильев Л.С. Всеобщая история в 6 томах. Т.1-3. – М., 2004,2006,2009.

  2. Введение в гендерные исследования: в 2т. Т.1-2. – Харьков, СПб., 2001.

  3. История и Математика: Проблемы периодизации исторических

макропроцессов. – М., 2006.

  1. Побережников И.В. Переход от традиционного к индустриальному обществу: теоретико- методологические проблемы модернизации. – М., 2006.

  2. Семенов Ю.И. Философия истории. -– М., 2006.

  3. Философия истории / Под ред. А.С. Панарина. – М., 2001.

Қосымша әдебиеттер

  1. Гринин Л.Е. Производительные силы и исторический процесс. -.М., 2006.

  2. Дьяконов И.М. Пути истории. От древнейшего человека до наших дней. – М.,

1994.

  1. История государства и права зарубежных стран. Современная эпоха. - М., 2008. Т. 2.

  2. Мачин И.Ф. История политических и правовых учений. - М., 2009.

  3. Политические системы и политические кульуры Востока / Под ред. А.Д.

Воскресенского. 2-е изд. – М., 2007.

  1. Социальная философия. / Под ред. И.А. Гобозова. - М., 2003.

  2. Формация или цивилизация? Сборник статей и материалов. – М., 1993.


Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар


    1. Тарихты дәуірлеу проблемасы

    2. Әлем тарихының ежелгі кезеңінің негізгі әлеуметтік-саяси

мәселелеріне жаңаша көзқарас.

    1. «Homo sapiens» (саналы адамның) пайда болуына жаңа көзқарастар.

    2. Қоғамның қалыптасуына жаңа пікірлер

    3. Ортағасырлар тарихының іргелі проблемаларына жаңаша көзқарастар.

    4. Феодализмнің генезисіне жаңа көзқарас

    5. Тарихты зерттеуге формациялық көзқарас.

    6. Өркениет теориялары.

    7. Тарихты зерттеуге формациялық және өркениеттік тұрғыдан қараудың

арақатынасы.

    1. Гендерлік зерттеулердің негіздері.

    2. Модернизация теориялары.

    3. Постиндустриалдық қоғам теориялары.

    4. Прогрестің эволюциялық және революциялық модельдері.

    5. Жаңа және қазіргі заманның саяси теориялары.

    6. Табиғи құқық теориясы.

    7. Азаматтық қоғам туралы теориялар.

    8. XVIII – XX ғғ. АҚШ конституциялық-құқықтық дамуы.

17. XVIII – XX ғғ. Францияның конституциялық-құқықтық дамуы.

18. XVIII – XX ғғ. Германияның конституциялық-құқықтық дамуы.

19. Ұлыбританияның конституциялық-құқықтық дамуы.

20. XVIII – XX ғғ. Жапонияның конституциялық-құқықтық дамуы.

21. Еуропалық Одақтың конституциялық-құқықтық дамуы.

22. Қытайдағы қазіргі заманғы саяси құрылымдардың қалыптасуы.

23. Үндістандағықазіргі заманғы саясиқұрылымдардың қалыптасуы.

24. Капитализм дәуірінің өзекті мәселелері.

25. Индустриалдық қоғамның экономикалық мазмұны.

26. Постиндустриалдық қоғамның экономикалық мазмұны.

27. Аралас экономика: пайда болу жағдайлары, құрылымдық элементтерінің

сипаттамасы.

28. Отарлау және отарлық бұғаудан босану.

29. Тарих дамуының қазіргі заманғы тұжырымдары.

30. Осман империясының білім жүйесі.

Отандық тарихтың іргелі мәселелеріне қазіргі кезеңдегі теориялық-әдістемелік көзқарас
Пәннің мазмұны

Кіріспе
Кіріспе. Қазақстан тарихы ғылым ретінде. Мақсаты мен міндеттері. Қазақ халқының тарихының әлем тарихындағы орны.

Қазақ халқының, мемлекеттілігінің ортақ түркі әлеміндегі, көшпелі өркениеттегі, Евразиялық кеңестігіндегі тарихи орны мен сабақтастығы.

Тарихи кеңістіктегі қазақ халқының саяси жүйесі, әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы мен тұрмыстық жағдайы. Қазақ этносының халық ретінде тарихи сахнаға шығуы, оның ұлт ретінде қалыптасуы мен тарихи кезеңдері.

Халықтардың тарихындағы басты түйінде мәселелер (этногенезі, мемлекеттілік сананың қалыптасуы, көршілес этностармен, мемлекеттермен қарым-қатынас жүйесі, отарлық езгіге қарсы қозғалыстар мен ұлт-азаттық көтерілістер)

Қазақ қоғамындағы әлеуметтік-таптық қатынастар жүйесі. Сұлтандардың, билердің, батырлардың, діни адамдардың және қарапайым халықтың арасындағы әлеуметтік қатынастың қазақ қоғамындағы маңыздылығы мен ерекшеліктері.

Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихи даму сатылары, әлем өркениеті қосқан үлесі, далалық көшпелі халықтардың отырықшы халықтармен қарым-қатынасы, көшпелі және отырықшы өркениет арасындағы өзара байланыс.

Қазақстан – Евразия даласындағы ежелгі адамдардың пайда болған бесігі (антропогенез, техногенез, социогенез)

Андронов мәдениеті – археологиялық ескерткіштері, кезеңделуі және негізгі белгілер.

Сақ-сармат дәуірі туралы жазба деректері мен археологиялық ескерткіштері. Археологиялық ескерткіштер мен деректердегі сақ тайпаларының мәдениеті мен дүниетанымы. Ежелгі Қазақстан тарихына қатысты жазба деректер (антикалық, қытайлық, ежелгі парсы деректері)

Ғұн, Үйсін, Қаңлы тайпалары мемлекетілігінің негізгі белгілері. Қазақстан территориясындағы қала мәдениеті. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңыздылығы.

Ежелгі түркі халықтардың жазба мәдениеті. Түркі халықтардың мәдениеті мен тарихына қатысты жазбаша деректері. Түркі халықтардың діни сенімдер мен діни нанымдары. Түркі халықтардың арасындағы ислам дінінің таралуы. Қожа Ахмет Яссауидің мұралары мен суфилік нанымның көшпелі халықтар арасында таралуы. Түркі әлеміндегі ғалымдар мен ұлы ойшылдар. Әбу-Нәсір әл-Фараби, М.Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи, Ж.Баласагүннің мұралары. Түркілердің этногенезі және түркілік мемлекеттіліктің даму кезеңдері. Батыс Түрік қағанатындағы этномәдени үрдістер мен халықаралық қатынастар жүйесі. V ғасырдағы Орталық Азиядағы геосаяси жағдай, Түргеш, Қарлұқ қағанаттары.

Қарахандар мемлекеті: этносаяси тарихы, мәдени ренессанс, экономикалық даму. Оғыз мемлекеті: этносаяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті. Қимақ мемлекеті: этносаяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті. X-X ғасырлардағы қыпшақтардың этносаяси тарихи.

Шыңғысхан империясын жүйесіндегі және оның мұрагерлерінің тағдырындағы қазақ даласының тарихына қатысты деректер, тарихнамасы және түйінді мәселелері.

Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үрдістердің негізгі кезеңдері. «Қазақ» этнонимі. Қазақ хандығының тарихына қатысты жазба деректері. М.Х.Дулати және оның еңбегі «Тарихи-Рашиди». Қазақ хандығының тарихи сахнаға келуі және оның дамуының негізгі кезеңдері. Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің дамуы сатылары: Ақ Орда, Моголстан, Көшпелі өзбек хандығы. XV-XV ғасырдағы Қазақстан мәдениеті (фольклор, жазбаша ескерткіштер, архитектура).

Қазақ-Жоңғар соғыстарының негізгі кезеңдері. Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық күресі.

Қазақ хандығының саяси-құқықтық жүйесі. Жеті жарғы. XV-XV ғасырлардағы қазақ қоғамы: әлеуметтік сатылары, басқарушы элиталық топтар.

Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей империясының протекторатын қабылдауы. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты. XV ғасырдың соңындағы Кіші жүздегі саяси ахуал. Сырым Датов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. Бөкей ордасындағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық көтерілісі. Кенесары хан және оның хандық билікті қалпына келтіру іс-әрекеттері. Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіру мәселесіне қатысты тарихнама.

Ш.Уәлиханов және оның шығармашылық мұрасы. А.Құнанбаевтың өмірі мен оның әдеби мұрасындағы XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамының көрінісі.

XX ғасырдағы Қазақстандағы дәстүрлі мұсылмандық және орыс білім беру жүйесі. Ы.Алтынсаринның педагогикалық қызметі. Қазақстанды зерттеудегі орыс ғалымдарының орны (В.В.Бартольд, В.В.Вельяминов-Зернов, А.И.Левшин және т.б.). XX ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі және өнеріндегі жаңа бағыттар мен ағымдар. «Зар заман» дәуіріндегі ақындар мен жыраулар. «Жадиттік» реформаторлық идея тарихы. «Сібір қырғыздары ережесі» (1822 ж.) және «Орынбор қырғыздары» туралы ережесі негізде орыс отарлық жүйесінің қалыптасуы. Патшалық биліктің XX ғасырдың ортасындағы Оңтүстік Қазақстандағы әскери-саяси жазалау іс-әрекеттері. XV және XX ғасырдың басындағы Қазақстан территориясын казак-орыс отарлауы. Қазақстандағы отарлық жүйені нығайтудағы патша реформалары (1867-1868, 1886 және 1891 жылдардағы әкімшілік-территориялық реформалары). Патша үкіметінің Қазақстандағы қоныс аударушылық саясатының мақсаттары мен кезеңдері.

Қазақстанға орыс және шетел капиталының енуі және XX ғасыр соңы мен XX ғ. басындағы өнеркәсіптік ошақтардың пайда болуы. XX ғ. басындағы Қазақстандағы әлеуметтік жағдайдың және халықтың этникалық құрамындағы өзгерістері. Бірінші орыс революциясы және оның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өміріне әсері. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. 1917 жылғы қос революциялар: ақпан айындағы буржуазиялық-демократиялық революция және қазан төңкерісі. 1917 жылғы Қазақстандағы саяси күштер мен қозғалыстар. Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауы. Социалистік революцияның мәні мен коммунистік идеология.

Мемлекеттегі полиэтникалық үрдістер: кезеңдері, іргелі түйіндері, деректері. Қазақстандағы кеңестік мемлекеттіліктің қалыптасуының кезеңдері. ҚазАКСР мен ҚазКСР құрылуы. Тұтас Түркістан идеясы. М.Шоқайдың қызметі. 1924 жылғы Түркістан АКСР-ның ұлттық-территориялық межеленуі. XX ғ. басындағы қазақ ұлттық саяси элитасы. «Алаш» қозғалысы. Бірінші және Екінші Бүкілқазақ сьездері. «Алаш» ұлттық автономияның құрылуы мен «Алаш-Орда» үкіметі. «Алаш Орда» мен Кеңес өкіметтерінің арасындағы қарым-қатынас. 1917 жылдағы Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси ахуал. Түркістан (Қоқан) автономиясының жариялануы. ХХ ғ. 20-30 ж.ж. Қазақстан: ұлттық мемлекеттілік құру жолындағы ұлт зиялыларының қызметі. «Алаш» қозғалысы және оның тағдыры.

XX ғ. басындағы экономикалық жағдай. 1920 жылдардағы Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат. ХХ ғ 20-30 ж.ж. Қазақстандағы реформалар: барысы мен нәтижелері. Сталиндік ұжымдастырудың алғы шарттары және барысы. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Октябрь» идеясы. Кеңес өкіметінің 1920-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйесінің нығайту шаралары. Қазақстандағы индустриализацияны іске асырудағы ерекшеліктері. 1920-50 ж.ж. саяси репрессиялар, оның салдары. Қазақ ауылдарын отырықшыландыру мен ұжымдастырудың нәтижелері. 1931-1933 ж.ж. Қазақстандағы ашаршылық: қазіргі тарихнамадағы жаңаша көзқарастар.

Сталиндік репрессияның кезеңдерін зерттеу: методология мен деректері. Сталинизмнің тарихы: қазіргі таңдағы тарихнамада зерттелу деңгейі мен нәтижелері. Сталиндік тоталитаризм: саяси үрдістер мен Қазақстандағы репрессиялар. 1930-1950 жылдардағы Қазақстан территориясына халықтар депортациясы: ортақ тарихы мен ГУЛАГ жүйенің қалыптасуы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ жауынгерлерінің ерлігі.

1940-1950 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі және әміршіл-әкімшіл жүйенің нығаюы. Е.Бекмаханов ісі. Қазақстандағы ғалымдардың репрессиялануы.

Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік-демографиялық және рухани-мәдени өміріне тигізген зардаптары. 1965-1966 жылдардағы социалистік экономиканы реформалау іс-әрекеттері: жетістіктері мен қарама-қайшылықтары.

1985-1991ж.ж. «Қайта құру» және Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір. 1986 ж. «Желтоқсан» оқиғасы: барысы, зардаптары, қорытындылары. 1990 жылдардағы жаңа саяси қозғалыстар мен партиялар. КСРО-ның ыдырауы мен ТМД құрылуы.

Тәуелсіз Қазақстан. Алматы декларациясы. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу кезеңдері. Нарықтық экономикаға өту және жаңа кезеңнің әлеуметтік-экономикалық мәселелері ( ХХ ғ. 90-ншы ж.ж – 2014ж.) Мемлекет астанасының Алматыдан Астанаға көшуі. Ақмола – Астана қаласының тарихы. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі дамуының басымдылық бағыттары. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы. Ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтауды көздеген саяси курс.

Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырыстары. «Халық тарих толқынында» атты арнайы зерттеулер бағдарламасы: мақсаты, негізгі мәселелері.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер


  1. Абылхожин Ж.Б Очерки соціально-экономической истории Казахстана ХХ

века. Алматы, 1997

  1. Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом

пути. Алматы: Ғылым. 1998.

  1. Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40-е годи ХІХ века. А, 1992

  2. Депортированные в Казахстан народы. А, 1998

  3. История Казахстана с древнищих времен до наших дней: в 5т. 1996 – 2011.

  4. Назарбаев Н.А. В потоке истории. А., 1999.

  5. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы (ежелгі және ортағасырлық кезең). А, 2007.

  6. Козыбаев М.К. Казахстан на рубеже векав: Размышления и поиски. Кн. 1,2.

А, 2000.

  1. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. А, 2008.

  2. Омарбеков Т.О. ХХ ғ. Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. А, 2001.

Қосымша әдебиеттер

  1. Қойгелдиев М.Қ. Сталинизм и репрессии в Казахстане. 1920-1940-х годов А., 2009. -448 с.

  2. Акишев К.А. Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. – Алма – Ата, 1963

  3. Асфендияров С., Кунте П. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Т.1. –Алма – Ата, 1935; Алматы, 1998.

  4. Байпаков К.М. История древнего Казахстана. – Алматы, 1996.

  5. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Қадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. –Алма-Ата,1966.

  6. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – М., 1967.

  7. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячилетий. – Алматы, 1992.

  8. Тынышбаев М. Материалы по истории киргиз- казахского народа. – Ташкент, 1925; Алматы, 1992.

  9. Бөкейхан А.Н. Шығармалары.- Алматы, 1994

  10. Бекмаханов Е.Б. Казахстан в 20-40 –ые годы XIX века. – Алматы, 1992.

  11. Галузо П.Г. Туркестан – колония. Очерк истории туркестана от

завоевания царизмом до революции 1917 г. М., 1929.

  1. Галузо П.Г. Аграрные отношения на Юге Казахстана в 1867-1917 гг. –

Алма-Ата, 1965.

  1. Омарбеков Т.О. Зобалаң.-Алматы, 1994.

  2. Қозыбаев М.К. Тарих зердесі. 1,2 ТТ.-Алматы, 1998.

  3. Қозыбаев М.К. Казахстан на рубеже века: размышления и посики. Кн. 1,2 – Алматы., 2000.

  4. Шоқай М. Шығармалары 2 томдық . – Алма Ата, 1997-1998.

  5. Алаш қозғалысы. Движение Алаш. Құжаттар мен материалдар

жинақтары. Төрт томдық. – Алматы: Алаш мұрасы, 2005-2008, 2-5 т.

(Қазақ және орыс тілдерінде.)



  1. Барг М.А. Категория и методы исторической науки. М., 1984.

  2. Бессмертный Ю.Л. Некотрые вопросы применения математических

методов в исследованиях советских историков /Математические методы в

исторических исследованиях. М., 1972.



  1. Блок М. Апология истории. М., 1986.

  2. Зевелев А.И. Историографические исследование: методологические

аспекты. Москва.,Высшая школа., 1987.

  1. Ковальченко И.Д. Методы исторического исследования. М., 1987г.

  2. Могильницкий Б.Г. Введение в методологию истории. М., 1989.

  3. Мұхатова О. ХІХ-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы. Алматы.,

Ғылым., 2002. И.др
Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар


  1. Ежелгі Қазақстан тарихындағы автохтонды және этно-мәдени

трансформациялар мәселесі.

  1. Ұлттык мемлекеттілікті жаңғырту жолындағы ұлт зиялыларының қызметі

(1905- 1930 ж.ж.).

  1. Ежелгі және ортағасырлық мемлекеттік құрылымдағы саяси басқару

жүйесіндегі өзара сабақтастық (б.ғ.д. ІІ ғасыр - XII ғғ.).

  1. XIX ғ. 20-шы жылдарындағы хандық биліктің дағдарысы және оның

жойылуы.

  1. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі мемлекетті басқару ісіне

қатысты ойлар мен тұжырымдар.

  1. Қазақ зиялыларының қазақ мемлекеттілігін жаңғырту жолындағы қызметі

(XX ғ. алғашқы 30 жылдығы)

  1. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегіндегі қазақ ұлты мен

оның мемлекеттілігінің қалыптасуына қатысты көрсетулері мен тұжырымдары.

  1. Соңғы жиырма жылдағы Қазақстан тарихындағы методологиялық өзгерістер.

  2. Кеңес өкіметінің Қазақстандағы экономикалық саясатының негізгі

ерекшеліктері

  1. Үйсін және қаңлы тарихына қатысты жаңа әдебиеттер және олардағы

тұжырымдар.

  1. Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы: жолдары мен ерекшеліктері

  2. Рашид ад-Диннің «Жылнамалар жинағының» Қазақстан тарихын

зерттеудегі деректік маңызы

  1. Қарахандар мемлекеті: саяси, экономикалық және мәдени тарихы. Отан

тарихына байланысты негізі тұжырымдар.

  1. «Қазақ» этнонимі туралы. Мұхаммед Хайдар Дулат және Қадырғали би

Қасымұлы еңбектері бойынша

  1. Қазақ жерін Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері

  2. Кеңестік билік және ұлттық мемлекеттілік идеясының тағдыры

  3. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы - қазақ жеріндегі мемлекеттіліктің

жаңғыруы

  1. 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі және ұлттық мемлекеттілік идеясының

қойылуы.

  1. Тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны: нәтижелері мен проблемалары

  2. Қазақстанда 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тарихын және Қазан

революциясының заңдылығын әсіре бағалаудың мән-мағынасы

  1. Қазақстан 1917 жылғы революциялық өзгерістер тұсында. Қазақ

комитеттері.

  1. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы. Тарихи отанда тұрып жұмыс істеп, өмір

сүрудің жаңа мүмкіндіктері.

  1. Қазақстан М.Горбачев реформалары тұсында (1985-1991) КСРО-ның

ыдырауы: алғы шарттары мен салдары.

  1. Қазақ КСР-нің мемлекетік егемендігі туралы мәлімдеменің қабылдануы

және оның мазмұны.

  1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: басты бағыттары мен

басымдылықтары демографиялық дамуындағы ақтаңдақтар, олар жөніндегі

жаңа мәліметтер.



  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің қалыптасуының негізгі

кезеңдері.

  1. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңның

қабылдануы (1991, 16 желтоқсан) және оның мазмұны

  1. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы. Елдегі ұлтаралық келісімді

сақтау және одан ары нығайта түсу

  1. Қазақстан Республикасының ұзақмерзімдік дамуға бағытталған басым

бағыттары

  1. Мемлекет астанасының Алматыдан Ақмола-Астанаға көшірілуі және оның

тарихи маңызы.

ТАРИХНАМА ЖӘНЕ ДЕРЕКТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәннің мазмұны

Деректану әлемді шынайы танудың ерекше әдісі ретінде.

Деректанудың пәні, нысаны және әдісі.


Деректанудың қалыптасуы және дамуы.

Деректану ұлттық тарихтың проблемасы ретінде. Ш.-В. Ланглуа мен Ш. Сеньобостың «Тарихты оқуға кіріспе» атты еңбектері және оның маңызы. В.Виндельбанд, Г. Риккерт, В. Дильтеяның еңбектері және олардың гуманитарлық ғылымдардың дамуы үшін мәні. Л. Февр мен М. Блоктың еңбектеріндегі тарихи факт және тарихи дерек. Э. Гуссерлдің еңбегіндегі гуманитарлық таным. А.С. Лаппо-Данилевскийдің «Тарих методологиясы» еңбегі.



Кеңестік шынайылықтағы деректану.

Кеңестік кезеңдегі деректанудың теориялық-методологиялық проблемалары. Кеңестік зерттеушілердің деректануды дамытуға қосқан үлесі.


Қазіргі жағдайдағы деректанудың теориялық проблемалары

Адам туралы ғылымның деректанулық проблемалары. Деректанудың пәнаралық проблемалары. Дерек гуманитарлық білімнің антропологиялық бағдары ретінде.



Деректанудыңәдісі.

Деректанулық зерттеулердің құрылымы. Деректанулық талдау мен деректанулық синтез және олардың пәнаралық аспектілері.


Тарихи деректерді сұрыптау (классификациялау).

Тарихи деректерді сұрыптаудың міндеті. Деректердің типтері мен түрлері. Тарихи деректердің түрлерін оқудағы пәнаралық байланыстары.


Ғылым жүйесіндегі тарихнаманың орны.

Тарихнамалық ғылымның функциялары. Тарихнаманың пәні мен нысаны. Тарихнаманыңпәнінің байланыстырушылық (интегральный) сипаты.


Өткеннің тарихнамалық танымы

Ғылыми таным әлеуметтік бейненің формасы ретінде. Тарихнамалық танымның ретроспективтілігі. Тарихнамалық танымның кезеңдері. Тарихнамалық танымдағы нысанды қайта құрудың (реконструкциялаудың) спецификасы. Тарихнамалық таным проблемалары бойынша қазіргі кездегі пікірталастар.


Тарихнамалықдеректер тарихи шындықтың құбылысы ретінде.

Тарихнамалық деректердің түрлері мен типтерінің шығу заңдылықтары және эволюциясы. Тарихнамалық деректердің субьективті-әлеуметтік және субьективті-жекелік (индивидуалдық) табиғаты. Тарихнамалық деректерді сұрыптаудың (классификациялаудың) проблемалары.


Тарихнамалық факты және оны қазіргі тарихнамадағы интерпретациялау.

Тарихнамалық фактының ұғымдары (категориялары), олардың сипаттық белгілері мен айырмашылықтары. Ғылыми-тарихнамалық фактілер тарихшы санасымен тарихи шынайылықтың бейнеленуі ретінде.Ғылыми-тарихнамалық фактілердің қалыптасуындағы субьективті-жекелік (индивидуалдық) және субьективті-әлеуметтік факторлардың рөлі.


Тарихнамалықзерттеулердің моделдері.

Тарихнамалық әдістердің спецификасы, табиғаты және мәні. Тарихнамадағы пәнаралық әдістер.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер

  1. Кабанов В.В. Источниковедение истории современного общества. М., 1997.

  2. Источниковедение: Теория. История. Метод. М., 2004.

  3. Мұхатова О. Тарихнама ғылымының методологиялық ұстанымдары. –

Алматы, 2008.

  1. Репина Л.П., Зверева В.В., Парамонова М.Ю. История исторического знания.

М., 2006
Қосымша әдебиеттер

  1. Актуальные проблемы современного источниковедения. Беседа за круглым

столом. //История СССР. 1989. № 6.

  1. Архивоведение и источниковедение отечественной истории. Проблемы

взаимодействия на современном этапе. М., 1995

  1. Гадамер Х.Г. Истина и метод: основы философской герменевтики. / Пер. с

нем. М., 1988.

  1. Иванов Г.М., Коршунов А.М., Петров Ю.В. Методологические проблемы

исторического познания. М.,1981.

  1. Историческая наука. Вопросы методологии. М., 1986.

  2. Казахстан в начале ХХ века: методология, историография,

источниковедения. Сб. статейА., 1993, 1994.

  1. Историческиезаписки. Т.1. М., 1995.

  2. Исторические исследования в России. М., 1996.

  3. Ковальченко И.Д. Исторический источник в свете учения об информации (к

постановке проблемы)- История СССР, 1982, №3.

  1. Профессионализм историка и идеологическая конъюнктура. Проблемы

взаимодействия на современном этапе. М., 1994.

  1. Фарсобин В.В. Источниковедение и его метод: опыт анализа понятий и

терминологии. М., 1983.

  1. Проблемы источниковедения и историографии. Материалы научных

чтений. М., 2000.

  1. Историческая наука и историческое сознание / Под ред. Б.Г.

Могильницкого. Томск, 2000.

  1. Могильницкий Б.Г. История исторической мысли ХХ века. Томск, 2001-

2003.
Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар


  1. Деректану әлемді шынайы танудың ерекше әдісі ретінде.

  2. Сынау мен интерпретациялау зерттеу проблемасы ретінде.

  3. Деректану ұлттық мәдениеттің проблемасы ретінде.

  4. Ш.-В. Ланглуа мен Ш. Сеньобостың «Тарихты оқуға кіріспе» атты

еңбектері және оның маңызы.

  1. Гуманитарлық ғылым проблемасына неокантиандық ұстаным.

  2. «Анналдар» концепциясындағы тарихи факт және тарихи дерек.

  3. Гуманитарлық ғылым проблемасына феноменологиялық ұстаным.

  4. Деректанулық зерттеулердің құрылымы.

  5. Деректанулық талдау мен деректанулық синтез.

  6. А.С. Лаппо-Данилевскийдің деректану методологиясының концепциясы.

  7. Кеңестік шынайылықтағы деректанудың дамуы.

  8. Деректанудың пәнаралық проблемалары: дерек, мәтін, шығарма, автор.

  9. Деректанулық зерттеудің компаративтік әдістері. Деректің мәдениеттегі

функциясы.

  1. Тарихи деректерді сұрыптау (классификациялау) проблемасы.

  2. Қазіргі жағдайдағы деректанудың теориялық проблемалары.

  3. Тарихнаманың пәнінің байланыстырушылық (интегральный) сипаты.

  4. Тарихнамалық танымның ретроспективтілігі. Тарихнамалық танымның

кезеңдері.

  1. Тарихнамалық деректердің түрлері мен типтерінің шығу заңдылықтары

және эволюциясы.

  1. Тарихнамалық фактының ұғымдары (категориялары), олардың сипаттық

белгілері мен айырмашылықтары.

  1. Тарихнамалық деректер тарихи шындықтың құбылысы ретінде.

  2. Тарихнамалық әдістердің спецификасы, табиғаты және мәні.

  3. Тарихнамалық зерттеулердің моделдері.

  4. Тарихнамалық факты және оны қазіргі тарихнамадағы интерпретациялау.

  5. Тарихнаманың пәнаралық әдістері.

  6. Тарихнамалық танымдағы нысанды қайта құрудың

(реконструкциялаудың) спецификасы.

  1. Ғылыми тарих және позитивизм.

  2. Сыни әдіс және ғылыми зерттеудің принциптері.

  3. Өркениеттік және мәдени-тарихи ұстанымдар.

  4. Әлеуметтік тарих және тарихи антропология.

  5. Тарихнамалық таным проблемалары бойынша қазіргі кездегі

пікірталастар.



Каталог: docs -> postupaushim
postupaushim -> Бекітемін Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы
postupaushim -> Бекітемін Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры
postupaushim -> Бекітемін Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы
postupaushim -> Программа вступительных экзаменов в докторантуру по специальности «6D011100 Информатика»
postupaushim -> Бекітемін Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры
postupaushim -> Бекітемін Көптілді білім беру институтының директоры
postupaushim -> «6D012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
postupaushim -> Бекітемін Филология институтының директоры Б.Әбдіғазиұлы
postupaushim -> Бекітемін Филология институтының директоры Б. Әбдіғазиұлы
postupaushim -> БАҒдарламасы алматы, 2015 Бағдарламаны құрастырушылар: г.ғ. д., профессор Каймулдинова К. Д


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет