Бекітемін: Тәрбие сағатына қысқа мерзімді жоспар



бет6/19
Дата20.05.2024
өлшемі3.4 Mb.
#501504
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Білімім Отаныма жинақталған тәрбие сағаты

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушыла!.Бүгінгі тәрбие сағатымыздың мақсаты-білім,ғылым туралы,білімнің адам өміріндегі маңыздылығы мен пайдасы жайлы білу.Халқымыз жан жақты адамды сегіз қырлы,бір сырлы дейді.Адамның сегіз қырының бірі оның білімі.Білімді адамның көкірегі ояу болады,жақсы мен жаманды айыруды біледі.Міне,осы туралы өз ойларыңды ортаға саласыңдар.
Тәрбие сағатын өткізу үшін екі топқа бөлеміз.
1-топ.Білімділер.Ұраны.Білімді мыңды жығады,Батырдан дұшпан ығады.


2-топ.Алғырлар.Ұраны.Ғылым деген-бір бұлақ, Көрінер көзін ашпаса.
1.Аталы сөз білімді болуға бастайды.

А.Қандай аталы сөздер білесіңдер?
Б. Халық тағылымы-тәрбие бастауы. 2.Біліммен қаруланған қор болмайды.
А.Білім туралы қандай заңдар білесіңдер? Б.Абайдың білім туралы айтқан ойлары. 3.Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез.Көрініс.
4.Білімсіз күнің жоқ.
А.Мақал-сөз көркі.
Б.Қандай өлең жолдарын білесіңдер?
5.Ел ертеңі көз алдымызда.
Бастаушы қоржыннан сұрақтар алып,сол бойынша жауаптар беріледі.
1.Аталы сөз білімді болуға бастайды.
А.Қандай аталы сөз білесіңдер? 1-топ.1.Ашу деген-ағын су, Алдын ашсаң арқырар. Ақыл деген-дария Алдын тоссаң тоқырар.
2.Атадан жақсы ұл туса, Елінің туы болады. Атадан жаман ұл туса, Көшінің соңы болады.
3.Кісі бірге туыспау керек, Туысқаннан соң сөз қуыспау керек. Сөз қуған пәлеге жолығады, Жол қуған олжаға жолығады.
2-топ.1.Шешендіктен не пайда, Артында сөзі қалмаса. Халқына қайраны болмаса. 2.Суалмайтын суат жоқ Тартылмайтын бұлақ жоқ. Құйрығы суда тұрса да Құрғамайтын құрақ жоқ. 3.Жүзге бөлінгендердің жүзі қара Руға бөлінгендердің құруға асыққаны Атаға бөлінген адыра қалады Көпті қорлаған көмусіз қалады.
Б.Халық тағылымы- тәрбие бастауы. 1-топ.Отан оттан ыстық деген не? Көктен биік деген не? Жерден ауыр не? Судан терең не?
Жерден ауыр дегенім ақыл,білім, судан терең дегенім оқу білім, оттан ыстық дегенім адам өмірі, көктен биік тәкәппардың көңілі.
3. не жетім жаңбыр жаумаса жер жетім, басшысы болмаса ел жетім, тыңдаушысы болмаса сөз жетім.
Дүниеде не тәтті, не жумсақ, не қатты? Ананың сүті тәтті, ананың қолы жумсақ, әкенің жүрегі қатты.
2. топ. Кім жақын? Тату болса ағайын жақын, ақылшы болса апайың жақын, бауырмал болса інің жақын, алдыңа тартқан адал асың, қимас жақын қарындасың.
Не қымбат? Алтын ұя Отан қымбат, қуат береке атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат, мейірімді апаң қымбат. Асқар тауың жерің қымбат, бәрінен де ұят пенен ар қымбат.
3. Не қиын? Арадан шыққан жау қиын, таусылмайтын дау қиын. Шанышқылаған сөз қиын, іске аспаған серт қиын, ақылыңнан адасып, өзің түскен өрт қиын.







презентация



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет