Бекітемін Ұто директоры Әбдиев Қ. С. 2015 ж



жүктеу 63.45 Kb.
Дата17.06.2016
өлшемі63.45 Kb.
Бекітемін

ҰТО директоры

___________ Әбдиев Қ.С.

«___»__________2015 ж.


«5В060600» – «Химия» мамандығы үшін
«ФИЗИКАЛЫҚ ХИМИЯ» пәні бойынша
Тест спецификациясы

1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тест «Физикалық химия» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:






Мазмұны

Тапсырма

саны

1

1


Термодинамиканың бірінші бастамасы. Термохимия. Термодинамиканың негізгі ұғымдары мен анықтамалары. Ішкі энергия, жылу, жұмыс, олардың өзара байланысы. Гесс заңы, оның термодинамикалық тұрғыдан негізделуі, салдары. Энтальпия, оның ішкі энергиямен байланысы. Жылусыйымдылық, оның түрлері және өзара байланысы. Жылусыйымдылық пен химиялық реакцияның жылу эффектісінің температураға тәуелділігі. Әр түрлі температурада химиялық реакциялардың және фазалық өзгерістердің жылу эффектілерін есептеу. Идеал газ қатысымен өтетін әр түрлі процестердің ұлғаю жымысын есептеу.

1

2

2


Термодинамиканың II-ші бастамасы. Энтропия. Сипаттамалық функциялар. Термодинамиканың II-ші бастамасы, оның анықтамалары. Тепе-теңді және тепе-теңді емес процестердің энтропиясы. Энтропия — процестің бағытының критерийі. Әр түрлі процестердің және химиялық реакцияның энтропиясының өзгерісін есептеу теңдеулері. Планк постулаты. Термодинамикалық потенциалдар, оларды процесс бағытын анықтайтын критерилер ретінде қолдану. Сипаттамалық функциялар және олардың табиғи айнымалылары. Гиббс-Гельмгольц теңдеуі. Идеал және реал жүйелердегі компоненттің химиялық потенциалы.

2

3

3


Химиялық тепе-теңдік. Массалар әрекеттесу заңы және химиялық реакцияның тепе-теңдік константасы. Химиялық реакцияның изотерма теңдеуі және процесс бағыты. Түрлі типті гетерогенді жүйелердегі тепе-теңдік константалары. Тепе-теңдік константасының температураға тәуелділігі. Ле-Шателье-Браунның жылжымалы тепе-теңдік принципі. Абсолюттік энтропия арқылы тепе-теңдік константасын есептеу.

3

4

4


Фазалық тепе-теңдіктер. Біркомпонентті жүйелердің күй диаграммалары Гетерогенді химиялық жүйелер, олардағы тепе-теңдік шарттары. Гиббстің фазалар ережесі. Клапейрон – Клаузиус теңдеуі. Бірінші және екінші текті фазалық ауысулар, олардың ерекшеліктері. Бір компонентті жүйелердің күй диаграммаларының жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері. Су және күкірттің күй диаграммалары.

2

5

5


Гетерогенді тепе-теңдік Екікомпонентті жүйелердің күй диаграммалары. Екікомпонентті жүйелердің балқу диаграммалары: бip эвтектикалы, компоненттері химиялық әрекеттесетін және әрекеттеспейтін жүйелер балқу диаграммалары. Қатты ерітінділер. Суыну қисықтары,нода, рычаг ережесі. Барлық типті балқу диаграммаларында сұйық және қатты фазалар құрамдарының өзара байланысы. Зоналық балқыту, оны практикада қолданудың аудардары. Балқу диаграммаларының практикада қолдануы.

2

6

6


Сұйықфазалы жүйелердегі гетерогенді тепе-теңдік. Ерітінділер. Идеал ерітінділердің заңдары. Екі және үш сүйықтықтың бір-бірінде epігіштігі. Yш компонентті жүйелердің құрамын белгілеу әдістері.

Бір-бірінде ерімейтін екі сүйықтық арасында үшінші компоненттің таралуы. Таралу коэффициенті және таралу константасы. Экстаркция. Идеал ерітінділердің термодинамикалық қасиеттері. Реал ерітінділер, олардың жіктелуі. Рауль заңы. Рауль заңынан ауытқулар және олардық себептері.

Қайнау температурасы (бу қысымы) - құрам (t, P-x) диграммасы. Гиббс-Коноваловтың бірінші және екінші заңы. Фракциялық айдау. Азеотропты ерітінділер.


2

7
7

Химиялық кинетиканың пәнінің негізгі анықтамалары мен түсініктері. Химиялық реакция механизмі. Химиялық реакция жылдамдығы, жабық жүйедегі гомогенді және гетерогенді реакция жылдамдығына әр түрлі факторлардың әсері. Химиялық кинетиканың негізгі постулаты. Химиялық реакцияның молекулалығы мен реттілігі. Химиялық реакцияның жылдамдық константасы, оның физикалық мағынасы, өлшем бірлігі.

1

8

8


Қарапайым қайтымсыз реакциялардың формалды кинетикасы. Жабық жүйедегі 0, 1, 2, 3-ретті формальды қарапайым гомогенді бір бағыттағы реакциялардың кинетикалық теңдеулері. Химиялық реакциялардың реттілігін және жылдамдық константасын анықтау әдістері.

2

9
9

Химиялық реакция жылдамдығына температура әсері. Вант-Гофф ережесі. Вант-Гоффтың температуралық коэффициенті. Аррениус теңдеулері. Активтену энергиясы. Активтену энергиясын анықтау әдістері.

1

10

10


Катализ. Катализдегі негізгі түсініктер.Гомогенді катализ. Гомогенді катализдің біріккен және дара механизімі. Гетерогенді катализ. Катализатордың қасиеттері. Гетерогенді каталитикалық реакциялардың кинетикасы.

1

11

11


Электролиттер ерітінділері. Электрохимия пәнінің негізгі түсініктері. Аррениустың электролиттік диссоциация теориясы. Электролиттердің термодинамикалық теориясы. Электролит ерітінділерінің активтілігі және активтілік коэффициенті. Дебай-Гюккельдің күшті электролиттер теориясы.

2

12

12


Электролит ерітінділерінің электрөткізгіштігі. Меншікті, эквивалентті және молярлы электрөткізгіштік, олардың физикалық мағынасы. Күшті және әлсіз электролит ерітінділерінің электрөткізгіштігінің олардың концентрациясыға, температураға тәуелділігі. Иондар қозғалысының абсолютті жылдамдығы, қозғалғыштық. Кольрауштың иондардың қозғаласының тәуелсіздік принципі. Күшті электролиттер ертітінділерінің электрөткізгіштігі. Электрофоретикалық эффект, релаксация эффектісі. Дебай-Онзагердің электрөткізгіштік теориясы. Тасымалдау саны, оларды анықтау әдістері.

3

13

13


Электрохимиялық процестердің термодинамикасы. Электролиз, Фарадей заңы. Электродтық процестер. Электродтық потенциал үшін Нернст теңдеуі. Тепе-теңдікті және стандартты электродты потенциал. Электрод, гальваникалық элекменттің, электродтық процестің тізбегін жазу ережесі. Электродтардың жіктелуі: I және II текті электродтар, газды электродтар, тотығу-тотықсыздану электродтары. Гальваникалық элемент, электрохимиялық реакциялар. Гальваникалық элементтердің ЭҚК-і. Электрохимиялық элементтің термодинамикасы: ЭҚК әдісімен электрохимиялық реакциялардың стандартты термодинамикалық сипаттамаларын анықтау. Электрохимиялық тізбектің жіктелуі. Химиялық және концентрациялық элементтер, олардың жіктелуі. Диффузиялық потенциал: пайда болу механизмі, диффузиялық потенциал шамаларын есептеу, жою.

3

Бір нұсқадағы тест тапсырмаларының саны:

25


4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

«Физикалық химия» пәні бойынша тест тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды студенттердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.

5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңіл (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташа (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиын (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) деп бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет