«Бекітілді» Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысында хаттама № 2012 ж


Құқық бұзушылық және заңды жауаптылық



бет2/3
Дата13.06.2016
өлшемі186 Kb.
#131897
1   2   3

15. Құқық бұзушылық және заңды жауаптылық

Құқық бұзушылықтың түсінігі. Құқық бұзушылықтың заңды құрамы. Құқық бұзушылықтың субъектілері. Құқық бұзушылықтың объективтік және субъективтік жақтары. Кінәнің нысандары. Құқық бұзушылықтағы зиян мен себепті байланыс.

Құқық бұзушылықтың негізгі белгілері. Құқық бұзушылықтың түрлері. Қылмыстылықтың, сонымен қатар өзге де құқық бұзушылықтардың әлеуметтік табиғаты мен себептері.

Заңды жауаптылық: түсінігі мен негізгі белгілері. Құқық бұзушылық – заңды жауаптылық үшін негіз. Заңды жауаптылықтың моральдік және саяси жауаптылықтан айырмашылығы. Заңды жауаптылық және құқықтық санкциялар.

Заңды жауаптылықтың түрлері. Заңды жауаптылықтан босату негіздері. Кінәсіздік презумпциясы, оның мазмұны. Қажетті қорғану және аса қажеттілік заңды жауаптылықтан босату негізі ретінде.
Пән «Азаматтық құқық»

1. Кіріспе. Азаматтық құқық оқу пәні ретінде

Азаматтық құқық құқық саласы жүйесiнде. Азаматтық-құқықтық реттеу пәнi. Мүліктік қатынастар, мүліктік емес өзіндік қатынастар.

Азаматтық-құқықтық реттеу әдiсi. Азаматтық құқықтың негiзгi қағидалары.

Азаматтық құқық және азаматтық заңдар. Қазақстан Республикасының аумағында әрекет етеiн негiзгi азаматтық заңнамалар, олардың арақатынасы. Азаматтық заңдардың әрекет етуi. Халықаралық мәмілелер және азаматтық заңдар. Әдет-ғұрыптар және іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар-азаматтық құқығының қайнар көзі.

Азаматтық құқықтағы мерзімдер. Талап мерзімдері.

2. Жеке тұлғалар азаматтық құқытың субъектісі ретінде

Жеке тұлға туралы ұғым. Құқыққабілетттілік туралы түсінік және оның мазмұны. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқық қабілеттілігі.

Құқыққабілеттілікке шек қоюға жол бермеу. Әрекет қабілеттілігін шектеу ерекшеліктері.

Қорғаншы және қамқоршы. Тұрғылықты жер және оның заңи маңызы.

Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану және оның салдары. Азаматты өлді деп жариялау және оның салдары.

3. Заңды тұлға, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық құқықтың субъектісі ретінде

Заңды тұлға туралы түсінік және оның белгілері, пайда болуы.

Заңды тұлғаны тоқтату және қайта құру.

Заңды тұлғаның түрлері. Коммерциялық, коммерциялық емес заңды тұлғалар.

Коммерциялық ұйымдардың түрлері мен ерекшеліктері. Коммерциялық емес заңды тұлғалардың құқықтық ерекшеліктері.

Мемлекет және аумақтық-әкiмшiлiк бөлiнiстер азаматтық құқық субъектiсi ретiнде.



4. Азаматтық құқығының обьектілері

Азаматтық құқығының объектілері туралы түсінік және оның түрлері. Мүлік - азаматтық құқығының объектісі. Мүліктің классификациясы.

Қызмет және басқа әрекеттер-азаматтық құқығының оъектілері. Интеллектуалдық қызметтің нәтижелері-азаматтық құқытың обьектілері ретінде.

Ақша және басқа да шетел валютасы.

Бағалы қағаздар. Түсінігі және түрлері.

Өзіндік мүліктік емес игіліктер-азаматтық құқығының обьектісі ретінде.



5. Мәміле институты

Азаматтық құқықтағы мәмілелер ұғымы және олардың түрлері.

Мәміленің нысаны.

Мәмілелердің жарамдылық мәмілелері. Мәміленің жай жазбаша нысанын сақтамаудың салдары.

Жарамсыз мәмілелер түсінігі, түрлері.

6. Меншік институты

Меншік құқығы туралы түсінік және оның мазмұны.

Меншік нысаны. Жеке меншік және мемлекеттік меншік. Мемлекеттік меншік және жекешелендіру.

Жеке меншік және оның түрлері.

Меншік құқығының пайда болу негіздері мен тәсілдері. Мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі. Меншік құқығының ерікті түрде тоқтатылуы.

Ортақ меншік ұғымы және түрлiк сипаттамасы.

Меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық тәсілдері. Меншік иесінің Ұзгеден заңсыз иеленген мүлкін талап етуі. /Виндикациялық талап/. Заттарды заңсыз иеленуден қайтарып алу кезінде есеп айырысу. Меншік иесі құқықтарын иеленуден айыруға байланысы жоқ бұзылудан қорғау. /Негаторлық талап/. Меншік құқығын қорғаудың басқа да тәсілдері.

7. Міндеттеме түсінігі және тараптары. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

Міндеттемелік құқық ұғымы мен жүйесі. Міндеттеме туралы түсінік және оның басқа мүліктік қатынастардан ерекшелігі. Міндеттеменің пайда болу негіздері. Мәмілеты жне мәмілесыз міндеттемелер. Міндеттемедегі көпжақтылық. Ортақ, үлестік және субсидиарлық міндеттемелер. шінші жақтың қатысуымен болатын міндеттемелер. Регресстік міндеттемелер. Үшінші жақтың пайдасына орындалатын міндеттеме. Міндеттемеде тараптардың ауысуы. Міндеттемені орындау ұғымы. Міндеттемені орындаудың бастаулары. Міндеттемені орындау мерзімі. Міндеттемені мерзімінен бұрын орындау. Міндеттеме орындалатын жер. Міндеттемені бөлшектеп орындау. Міндеттемені үшінші жаққа орындау. Ақшалай міндеттемені орындау. Міндеттеменің орындалғанын куәландыру.

Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету туралы түсінік және оның маңызы. Тұрақсыздық төлем және оның түрлері. Кепіл түсінігі және түрлері. Кепіл болушылық және кепілдік, бір-бірінен айырмашылығы. Кепілпұл. Ұстап қалу құқығы. Міндеттемені тоқтату негіздері.

8. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі және негіздері. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің құқықтық жауапкершілік жүйесінде алатын орны. Заңға қайшы әрекет, залал, кінә және себепті байланыс- азаматтық құқықтық жауапкершіліктің мәмілелеры ретінде. Азаматтық құқықтық жауапкершілік түрлері. үлестік, ортақтасқан және субсидиалық жауапкершіліктің түсінігі мен ерекшеліктері. Аралас жауапкершілік. Регресстік жауапкершілік. Моральдық шығындарды өтеудің ерекшеліктері.



9. Сатып алу-сату шартын құқықтық қамтамасыз ету. Сатып алу-сату шартының түрлік сипаттамасы

Сатып алу-сату шартының түсінігі және маңызы, сипаттамасы. Сатып алу-сату шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері. Мүлікті беру мерзімі, саны, сапасы бойынша шарттың талаптарын бұзған кездегі тараптардың жауапкершілігі. Кепілді мерзім және кепілді мерзімді есептеу тәртібі. Тауардың жарамдылық мерзімі. Сатушының шартты орындау сәті. Сатып алынған мүлікке сатып алушының меншік құқығының пайда болуы. Тауардың кездейсоқ бүліну немесе кездейсоқ жойылу қаупінің сатып алушыға ауысуы.

Бөлшек сатып алу-сату шартын құықтық реттеудің ерекшеліктері.

Тауар жеткізілімі шартының жалпы сипаттамасы. Тауар жеткізілімі шарты талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік.Тауар жеткізілімі шартын орындаудан бір жақты бас тарту негіздері.

Энергиямен және басқа қормен жабдықтау шарттары. Үй, ғимараттарды сату. Кәсіпорындарды сатып алу, сату.

Айырбас шарты. Айырбас шартының түсінігі, шартты құқықтық реттеу.

Сыйға тарту шартының түсінігі және маңызы. Сыйға тарту шартының жалпы сипаттамасы. Қайырмалдық.

10. Мүлікті жалдау шарты. Мүлікті жалдау шартының түрлік сипаттамасы

Мүлік жалдау шартының түсінігі, мазмұны. Мүлік жалдау шарты бойынша тараптардың құқтары мен міндеттері.

Қосымша жалға беру. Мүлікті жалдау шартын орындау. Жалға алушылардың мүлікке жасаған жақсартуларының құқықтық салдары.

Мүлік жалдау шартының түрлік сипаттамасы.Тұрмыстық прокатты құқықтық реттеудің ерекшеліктері. Үйлер мен ғимараттарды жалдау.

Мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жалдаудың құқықтық ерекшеліктері.

Лизингтік қатынастардың құқықтық табиғаты.

Транспорт құралдарын жалдаудың құқықтық реттелуі. Транспорт құралдарын жалдаудың түрлік сипаттамасы.

11. Мердігерлік шартын құқықтық реттеу

Жұмысты орындауға бағытталған міндеттемелердің түсінігі және жүйесі. Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы. Мердігерлік шартын орындамаған және тиісінше орындамаған және орындамаған кездегі тараптардың жауапкершілігі.

Мердігерлік шартының түрлік сипаттамасы. Күрделі құрылысқа мердігерлік шарты.

Тұрмыстық мердігерлік шартының ерекшеліктері.

Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерліктің ерекшеліктері. Ғылыми зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерліктің ерекшеліктері.

Өтелмелі қызмет көрсету шарты,құқықтық ерекшеліктері, мердігерлік шартынан айырмашылығы.



12. Тасымалдау шарты

Қазақстан Республикасының заңдары бойынша көлік түрлері. Тасымал, көлік ұйымы, шаруашылық айналымдағы құқықтық жағдайы. Тасымал түрлері, оларды құқықтық реттеу.

Тасымал шартының түсінігі, жүйесі, түрлік сипаттамасы. Тасымал шартының түсінігі, жасалуы және рәсімделуі. Тасымал шартының орындалуы. Жүкті тасымалдау шартының ерекшеліктері. Жолаушыларды тасымалдау шартының ерекше белгілері.

Тасымалдау шарты бойынша наразылық беру және талап қою ерекшеліктері. Көлік экспедициясы шартының түсінігі, ерекше белгілері.



13. Юридикалық /заңи/ және нақты қызмет көрсету туралы шарттар

Заңи және нақты қызмет көрсету кезінде пайда болатын азаматтық-құқықтық қатынастар.

Тапсырма шартының түсінігі және мазмұны.Тапсырма шартының тараптары, оның нысаны.Коммерциялық өкілдіктің құқықтық нысаны.Тапсырма шартының басқа ұқсас шарттардан айырмашылығы.

Комиссия шарты, түсінігі, маңызы.Комиссия шартының мазмұны және орындалуы. Комиссия шартының түрлері.

Сақтау шарты, түсінігі, мазмұны.Сақтау шартының субьектілері, пәні, мерзімі және нысаны. Шартты орындамаған және тиісінше орындамаған кездегі тараптардың жауапкершілігі.

14. Зиян келтіру салдарынан пайда болатын міндеттемелер. Интеллектуалдық меншік құқығы. Жалпы ережелер.

Зиян келтіру келтіру салдарынан пайда болатын міндеттемелердің түсінігі және шарттары. Зиянды өтеу мөлшерінің көлемі, сипаттамасы. Моральдық зиянды өтеу.

Мемлекеттік органдардың әрекетінен, жергілікті басқару органдарының және лауазымды адамдардың әрекетінен келтірілген зиян үшін жауапкершілік.

Адам өміріне, денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапкершіліктің ерекшеліктері. Тауарлардың, жұмыстардың қызмет көрсетулердің жеткіліксіздігі салдарынан келтірілген зиянды өтеуі.

Творчестволық қызмет және оның азаматтық құқықтағы ролі. Интеллуалдық меншік құқығының түсінігі, ерекшеліктері. Өндірістік меншік құқығы. Творчестволық қызметті құқықтық қамтамасыз ету. Творчестволық қызметтің нәтижесін азаматтық құқықтық қорғау институттары.

Интеллектуалдық меншік объектілеріне айрықша құқық. Олардың әрекет еті мерзімдері. Айрықша құқықтарды қорғау әдістері. Селекциялық жетістіктерге құқық, олардың қорғалуы, мерзімі.

Авторлық құқық объектілерінің түсінігі және белгілері. Авторлық құқық субъектілері. Авторлық шарт. Сабақтас құқық.

15. Өнертабыс, пайдалы модель, өндірістік үлгіге құқық. Тауарлар мен қызметтер азаматтық айналымының қатысушыларын дараландыру құралдары

Өнертабыс, пайдалы модель, өндірістік үлгінің ұғымы. Өнертабыс, пайдалы модель, өндірістік үлгіні пайдалануды құқықтық қамтамасыз ету. Патент түсінігі мен түрлері.

Қызметтік өнертабыс, пайдалы модель, өндірістік үлгі.

Тауарлар мен қызметтер азаматтық айналымының қатысушыларын дараландыру құралдарының ұғымы. Фирмалық атау.

Тауардың шығу жері, атауы. Тауар және қызметтер азаматтық айналымы қатысушыларының дараландыру құралдарын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік.
Пән «Қылмыстық құқық»

1. Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні, мақсаты, қағидалары және жүйесі. Қылмыстық заң

Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні және әдісі. Қылмыстық құқықтың мақсаты және қызметі. Қылмыстылыққа қарсы күрес аясындағы мемлекеттің қылмыстық саясаты.

Қылмыстық құқықтың жүйесі. Қылмыстық құқықтың түсінігі және жүйесі. Жалпы және Ерекше бөлімдер. Заңнамадағы және құқық жүйесіндегі қылмыстық құқықтың орны. Қылмыстық құқықтың басқа аралас құқық салаларымен ара қатынасы.

Қылмыстық құқық ғылымы, оның мазмұны және мақсаты. Қылмыстық құқық ғылымының әдістері, оның тәжірибемен байланысы.

Қылмыстық құқық қағидалары. Қылмыстық құқық қағидаларының түсінігі және жүйесі.

Қылмыстық заңның түсінігі, оның негізгі және ерекше белгілері. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың қайнар көзі ретінде. Қазақстан Республикасының Конституциясы және қылмыстық заңнамасы. Халықаралық құқықтың нормалары мен жалпыға танылған қағидалары және қолданыстағы заңнамалар. Сот тәжірибесі қылмыстық заңнаманың қайнар көзі ретінде.

Қолданыстағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жалпы сипаттамасы. Әрекеттегі ҚР ҚК-нің құрылымы және жүйесі: Кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімдері. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің мазмұны және жүйесі. Жалпы және Ерекше бөлімдердің бірлестігі.

Жалпы және Ерекше бөлімдердің баптарында көзделген қылмыстық-құқықтық нормалардың құрылымы. Гипотеза, диспозиция және санкцияның түсінігі. Қылмыстық-құқықтық диспозицияның және санкцияның түрлері.Қылмыстық-құқықтық норма және ҚК-тің баптары. Қылмыстық-құқықтық нормалардың мазмұны, белгіленуі. Қылмыстық заңның бланкеттік диспозицияларын толтыратын құқықтық нормалардың құқықтық табиғаты.

Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші. Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмысқа қатысты қылмыстық заңның күші. Аумақ ұғымы. Континенталдық шельфте және ерекше экономикалық аумақта жасалған қылмысқа қатысты қылмыстық заңның күші. Су және әуе көлігінде қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты қылмыстық заңның күші. Иммунитет мәселесі.

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты қылмыстық заңның күші. ҚР әскери қызметкерлерінің жауаптылығы.

Қылмыстық заңның мезгілдегі күші. Қылмыстық заңның кері күші: түсінігі және шектері. Қылмыстық заңды түсіндіру. Түсіндіру түрлері. Қылмыс жасаған тұлғаларды беру мәселесі

2. Қылмыс ұғымы. Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері. Қылмыс құрамы

ҚР ҚК-і бойынша қылмыстың түсінігі. Қылмыстың әлеуметтік табиғаты. Қылмыс деп танылатын әрекеттерлің тарихи өзгермелі сипаты. Қылмыс белгілері әрекетке баға берудің міндетті бағдарламасы ретінде. Құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылық. Қылмыстың материалды және формалды түсінігі. Қылмыс, қылмыс құрамы. Әкімшілік преюдиция.

Қылмыстың дәрежесі. Жіктеу критерийлері және олардың әлеуметтік анықталуы.

Қолданыстағы ҚК-те көзделген қылмыс құрамының барлық белгілерін қосатын тұлғаның әрекетті жасағандығы жайлы түбегейлі ереженің қылмыстық заңда бекітілуі- қылмыстық жауаптылықтың біртұтас және жалғыз негізі ретінде ( ҚК 10-бабы).

Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі және мазмұны. Қылмыстық- құқықтық қатынастардың түсінігі, мазмұны және субъектілері. Қылмыстық жауаптылықтың пайда болуы, оны жүзеге асыру және тоқтату нысандары. Қылмыстық құқық ғылымындағы қылмыстық жауаптылықтың түсінігіне, мазмұнына және оны жүзеге асыруға байланысты пікірталастық сұрақтар.

Қылмыс құрамының түсінігі. Қылмыс құрамы және қылмыс түсінігі. Қылмыс құрамының қызметтері.

Қылмыс құрамының элементтер. Қылмыс құрамының объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы. Негізгі (міндетті) және факультативті (қосымша) белгілер.

Қылмыс құрамының түрлері. Оларды түрлерге бөлу критерийлері: а) қоғамға қауіптілік дәрежесі бойынша; ә) құрылымы бойынша және б) заңнамалық негізі бойынша.



3. Қылмыстың объектісі

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша қылмыс объектісінің түсінігі. Қылмыстың қауіптілік дәрежесін және құрамын анықтаудағы объектінің маңызы. Қылмыс объектісі жайлы пікір талас. Құқықтық игілік пен қоғамдық қатынастар қылмыс объектісінің жалпы сипаттамасы ретінде.

Жалпы, топтық және тікелей объектінің түсінігі. Негізгі, қосымша және факультативті объектілер. Жекеленген қылмыс құрамдарында объектілерді сипаттаудың тәсілдері. Объектілерді жіктеудің мәні.

Қылмыс затының түсінігі және оның объектіден айырмашылығы. Қылмыстан жәбір көргеннің түсінігі және оның қылмыстық құқықтық мәні.



4. Қылмыстың объективтік жағы

Қылмыстық құқықтағы қылмыстың объективтік жағының түсінігі, мазмұны және мәні. Қылмыстық заңнамадағы қылмыстық объективтік жағы. Қылмыс құрамының қажетті және факультативті белгілері. Олардың пәндік мазмұны және қылмыстық құқықтық бағасы. Оларлы сипаттаудың анықтылығы. Қоғамға қауіпті әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) тұлғаның мінез-құлқының сыртқы көрінісі ретінде.Қылмыстық құқықтық әрекеттің түсінігі және оның белгілері. Әрекетсіздік үшін қылмыстық жауаптылықтың ерекшеліктері. Тойтарылмайтын күштің, физикалық және психикалық мәжбүрлеудің түсінігі және олардың қылмыстық жауаптылық үшін маңызы.

Қоғамға қауіпті зардаптар, олардың қылмыстық құқықтық мәні. Зардаптардың түрлері. Олардың қылмыстық заңда бейнеленуі. Формальды және материалды құрамдар. Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс: түсінігі және мәні. Себепті байланыстың объективті сипаты. Ұлттық және шет елдер қылмыстық құқығындағы себепті байланыстың теориялары. Қылмыстың объективтік жағының факультативті белгілері.

5. Қылмыстың субъектісі

Қылмыстың субъектісінің түсінігі, оның әлеуметтік сипаттамасы. Қылмыс субъектісі және қылмыскер тұлғасы. Субъектінің қылмыстық құқықтық негізгі (міндетті) және факультативті белгілері. Қылмыстық жауаптылықтың жас мөлшері.

Есі дұрыстықтың түсінігі. Есі дұрыс еместік: түнісінігі және критерийлері (медициналық (биологиялық) және психологиялық (заңи)). Аталған критерийлердің ара қатынасы.

Есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасы бұзылған адамның қылмыстық жауаптылығы (ҚК 17 бабы). Мас күйiнде қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылығы

Қылмыстың арнайы субъектісі және оның қылмыстық құқықтық мағынасы. Қылмыстың арнайы субъектілері жауаптылығының дифференциациясының негіздемесі. Арнайы субъектілерді саралау.

6. Қылмыстық субъективтік жағы

Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі: мазмұны және мәні. Қылмыстың субъективтік жағының қажетті (міндетті) және факультативті белгілері.

Кінә қылмыстық заңның қағидасы, қылмыстың белгісі және субъективтік жақтың элементі ретінде. Кінәнің қылмыстық құқықтық құрылымындағы пәндік және бағаланушылық. Кінә нысандары, олардың қылмыстық жауаптылық үшін маңызы. Қасақаналық кінәнің және абайсыздағы кінәнің ара қатынасы. Абайсызда жасалған әрекет ол Қылмыстық Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады деген ереженің қолданыстағы Қылмыстық кодексте заңдық бекітілуі (19 бап 4-тармақ).

Ниет кінәнің нысаны ретінде, оның мазмұны (интеллектуалдық және еріктілік элементтері). Тікелей және жанама ниет. Материалды және формальды құрамдардағы ниет. Қылмыстық құқық теориясындағы ниеттің басқа да түрлері. Қылмыстық жауаптылық үшін ниет түрлерін саралаудың маңызы.

Абайсыздық кінәнің бір нысаны ретінде, абайсыздықтың түрлері. Немқұрайлылықтың интеллектуалдық және еріктілік элементтері. Оның жанама ниеттен айырмашылықтары. Немқұрайлылық мен менмендіктің айырмашылығы. «Казус» пен немқұрайлылықтың айырмашылығы. Кiнәнiң екi нысанымен жасалған қылмыс үшiн жауаптылық.

Қылмыстық заңдағы қылмыстың субъективтік жағының сипатталуы.

Ниет пен мақсат қылмыстық субъективтік жағының факультативті белгісі ретінде. Қылмыстың субъективтік жағында эмоцияның рөлі.

Қатенің түсінігі және оның қылмыстық жауаптылық үшін маңызы. Қатенің түрлері.



7. Қылмысты жасау сатылары

Аяқталған қылмыстың түсінігі. Қылмысты жасау сатылары, сатылардың түрлері. Сатыларды қылмыс құрамының объективті және субъективті белгілері бойынша бөлу. Бағалау мен талқылаудың спецификасы.

Аяқталған қылмыстың түсінігі. Қылмыстың заңи және нақты аяқталуы.

Қылмысқа дайындалу: түсінігі мен мазмұны, объективті және субъективті белгілері. Дайындалу нысандары. Қылмысқа дайындалғандығы үшін қылмыстық жауаптылық негіздері. Қылмысқа оқталу. Қылмысқа оқталудың түсінігі мен мазмұны, оның объективті және субъктивті белгілері. Қылмыстық құқық теориясында оқталудың түрлері.

Қылмысқа оқталудың аяқталған қылмыс пен қылмысқа дайындалғандықтан айырмашылығы.

Қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тарту. Қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тартудың түсінігі мен мәні және оның белгілері. Қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту кезінде қылмыстық жауаптылықты жоюдың негіздері мен жағдайлары. Қылмысқа қатысушылардың қылмсы істеуден өз еріктерімен бас тартуы.



8. Қылмыстың көптігі

Қылмыстың көптігінің түсінігі мен мазмұны. Көптіліктің құқықтық және әлеуметтік сипаттамасы. Бірнеше мәрте жасалған, жалғаспалы.созылмалы және күрделі құрамдағы қылмыстар. Көптіліктің қоғамға қауіптілігі.

Қылмыстардың көптігінің түрлері және олардың жалпы сипаттамасы. Қылмыстарды бірнеше мәрте жасау. Нақты және идеалды қылмыстар. Қылмыстың қайталануы. Қайталанған қылмыстардың түрлері.

9. Қылмысқа қатысу

Қылмысқа қатысудың заңи табиғаты, қоғамға қауіптілігі және әлеуметтік мәні. Қылмысқа қатысудың түсінігі, оның объективті және субъективті белгілері. Екі немесе одан да көп адамның қатысуы. Бірлесушілік. Қылмысқа қатысу кезіндегі ниет. Ниеттің түрлері. Қылмысқа қатысушылық жайлы пікірталастық сұрақтар.

Қатысушылардың түрлері, критерийлері және бөлінуінің жалпы сипаттамасы.Ұйымдастырушы, орындаушы, айдапсалушы және көмектесуші. Орындаушылардың түрлері. Орындаушылар мен басқа да қатысушылардың қылмыстық құқықтық мәртебесін жіктеу. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы және олардың әрекеттерін саралау ерекшеліктері.

Орындаушы өзiне тәуелсiз мән-жайлар бойынша қылмысты ақырына дейiн жеткiзбеген жағдайдағы қатысушылардың жауаптылығы

Қылмысқа қатысушылықтың түрлері мен нысандары. Қатысушылықтың жекелеген түрлерінің түсінігі мен белгілері. Қылмысты ұйымдасқан топпен, алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен, алдын ала сөз байласпаған адамдар тобымен және қылмыстық ұйыммен қылмысты жасау.

Қатысушылық нысандарының белгілері. Қатысушылардың жауаптылығының шегі және негізі. Қатысушылардың әрекеттерін саралау. Қатысуда жазаның және жауаптылықтың жекелігі. Тұлғалардың жекелеп қатысуы және қылмыстың ауырлататын және жеңілдететін жағдайларын қатысушылардың шегі. Қылмыстардың жекелеген түрлеріндегі қылмысқа қатысудың спецификасы.

Қылмысқа жанасушылық.

10. Iс-əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайлар

Iс-əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайлардың түсінігі және түрлері, олардың қылмыстық жауаптылықты және жазаны жоятын мән-жайлар жүйесіндегі орны.

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінде көрсетілген іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар.

Қажетті қорғану. Әрбір азаматтың субъективті құқығы ретіндегі қажетті қорғанудың түсінігі және мазмұны. Қажетті қорғанудың мәні. Қажетті қорғанудың құқықтылығының жағдайлары. Қажетті қорғану шегінен асып кетушілік, оның мәні. Асып кетушіліктің субъективтік жағы. Қажетті қорғану шегінен асып кетушілік үшін жауаптылық негіздері.

Аса қажеттілік: түсінігі және мазмұны. Аса қажеттіліктің құқықтық шарттары. Аса қажеттіліктің қажетті қорғанудан айырмашылығы.

Қылмыс жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру. Зиян келтірудің түсінігі және оның мазмұны. Қылмыс жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiрудің құқықтық шарттары.

Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеудің түсінігі және мазмұны. Күштеп мәжбүрлеудің салдарынан жасалған іс әрекеттің қылмыстылығын жоюдың шарттары. Психикалық мәжбүрлеудің салдарынан болатын қылмыстық жауаптылық.

Орынды тәуекел. Орынды тәуекелдің түсінігі және мазмұны. Орныды тәуелкел үшін жауаптылық. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу.

Бұйрықты немесе өкімді орындау: түсінігі және осы мән-жайлардың мазмұны.

11. Жазаның түсінігі және мақсаты. Жазаның түрлері және жүйесі

Қылмысық жазаның түсінігі, оның мәні мен белгілері. Жазаның құқықтық табиғаты және оның әлеуметтік қызметтері. Жазаның мазмұны. Жазаның басқа да мемлекеттік мәжбүрлеу шараларынан айырмашылығы. ҚР ҚК бойынша жазаның мақсаттары және олардың орындалуы. Жекелеген мақсаттардың мағынасы. Жазаның легитимділігі және шегі.

Жазаның түрлері туралы пікірталастар. Өлім жазасы туралы пікірталастар.

ҚР ҚК бойынша жазалардың жүйесі және оның мағынасы. Жазаның басқа да қылмыстық құқықтық сипаты бар шаралардан айырмашылығы. Жазаның түрлері: айыппұл салу; белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; абақтыда ұстау; бас бостандығынан айыру; өлiм жазасы. Негізгі және қосымша жазалар. Жекелеген жазалардың түрлерін тағайындаудың мазмұны және негіздері. Олардың қылмыстылықпен күресудегі рөлі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет