«Бекітілді» Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысында хаттама № 2012 ж



бет2/3
Дата23.02.2016
өлшемі0.52 Mb.
#3121
1   2   3

18. Құқықты жүзеге асыру

Құқықты жүзеге асырудың түсінігі, оның нысандары мен әдістері. Құқықты жүзеге асырудың тікелей (жай) нысандары. Құқықты сақтау, орындау және пайдалану. Құқықты қолдану – құқықты жүзеге асырудың күрделі нысаны. Құқықты қолданудың қажеттілігі туындайтын жағдайлар. Құқықты қолдану, оның белгілері және ерекшеліктері. Құқықты қолданудың сатылары. Құқықты қолдану үрдісіне қойылатын талаптар. Істің іс жүзіндегі мән-жайларын анықтау. Істің заңдық негізін анықтау. Құқықтық нормаларды таңдау және талдау. Құқықтық норманың растығын анықтау. Заңи біліктілік. Шешім шығару және оны рәсімдеу. Шешімді мүдделі тұлғаларға жеткізу. Құқықты қолданудың тиімділігі.

Құқықты қолдану субъктілері. Мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, мемлекеттің құқық қорғаушы органдары, қоғамдық ұйымдар. Құқықты қолдану актілері. Құқықты қолдану актісінің түсінігі және түрлері. Құқықты қолдану актілерін атқару. Құқықты қолдану актілерінің субъектілер бойынша топтастырылуы.

19. Нормативтік актілерді талқылау

Нормативтік-құқықтық актілерді талқылаудың түсінігі. Құқықтық нормалардың мазмұнын түсіну және түсіндіру. Талқылаудың түрлері. Ресми және бейресми талқылау. Нормативтік және казуалды түсіндіру. Аутентикалық, доктриналды, әдеттегі түсіндіру.

Құқықты талқылаудың субъектілері. ҚР Конституциялық Кеңесі. ҚР Жоғары Сотының Пленумы. Нормативтік-құқықтық актілерді қабылдайтын мемлекеттік органдар. Заңгерлер. Ғылыми қызметкерлер. Азаматтар.

Құқықты түсіндірудің тәсілдері: филологиялық, тарихи, логикалық, жүйелілік, саяси-тарихи. Көлемі бойынша құқықты түсіндіру: дәлме-дәл, шектелген және кеңейтілген құқықты түсіндіру. Құқықтағы олқылықтың түсінігі. Құқықтағы олқылықтың орнын толтыру тәсілдері. Құқық шығармашылық қызметі арқылы құқықтағы олқылықтың орнын толтыру. Құқықтағы ұқсастық институты. Заң ұқсастығы және құқық ұқсастығы. Ұқсастықты қолданудың шарты мен негізі.



20. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Құқықтық нигилизм

Құқықтық сана – қоғамдық сананың нысаны. Құқықтық сананың қоғамдық сананың өзге де саяси, құқықтық, өнегелік және діни нысандарымен арақатынасы. Құқық пен құқықтық сананың өзара әрекет ету нысандары. Құқықтық сананың құрылымы: құқықтық идеология және құқықтық психология. Субъектілер бойынша құқықтық сананың түрлері: қоғамдық, топтық және жеке құқықтық сана. Мазмұны бойынша құқықтық сананың түрлері: әдеттегі, кәсіби және теориялық құқықтық сана.

Тұлғаның әлеуметтік-құқықтық анықталуы. Құқықтық сана және зани маңызы бар мінез-құлық. Құқыққа сай мінез-құлықтың психологиясы. Қоғамның құқықтық мәдениеті және құқықтық сана. Құқықтық мәдениет: элементтері, мазмұны, әрекет ету аясы және нысандары. Құқықтық және саяси мәдениеттің арақатынасы. Құқықтық мәдениеттің жалпы сипаттамасы. Қоғамның құқықтық мәдениеті. Заңгердің құқықтық мәдениеті. Қоғмның құқықтық мәдениетін арттырудағы заңгерлердің кәсіби қауымдастығының рөлі. Құқықтық мәдениеттің функциялары: танымдық, бағалау және реттеушілік. Құқықтық мемлекетті, заң шығармашылық және құқық қолдану қызметтерін жетілдіруді қалыптастырудағы құқықтық мәдениеттің маңызы. Құқыққа құрмет және қазіргі кезде оның қалыптасу үрдістері.

Азаматтардың құқықтық санасының деформациясы. Тұлғаның құқықтық санасындағы құқықтық инфантилизм, нигилизм. Құқықтық нигилизм қоғамның жәй-күйі ретінде, құқықтық нигилизмнің себептері. Құқықтық нигилизмнің нысандары және олармен күресу жолдары. Азаматтардың құқықтық тәрбиесінің түсінігі, мазмұны және мақсаттары. Демократиялық қоғамда азаматтарды құқықтық тәрбиелеу механизмі, нысандары және құралдары.



21. Құқық және мінез-құлық. Құқыққа сай мінез-құлық

Құқықтық мінез-құлық. Құқыққа сай мінез-құлық. Тұлғаның мінез-құлқының мотивациясы және құқықтық фактор. Еркіндік, сана және олардың тұлғаның құқықтық өмірінде көріну нысандары. Құқықтық мінез-құлықтың түсінігі мен белгілері. Құқыққа сай мінез-құлықтың құрамы: объективтік және субъективтік тұстары. Құқыққа сай мінез-құлықтың ниеті. Құқыққа сай мінез-құлықтың түрлері. Құқыққа сай мінез-құлықтың психологиясы. Құқыққа сай мінез-құлықтың ниетін қалыптастыру факторы ретінде құқықтық құрылғы мен құқықтық мәдениет.



22. Құқық бұзушылық және заңды жауаптылық

Құқық бұзушылықтың түсінігі. Құқық бұзушылықтың заңды құрамы. Құқық бұзушылықтың субъектілері. Құқық бұзушылықтың объективтік және субъективтік жақтары. Кінәнің нысандары. Құқық бұзушылықтағы зиян мен себепті байланыс.

Құқық бұзушылықтың негізгі белгілері. Құқық бұзушылықтың түрлері. Қылмыстылықтың, сонымен қатар өзге де құқық бұзушылықтардың әлеуметтік табиғаты мен себептері.

Заңды жауаптылық: түсінігі мен негізгі белгілері. Құқық бұзушылық – заңды жауаптылық үшін негіз. Заңды жауаптылықтың моральдік және саяси жауаптылықтан айырмашылығы. Заңды жауаптылық және құқықтық санкциялар.

Заңды жауаптылықтың түрлері. Заңды жауаптылықтан босату негіздері. Кінәсіздік презумпциясы, оның мазмұны. Қажетті қорғану және аса қажеттілік заңды жауаптылықтан босату негізі ретінде.

23. Заңдылық, құқықтық тәртіп, тәртіп. Құқықтық реттеу механизмі.

Заңдылықтың түсінігі. Заңдылықты қамтамасыз етудегі Конституцияның орны мен рөлі. Конституциялық заңдылық – заңдылық пен құқықтық тәртіптің негізі.

Қазіргі мемлекеттерде заңдылықтың бұзылуы: себептері, нысандары, күресу жолдары. Заңдылық және бағынбаушылық. Тоталитарлық мемлекеттерде заңдылықтың бұзылу нысандары.

Құқықтық тәртіптің түсінігі. Құқықтық тәртіп пен қоғамдық тәртіп. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің кепілдіктері мен әдістері. Тәртіптің түсінігі. Заңдылық пен тәртіп. Тәртіптің түрлері. Атқарушылық тәртіп, оның мемлекеттік аппарат қызметіндегі маңызы. Технологиялық тәртіп. Кәсіпкерлік қызметтегі тәртіп.

Құқықтық реттеу мен құқықтық ықпал ету. Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі. Құқықтық реттеу механизмінің сатылары мен негізгі элементтері. Құқықтық реттеу үрдісіндегі құқық нормасының, заңды фактілердің, құқықтық қатынастардың, құқық қолданушылық қызметтің актілерінің рөлі.

Құқықтық реттеу механизмінің тиімділігі және құқықтық реттеу механизмінің тиімділігіне әсер ететін факторлар.


Пән «Азаматтық құқық»

1. Кіріспе. Азаматтық құқық оқу пәні ретінде

Азаматтық құқық құқық саласы жүйесiнде. Азаматтық-құқықтық реттеу пәнi. Мүліктік қатынастар, мүліктік емес өзіндік қатынастар.

Азаматтық-құқықтық реттеу әдiсi. Азаматтық құқықтың негiзгi қағидалары.

Азаматтық құқық және азаматтық заңдар. Қазақстан Республикасының аумағында әрекет етеiн негiзгi азаматтық заңнамалар, олардың арақатынасы. Азаматтық заңдардың әрекет етуi. Халықаралық мәмілелер және азаматтық заңдар. Әдет-ғұрыптар және іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар-азаматтық құқығының қайнар көзі.

Азаматтық құқықтағы мерзімдер. Талап мерзімдері.

2. Жеке тұлғалар азаматтық құқытың субъектісі ретінде

Жеке тұлға туралы ұғым. Құқыққабілетттілік туралы түсінік және оның мазмұны. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқық қабілеттілігі.

Құқыққабілеттілікке шек қоюға жол бермеу. Әрекет қабілеттілігін шектеу ерекшеліктері.

Қорғаншы және қамқоршы. Тұрғылықты жер және оның заңи маңызы.

Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану және оның салдары. Азаматты өлді деп жариялау және оның салдары.

3. Заңды тұлға, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық құқықтың субъектісі ретінде

Заңды тұлға туралы түсінік және оның белгілері, пайда болуы.

Заңды тұлғаны тоқтату және қайта құру.

Заңды тұлғаның түрлері. Коммерциялық, коммерциялық емес заңды тұлғалар.

Коммерциялық ұйымдардың түрлері мен ерекшеліктері. Коммерциялық емес заңды тұлғалардың құқықтық ерекшеліктері.

Мемлекет және аумақтық-әкiмшiлiк бөлiнiстер азаматтық құқық субъектiсi ретiнде.



4. Азаматтық құқығының обьектілері

Азаматтық құқығының объектілері туралы түсінік және оның түрлері. Мүлік - азаматтық құқығының объектісі. Мүліктің классификациясы.

Қызмет және басқа әрекеттер-азаматтық құқығының оъектілері. Интеллектуалдық қызметтің нәтижелері-азаматтық құқытың обьектілері ретінде.

Ақша және басқа да шетел валютасы.

Бағалы қағаздар. Түсінігі және түрлері.

Өзіндік мүліктік емес игіліктер-азаматтық құқығының обьектісі ретінде.



5. Мәміле институты

Азаматтық құқықтағы мәмілелер ұғымы және олардың түрлері.

Мәміленің нысаны.

Мәмілелердің жарамдылық мәмілелері. Мәміленің жай жазбаша нысанын сақтамаудың салдары.

Жарамсыз мәмілелер түсінігі, түрлері.

6. Өкілдік және сенімхат

Өкілдік түсінігі мен түрлері. Өкілдіктің пайда болу негіздері.

Коммерциялық өкілдік және оның ерекшеліктері. Сенімхат түсінігі мен түрлері. Сенімхаттың жарамдылық жағдайлары. Сенім ауысу.

7. Меншік институты

Меншік құқығы туралы түсінік және оның мазмұны.

Меншік нысаны. Жеке меншік және мемлекеттік меншік. Мемлекеттік меншік және жекешелендіру.

Жеке меншік және оның түрлері.

Меншік құқығының пайда болу негіздері мен тәсілдері. Мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі. Меншік құқығының ерікті түрде тоқтатылуы.

Ортақ меншік ұғымы және түрлiк сипаттамасы.

Меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық тәсілдері. Меншік иесінің Ұзгеден заңсыз иеленген мүлкін талап етуі. /Виндикациялық талап/. Заттарды заңсыз иеленуден қайтарып алу кезінде есеп айырысу. Меншік иесі құқықтарын иеленуден айыруға байланысы жоқ бұзылудан қорғау. /Негаторлық талап/. Меншік құқығын қорғаудың басқа да тәсілдері.

8. Міндеттеме түсінігі және тараптары

Міндеттемелік құқық ұғымы мен жүйесі. Міндеттеме туралы түсінік және оның басқа мүліктік қатынастардан ерекшелігі. Міндеттеменің пайда болу негіздері. Мәмілеты жне мәмілесыз міндеттемелер. Міндеттемедегі көпжақтылық. Ортақ, үлестік және субсидиарлық міндеттемелер. шінші жақтың қатысуымен болатын міндеттемелер. Регресстік міндеттемелер. Үшінші жақтың пайдасына орындалатын міндеттеме. Міндеттемеде тараптардың ауысуы. Міндеттемені орындау ұғымы. Міндеттемені орындаудың бастаулары. Міндеттемені орындау мерзімі. Міндеттемені мерзімінен бұрын орындау. Міндеттеме орындалатын жер. Міндеттемені бөлшектеп орындау. Міндеттемені үшінші жаққа орындау. Ақшалай міндеттемені орындау. Міндеттеменің орындалғанын куәландыру.



9. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету туралы түсінік және оның маңызы. Тұрақсыздық төлем және оның түрлері. Кепіл түсінігі және түрлері. Кепіл болушылық және кепілдік, бір-бірінен айырмашылығы. Кепілпұл. Ұстап қалу құқығы. Міндеттемені тоқтату негіздері.



10. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі және негіздері. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің құқықтық жауапкершілік жүйесінде алатын орны. Заңға қайшы әрекет, залал, кінә және себепті байланыс- азаматтық құқықтық жауапкершіліктің мәмілелеры ретінде. Азаматтық құқықтық жауапкершілік түрлері. үлестік, ортақтасқан және субсидиалық жауапкершіліктің түсінігі мен ерекшеліктері. Аралас жауапкершілік. Регресстік жауапкершілік. Моральдық шығындарды өтеудің ерекшеліктері.



11. Сатып алу-сату шартын құқықтық қамтамасыз ету. Сатып алу-сату шартының түрлік сипаттамасы

Сатып алу-сату шартының түсінігі және маңызы, сипаттамасы. Сатып алу-сату шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері. Мүлікті беру мерзімі, саны, сапасы бойынша шарттың талаптарын бұзған кездегі тараптардың жауапкершілігі. Кепілді мерзім және кепілді мерзімді есептеу тәртібі. Тауардың жарамдылық мерзімі. Сатушының шартты орындау сәті. Сатып алынған мүлікке сатып алушының меншік құқығының пайда болуы. Тауардың кездейсоқ бүліну немесе кездейсоқ жойылу қаупінің сатып алушыға ауысуы.

Бөлшек сатып алу-сату шартын құықтық реттеудің ерекшеліктері.

Тауар жеткізілімі шартының жалпы сипаттамасы. Тауар жеткізілімі шарты талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік.Тауар жеткізілімі шартын орындаудан бір жақты бас тарту негіздері.

Энергиямен және басқа қормен жабдықтау шарттары. Үй, ғимараттарды сату. Кәсіпорындарды сатып алу, сату.

Айырбас шарты. Айырбас шартының түсінігі, шартты құқықтық реттеу.

Сыйға тарту шартының түсінігі және маңызы. Сыйға тарту шартының жалпы сипаттамасы. Қайырмалдық.

12. Мүлікті жалдау шарты. Мүлікті жалдау шартының түрлік сипаттамасы

Мүлік жалдау шартының түсінігі, мазмұны. Мүлік жалдау шарты бойынша тараптардың құқтары мен міндеттері.

Қосымша жалға беру. Мүлікті жалдау шартын орындау. Жалға алушылардың мүлікке жасаған жақсартуларының құқықтық салдары.

Мүлік жалдау шартының түрлік сипаттамасы.Тұрмыстық прокатты құқықтық реттеудің ерекшеліктері. Үйлер мен ғимараттарды жалдау.

Мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жалдаудың құқықтық ерекшеліктері.

Лизингтік қатынастардың құқықтық табиғаты.

Транспорт құралдарын жалдаудың құқықтық реттелуі. Транспорт құралдарын жалдаудың түрлік сипаттамасы.

13. Мердігерлік шартын құқықтық реттеу

Жұмысты орындауға бағытталған міндеттемелердің түсінігі және жүйесі. Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы. Мердігерлік шартын орындамаған және тиісінше орындамаған және орындамаған кездегі тараптардың жауапкершілігі.

Мердігерлік шартының түрлік сипаттамасы. Күрделі құрылысқа мердігерлік шарты.

Тұрмыстық мердігерлік шартының ерекшеліктері.

Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерліктің ерекшеліктері. Ғылыми зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерліктің ерекшеліктері.

Өтелмелі қызмет көрсету шарты,құқықтық ерекшеліктері, мердігерлік шартынан айырмашылығы.



14. Тасымалдау шарты

Қазақстан Республикасының заңдары бойынша көлік түрлері. Тасымал, көлік ұйымы, шаруашылық айналымдағы құқықтық жағдайы. Тасымал түрлері, оларды құқықтық реттеу.

Тасымал шартының түсінігі, жүйесі, түрлік сипаттамасы. Тасымал шартының түсінігі, жасалуы және рәсімделуі. Тасымал шартының орындалуы. Жүкті тасымалдау шартының ерекшеліктері. Жолаушыларды тасымалдау шартының ерекше белгілері.

Тасымалдау шарты бойынша наразылық беру және талап қою ерекшеліктері. Көлік экспедициясы шартының түсінігі, ерекше белгілері.



15. Сақтандыру

Сақтандыру бойынша міндеттемелердің түсінігі, құқықтық реттелуі. Сақтандыру бойынша міндеттемелердің мазмұны, түрлік сипаттамасы.

Сақтандыру қатынастарындағы негізгі түсініктері. Сақтандыру шартының түсінігі, мазмұны және түрлері.

Сақтандыру шарттарын тиісінше орындамаған кездегі тараптардың Сақтандыру шартының жалпы сипаттамасы. шінші жақтың пайдасына жасалатын сақтандыру шарты. Сақтандыру міндеттемелерінің орындалуы жауапкершілігі. Сақтандыру шартының тоқтатылу негіздері. Сақтандыру шартын жарамсыз деп тану, құқықтық салдары.



16. Есеп- айырысу, несие қатынастары

ҚР есеп-айырысу қатынастарының түсінігі, негізгі принциптері. Есеп-айырысу қатынастарын құқықтық реттеу. ҚР-дағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың түрлік сипаттамасы. Банктік қызмет ету шарты, түсінігі, жалпы сипаттамасы, түрлері.

Банктік шот, банктік салым шарттары. Несие қатынастары. Түсінігі, несиелесу түрлері. Несие ресурстарының қайтарылуын қамтамасыз ету.

Қарыз шартының нысаны. Қарыз шартының мазмұны және орындалуы.



17. Юридикалық /заңи/ және нақты қызмет көрсету туралы шарттар

Заңи және нақты қызмет көрсету кезінде пайда болатын азаматтық-құқықтық қатынастар.

Тапсырма шартының түсінігі және мазмұны.Тапсырма шартының тараптары, оның нысаны.Коммерциялық өкілдіктің құқықтық нысаны.Тапсырма шартының басқа ұқсас шарттардан айырмашылығы.

Комиссия шарты, түсінігі, маңызы.Комиссия шартының мазмұны және орындалуы. Комиссия шартының түрлері.

Сақтау шарты, түсінігі, мазмұны.Сақтау шартының субьектілері, пәні, мерзімі және нысаны. Шартты орындамаған және тиісінше орындамаған кездегі тараптардың жауапкершілігі.

18. Конкурстық міндеттемелер

Бір жақты әрекеттерден пайда болатын міндеттемелердің түсінігі.Бір жақты міндеттемелердің түрлік сипаттамасы.

Сыйақыға жария уәде беру міндеттемелері. Біржақты мәмле ретіндегі сыйақыға жария уәде беру шартының түсінігі. Лотерея, тотализатор және өзге де ойындар өткізу ерекшеліктері. Тендер және аукцион өткізу ерекшеліктері, құқықтық салдары.

Конкурстан пайда болатын міндеттемелердің орындалуы.



19. Зиян келтіру салдарынан пайда болатын міндеттемелер

Зиян келтіру келтіру салдарынан пайда болатын міндеттемелердің түсінігі және шарттары. Зиянды өтеу мөлшерінің көлемі, сипаттамасы. Моральдық зиянды өтеу.

Мемлекеттік органдардың әрекетінен, жергілікті басқару органдарының және лауазымды адамдардың әрекетінен келтірілген зиян үшін жауапкершілік.

Адам өміріне, денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапкершіліктің ерекшеліктері. Тауарлардың, жұмыстардың қызмет көрсетулердің жеткіліксіздігі салдарынан келтірілген зиянды өтеуі.



20. Интеллектуалдық меншік құқығы. Жалпы ережелер.

Творчестволық қызмет және оның азаматтық құқықтағы ролі. Интеллуалдық меншік құқығының түсінігі, ерекшеліктері. Өндірістік меншік құқығы. Творчестволық қызметті құқықтық қамтамасыз ету. Творчестволық қызметтің нәтижесін азаматтық құқықтық қорғау институттары.

Интеллектуалдық меншік объектілеріне айрықша құқық. Олардың әрекет еті мерзімдері. Айрықша құқықтарды қорғау әдістері. Селекциялық жетістіктерге құқық, олардың қорғалуы, мерзімі.

Авторлық құқық объектілерінің түсінігі және белгілері. Авторлық құқық субъектілері. Авторлық шарт. Сабақтас құқық.



21. Өнертабыс, пайдалы модель, өндірістік үлгіге құқық. Тауарлар мен қызметтер азаматтық айналымының қатысушыларын дараландыру құралдары

Өнертабыс, пайдалы модель, өндірістік үлгінің ұғымы. Өнертабыс, пайдалы модель, өндірістік үлгіні пайдалануды құқықтық қамтамасыз ету. Патент түсінігі мен түрлері.

Қызметтік өнертабыс, пайдалы модель, өндірістік үлгі.

Тауарлар мен қызметтер азаматтық айналымының қатысушыларын дараландыру құралдарының ұғымы. Фирмалық атау.

Тауардың шығу жері, атауы. Тауар және қызметтер азаматтық айналымы қатысушыларының дараландыру құралдарын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік.

22. Мұрагерлік құқық.

Азаматтардың меншігіне деген мұрагерліктің түсінігі мен мазмұны. Мұрагерлік құқықтың негізгі ұғымдары. Мұрагерліктің түсінігі, мазмұны және түрлері. Мұраға ие бола адмайтын азаматтар. Мұрагерлік құқық иемденушіліктің объектілері (мұра құрамы).

Өсиет бойынша мұрагерлік. Өсиет - бір тарапты мәміле, оның жасалу нысаны. Өсиетті жою. Легат. Өсиетті орындау. Заң бойынша мұрагерлік. Заң бойынша мұрагерлер. Заң бойынша мұрагерліктің тәртібі. Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлік. Мұрадағы міндетті үлес. Мұрагерлікті қорғау. Мұраны алудың тәртібі мен құқықтық салдары. Мұра қалдырушының міндеттемелері бойынша несие берушілердің мұрагерлерге қоятын талабы
Пән «Қылмыстық құқық»

1. Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні, мақсаты, қағидалары және жүйесі.

Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні және әдісі. Қылмыстық құқықтың мақсаты және қызметі. Қылмыстылыққа қарсы күрес аясындағы мемлекеттің қылмыстық саясаты.

Қылмыстық құқықтың жүйесі. Қылмыстық құқықтың түсінігі және жүйесі. Жалпы және Ерекше бөлімдер. Заңнамадағы және құқық жүйесіндегі қылмыстық құқықтың орны. Қылмыстық құқықтың басқа аралас құқық салаларымен ара қатынасы.

Қылмыстық құқық ғылымы, оның мазмұны және мақсаты. Қылмыстық құқық ғылымының әдістері, оның тәжірибемен байланысы.

Қылмыстық құқық қағидалары. Қылмыстық құқық қағидаларының түсінігі және жүйесі.

2. Қылмыстық заң

Қылмыстық заңның түсінігі, оның негізгі және ерекше белгілері. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың қайнар көзі ретінде. Қазақстан Республикасының Конституциясы және қылмыстық заңнамасы. Халықаралық құқықтың нормалары мен жалпыға танылған қағидалары және қолданыстағы заңнамалар. Сот тәжірибесі қылмыстық заңнаманың қайнар көзі ретінде.

Қолданыстағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жалпы сипаттамасы. Әрекеттегі ҚР ҚК-нің құрылымы және жүйесі: Кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімдері. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің мазмұны және жүйесі. Жалпы және Ерекше бөлімдердің бірлестігі.

Жалпы және Ерекше бөлімдердің баптарында көзделген қылмыстық-құқықтық нормалардың құрылымы. Гипотеза, диспозиция және санкцияның түсінігі. Қылмыстық-құқықтық диспозицияның және санкцияның түрлері.Қылмыстық-құқықтық норма және ҚК-тің баптары. Қылмыстық-құқықтық нормалардың мазмұны, белгіленуі. Қылмыстық заңның бланкеттік диспозицияларын толтыратын құқықтық нормалардың құқықтық табиғаты.

Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші. Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмысқа қатысты қылмыстық заңның күші. Аумақ ұғымы. Континенталдық шельфте және ерекше экономикалық аумақта жасалған қылмысқа қатысты қылмыстық заңның күші. Су және әуе көлігінде қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты қылмыстық заңның күші. Иммунитет мәселесі.

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты қылмыстық заңның күші. ҚР әскери қызметкерлерінің жауаптылығы.

Қылмыстық заңның мезгілдегі күші. Қылмыстық заңның кері күші: түсінігі және шектері. Қылмыстық заңды түсіндіру. Түсіндіру түрлері. Қылмыс жасаған тұлғаларды беру мәселесі

3. Қылмыс ұғымы

ҚР ҚК-і бойынша қылмыстың түсінігі. Қылмыстың әлеуметтік табиғаты. Қылмыс деп танылатын әрекеттерлің тарихи өзгермелі сипаты. Қылмыс белгілері әрекетке баға берудің міндетті бағдарламасы ретінде. Құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылық. Қылмыстың материалды және формалды түсінігі. Қылмыс, қылмыс құрамы. Әкімшілік преюдиция.

Қылмыстың дәрежесі. Жіктеу критерийлері және олардың әлеуметтік анықталуы.

4. Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері

Қолданыстағы ҚК-те көзделген қылмыс құрамының барлық белгілерін қосатын тұлғаның әрекетті жасағандығы жайлы түбегейлі ереженің қылмыстық заңда бекітілуі- қылмыстық жауаптылықтың біртұтас және жалғыз негізі ретінде ( ҚК 10-бабы).

Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі және мазмұны. Қылмыстық- құқықтық қатынастардың түсінігі, мазмұны және субъектілері. Қылмыстық жауаптылықтың пайда болуы, оны жүзеге асыру және тоқтату нысандары. Қылмыстық құқық ғылымындағы қылмыстық жауаптылықтың түсінігіне, мазмұнына және оны жүзеге асыруға байланысты пікірталастық сұрақтар.

5. Қылмыс құрамы

Қылмыс құрамының түсінігі. Қылмыс құрамы және қылмыс түсінігі. Қылмыс құрамының қызметтері.

Қылмыс құрамының элементтер. Қылмыс құрамының объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы. Негізгі (міндетті) және факультативті (қосымша) белгілер.

Қылмыс құрамының түрлері. Оларды түрлерге бөлу критерийлері: а) қоғамға қауіптілік дәрежесі бойынша; ә) құрылымы бойынша және б) заңнамалық негізі бойынша.



6. Қылмыстың объектісі

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша қылмыс объектісінің түсінігі. Қылмыстың қауіптілік дәрежесін және құрамын анықтаудағы объектінің маңызы. Қылмыс объектісі жайлы пікір талас. Құқықтық игілік пен қоғамдық қатынастар қылмыс объектісінің жалпы сипаттамасы ретінде.

Жалпы, топтық және тікелей объектінің түсінігі. Негізгі, қосымша және факультативті объектілер. Жекеленген қылмыс құрамдарында объектілерді сипаттаудың тәсілдері. Объектілерді жіктеудің мәні.

Қылмыс затының түсінігі және оның объектіден айырмашылығы. Қылмыстан жәбір көргеннің түсінігі және оның қылмыстық құқықтық мәні.



7. Қылмыстың объективтік жағы

Қылмыстық құқықтағы қылмыстың объективтік жағының түсінігі, мазмұны және мәні. Қылмыстық заңнамадағы қылмыстық объективтік жағы. Қылмыс құрамының қажетті және факультативті белгілері. Олардың пәндік мазмұны және қылмыстық құқықтық бағасы. Оларлы сипаттаудың анықтылығы. Қоғамға қауіпті әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) тұлғаның мінез-құлқының сыртқы көрінісі ретінде.Қылмыстық құқықтық әрекеттің түсінігі және оның белгілері. Әрекетсіздік үшін қылмыстық жауаптылықтың ерекшеліктері. Тойтарылмайтын күштің, физикалық және психикалық мәжбүрлеудің түсінігі және олардың қылмыстық жауаптылық үшін маңызы.

Қоғамға қауіпті зардаптар, олардың қылмыстық құқықтық мәні. Зардаптардың түрлері. Олардың қылмыстық заңда бейнеленуі. Формальды және материалды құрамдар. Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс: түсінігі және мәні. Себепті байланыстың объективті сипаты. Ұлттық және шет елдер қылмыстық құқығындағы себепті байланыстың теориялары. Қылмыстың объективтік жағының факультативті белгілері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет