Қазақстан Республикасында жұмыссыз халық арасындағы қылмыстылықтың жағдайы туралы 10 жылдық статистикалық деректердің талдауы Астана қ. 24 ақпан 2012 жыл



Дата23.02.2016
өлшемі105.64 Kb.
#3455


Қазақстан Республикасында жұмыссыз халық арасындағы қылмыстылықтың жағдайы туралы 10 жылдық статистикалық деректердің талдауы

Астана қ. 24 ақпан 2012 жыл
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстандағы жұмыссыз халық арасындағы қылмыстылықтың деңгейі туралы 10 жылдық (2001-2011 жылдар) статистикалық деректердің талдауын әзірледі.

Осы талдауды құрастыруда Комитет және Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің ресми статистикалық деректері және Ғаламтор желісінде орналасқан монографиялар, баптар мен ғылыми жұмыстар қолданылды.

Әлемдік қауымдастықта болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер қоғамдық өмірдің көптеген салаларындағы әлеуметтік тұрақсыздық пен қарбаластықты туғызады, бұл қылмыстылық пен жұмыссыздық деңгейіне ерекше әсерін тигізеді.



Ірі елдердің көпшілігі дүниежүзілік экономикалық дағдарысты қиындықпен жеңді, бұл жұмыссыздық деңгейінің өсуіне ықпал етті. (№1 кесте).
№1 кесте

Жекелеген әлем елдеріндегі жұмыссыздық деңгейі





2001ж.

2002ж.

2003ж.

2004ж.

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

2010ж

Еуропа Одағы

8,5

8,9

9,0

90,1

8,9

8,2

7,1

7,0

9,0

9,6

Үлкен жетілік елдері (Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, АҚШ, Франция, Жапония)

5,9

6,5

6,6

6,4

6,2

5,8

5,5

5,9

8,0

8,1

Түркия

8,4

10,3

10,5

10,3

10,2

9,9

9,9

10,8

14,0

11,9

Ресей

10,9

9,6

9,1

8,6

7,2

6,8

6,4

6,4

8,8

7,5

Қазақстан Республикасы

10,4

9,3

8,8

8,4

8,1

7,8

7,3

6,6

6,6

5,8

Қазақстан жұмыссыздық деңгейінің төмендеу динамикасын тұрақты жалғастыра алды.

Агентіктің статистикалық деректері бойынша, соңғы 10 жыл ішінде елдің экономикалық белсенді халқының саны (15 жастан және жоғары) 7479,1-ден 8906,4 мың адамға дейін өсті, яғни 19,1%-ға, ал жұмыссыздардың саны, керісінше 780,3-тен 477,3 мың адамға дейін төмендеді, яғни 38,8%-ға. (№1 диаграмма).

1 диаграмма



Экономикалық белсенді халықтың жалпы санына

жұмыссыз халық санының арақатынасы

Аймақ бөліктерінде соңғы 3 жылда елде экономикалық белсенді халық санының өсуі іс жүзінде барлық жерлерде тіркелді.

Сонымен, 2011 жылдың динамикасында 2010 жылға қатысты жоғары көрсеткіштер Маңғыстау (19,4%), Қызылорда (11,2%) және Алматы (11%) облыстарында байқалады.

Барлық жердегі жұмыссыздар санының 38,3%-ға төмендеуі бойынша (жалпы республика бойынша), елдің 3 аймағында өсу байқалады: Қызылорда (2,7%), Маңғыстау (7,8%) және Оңтүстік Қазақстан облыстарында (3,1%) (№2 диаграмма).

2 диаграмма

Аймақ бөліктеріндегі жұмыссыз халық (мың адам)

Осымен бірге, жұмыссыз халық арасындағы қылмыстылықтың деңгейі теріс көрсеткіштерге ие.

Сондай-ақ, қылмыс жасаған жұмыссыз адамдардың үлес салмағы жұмыссыздардың жалпы санынан, 2004 жылдан бастап тұрақты өсу динамикасына ие (№3 диаграмма).


3 диаграмма

Жұмыссыздардың жалпы санына қылмыс жасаған

жұмыссыздар санының арақатынасы


Осылайша, 2007 жылдан бастап жұмыссыз халық арасынан қылмыстылықтың елеулі өсуі байқалады (үлес салмағы 9,7% - дан 13,4%-ға өсті).

Аталған көрсеткіштің елеулі өсуі (+2,2%-ға) 2010 жылы 10,5%-дан (2009 жылы) 12,7%-ға дейін болды.

Жалпы, елдегі және аймақ бөліктеріндегі 2010-2011 жылдардың көрсеткіштері келесі сипаттарға ие.

2011 жылы республика бойынша барлығы, қылмыс жасаған 83702 адам анықталды, ол 2010 жылға қарағанда (84410) 0,8%-ға аз.

2011 жылы ең жоғары көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында– 10631 адам (2010 жылы - 10498), ал ең төменгі – Маңғыстауда – 1850 (2163) тіркелді.

Осымен бірге, қылмыс жасаған адамдардың жалпы санының төмендеу сипатында, жұмыссыздардың үлес салмағының да көбеюі байқалады.

Сондай-ақ, 2011 жылы анықталған адамдардың жалпы санынан 64111 (63337) немесе 76,6% (75%) – жұмыссыздар.

Аймақ бөліктерінде жағдай келесідей бейнеленген (№4 диаграмма).


№4 диаграмма
Қылмыс жасаған жұмыссыздар анықталды

Сонымен, жұмыссыз халық арасындағы қылмыстылық дәрежесі Астана қ. (+16,7%), Ақмола (+10,4%), Ақтөбе (+6,1%), Қостанай (+9,4%) және Солтүстік Қазақстан (14,2%) облыстарында ауырланды.

2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда, қылмыс жасаған жұмыссыз адамдар санының елеулі төмендеуі Батыс Қазақстан (-13,5%) және Маңғыстау (-11%) облыстарында тіркелді.

2011 жылы қылмыс жасаған адамдардың жалпы санынан жұмыссыздардың үлес салмағы Қостанай обылысынан басқа (69,1%, керісінше 2010 жылы 69,2%) барлық аймақтарда өсу динамикасына ие (№5 диаграмма).

№5 диаграмма


Қылмыс жасаған адамдардың жалпы санынан

жұмыссыздардың үлес салмағы

Осылайша, Атырау облысында жағдай нашарлады, онда 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда, аталған көрсеткіштің айырмашылығы +4,5% (70,4%-дан 74,9%-ға дейін) құрады, сондай-ақ Ақтөбе +3,5% (76%-дан 79,5%-ға дейін), Қызылорда облыстарында +3,4% (73,8%-дан 77,2%-ға дейін) және көліктік аймақта +3,9% (64,2%-дан 68,2%-ға дейін).

Осымен қатар, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі қылмыстылық деңгейіне, әсіресе экономикалық белсенді халық ішінен қылмыс жасаған адамдар санының көрсеткішіне (15 жастан және жоғары) елеулі кері әсер ететіндігін ескертіп қойғанымыз жөн.

Сонымен, Ақтөбе, Алматы және Атырау облыстарында ең жоғары халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі тіркелінді және елеулі төмен қылмыстылықтың деңгейі (аймақтың экономикалық белсенді халқы санынан қылмыс жасаған адамдар санының көрсеткіші) (№6 диаграмма).


6 диаграмма

2011 жылдағы халықтың экономикасында жұмыспен қамтылған санынан, қылмыстарды жасаған, адамдар санының үлес салмағы



2011 жылы жұмыссыз адамдар жасаған қылмыс құрамдарының санаттары, ауыр емес қылмыстардың 2% орташа ауырлықтағы санатына ауысуы 2010 жылға қарағанда өзгерді (№7 диаграмма).
7 диаграмма
Жұмыссыз адамдар жасаған қылмыс құрамдарының санаттары
2011 жыл 2010 жыл

Осылайша, 2011 жылы жұмыссыз адамдар жасаған неғұрлым ауыр санаттағы қылмыстар санының өсу динамикасы байқалады (№2 кесте).

2-кесте


ҚР ҚК

Жасалған барлық қылмыстар (адамдар бойынша)

Олардың ішінен жұмыссыз адамдар жасады (адам)

Үлес салмағы (%)

Қылмыстардың барлығы

83702

64111

76,6%

Жеке басқа қарсы (ҚК 1 т.)

6515

5067

77,8%

Жеке меншікке қарсы (ҚК 6 т.)

58428

46612

79,8%

Экономикалық қызмет саласында (ҚК 7 т.)

1314

382

29,1%

Олардың ішінен: экономикалық контрабанда (209 б.)

211

138

65,4%

Қоғамдық тәртіпке және қоғамдық қауіпсіздікке қарсы (9 т.)

8068

6113

75,8%

Олардың ішінен: бұзақылық (257 б.)

7047

5395

76,6%

Адамгаршілікке және денсаулыққа қарсы

2534

2239

88,4%

Есірткіні заңсыз жасау, сақтау, тарату (259 б.)

2264

2039

90,1%

Көліктік қылмыстар (ҚК 12 т.)

2250

1580

70,2%

оның ішінде: көлік құралдарын пайдалану және ЖЖЕ бұзуы (296 б.)

2176

1543

70,9%

Талдау көрсеткендей, қылмыстардың 90,1%-ы есірткіні заңсыз жасаумен, сақтаумен, таратумен (ҚР ҚК 259 б.) байланысты, 77,8% - жеке басқа қарсы (ҚР ҚК 1 т.), 75,8% - қоғамдық тәртіп және қоғамдық қауіпсіздікке қарсы (ҚР ҚК 9 т.), бұл осы санаттағы халықтың теріс құндылық бағыттарының белгісі болып табылады.

Сонымен қоса, оларды жеке басқа қарсы қылмыстардың баптар бойынша құрылымы дәлелдейді (№8 диаграмма).

8 диаграмма
2011 жылғы жұмыссыз адамдар жасаған

жеке басқа қарсы қылмыстардың құрылымы

Материалдық құндылықтарды табудың заңсыз тәсілдері, қылмыс жасауға бейім адамдардың пікірлері бойынша, «қарапайымдардың» бірі болып табылады.

Сондай-ақ, меншікке қарсы қылмыстардың құрылымы 2011 жыл бойынша келесідей (№9 диаграмма).

9 диаграмма


Жұмыссыз адамдар жасаған

меншікке қарсы қылмыстардың құрылымы

Жүргізілген талдау Қазақстанда 10 жылдағы (2001-2011 жылдары) жұмыссыз халық арасындағы қылмыстылықтың деңгейі келесідей сипатталатынын көрсетті:

- елде экономикалық белсенді халықтың іс жүзінде барлық жердегі өсуін, әсіресе Маңғыстау (19,4%), Қызылорда (11,2%) және Алматы облыстарында (11%);



- жұмыссыз адамдар санының 38,8% барлық жердегі (жалпы Республика бойынша), Қызылорда (+2,7%), Маңғыстау (+7,8%) және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан (+3,1%) басқасы төмендеуін;

- 2011 жылы қылмыс жасаған жұмыссыз адамдар санының Астана қ. (+16,7%), Ақмола (+10,4%), Ақтөбе (+6,1%), Қостанай (+9,4%) және Солтүстік Қазақстан (14,2%) облыстарында өскенін.
Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу

жөніндегі комитеті



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет