«бекітілген» Құрылтай жиналысының 2012 жылғы «21» сәуірдегі хаттамасы



жүктеу 250.32 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі250.32 Kb.
«БЕКІТІЛГЕН»

Құрылтай жиналысының

2012 жылғы «21» сәуірдегі хаттамасы

«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы

Академия түлектерінің қауымдастығы»

Қоғамдық бірлестігінің

ЖАРҒЫСЫ


Астана қаласы – 2012 ж.

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жоғары оқу орындары түлектерінің Қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – Қауымдастық) коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 119 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделі Тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Жарғыға (бұдан әрі – Жарғы) сәйкес жүзеге асырады.
1.2. Қауымдастық Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін жалпы мақсаттарға қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтары – Қазақстан КП ОК Жоғары партия мектебінің, Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот академиясының (бұдан әрі – Академия) түлектерін, білім алушыларды, және Қазақстан Республикасының басқа азаматтарын, атап айтқанда аталған оқу орындарында қайта даярлаудан өткен азаматтарды ерікті негізде біріктіретін ұйым болып табылады.
1.3. Қауымдастықтың атауы:
Мемлекеттік (қазақ) тіліндегі толық атауы – «Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Академия түлектерінің Қауымдастығы»;
Орыс тіліндегі толық атауы – «Ассоциация выпускников Академии при Президенте Республики Казахстан»;
Ағылшын тіліндегі толық атауы – «Alumni Association of Higher Educational Institutions under the President of the Republic of Kazakhstan»;
Мемлекеттік (қазақ) тіліндегі қысқартылған атауы – «ҚРПАТҚ»;
Орыс тіліндегі қысқартылған атауы – «АВАПРК»;
Ағылшын тіліндегі қысқартылған атауы – «AAHEIPRK».
1.4. Қауымдастықтың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қ., 010000, Абай даңғылы, 33 «a».
1.5. Қауымдастықтың дербес балансы, банктік есепшоты, мөрі, Қауымдастықтың мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі атауы, сондай-ақ басқа реквизиттері жазылған мөртабаны мен бланкілері бар. Қауымдастықтың жеке эмблемасы (логотипі), туы, әнұраны, өзге де айырым белгілері бар.

1.6. Қауымдастық мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлға құқығына ие болады, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденеді және жүзеге асырады, жауапты болады, сотта талапкер мен жауапкер бола алады, меншік құқығында жеке мүлкін иемденеді.


1.7. Қауымдастық өзін-өзі басқару, жариялылық, басшылықтың алқалығы қағидаттарына сай әрекет етеді.
1.8. Қауымдастық толық құқық қабілеттілігіне ие бола отырып, өзінің жарғылық қызметінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген шешімдер қабылдауға және кез келген іс-қимылдар жасауға, заңнама ұсынатын барлық құқықтарды пайдалануға құқығы бар.
1.9. Қауымдастық өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді және өзінің мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Оның мүшелері Қауымдастықтың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
1.10. Қауымдастық ерікті түрде одақтарға, қоғамдық бірлестіктердің қауымдастығына кіруге, халықаралық қарым-қатынас пен байланыстар орнатуға, тиісті келісімдер, меморандумдар, келісімшарттар жасасуға құқығы бар.
1.11. Қауымдастық қызметіне мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз араласуына жол берілмейді.
1.12. Қауымдастық өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында Астана қаласында жүзеге асырады.
1.13. Қауымдастыққа берілген мүлік Қауымдастықтың меншігі болып табылады.
2. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МӘНІ
2.1. Қауымдастық мақсаты – Қауымдастық мүшелерінің қарым-қатынасы үшін жағдай жасау мен тәжірибе алмасу, өзара қолдауды дамытуға бағытталған іс-шараларды жүргізу болып табылады.
2.2. Қауымдастық қызметінің мәні мыналар болып табылады:

а) мемлекеттік қызмет пен басқарудың жаңа моделін құру жолымен елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін оның мүшелерінің күш-жігерінің бірігуі;

б) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне мемлекеттік саясатты жүргізуге және елдің қабылданған даму бағдарламаларын жүзеге асыруға жәрдемдесу;

в) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүргізу кезінде мемлекеттік органдарға және барлық деңгейлі мемлекеттік басқарудың лауазымды тұлғаларына жәрдемдесу;

г) мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілерді нақты және мүлтіксіз орындауға жәрдемдесу;

д) Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен жүйелі өзара іс-қимыл жасау;

е) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;

ж) Қауымдастық мүшелерінің азаматтық, экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық ұйымдарда жүзеге асыру мен қорғау;

з) тұлғаның рухани және адамгершілік дамуына, өзінің азаматтық борышын түсінуге көмектесу үшін мейірімділік, гуманизм мен риясыз өзара көмек көрсету қағидаттарына сүйене отырып, азаматтық қоғамның қалыптасуына белсене қатысу;

и) қызметі Қауымдастық мақсаттарына сай келетін қоғамдық және өзге де ұйымдармен тығыз ынтымақтастық негізінде республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қолдан келгенше көмектесу.


2.3. Қауымдастық қызметінің міндеттері:

а) әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешу, Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және саяси прогресіне көмектесетін жасампаз іс-шараларды жүргізуде Қауымдастық мүшелерінің күш-жігерін, зияткерлік, шығармашылық және іскерлік әлеуетін біріктіру;

б) республика жетістіктерін насихаттау, халықаралық және отандық үкіметтік емес ұйымдармен және зерттеу орталықтарымен өзара іс-қимыл жасасу арқылы Қазақстанның елдегі және шетелдегі жағымды имиджін қалыптастыруға жәрдемдесу;

в) өзекті мәселелер бойынша кең ауқымды пікірталастар жүргізу, идеялар мен шетелдік тәжірибе трансферті, ғаламдық процестерді талдау мен мониторингі мен олардың Қазақстанға әсерін талдау арқылы елде кәсіби сараптамалық қоғамдастықтың қалыптасуына жәрдемдесу;

г) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің беделін арттыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

д) Қауымдастық мүшелерінің барлық мемлекеттік басқару деңгейлерінде нормативтік құқықтық актілердің дұрыс қолданылуына мониторинг жүргізуі және жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларды мониторинг нәтижелері туралы уақытылы хабардар ету;

е) Қазақстан Республикасының Президентіне, Президенті Әкімшілігіне, Үкіметке, Қауіпсіздік Кеңесіне, Қазақстан Республикасы Парламентіне Қауымдастық мүшелерінің және басқа тұлғалардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында мемлекеттік органдар және барлық деңгейлі мемлекеттік басқарудың лауазымды тұлғаларының қызметінің мониторингі бойынша Қауымдастық қызметінің нәтижелері туралы хабарлау;

ж) мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінің мүдделі лауазымды тұлғаларына мемлекеттік қызметшілердің қолданыстағы заңнама нормаларын теріс қолдануынан туындаған әлеуметтік қақтығыстардың анықталған ошақтары туралы уақытылы хабарлап отыру;

з) мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметінде бұзушылықтар анықталған жағдайда Қауымдастық мүшелерінің және басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында жағдайдың өзгеруі бойынша уәкілетті органдарға (құқық қорғау мен бақылау-қадағалау) және лауазымды тұлғаларға, кейіннен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Үкіметі мен Парламентіне хабарлау арқылы ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу;

и) мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлыққа, терроризм көріністеріне, көші-қон саясатындағы жағымсыз құбылыстарға қарсы күресте және осы бағыттағы жұмыстың сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында құқық қорғау және бақылау-қадағалау мемлекеттік органдарға көмек көрсету бойынша құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жүйесін құру;

к) Қауымдастық мүшелеріне біліктілікті арттыру, әлеуметтік-экономикалық және басқарушылық қызметтің жаңа тәсілдері мен әдістерін игеру, алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибені меңгеру кезінде көмектесу;

л) Қауымдастық мүшелеріне ұйымдық, ақпараттық және басқа да қолдау көрсету;

м) Қауымдастықтың жүргізіп отырған жұмысы, жоспарлары мен қызмет нәтижелері туралы халыққа уақытылы хабарлап отыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен (теледидар, радио, басылымдар, интернет және т.б.) тұрақты негізде жүйелі жұмыс жүргізу;

н) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтің жаңа моделі Тұжырымдамасының және Академия тұжырымдамасының ережелерін іске асыруға көмектесу;

о) Қауымдастық мүшелеріне олардың біліктілік, практикалық тәжірибесі мен қабілетіне қарай жұмыс орнын таңдауға көмектесу;

п) Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделері қорғау мақсатында Қауымдастық мүшелері арасынан Қазақстан Республикасының азаматын барлық деңгейлі өкілетті билік органдарына ұсыну;

р) мемлекеттік қызметке кіру мен өткеру мәселелері бойынша ұсыныстарды талдау мен енгізуді жүзеге асыру, атап айтқанда:


  • мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жақсарту мәселелерін шешуге көмектесу;

  • мемлекеттік органдардың конкурстық комиссияларының жұмысы;

  • мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау процедурасы;

  • тәртіптік комиссиялар мен кеңестердің жұмысын өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

  • кадрлар резервінен бос лауазымдарға кандидаттар іріктеу процедурасы;

  • мемлекеттік қызметшілердің ротациясын жүргізу тәртібі;

  • мемлекеттік органдарда бос лауазымдарға орналасу үшін үміткерлердің тағылымдамадан өтуі;

  • мемлекеттік қызметшілердің атқаратын лауазымдарындағы жұмысының тиімділігін бағалауды жүргізу жүйесі;

  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің еңбек режимі мен демалысының сақталуы;

  • мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандарттар мен регламенттерін сақтау.

с) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиямен өзара іс-қимыл жасау;

т) Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен өзара іс-қимыл жасау;

у) жастармен дәрістер және кездесулер өткізу, мемлекеттің мен ел Президентінің саясатын түсіндіру арқылы жоғары білімді ұлтжанды жастарды қалыптасуға жәрдемдесу;

ф) мемлекеттік бағдарламалар мен өзге нормативтік құқықтық актілер мен олардың жобаларына ұсыныстар әзірлеу, тиісті мемлекеттік органдарға және мүдделі ұйымдарға жіберу;

х) мемлекеттік бағдарламалар мен нормативтік құқықтық актілер мен олардың жобалары бойынша сараптамалық қорытынды дайындауға қатысу;

ц) әлеуметтік-экономикалық өмірдің әртүрлі саласында (мәдениет, білім, денсаулық сақтау және басқалар) зерттеулер жүргізу мен қолда бар проблемаларды тиімді шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу;

ч) арнайы, атап айтқанда халықаралық конференциялар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар, конкурстар, сауда миссиялары мен басқа да іс-шараларды өткізу;

ш) заңда белгіленген тәртіпте ғылыми, оқу, ақпараттық және әдістемелік материалдарды, оның ішінде мерзімді басылымдарды басып шығару және тарату;

щ) мемлекеттік функцияларды іске асыру кезінде тиімді басқару мен ресурстарды үнемдеуге бағытталған жаңа технологияларды енгізу мен қолдануға жәрдемдесу;

ы) Қауымдастық мүшелеріне, мемлекеттік органдар мен басқа мүдделі тұлғаларға өз қызметі туралы жыл сайынғы есепті тарату арқылы хабарлау.

2.4. Қауымдастықтың жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы бар. Қауымдастықтың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан алатын кірістері Қауымдастық мүшелері арасында бөліне алмайды, ол Қауымдастықтың жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталады.


2.5. Заңнамаға сәйкес қызметтің жекелеген түрлерін Қауымдастық қолданыстағы заңнамада көзделген шешуші құжаттардың (лицензиялар, рұқсаттар) негізінде жүзеге асыра алады.
3. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1. Жарғылық мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін Қауымдастықтың мынадай құқықтары бар:
а) өз қызметінің жоспарлары мен бағдарламаларын дербес әзірлеу мен бекіту;

б) белгіленген тәртіпте өз филиалдарын, өкілдіктері, клубтарын, мектептер мен басқа да ұйымдық құрылымдар мен құрылымдық бөлімшелер ашу;

в) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгесі көзделмеген болса, басқа заңды тұлғаларды құру;

г) мемлекеттік органдарға және басқа ұйымдарға ұсыныстар енгізу;

д) өз қызметі процесінде кез келген азаматтық-құқықтық қатынастар орнату;

е) өз қызметі мәселелері бойынша отандық және шетелдік мекемелермен, ұйымдармен және олардың өкілдерімен іскерлік қатынастар орнату;

ж) іссапарлар мен мүшелердің тағылымдамасын ұйымдастыруға, оның ішінде шетелдік және қазақстандық мамандарды Қауымдастық қызметіне қатысты мәселелерді шешуге жұмылдыру;

з) республикалық, шаруашылық және қоғамдық органдардың ұсынысы бойынша олар ұсынатын материалдарға тәуелсіз сараптама ұйымдастыру;

и) Қауымдастықтың әлеуметтік-экономикалық және өзге бағдарламалары мен жобаларын мақсатты қаржыландыру, атап айтқанда коммерциялық негізде жүзеге асыру;

к) меншіктегі ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй қоры, құрал-жабдықтар, ақша қаражаты, құнды қағаздар және өзге де мүлікті пайдалану;

л) өз мүшелерін және басқа да адамдарды Қауымдастық қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін ынталандыру мақсатында ордендер, медаль, кеуде белгісімен, дипломдар шығаруға және марапаттау;

м) меншікте немесе мерзімсіз пайдалануда жер учаскелерін иемдену;

н) білім, ғылыми-зерттеу, өндірістік, сауда және өзге де шаруашылық қызметін жүргізуге, кәсіпкерлік қызмет бойынша кірістер мен шығыстардың есебін жүргізу;

о) жарғылық міндеттерді орындау мақсатында шаруашылық қоғамдық және серіктестіктерге қатысуға, коммерциялық емес ұйымдар құруға, қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қауымдастықтарға және одақтарға кіру;

п) өз атынан шарттар, келісім-шарттар жасауға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар алуға және жауап беруге, дербес балансы болуға, қажет болған жағдайда, қауымдастыққа кіретін құрылымдардың балансы, елде және шетелде теңгемен және валютамен өз шоттарының болуына, сот органдарында талапкер мен жауапкер болу;

р) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негізде және тәртіпте өзге де құқықтар мен кез келген қызметті жүзеге асыру.


3.2. Қауымдастық міндетті:

а) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

б) осы Жарғыны сақтауға;

в) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте салықтар мен басқа да міндетті төлемдер төлеуге;

г) Қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға жәрдемдесуге;

д) өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі мүлікпен жауап беруге;

е) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болуға.
4. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ
4.1. Қауымдастық коммерциялық емес ұйым болып табылады және алынған кірістерін басты мақсат ретінде қоймайды. Қауымдастықтың барлық қаржылық қаражаты, атап айтқанда кәсіпкерлік қызметтен түскен қаражаты Қауымдастықтың жарғылық мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін жұмсалады.
5. ҚАУЫМДАСТЫҚ МҮЛКІ
5.1. Қауымдастықтың мүлкі тек жарғылық мақсаттарына қол жеткізу үшін ғана пайдаланылады және мыналар есебінен құралады:

а) кіру және мүшелік жарналар;

б) жеке кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде;

в) ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй қоры, жабдықтар, құралдар мен басқа да материалдық құндылықтар, құнды қағаздар, жерді, ғимаратты, жабдықтарды пайдалану құқығы, сондай-ақ зияткерлік меншік (ноу-хау) пен өзге түсімдер түріндегі жеке және заңды тұлғалардың (мүшелері, мүшелері еместер) жинақтары;

г) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған ұлттық және шетелдік валютадағы өзге де мүліктік және мүліктік емес құқықтар, ақша қаражаты.

Кіру және мүшелік жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімін Қауымдастық кеңесі бекіткен ережелермен реттеледі.


5.2. Қаржылық және материалдық ресурстардың түсу көздеріне мыналар жатады:

а) дербес өндірістік-шаруашылық және ғылыми-зерттеу жұмысы, оған мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сыртқы экономикалық операцияларды жүргізу, конференциялар, көрмелер, форумдар, сауда миссиялары, аукциондар, лотереялар ұйымдастыру (мемлекеттіктен басқасы), Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген қызмет түрі жатады;

б) ерікті және қайырымдылық жарналары, аударымдар, қазақстандық және шетелдік мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардан, жеке фирмалар мен басқа заңды және жеке тұлғалардан түскен сыйлықтар, сондай-ақ мұрагерлікке қалдырылған мүлік;

в) ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттер;

г) құнды қағаздармен және жинақтармен операциялар;

д) Қауымдастық құратын және оның қатысуымен құрылған шаруашылық құрылымдарының пайдасынан түскен жарналар мен аударымдар.


5.3. Қауымдастық өз қызметін өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне сүйене отырып, іске асырады.
6. ҚАУЫМДАСТЫҚ МҮШЕЛЕРІ, ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
6.1. Қауымдастық мүшелері өзінің дербестігін сақтайды.
6.2. Қауымдастықтың барлық мүшелерінің тең құқықтары бар.
6.3. Қауымдастық мүшелігіне жоғары оқу орындарының түлектері мен Жарғыны мойындайтын және Қауымдастықтың негізгі мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға үлес қосатын Қазақстан Республикасының басқа азаматтары кіре алады.
6.4. Қауымдастық «құрметті мүшелікті» мойындайды. Құрметті мүшелік Қауымдастық кеңесінің ұсынысы бойынша жалпы жиналыстың шешімімен кез келген адамға Қауымдастық алдындағы сіңірген еңбегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен әлемде үлкен мәні бар еңбек сіңіргені үшін де беріледі. Құрметті мүшелер құқықтарды иеленбейді және Қауымдастық мүшелерінің міндеттерін жүктемейді.
6.5. Қауымдастық мүшелігіне азаматтарды қабылдау Қауымдастық кеңесінің шешімімен жазбаша өтініштің негізінде жүргізіледі. Азаматтарды Қауымдастық мүшелігіне қабылдау процедурасы Қауымдастық кеңесі бекітетін ережелерде реттеледі.
6.6. Қауымдастық мүшелерінің құқықтары бар:

а) Қауымдастық істерін осы Жарғыда белгіленген тәртіпте басқаруға қатысуға;

б) Қауымдастық қызметі туралы барлық қажетті ақпаратты алуға;

в) Жалпы жиналысқа дауыс беру құқығымен қатысуға, Қауымдастықтың басшылық және бақылаушы органдарын сайлауға және сайлануға;

г) осы Жарғыға сәйкес және Жалпы жиналыс немесе Қауымдастық кеңесі ұсынатын өкілеттік шеңберінде азаматтар және ұйымдармен қарым-қатынаста Қауымдастықты таныстыруға;

д) дербес және сырттан алынған қайырымдылық үлестерін қосуға;

е) Қауымдастықтың басшылық органдары белгілеген тәртіпте қаржылық, материалдық және басқа да көмек түрлері, сондай-ақ жұмыспен қамту мәселелері бойынша ұсынымдар алу жөнінде өтініш етуге;

ж) елдің ішінде және одан тыс жерде ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ Қауымдастық кеңесінің тапсыруы бойынша Қауымдастық мүддесін әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық, жеке және халықаралық ұйымдармен жұмыста білдіруге;

з) ішкі талқылау кезінде Қауымдастықтың басшылық органдарының ұстанымынан өзгеше пікір айтуға;

и) Қауымдастық алдындағы материалдық және басқа міндеттемелерді орындаған соң Қауымдастық мүшелігін шығуға;

к) Қауымдастықтың өз мүшелеріне беретін өзге құқықтарды иемденуге.
6.7. Қауымдастық мүшесі Қауымдастық мүлкіне, атап айтқанда оларға берілген мүлікке және мүшелік жарнаға құқығы болмайды.
6.8. Қауымдастық мүшелерінің міндеттері:

а) осы Жарғының ережелерін сақтау;

б) Қауымдастыққа қатысты қабылданған міндеттемелерді орындау;

в) Қауымдастықтың практикалық жұмысына қатысуға және өз қызметі туралы есеп беру;

г) Қауымдастық Кеңесінің құрамын, Ревизиялық комиссия, Жарғы немесе жылдық жұмыс жоспарын өзгерту туралы мәселе шешілетін Жалпы жиналысқа қатысу;

д) кіру және мүшелік жарналарды төлеу;

е) Қауымдастықтың және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының беделі мен имиджі туралы қамқорлық ету;

ж) Қауымдастықтың нақты бағдарламалары мен жобаларын орындауға көмектесу;

з) Қауымдастықтың беделі, қаржылық, коммерциялық және өзге де мүдделеріне нұқсан келетін кез келген қызмет түрін жасамау;

и) Қауымдастықтың басшылық органының шешімімен жүргізілетін іс-шараларға белсенді қатысу;

к) Қауымдастық кеңесімен Қауымдастықтың қызметіне қатысты көпшілік алдындағы сөздер мен бұқаралық ақпарат құралдарына берілетін сұхбаттардың мерзімі мен мазмұнын алдын ала келісу, сондай-ақ Қауымдастыққа қорытынды ақпаратты беру;

л) Қауымдастықтың жарғылық қызметіне қатысты нақты мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты Қауымдастыққа беру;

м) Қауымдастық мүлкін сақтау;

н) Қауымдастық қызметі туралы құпия ақпаратты жарияламау;

о) күнделікті өмірдің мінез-құлқының этикалық нормаларын сақтау және Қауымдастық беделі мен мүшелерінің атына кір келтіретін қылықтардан бас тарту.
7. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ МҮШЕЛІГІНЕН ШЫҒАРУ
7.1. Қауымдастық мүшесі мынадай жағдайларда Қауымдастықтың мүшелігінен шығарылуы мүмкін:

а) Жарғының талаптары, Жалпы жиналыс пен Қауымдастық кеңесінің шешімдерін орындамаған;

б) Қауымдастық алдындағы өз міндеттемесін үнемі орындамаған немесе тиісінше орындамаған;

в) Қауымдастық қызметінің негізгі принциптеріне, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмейтін жұмыс түрлері мен әдістерін пайдаланған;

г) өзінің әрекетімен немесе әрекетсіздігімен Қауымдастықтың қалыпты жұмысына немесе беделіне кедергі келтірген;

д) Қауымдастық мүшесінің атына лайық емес қылық жасаған;

е) белгіленген мерзімде мүшелік жарна төлемеген.
7.2. Қауымдастықта мүшеліктен шығару туралы шешімді Кеңес қабылдайды.

7.3. Қауымдастық мүшелігінен шығару процедурасын Кеңес бекіткен ережелерде реттеледі.


8. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ
8.1 Қауымдастықтың басқару органдарына мыналар жатады:

  • Жоғары басшылық органы – Жалпы жиналыс;

  • Алқалық басшылық орган – Кеңес;

  • Атқарушы орган – Қауымдастық басшысы;

  • Бақылау органы – Ревизиялық комиссия.


9. ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫС
9.1 Қауымдастықтың жоғары басшылық органы Жалпы жиналыс (бұдан әрі – Жиналыс) болып табылады. Жиналыс жылына кемінде бір рет өткізіледі. Жиналысты өткізу күні мен орнын, күн тәртібі туралы Қауымдастық кеңесі Жиналыс басталардан бір ай бұрын (30 күн) хабарлайды.
Жиналыста делегаттар өкілдігі мен сайлау тәртібін Кеңес белгілейді.

Қауымдастықтың әрбір мүшесі Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысында бір дауысқа ие болады.

Қауымдастықтың кезектен тыс жиналысы қажет болған жағдайда Кеңестің бастамасы немесе Қауымдастық мүшелерінің жалпы санының кемінде 1/3 талап етуі бойынша шақырылады. Жиналыс, егер оның жұмысына Қауымдастық мүшелерінің кемінде 1/3 қатысқан кезде заңды болып есептеледі, ал қатысушы делегаттардың жартысынан көбі дауыс берген кезде шешім қабылданған болып саналады. Дауыс беру түрін (ашық немесе құпия) Қауымдастық кеңесі белгілейді. Жиналысқа электронды байланыс құралдары арқылы қатысуға рұқсат етіледі.
9.2. Жиналыстың ерекше құзыретіне мынадай мәселелер жатады:

а) Қауымдастық Жарғысын қабылдау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

б) Қауымдастық Кеңесін және оның Төрағасын, Ревизиялық комиссияны сайлау, олардың есептерін тыңдау мен бекіту;

в) Төрағаның ұсынысы бойынша Қауымдастық Кеңесі мүшелігінен мерзімінен бұрын шығу;

г) Қауымдастық қызметінің алдағы есепті кезеңге арналған негізгі бағыттарын айқындау;

д) Қауымдастық қызметі туралы жылдық есепті бекіту;

е) Қауымдастықты қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімді қабылдау, тарату комиссиясын тағайындау;

ж) Қауымдастық филиалы туралы типтік ережені бекіту;

з) Қауымдастық филиалдарын құру мен тарату;

и) атқарушы органның қаржылық есептілігін ұсыну тәртібі мен мерзімділігін айқындау;

к) Қауымдастық Кеңесі айқындаған Қауымдастық қызметіне қатысты басқа да маңызды мәселелерді шешу.
10. ҚАУЫМДАСТЫҚ КЕҢЕСІ
10.1. Жалпы жиналыс арасындағы кезеңде Қауымдастық қызметіне басшылық жасайтын алқалық басшылық орган Қауымдастық Кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) болып табылады.
10.2. Кеңесті Жиналыс сайлайды және оған есеп береді.
Кемінде 15 адамнан құралған Кеңес Қауымдастық мүшелерін құрайды. Кеңес мүшелері үш жылға қайта сайлану құқығымен сайланады.

Кеңес Төрағасының өкілеттігі мерзімін Кеңес белгілейді.


Кеңесті сайлау кезінде Кеңес мүшелігіне кандидаттар Қауымдастық мүшелерінен кемінде 10 жазбаша кепіл хат жинауы және белгіленген сайлау күнінен бір апта бұрын сайлау алды бағдарламасын ұсынуы тиіс. Кеңес төрағасы Кеңес мүшелігіне кандидаттар тізімін Жиналысқа дауыс беру үшін ұсынады. Дауыс беру түрін (ашық немесе құпия) Жиналыс белгілейді.
Кеңес төрағамен алдын ала келісе отырып, оның кез келген мүшелерінің өтініші бойынша жиналады. Кеңес, егер оның жұмысына Кеңес мүшелерінің 1/2 қатысқан жағдайда, заңды болып саналады. Барлық шешімдер қарапайым көп дауыспен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда, Кеңес төрағасы немесе төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Сырттай дауыс беруге рұқсат етіледі. Кеңес шешімдеріне төраға қол қояды мен оның барлық мүшелеріне міндетті болып табылады. Қауымдастық кеңесінің мүшелері жеке және алқалық жауапкершілік жүктейді.
Қауымдастық кеңесінің мүшесі мынадай:

а) Қауымдастық кеңесінің шешімінде белгіленген функционалдық міндеттерді орындамаған;

б) Қауымдастық кеңесі шешімдерін орындамаған;

в) Қауымдастық кеңесінің мәжілістерінде дәлелді себептерсіз үш рет қатарынан қатыспаған;

г) Кеңес пен Қауымдастықтың беделі мен имиджіне нұқсан келтірген;

д) міндеттерін орындай алмаған және өз өкілеттігін тоқтатқан жағдайларда өз өкілеттігін жоғалтады.


10.3. Кеңестің ерекше құзыретіне мыналар жатады:

а) Төраға орынбасарларының санын анықтау және өз құрамынан сайлау;

б) Кеңес төрағасының өкілеттігі мерзімін анықтау;

в) шығындар бюджетін бекіту және олардың орындалуы туралы есептерді тыңдау;

г) Қауымдастық мүшелеріне ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы жыл сайын хабарлап отыру;

д) Қауымдастық мүшелерінің кіру және мүшелік жарналарды төлеу тәртібі, мөлшері мен мерзімін айқындау;

е) Қауымдастықтың тоқсандық, жылдық жұмыс жоспарларын қарастыру және бекіту;

ж) Қауымдастықтың атқарушы органының құрылымы, штаттағы қызметкерлер саны, еңбек ақы төлеу мен материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету, Қауымдастық қаржысы есебінен оларды асырауға жұмсалатын шығындарды айқындау;

з) Қауымдастық атынан жергілікті өкілетті органдарға және жоғары өкілетті билік органдарына кандидаттар ұсыну;

и) Қауымдастық эмблема (логотип), ту, басқа да ерекше белгілерін бекіту;

к) Жиналысқа шығарылатын сұрақтар тізбесін бекіту;

л) Қауымдастық мүшелігіне азаматтарды қабылдау тәртібін бекіту;

м) Қауымдастықтың құрметті мүшелігіне кандидаттар ұсыну;

н) Жиналыс пен Ревизиялық комиссияның құзыретіне жатпайтын, Қауымдастық қызметінің басқа мәселелерін қарастыру және шешу.


10.4. Төраға Кеңес мәжілісін жүргізеді. Төраға Кеңес мәжілісіне қатыса алмайтын жағдайда, өз орынбасарлары ішінен төрағаны анықтайды. Төраға өз міндетін орындай алмайтын жағдайда өз өкілеттігінен мерзімінен бұрын бас тарта алады.
10.5. Кеңес төрағасы өкілеттігінің мерзімі аяқталған соң дауыс беру құқығымен Кеңесте тұрақты мүше болып қалады.
11. АТҚАРУШЫ ОРГАН
11.1. Атқарушы орган Қауымдастық Кеңесіне есеп береді, оны республикалық қауымдастық басшысы келісім-шарт негізінде басқарады. Қауымдастық басшысын Кеңес төрағасы оның мүшелерінің келісімі бойынша тағайындайды. Қауымдастық басшысы Кеңес құрамына кіреді және Кеңес төрағасының орынбасары болып табылады.
11.2. Қауымдастық басшысының ерекше құзыретіне мыналар жатады:

а) Қауымдастықтың ағымдағы қызметіне басшылық жасау және Төраға мен Кеңестің қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

б) Жиналыс пен Кеңес алдында есеп беру;

в) банк мекемелерінде есепшоттар ашу мен жабу, Қауымдастық атынан бекітілген бюджет пен штаттық кесте шегінде мәмілелер мен шарттар, келісім-шарттар мен келісімдер жасау;

г) барлық қаржылық құжаттарға және есептер бойынша салық, статистикалық және өзге де мемлекеттік органдарға жіберілетін құжаттарға қол қою;

д) штат кестесіне сәйкес қызметкерлерді қабылдау мен жұмыстан шығару;

е) билік органдары және қоғамдық ұйымдармен тікелей байланыстар жасау;

ж) Қауымдастық мүддесін Қазақстан Республикасында, одан тыс жерде де мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда білдіру;

з) Жиналыс пен Кеңес шешімдерін орындауды ұйымдастыру;

и) Қауымдастық мүшелеріне Қауымдастық Жиналысын шақыру туралы хабарлау;

к) Жиналыс пен Кеңестің қарауына енгізілетін мәселелерді, сондай-ақ тиісті құжаттардың жобаларын дайындау;

л) Қауымдастық жұмысының ағымдағы жоспарларын, іс-шаралар графигін құрастыру мен бекіту;

м) белгіленген лимитке сәйкес шығындардың ағымдық сметасын құрастыру мен бекіту.

11.3. Қауымдастық басшысы Қауымдастық қызметінің қаржылық-шаруашылық және жалпы ұйымдастыру мәселелеріне жауап береді.


12. РЕВИЗИЯЛЫҚ КОМИССИЯ
12.1. Қауымдастықтың қызметіне бақылау жүргізу мақсатында үш жыл мерзімге құрамында кемінде бес адам бар Ревизиялық комиссия құрылады. Ревизиялық комиссия құрамына Қауымдастық кеңесі мүшесінің кіруіне құқығы жоқ. Ревизиялық комиссия тек Қауымдастық Жиналысына есеп береді. Ревизиялық комиссияның мүшелерінің Кеңес мәжілісінде қатысуға құқығы бар.
12.2. Қауымдастықтың шаруашылық-қаржылық және өзге де қызметін тексеру жылына кемінде бір рет жүргізіледі. Ревизиялар мен тексерулер Қауымдастықтың қалыпты жұмысын бұзбауы тиіс.
12.3. Ревизиялық комиссия Қауымдастықтың лауазымды тұлғаларынан барлық қажетті материалдарды, бухгалтерлік және өзге де құжаттарды ұсынуын талап етуге құқығы бар.
12.4. Ревизиялық комиссия өзі жүргізген тексеру нәтижелерін Қауымдастық Жиналысына жібереді.
12.5. Ревизиялық комиссия Қауымдастықтың жер-жерлердегі мүлкіне тексеру және ревизия және жыл ішіндегі жүргізген жұмыстарына, сондай-ақ Қауымдастықтың тиісті шығындарына тексеру жүргізе алады.
12.6. Ревизиялық комиссия Қауымдастықтың барлық құжаттарына сөзсіз қол жеткізу құқығына ие болады. Ревизиялық комиссияның талабы бойынша Қауымдастық басшысы мен қауымдастық қызметкерлері жазбаша және ауызша түрде қажетті түсіндірмелер беруге міндетті.
13. ЖАРҒЫҒА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ
13.1. Осы жарғыға өзгерістер мен толықтырулар Қауымдастық Жиналысының шешімімен оны әділет органдарында белгіленген тәртіпте заң жүзінде тіркеу арқылы енгізіледі. Өзгерістер (толықтырулар) тіркеу туралы өтінішке Жиналыс хаттамасы, өзгерту (толықтыру) мәтіні мен заңнамада көзделген өзге де қажетті құжаттар қоса беріледі. Тіркеуші орган тиісті мәтіннің түпнұсқасына мөр басу арқылы өзгерістер (толықтырулар) тіркеуді куәландырады.
14. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ТАРАТУ ТӘРТІБІ
14.1. Қауымдастықты қайта ұйымдастыру немесе тарату Қауымдастық Кеңесінің шешімімен ерікті түрде немесе соттың шешімімен мәжбүрлі түрде жүргізіледі.
14.2. Қауымдастықты қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы мәселені Қауымдастық кеңесі өз бастамасы бойынша немесе Қауымдастықтың 1/3 мүшелерінің талап етуі бойынша қоя алады.
14.3. Қауымдастықты қайта ұйымдастыру немесе тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
14.4. Қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған жағдайда Жиналыс балансты, тарату жағдайында – Қауымдастықтың мүлкі мен қаржысы туралы мәселені шешу үшін тарату комиссиясын тағайындайды.
14.5. Қауымдастықты қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда Жиналыс шешімі тіркеуші органның назарына алынады.
14.6. Қауымдастық қайта ұйымдастырылған жағдайда, қалған мүлік пен қаржы құқық мұрагеріне көшеді.
14.7. Қауымдастық таратылған жағдайда қалған мүлік пен қаржы Қауымдастықтың мүшелері мен лауазымды тұлғалары арасында бөлінбейді, осы Жарғыда көзделген мақсаттарға жұмсалады.
14.8. Қауымдастық заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеліміне мәліметтер енгізілген соң өз қызметін тоқтатты деп есептеледі.

15. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
15.1. Осы Жарғыда реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен регламенттеледі.




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет