Белгілі борыш, немесе болашақ төлем есебінен алдын ала берілетін ақшалай зат



бет4/8
Дата03.07.2016
өлшемі0.51 Mb.
#174375
1   2   3   4   5   6   7   8

Өзін өзі бақылайтын сұрақтар

  1. Жергілікті қаржы ресурстарының муниципалдық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ролі қандай?

  2. Муниципалдық ресурстар қалай қалыптасады?

  3. Муниципалдық қаржы қалыптасуының заңдық негізі қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер

1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент, Семей, 2004, 214 б.

2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2006, 184б.

3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.

4.Танкиева А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері. Алматы. 2007

Тақырып 8. Жергілікті басқарудың экономикалық механизмі
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негізін:


  • Муниципалдық меншік;

  • Жергілікті қаржы;

  • Мемлекеттік меншікке жататын және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының негізіне берілген мүлік құрайды.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негізі болып табылатын материалдық-қаржылық ресурстар жергілікті өзін-өзі басқарудың органдарының тиімділігін белгілейді.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негіздерін қоғамдық қарым- қатынастарды бекітіп реттейтін құқықтық нормалар құрайды және олар муниципальдық құрылымның тұрғын халқы мүддесіне пайдаланатын муниципальдық мүлікті, жергілікті бюджет пен басқа жергілікті қаржысылары толықтырып қалыптастырады.

Экономикалық негіздер жергілікті өзін-өзі басқарудың шаруашылық дербестігін қамтамасыз етіп, тұрғын халық қажеттілігін қанаттағаттандыру ісіне қызмет етеді, онын тұрмысына қажет жағдай туғызады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негіздерін нығайту және дамыту жалпы Қазақстанның экономикалық жағдайына орасан зор ықпалын тигізеді: осыдан мемлекеттік билік органдары жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негіздерін дамытуға ықпал етуге міндетті деген қорытынды жасауға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес өкімет мынаны қамтамасыз етеді:



  • мемлекеттік мүлік объектілерін муниципальдық мүлікке беру тәртібін заң арқылы реттеуді;

  • жергілікті өзін-өзі басқару органдарына осы органдарға заң негізінде берілген кейбір мемлекеттік өкілеттіктерді жүзеге асыруға қажет материалдық ресурстарды беруді;

  • мақсатты аймақтық бағдармалар арқылы міндеттерді атқару ісіне қатысуы;

  • қабылданған мемлекеттік шешімдерді орындау барысында пайда болған жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қосымша шығындарын өтеуді;

  • мемлекеттік шағын әлеуметтік стандарттарды әзірлеуді.

Муниципалдық мүлік

Муниципалдық мүлікті қалыптастыру процесі 1992 жылы 13 қаңтардағы Қазақ КСР "ҚР жергілікті өзін-өзі басқару" туралы атты Заңның қабылданғанынан кейін басталды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес қалалық, ауылдық елді мекендер мен басқа муниципалдық меншігіне жататын мүлік муниципалдық мүлік болуға тиіс.

Қазақстан Республикасында жүргілікті /муниципалдық/ құрылымның меншігіндей мүлік екіге бөлінеді. Бір бөлігі муниципалдық кәсіпорындар мен мекемелерге шаруашылық жүргізү және оперативтік басқару құқығы кезінде бекітіліп беріледі. Басқа бөлігі, яғни жергілікті бюджеттің қаражаты және муниципалдық кәсіпорындар мен мекемелері бекітіліп берілмеген басқа мүлік, ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес тиісті муниципалдық құрылымның қазынасын құрайды.

Муниципалдық мүліктің құрамына мыналар кіруге тиіс:


  • жергілікті бюджеттің қаражаты, бюджеттін тыс қорлар;

  • жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүлкі;

  • муниципалдық жер және муниципальдық менщік жүретін басқа табиғи ресурстар;

  • муниципалдық кәсіпорындар мен ұйымдар;

  • муниципалдық банктер мен басқа қаржы-несие ұйымдары;

  • муниципалдық тұрғын үй қоры және тұрғын үйлерден басқа ғимараттар;

  • муниципалдық білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелері, басқа қозғалатын және қозғалмайтын мүлік.

Муниципалдық мүліктің субъекті болып аумақтық басқару органдары табылады.

Муниципалдық меншік мүлікті есепке алу ісі муниципалдық мүлікке не болу, оны пайдалану және басқару тәртібі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Аталған ереже Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес /Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР Азаматтық кодексіне/ әзірленді.



Меншікті есепке алу ісін муниципалдық мүлік объектілерінің реестрін /тізімін/ жүргізу алу арқылы мүлікті басқару жөніндегі комитет жүзеге асырады.

Қаланың муниципалдық мүліктері объектілері тізілімінде мыналар ескеріледі:



  • муниципалдық унитарлы /бірыңғай/ кәсіпорындар;

  • муниципалдық мекемелер;

  • муниципалдық тұрғын үйлер және тұрғын үйлерден басқа ғимараттар, құрылыстар, қалалық бюджет қаражатына бюджеттен тыс қорлардық есебінен сатып алынған және салынған немесе муниципалдық мүлікке заңда көрсетілген тәртіпке сәйкес берілген ғимараттар мен құрылыстар;

  • акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталындағы акциялар пакеті;

  • дербес бюджеті бар қалалық өзін-өзі басқару органдарының құрылымдық бөлімшілерінің мүлкі.

Муниципалдық құрылымның жергілікті өзін-өзі басқару органдары муниципалдық меншіктік дербес басқарады. Олар муниципалдық меншіктік объектілерін жеке және заңды тұлғаларға уақытша және тұрақты пайдалануына беруге, жалға беруге, белгіленген тәртіпке сәйкес бөлектеуге, мүліктік мәмімелерді жүргізіп, келісімдер мен келісім шарттарды жекешеленген және пайдалануға берілген объектілерді пайдалану шартын белгілеуге құқылы.

Муниципалдық меншікті мемлекет мойындайды және қорғайды / Қазақстан Республикасы Конституциясының 87 б./

Муниципалдық меншікке жататын қозғалмайтын мүлік объектілерді / ғимараттар, құрылыстар, түрғын үйлер мен тұрғын үйлерден басқа ғимараттар/ сатуға- сатып алуға, айырбастауға, басыбайлы беруге, жалға беруге болады; тұрғын үйлерді уақытша пайдалануға берілуі, белгілі бір мерзімге тегін пайдалануға немесе сенімхат бойынша пайдалануға берілуі мүмкін.

Сатып алу. Муниципалдық мүліктін объектілерін сату-сатып алуды мүлікті басқару комитетіне жазбаша өтінішін берген заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады.

Өтінішті тіркегеннен кейін комитет аумақтық әкімшіліктің балансын және басқа мекемелермен келісе отырып, қозғалмайтын мүліктің объектін сату ісін жүзеге асырады.

Муниципалдық меншікке объектілерді сатып алу департамент, басқарма комитет, бөлім ұсыныстары сондай-ақ әкімшіліктің тұрақты комиссияларының шешімі бойынша жүргізіледі.

Объектілердің сату немесе сатылу бағасы тиісті лицензиясы бар бағалаушылар белгілеген нарықтық құны бойынша жүзеге асады. Объектті сату-сатып алу келісімін мүлікті басқару жөніндегі комитет жазбаша түрде екі жақ қол қойған бір құжат толтыру арқылы жасайды.



Айырбас. Ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үйлер мен тұрғын үйге жатпайтын басқа мүлік, өзге мүлікке айырбастау арқылы кез келген меншікке берілуі мүмкін. Айырбас туралы келісім сату-сатып алу ережесіне сәйкес жүргізіледі /ҚР Азаматтық кодексінің 152 б./

Айырбас туралы келісімді жазбаша түрде мүлікті басқару жөніндегі комитет жасайды және ол осы комитетте міндетті тіркеуден өткізіледі.



Басыбайлы. Басыбайлы беру келісімі бойынша уағдаласушы жақтық бірі /сыйға беруші/ екінші жаққа муниципалдық меншікке ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үйлерді және тұрғын үйлерге жатпайтын ғимараттар мен басқа қозғалмайтын және қозғалатын мүлікті береді.

Басыбайлы беруші /сыйға берүші/ мүлікті басқару жөніндегі комитет болып табылады.

Басыбайлы беру келісімі мүлікті басқару жөніндегі комитетте тіркеледі.

Барлық жағдайда: сату, айырбастау, басыбайлы беру келісім - шарттар бойынша қозғалмайтын мүлікке деген меншік құқығының мемлекеттік тіркеуі ҚР заңдарына сәйкес жүргізіледі.



Жалға беру . Мүліктің жалға берушісі мүлікті басқару жөніндегі комитет болып табылады. ҚР заңды және жеке тұлғалары, шетелдік заңды және жеке тұлғалар, біріккен кәсіпорындар жалға алушы бола алады.

Жер учаскерлер, кәсіпорындар және басқа мүлік компонентері, ғимараттар, құрылыс, тұрғын үйлер және тұрғын үйлерден басқа ғимараттар, жабдық , көлік және пайдалану барысында өзінің табиғи қасиеттерін жоймайтын басқа заттар жалға берілуі мүмкін.

Мүлікті жалға алсам дейтін заңды және жеке тұлғалар мүлікті басқару жөніндегі комитетке алам дейтін обьектіні көрсете отырып жазбаша өтінішін береді.

Мүлікті басқару жөніндегі комитетке бірнеше өтініш түскен жағдайда , жалға беру құқығына сауда - саттық өткізіледі.

Жалға беру келісімінде жалгердің қызмет көрсететін мекемелермен /ТүКШ, су арнасы, жылу жүйелер және т.т./ жалға алған мүлікті пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету жөнінде келісім-шарт жасасуының мерзімі белгіленеді. Мүлікті жалға беру акт негізінде жүзеге асады.

Жалгерлік мүліктің жалгерлік ақысы ақшалай түрде белгіленеді және жергілікті бюджеттің қаржысы болып табылады.



Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Сіз қандай жергілікті өзін өзі басқарудың ұйымдастырушылық формаларының негізгі топтарын білесіздер?

2. Жергілікті өзін өзі басқаруды жүзеге асырудағы халықтың қатысуының маңыздыформаларын атаңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер

1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент, Семей, 2004, 214 б.

2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2006, 184б.

3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.

4.Танкиева А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері. Алматы. 2007
Тақырып 9. Жергілікті өзін өзі басқарудың экономикалық негіздері (муниц. мүлік, құқығы, СЭҚ, АЭА)


  1. Жергілікті өзін өзі басқарудың экономикалық негізі.

  2. Жергілікті білім берудің муниципалды меншігі.

  3. Жергілікті өзін өзі басқару органдарының кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды құруға құқығы.

  4. Жергілікті басқарудың СЭҚ.

  5. Арнайы экономикалық аймақтар (АЭА).

Қ.Р.да жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негізін:

Муниципалдық меншік;

Жергілікті қаржы;

Мемлекеттік меншікке жататын және ж.б.органдарының негізіне берілген мүлік құрайды.

Ж.Б. экономикалық негіздерін қоғамдық қарым- қатынастарды бекітіп реттейтін құқықтық нормалар құрайды және олар муниципальдық құрылымның тұрғын халқы мүддесіне пайдаланатын муниципальдық мүлікті, жергілікті бюджет пен басқа жергілікті қаржысылары толықтырып қалыптастырады.

Ж.Б.экономикалық негіздерін нығайту және дамыту жалпы Қазақстанның экономикалық жағдайына орасан зор ықпалын тигізеді: осыдан мемлекеттік билік органдары жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негіздерін дамытуға ықпал етуге міндетті деген қорытынды жасауға болады.

Муниципалдық мүлікті қалыптастыру процесі 1992 жылы 13 қаңтардағы Қазақ КСР "ҚР жергілікті өзін-өзі басқару" туралы атты Заңның қабылданғанынан кейін басталды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес қалалық, ауылдық елді мекендер мен басқа муниципалдық меншігіне жататын мүлік муниципалдық мүлік болуға тиіс.

Муниципалдық мүліктің құрамына мыналар кіруге тиіс:


  • жергілікті бюджеттің қаражаты, бюджеттін тыс қорлар;

  • жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүлкі;

  • муниципалдық жер және муниципальдық менщік жүретін басқа табиғи ресурстар;

  • муниципалдық кәсіпорындар мен ұйымдар;

  • муниципалдық банктер мен басқа қаржы-несие ұйымдары;

  • муниципалдық тұрғын үй қоры және тұрғын үйлерден басқа ғимараттар;

  • муниципалдық білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелері, басқа қозғалатын және қозғалмайтын мүлік.

Муниципалдық мүліктің субъекті болып аумақтық басқару органдары табылады.

Муниципалдық меншік мүлікті есепке алу ісі муниципалдық мүлікке не болу, оны пайдалану және басқару тәртібі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Ж.Б. органдары шаруашылық қызметін жүргізу үшін заңға сәйкес кәсіпорын, мекеме, ұйым құруға , оларды қайта құру және жабу жөніндегі мәселелерді шешуге құқылы. Олар кәсіпорындар қызметінің мақсаты , шарты мен тәртібін өздері белгілейді, өнімінің қызметтері бағасы мен тарифтерін реттейді, жарғысын бекітіп , аталған кәсіпорын, мекеме , ұйымдардың басшыларын тағайындап, қызметі туралы есептерін тыңдайды.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары


  1. Жергілікті өзін өзі басқарудың экономикалық негізін не құрайды?

  2. Муниципалды меншіктің құрамына қандай құралдар кіреді?

  3. Сатып алу деген не?

  4. Айырбас деген не?

  5. Сыйлау деген не?

  6. Жалдау деген не?

  7. Жергілікті өзін өзі басқару органдары кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды құруға құқығы бар ма?

  8. СЭҚ сұрақтары бойынша әкімшілік қандай міндеттерді атқарады?

Ұсынылатын әдебиеттер

1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент, Семей, 2004, 214 б.

2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2006, 184б.

3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.

4.Танкиева А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері. Алматы. 2007
Модуль 4 ҚР Әкімшіліктік- аймақтық саясаты және басқару мәселесі

Тақырып 10. ҚР аймақтық саясаты.

Аймақтық саясат елдің әлеуметтік - экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерің шешу үшін мемлекеттің өмір сүру және шаруашылық жүргізудің аумақтық факторларын тиімді пайдалануға бағыттылған мемлекеттің жалпы саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.

ҚР аймақтық саясатының мақсаты - халықтың өмір сүруіне тен мүмкіндік жасау және ұтымды аумақтық еңбек бөлігін және аумақтың өзін-өзі басқаруды дамыту принциптерін қалыптастыру негізінде әр аймақтың ресурс - өндірістік қуатың пайдалану.

Аймақтық саясаттың мақсатына жету мына міндеттерді біртіндеп шешуді талап етеді:



  • аймақтардың шаруашылық дербестігін қамтамасыз ететін саяси, экономикалық, экологиялық және құқықтық сипаты бар шаралар кешенін әзірлеу:

  • аумақтық приоритет мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жалпы стратегиялық қағидаларына сәйкес белгілеу;

  • мемлекеттің жеке аудандарды іріктеп қолдауын экономикалық белсендікті мемлекеттік ынталандырумен үйлестіру;

  • аймақтық және жалпы республикалық тауар еңбек және капитал нарықтарының, институционалды және нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту;

  • шағын және орта шаруашылықтардың экономикасын дағдарыстан шығару және әлеуметтік - экономикалық дамуын жетелдету мақсатымен қолдау және қайта құру;

  • артта қалған аулдар мен селоларды жаңарту үшін материалдық негіз әзірлеу;

  • экономиканың ұтымды құрылымын қалыптастыру, өндірістің аумақтың ұйымдастыруын жетілдіру;

  • өндірістік кешеннің ресурс мақсаты сәйкестігін қамтамасыз ету, аумақтардың экологиялық-экономикалық ғылыми - техникалық табиғи ресурстарың қалпына келтіру;

  • аймақтар бойынша халық өмірінің деңгейі мен сапасындағы айырмашылықтарды тенестіру, аймақтарды экономика мен әлеуметтік сападағы тоқырауды жою, әсіресе, аз дамыған аймақтарда.

Аймақтық саясатты іс жүзіне асыру мына прициптерге суйенеді:

  • мемлекет пен оның жеке аймақтары мүддерінің ұтымды үйлесуі;

  • аймақтардағы іс-әрекеттің мемлекеттің сыртқы саясаты және сыртқы экономикалық қызметінің негізгі принциптері үйлесімдігі;

  • шаруашылық жүргізетін субъектілердің тиімді аймақ аралық еңбек бөлісі мен өндірістің интеграция негізінде әрекет жасау;

  • аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы міндеттерін шешудегі аймақтардың экономикалық дербестігі, экономиканы реформалардың әлеуметтің нәтижелерін жұмсарту және осы мақсатқа қажет қаржы және өндірістік ресурстарды жұмылдыру;

  • аймақтарда тұратын халықты әлеуметтік нормативтер және кепілдіктермен қамтамасыз ету;

  • аймақтық органдардың тұрғын халық өмірінің деңгейі мен сапасы, минерал - шикізат, жер, су және басқа ресурстарды ұтымды пайдалану, өсімдік және жануарлар әлемін будандару үшін жауапкершілігін күшейту.

Аймақтық саясаттың бағыттары және олардың ішінде артықшылық алатындар

Аймақтық саясаттың мақсаттары мен міндеттеріне байланысты оның мынадай негізгі бағыттарын атап көрсетеді:



  • өндірісті қолдау және ішкі және сыртқы рыноктарда сұранысқа ие болған өнім шығаруды арттыру, аймақтардың экспортық потенциалын арттыру;

  • экономикалық тұрғыда келешегі жоқ өндірісті экологиялық бақылауды күшейтумен қоса біртіндеп азайту;

  • өнеркәсіптің іргелі салалық ірі кәсіпорындарында технологиясы бойынша өзара тығыз байланысты өндірістерді, жәңе /аймақ аралық/ ұйымдастыру құрылымдарын капиталды шоғырландыру және өндіріс қызметін жандандыру мақсатымен қалыптастыру;

  • жергілікті кәсіпкерлікті, әсіресе халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатымен шағын және орта бизнесті қолдау;

  • инвестицияларды, оның ішінде тікелей шетелдік инвестицияларды ел, алуымен материалдық өндіріс саласы және аймақтың инфрақұрылымға тарту үшін қолайлы жағдай туғызу;

  • аймақтың қаржы ресурстарын қаржылы жинақтын, инвестицияларға айналдыруға қабылетті институционалдық инвесторлар жүйесін қалыптастыру.

Республикалық, аймақтық приоритеттерді анықтау үшін қабылданған үлгілер жіктеу қолданылады жаңа салық және бюджетті саясатын қалыптастыру жағынан қарағанда үш аймақты атап көрсетеді.

1 топ - бір адамға шаққандағы кірістері кірістердің орташа республикалық деңгейінен артатын аймақтар /Ақмола, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Манғыстау, Павлодар облыстары және Алматы қаласы/.

2 топ - кірістері орташа республикалық деңгейге жақын аймақтар /Атырау, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан облыстары/.

3 топ - бір адамға шақандағы орташа кірістің ең төменгі деңгейімен сипатталатын аудандар /Алматы, Жамбыл, Батыс-Қазақстан, Қызыл-Орда және Оңтүстік Қазақстан облыстары/.

Осы жіктеуге сәйкес республиканың аумақтық дамуының приоритеттеріне 1 және 2 топ жатады. Даму деңгейі жоғары, /қазақстандық өлшемдер бойынша аумағында негізгі экономика және өнеркәсіп қуаты шоғырланған аймақтарға республика экономикасын дағдарыстан шығару және одан әрі өсіру жөнінде үлкен үміт артылады.

3-і топтың аймақтары - әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен, артта қалған облыстарды, мемлекеттік қолдау көрсету үшін әрқашан назарда ұстау қажет.

Аймақ ішінде приоритеттерде анықтау және нарықтың процесстері жүзеге асырудың механизмдерін белгілеп алу үшін аймақтарды мамандануы бойынша жіктеу қолданылады, соған сәйкес аймақтар 4 топқа бөлінеді.



Бірінші топ - стратегиялық сипаты бар минерал ресурстарының бірегей қоры бар және ғылыми-өндіріс қуатын дамуту қарқыны жоғары, республика экономикасын дүниежүзілік шаруашылыққа жедел қарқынмен шоғырландыруға қабілетті, алайда ауыл мен селолары экономика мен әлеуметтік саласы бойынша артта қалған, ал көбінің экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтар.

Аймақтардың осы тобы үшін мына проблемалар приоритетті:



  • шикізаттың стратегиялық түрлерінің бай кен көздерін /көмірсутегі, хромит, калий тұздары, алтын, күміс, мыс, мырыш, фосфат, борат, никель, кобальт және т.т./ қазу және көмірсутегі және минерал шикізатын кешенді өндеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде жеделдетіп игеру;

  • дүниежүзілік стандарттарға сай, елімізден және шетелдік инвесторларға қолайлы инвестициялық жағдай туғызатын дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарық инфрақұрылымын қалыптастыру /қонақ үй, кеңсе ғимараттарын халықаралық порт пен причал салу, байланыс жүйесі, сыртқы шетелдік рынок автомобиль және темір жол көлігін құру/.

Екінші топ - ғылыми өндірістік қуаты жоғары ауыр индустрия саласы бойынша маманданған, ғылымды талап ететін жоғары технологиялы өндіріс құру үшін қолайлы экономикалық жағдай бар, иегірлген табиғи ресурстары өздерінен табылатын аймақтар.

Осы аудандардың экономикасын реформалаудың приоритетті бағыттары болуға тиіс:



  • ірі өндірістік потенциалын техника-технологиялық өрбуінің және экспорттық потенциалын қалыптастырудың базасы ретінде одан әрі қайта құру, сонымен қоса шетелдік инвестицияларды тарту арқылы;

  • ғылымды талап ететін жаңа өнім, машина мен жабдықты жаңа технологиялары негізінде шығаруды ұйымдастыру- электроника, информатика құралдарын, автомобиль, автоматтандырылған басқару аспаптары мен жүйелерін шығару және т.т.

  • өндіріске жай беріп, өрлеуіне ықпал ететін өнеркәсіптің жетекші салалары ірі кәсіпорындарды басқарудың жаңа ұйымдастыру нысандарын құру, оның ішінде кәсіпорындарды шетелдік және еліміздің фирмаларының басқаруына беру арқылы, өндірістің және әлеуметтік инфрақұрылымының аумақтық басқаруының ұтымды деңгейін қалыптастыру, тұтыну нарығы - бойынша материалдық базасын қалыптастыру.

3 топ - агроөнеркәсіп кешендері еліміздің азық-түлік қорын қалыптастыруда жетекші болып табылатын аймақтар.

Әлеуметтік-экономикалық дамуының приоритетті бағыттары:



  • ауылшаруашылық өнімі өндірісінің тиімді мамандануы;

  • озық ауылшаруашылық техника лизингі жүйесін құру;

  • аймақтың АӨК қызметінің түрлі салаларының дамуындағы сәйкессіздікті жою;

  • республиканың тұрақты азық-түлік кешенің қалыптастыру мақсатымен а/ш шикізатың өңдейтін шағын кәсіпорындардың жүйесін және оны сақтау жөніндегі казіргі заманға сай индустрия құру;

  • қажетті өндірістік жою әлеуметтік инфрақұрылымды құру, тұтыну нарығының қалыпты дамуы үшін тұтыну заттар шығаратын өнеркәсіп салалары мен а/ш материалдық-техникалық базасын нығайту.

Осы топтың еңбекке жарамды жұмыссыздар саны көп аймақтарында а/ш шикізатын өндейтін шағын кәсіпорындармен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың жұмыспен қамтылу проблемасын жұмсарту үшін шағын және орта бизнестің дамығаны жөн.

4 топ - топырағы, климаты, экономикалық шараларды шектейтін әлеуметтік-экономикалық жағдайлары төтенше, шаруашылыгына тиімсіз салалық құрылымына тән аймақтар, сондай-ақ экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар. Осы аймақтарда қалыптасқан шаруашылық байланыстарының үзілуі, экономикалық және әлеуметтік құлдыраудан өз күшімен шығалмайтын шекті деңгейге жетті.

Аймақтардың осы тобы үшін мына проблемалар жетекші болып табылады:



  • экологиялық дағдарыстың тереңдеу процесін тоқтату;

  • шаруашылық кешенін осында тұратын халықтық тәжірибесі мен дәстүрлерін, жергілікті ресурстарды ескере отырып түбегейлі ауыстыру, қайта құру, шалғайдағы селолық аудандардағы а/ш шикізатын өнеркәсіптік өндеуден өткізудің алғашқы сатыларын құру;

  • тұрғын халықтық тұрмыс деңгейі мен сапасын арттырудың материалдық негізін құру жөнінде нақты шара қолдану;

  • шетелдік техникалық және гуманитарлық көмекті тарту және оны тиімді пайдалану.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. ҚР аймақтық саясатты өзгертуінің қажеттілігі неде?

  2. ҚР аймақтық саясатының қандай мақсаттарын білесіз?

  3. Бүгін ҚР аймақтық саясаттың приоритеттері бар?

  4. Аймақтың экономиканы мемлекеттік реттеуінің мәні неде?

  5. Аймақтың экономиканы мемлекеттік реттеуінің қандай әдістерін Сіз білесіз?

  6. Білім саласында аймақтық саясаттың мәні неде?

  7. Денсаулық сақтау саласының маңызы қандай.

  8. Халықты әлеуметтік қорғау мәселелерінің аймақтық саясатынің мәні неде?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет