Бердалы Рысбеков «Бердалы атадан базарлық»



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата28.03.2024
өлшемі1.98 Mb.
#496860
  1   2   3   4   5   6   7   8
Ақ көбелек балаларға арналған ертегілер мен әңгімелер





2
 
 
 
Авторы: Бердалы Рысбеков
«Бердалы атадан базарлық» балалрға арналған ертегілер мен әңгімелер 
Шымкент: «Шың» Баспаханасы, 2023. – 20 б.
 
 
Бердалы Рысбековтің «Ақ кӛбелек» жинағына балаларға арналған ертегілер мен 
әңгімелер топтастырылған. Ертегілер мазмұны жағынан жас ӛскінді 
қайырымдылыққа, отансүйгіштікке, отбасын қадірлеуге, адалдық секілді ізгі 
қасиеттерге үндейді. Автор баланың танымына сай ӛрбитін оқиғалар арқылы 
тәрбие құндылықтарын дарытуды кӛздейді. Ертегiлер ерте замандағы салт-
дәстүрлер, тәрбие әдістері және баланың ой-ӛрістерін дамытатын қасиеттерді ӛз 
кейіпкерлерінде сақтаған. Кітап мектепке дейінгі және бастауыш сынып 
оқушыларына арналған.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


3
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 
ЕРТЕГІЛЕР МЕН ӘҢГІМЕЛЕР
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бердалы РЫСБЕКОВ. 
Түркістан облысы, Келес ауданы.
 


Емші Тасбақа
 
Қарт Тасбақаның емшілік қасиеті бар еді. Ӛйткені ертелі-кеш қорек 
ететіні неше түрлі шӛп пен гүлдер болғандықтан, әрбір ӛсімдіктің қандай 
қасиеті барын жақсы білетін. Бір күні алдына жер бауырлап Саршұнақ келді.
– Ӛліп барам, емші аға. Жәрдем бер – деді.
– Не ауру? – деді Тасбақа.
– Білмеймін, ет-қызуым кӛтеріліп, қозғалудан қалып барам. Жүруге әл- 
қуатым қалмады – деді Саршұнақ жыламсырап.
–Мына шӛпті шайнап, жұт – деді Тасбақа, бір-екі тал жаңа жұлған 
әлдебір шӛпті беріп, – Үш күн ішшең айығып та кетерсің.
Үш күннен соң әл-қуатқа кірген Саршұнақ келіп рахметін жаудырды. 
Бірер күнен соң Тасбақаның алдына бір бозторғай топ етіп құлап түсті.
Екі иінінен дем алып әзер жатқан бозторғайға;
– Не болды, бауырым? Мазаң жоқ па? – деді Тасбақа.
– Иә, ӛліп барам. Азай-беденім қақсап, дем жетпей, тұншығып ӛлер 
болдым. Білмеймін не істерімді.
–Онда сен мына шӛпті шайнап кӛрші – деді Тасбақа оғанда әлдеқандай 
бірер тал шӛп сабақтарын кӛрсетіп. – Сәтін салса бірер күннен соң сауығып
4


кетесің.
Үш күннен соң Тасбақа бозторғайдың таңғы шырылынан оянды. Кӛзін 
ашып қараса, Бозторғай дәл тӛбесінде тұрып-ап шырылдап тұр.
–Саған кӛп рахмет, Тасбақа аға. Мен бұл жақсылығыңды ешқашан 
ұмытпаспын – деп тұр.
Бүгін емші Тасбақа ыңылдап ӛлеңін айтып келе жатқан еді. Ойда-жоқта 
бір аш Түлкі тап болды да келе тілін жаланып тұмсығын соза бастағаннан 
Тасбақа да тас қабыршақ ішіне бұға қалды. Сол-ақ екен сұм Түлкі тас 
қабыршаққа қарш-қарш тіс салды. Бірақ қанша жемек боп тырысқанмен тас 
қабыршаққа тісі ӛтпеді.
–Бәрібір бір кезде ӛзің-ақ шығасың деген Түлкі тасбақаны аяғымен 
аунатып, шалқасынан түсірді. Оның бұл қулық ойын сезген Тасбақа да 
тас қабыршақ ішінде тырс етпей жатып алды. Ақыры күте-күте шыдамы 
таусылған Түлкі тасбақаны сол күйде қалдырып ӛз жӛніне кетті.
Тасбақа сол жатқаннан мол жатты. Түстікке таянған күн жалын атып 
қатты ыси бастады. Күн аптабы қуырған байғұс Тасбақаның тамағы құрғап, 
шӛл қысты. Қайта оңғарылмақ боп ары-бері тырбанған еді, аударыла алмады. 
Амалсыз, – Кім бар? Кӛмек беріңдер! – деп айқай салды.
Анадайда құмалақ домалатқан қара Қоңыз ӛтіп барады екен, сол аялдап, 
тасбақаға бұрылды.
– Ойбай кӛке, не болды? Неге бұлай күн астында шалқаңыздан түсіп 
жатырсыз? – деді.
– Бір сұм түлкі мені жемекші боп ары-бері аунатты да, осылай тастап 
кетті.
– Жарайды, әрекет етіп кӛрейін – деген Қоңыз тасбақаны бүйірінен 
тӛрт аяқтап ары итерді, бері итерді. Бірақ зілдей ауыр денені қозғатуға 
шамасы жетпеді. Ақыры; – Ренжімеңіз кӛке, менің шамам келер емес – деді 
де құмалағын домалатып ӛз жӛніне кете барды.
–Қап! Енді не істедім? – деді ызаланған Тасбақа одан сайын қапаланып. 
Кенет айналаның бәрі тасыр-тұсырға бӛленіп бір топ қой келді. Бірақ 
олар Тасбақаның жанайқайына пысқырып та қарамай баса-кӛктеп ӛте берді.
Қой артында кәрі қойшы бар екен. Ашық жерде тырбаңдап шалқасынан 
жатқан тасбақаны кӛрді де қасына кеп таяғына сүйеніп тұра қалды.
– Жәрдем бере кӛр! – деп дауыстады Тасбақа.
– Не болды? Сені қойлар аударып кетті ме? – деді Қойшы.
– Жоқ, мені жемекші боп мана бір сұм түлкі аударып кетті.
– Әй зәлім -ай! – деді қарт Қойшы. – Күн азабын сені мен меннен артық 
кім білсін. Сәл болмағанда қаталап та ӛлетін болыпсың, – деп Тасбақаны 
аударып жерге қойды.
– Уф! Рахмет, саған адам! – деді, тӛрт аяғы жерге тиген Тасбақа қуанып.
– Маған жасаған жақсылығың құдайдан қайтсын.
– Рахмет айтатын түгі жоқ, – деді қарт Қойшы. – Мына күн шыжғырған
5


жапан түзде сенімен мен бір-бірімізге кӛмек бермесек, бізге кӛмекті кім 
береді.
– Сенде де бір ауыр қайғы бар секілді, – деді Тасбақа қарт қойшының 
қыртыс-қыртыс тозыңқы түріне қарап. Ол не уайым?
– Уайым-қайғысыз пенде бар ма? – деді Қойшы. – Жан дегенде жалғыз 
баламыз бар еді, сол бала он жыл болды екі аяғынан сал болып, тӛсектен 
тұра алмайды. Бізді сансыратып жүрген сол қайғы.
– Сал ауруы дейсің бе? – деді Тасбақа ойланып: – сен ертең түс қайта 
осы жерге кел. Мен саған дәрілік бір шӛп берейін. Меніңше балаңа соның 
пайдасы тиіп қалар.
– Шын айтасың ба? – деді қарт Қойшы.
– Шын айтам.
–Жарайды, келемін! – деді Қойшы қатты қуанып.
Ертесіне қойшы дәл келіскен уақытында әлгі тӛбеге келіп тасбақаны 
тосты.
Кӛп ұзамай қалың шӛп арасынан аузында бір уыс шӛбі бар Тасбақа да 
кӛрінді.
– Мә, мына шӛпті апарып, суға қайнатып, суын балаңа ішкіз, – деді 
Тасбақа. Құдай жолын берсе бір айдан кейін балаң сауығып кетеді.
– Сен мұның дәрулік шӛп екенін қайдан білесің? – деді Қойшы.
–Білемін, –деді Тасбақа. – Біздің ертелі-кеш қорек ететініміз тек қана шӛп. 
Сондықтан қандай шӛптің нендей қасиеті барын біз жақсы білеміз. Мұндай 
шӛп анау кӛрініп тұрған жазық беткейде кӛп, барып ӛзің қалағаныңша теріп 
ал.
Қуанған қойшы «рахметін» айтып сол тӛбеге тез жеткенше асықты.
Бір айдан соң, шынымен-ақ, қойшы баласы сауығып, аяғына тұрып 
жүріп кетті. Бұған жүрегі жарыла қуанған Қойшы әлгі тӛбеге тағы келді. 
Бірақ тасбақаны таппады.
–Рахмет, саған тасбақа! – деді Қойшы, сол-ақ екен, жан-жағына қарап 
айқайлап. – Мың жаса! Құдай саған да ұзақ, қызықты ӛмір берсін!.
Тасбақаның бұл жүрекжарды алғысты есіткен есітпегенін кім білсін, 
бірақ айналадағы аққурай мен гүлқайырлар:
–Біз есіттік, ақсақал. Сәлеміңізді Тасбақаға біз жетіземіз, – деді бәрі бір 
кісідей бас шұлғып.
6




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет