Бериллий, оның қоспалары және олардан бұйымдар өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары



жүктеу 0.5 Mb.
бет2/3
Дата15.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
1   2   3

1-параграф. Өндірістік жабдықтар және технологиялық процестер

97. Бериллий және оның қосылыстарының жоғары уыттылығы жабдықтардың, үй-жайлардың, өнеркәсіптік алаң аумақтарының құрылысына қойылатын санитарлық - эпидемиологиялық талаптардың артуын және өндірістік тәртіпті сақтауын, әсіресе технологиялық процесті жүргізуді және жұмыстардың қауiпсiздiгін қамтамасыз ететін іс-шараларды орындауға міндеттейді.

98. Бериллий оксидінен, бериллийден, қорытпаларынан жасалған бұйымдарды (құрамындағы Ве 20 % және одан да көп) өндiрудін технологиялық процесі барлық жұмыс операциялары лекпен, жабық шектеулі жүйеде жүргізілетіндей етіп ұйымдастырылады, бұл барынша қауiптi технологиялық операцияларды барынша механикаландыруға және герметикалауға мүмкіндік береді.

99. Бериллийді және қорытпаларын (құрамындағы Ве 20 % артық) тегістеп өңдейтін агрегаттар оқшауланған үй-жайларда орналастырылады және жергiлiктi сору желдеткішімен қамтамасыз етілген өңделетін бөлшектер мен абразив аспаптар орналасқан толық жабындылымен жабдықталады. Дымқыл тәсiлмен тегістеу жүргізу осы жабындылардың құрылғыларын жоққа шығармайды.

100. Бериллийді және оның негiзiндегі оның қорытпаларын ыстық престеу, балқыту және құю вакуумды электронды-сәулелi, аймақтық балқыту пештерінде жүргізіледі. Ерекше жағдайларда бұл процестер сиретілген және жергiлiктi сору желдеткішімен жабдықталған индукциялық, доғалық және кедергi түрлеріндегі пештерде жүргiзiледi.

101. Шихталық материалдарды өлшеу және даярлау арнайы бокстарда жүзеге асырылады. Шихтаны бокстан пешке тасымалдау жабық ыдыста жүргізіледі.

102. Пештi ашу, құймаларды шығару құйма температурасы 100°С жоғары болмаған және жергiлiктi сору желдеткіші жұмыс істеп тұрған кезде жүргізіледі.

103. Балқыту пештерiнің, ыстық престеу пештерiнiң iшкi қабырғаларын тазалау пеш қуыстарына жалғанатын жергiлiктi сору желдеткіші жұмыс істеп тұрған кезде жүргізіледі, ол үшін пештер арнайы штуцермен жабдықталады.

104. Жұмыскер пештің қуысына кіре отырып, өндірістік балқыту пештерін тазалау кезінде таза ауа берiліп тұратын пневмокостюмдер пайдаланады.

105. Үй-жайдың ішінде бериллиймен ластанған аспаптардың, құрылғылардың, арнайы киiмдердің, сынамалардың және өндiрiстiк өнiмдердiң орнын ауыстыру жабулы ыдыстарда жүзеге асырылады.

106. Шығарындылар, жаман заттардың (ластайтын) төгінділері қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті органмен келісілген рұқсат ету нормаларына сәйкес келуі тиіс.

107. Жұмыс істейтін персонал жұмыс берушінің есебінен арнайы киім, арнайы аяқ киім берудің салалық нормаларында белгіленген және берілетің басқа да атом өнеркәсібі мен энергетика жұмыскерлеріне ЖҚҚ-мен жеке қауіпсіздік пен еңбекті қорғау нұсқаулықтарында көрсетілген ЖҚҚ-мен жабықталады.

108. Технологиялық жабдықтарды және құбыр желілерінің арматураларын өндірістік ғимараттарда және ашық алаңдарда орналастыру оларды шолып бақылау, пайдалану ыңғайлылығын және қауіпсіздігін, жөндеу жұмыстарын жүргізуді, авариялық жағдайларды болдырмау немесе авариялауды оқшаулау бойынша жедел шара қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

109. Жабдықтарды пайдалану олардың пайдалану жөніндегі басшылықтарда белгіленген техникалық сипаттамаларды сақтай отырып, жүзеге асырылуы тиіс.

110. Барлық жабдықтар үшін техникалық қызмет көрсету және жөндеу кестесі әзірленеді, оны ұйымның техникалық басшысы бекітеді.

111. Цехтерде шаңдайтын өнімдерді тасымалдау үшін герметикалық ыдыс және вакуумды көлік – жабық тазалау жүйесі бар арнайы құрылғылар қолданылады. Үй-жайларда өндірістік учаскелердің ауа ортасының жай-күйін бақылайтын стационарлық бекеттер орнатылады.

112. Бериллий өндірісінің технологиялық жабдығы авариялық жұмыс істеуді, бақылауды және технологиялық процесті реттеуді қамтамасыз ететін автоматтандырылған немесе механикаландырылған басқарумен жабдықталады.

113. Жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету техникалық қондырғының пайдалану құжаттамасына сәйкес әзірленген технолгиялық регламенттердің талаптарына сәйкес, өндіріс жағдайын, сондай-ақ процеске, операцияға әзірленген жұмыс және технологиялық нұсқаулықтың талаптарын ескере отырып, жүзеге асырылады.

114. Жарамсыз жабдықтарда жұмыс істеу, жарамсыз керек-жарақтар мен құрал-саймандарды қолдануға рұқсат етілмейді.

115. Машиналар мен механизмдерді қолмен майлау, олар толық тоқтап тұрғанда немесе бұл операцияларды орындаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы құрылғылар болған жағдайда жүргізіледі.

116. Бериллий өндірісінің тұрақты жұмыс орындарында және жұмыс аймақтарында шу және діріл деңгейлерінің гигиеналық нормативтерінің рұқсат етілген мәнінің асуына рұқсат етілмейді.

117. Өндірістік алаң аймағында бериллий өндірісінің қалдықтарын жинауға, сұрыптауға және қысқа мерзімге сақтауға арналған орындар арнайы бөлінген және жабдықтандырылған учаскелерде орналастырылады.

118. Диэлектрлік болып табылатын сұйықтарды және сусымалы заттарды қабылдаумен, өңдеумен және олардын орын аустырупмен байланысты резервуарлар, технологиялық жабдықтар, құбырлар, құйып-төгетін құрылғылар және басқа да жабдықтар тұрақты электр зарядының жинақталуынан қорғалуы тиіс.

119. Ғимараттардың, жабдықтардың құрылыс конструкциялары элементтерінің сигналдық-ескерту бояулары, қауіпсіздік белгілері ҚР СТ МемСТ Р 12.4.026-2002 «Белгілік бояулар, қауіпсіздік белгілері, дабылды белгілері» талаптарына сәйкес орындалады.

120. Негізгі және қосалқы жабдықтарды, бақылау-өлшеу аспаптарын және автоматиканы (бұдан әрі – БӨАжА) ағымды және күрделі жөндеулер ұйымның техникалық басшысы бекіткен кестелерге сәйкес жүргізіледі.

121. Өндірістік жабдықтар дезактивациялау үшін қолайсыз орындарының болмауын ескере отырып орындалады.

122. Жабдықтарды түсі шаңнан жеңіл шайылуын ескере отырып орындалады.

123. Жөндер алдында жабдық (аппараттар, ыдыстар және сол сияқтылар) босатылады және ішінде бар өндіріс өнімдерінен тазартылады және дезактивация жүргізіледі.

124. Дәнекерлеу және газбен кесу жұмыстарын жүргізудің алдында жабдықтар дезактивацияланады.

125. Жабдықтарды өндірістік үй-жайдан шығару алдын ала тазартылғаннан және бетінің тазалығы тексерілгеннен кейін жүзеге асырылады. Өңдеудің тазалығы бақылау жүргізген зертхана берген анықтамамен расталады.

126. Зиянды тозаңның, шаңның, жоғары жиіліктегі элетрмагниттік өрістердің, жылу сәулеленудің, шу мен дірілдің көздері болып табылатын өндірістік жабдықтар көрсетілген факторлардың қызмет көрсететін персоналға зиянды әсерін болдырмайтын қорғаныс құрылғыларымен жабдықталады.

127. Алдағы технологиялық процесте қолданылмайтын жабдық жұмыс істейтін жүйелерден ажыратылуы тиіс.

128. Өртенуі қауіпті процестер жабдығы, шуыл-діріл шағаратын және шаң-газ бөлетін жабдықтар оқшаулатылған үй-жайларда орналасады. Технологиялық жабдықтарды толық герметизациялау мүмкін болмаған кезде сұйытылуын кемінде бес паскальда ұстай отырып, каньондарға салынады. Көрсетілген үй-жайлар қысымның түсуін бақылау аппаратурасымен қамтамасыз етіледі.

129. Жабдықтарды каньондарда, камераларда, бокстарда орналастырған кезде өзара оқшау, бөлмелер арасындағы қатынас үй-жайды қорғаудың қажетті деңгейіне байланысты стационарлық санитарлық шлюздер немесе тамбурлар арқылы ғана жүзеге асырылады.

130. Ыдырату және қалпына келтіре балқыту пештері жеке оқшауланған каньондарда орналасады.

131. Лигатураны тазалау, қайта балқыту және алуға арналған вакуумдық пештер басқа өндірістік учаскелерден оқшау орналастырылады.

132. Технологиялық учаскелерде уақытша пайдаланылмайтын жабдықтар мен құралдарды сақтауға арналған шаруашылық үй-жайлар көзделеді.

133. Қабырғалар мен аралықтардан жабдықтың шығып тұратын бөлігіне дейінгі арақашықтық бір метрден кем болмауы тиіс.

134. Аппараттар, станоктар және жабдықтардың басқа түрлерінің арасындағы арақашықтық технологиялық тиімділігімен, ыңғайлылығымен, қызмет көрсету және жөндеу қауіпсіздігімен айқындалады.

135. Жабдықтарды орнату кезінде мынадай талаптар көзделуі тиіс:

1) көліктің өтуіне арналған негізгі орталық жолдардың ені кемінде
3 метр болуы тиіс;

2) жұмыскерлер үнемі болатын жерлердегі негізгі жолдардың ені


кемінде 2 метр болуы тиіс;

3) аппараттарға және басқа жабдықтарға қызмет көрсету жағы бойынша негізгі жолдарының ені кемінде 1,5 метр болуы тиіс;

4) айнала қызмет көрсету қажет болған кезде аппараттар арасындағы жолдардың ені кемінде 0,8 метр болуы тиіс;

5) жабдықтарды, арматураларды және аспаптарды қарауға, мерзімді тексеруге және реттеуге арналған жолдардың ені кемінде 0,8 метр болуы тиіс;

6) жұмыс орнынан авариялық есікке дейінгі жолдар (адамдарды эвакуациялауға арналған) кемінде 1 метр болуы тиіс.

136. Цехтардағы орталық немесе негізгі жолдар түзу болуы тиіс.

137. Жолдар үшін ең аз арақашықтық іргетастарды, оқшаулағыштарды, қоршауларды және тағы басқаларын ескере отырып, жабдықтардың шығып тұрған бөліктерінің арасында белгіленеді.

138. Агрессивті, жанармай сұйықтары бар құбырлар оларды пайдалану және қызмет көрсету қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптарды ескере отырып тартылады.

139. Қойыртпақты және ерітінділерді сүзу процесі үшін қолмен орындалатын операцияларды қажет етпейтін және өндірістік үй-жайларға тозаңның бөлінуін болдырмайтын үздіксіз жұмыс істейтін жабдықтар пайдаланады. Осы талаптарға жауап бермейтін жабдықтар каньондарда, бокстарда орналасады.

140. Тұрақты жұмыс орындары жабдықтарға ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін алаңдармен жабдықталады.

141. Әрбір жұмыс орны жұмысы қауіпсіз орындау үшін қажетті қосалқы керекөжарақтырмен және аспаптармен қамтамасыз етіледі.

142. Бөлшектелген жабдықтарды тазалау және жуу үшін жабдықталған үй-жай көзделеді.

143. Бөлшектенген ірі габаритті жабдықтар тікелей жұмыс орнында ыстық сумен және бумен жуылады және тазартылады.

144. Ұсақ бөлшектер және аспаптар жуу бөлмелеріне арнайы контейнерлерде жіберіледі.

145. Жабдықтардағы ішін тексеруге және тазалауға арналған арнайы қуыстар оларға еркін кіруді ескере отырып, орналасуы тиіс.

146. Бериллий өндірісіндегі технологиялық және қосалқы жұмыстар ұйымда әзірленген және техникалық басшы бекіткен технологиялық регламенттердің, жұмыс, технологиялық нұсқаулықтардың, жөндеу карталарының негізінде жүргізіледі.

147. Технологиялық процестерді аппаратуралық ресімдеу кезінде оның барынша герметизациясы қамтамасыз етіледі. Ерітінді ағатын, газ және шаң бөлінетін жабдықтарды пайдалануға болмайды.

148. Шаң және тозаң бөлінумен байланысты өндірістік операциялар барынша механикаландырылады.

149. Процесті механикаландыруға мүмкіндік болмаған кезде ашық шаңдайтын өнімдермен қол операцияларын орындау қолғаптық бокста немесе бөлек үй-жайда тыныс алу мүшелерін жеке қорғау құралдарын (бұдан әрі - ТМЖҚҚ) пайдаланып немесе арнайы камераларда немесе каньондарда орындауға рұқсат етіледі; камералар, каньондар және бокстар сұйытылған қысымда ұсталуы тиіс.

150. Әрбір камерада, каньонда немесе бокста пневмокостюмдер, скафандрлар, ТМЖҚҚ шлангтарын қолдану кезінде қолданылатын таза ауаға арналған жолдар көзделеді. Бұл камераларға, каньондарға, бокстарға жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу үшін кіру тек көрсетілген ЖҚҚ немесе жабдықтарды және үй-жайларды алдын ала тазартқаннан кейін қарапайым ЖҚҚ-мен кіруге рұқсат етіледі.

151. Технологиялық процесс және оны аппаратуралық ресімдеу барынша аз қызмет көрсетуші персоналды және олардың жабдық орналасқан аймақта болу уақытын мүмкіндігінше барынша азайтуды көздейді. Көрсетілген талапты орындау үшін тиісті автоматтандыру және процесс пен аппараттарды қашықтықтан басқару жүйелері көзделеді.

152. Буландыру және кристалдау процестері үшін технологиялық параметрлерді автоматты бақылау және реттеуі бар тұйықталған циклда жұмыс істейтін жабдық қолданылады.

153. Балқыту пештеріне, ыдырату және қалпына келтіру пештерін, лигатураны тазалау, қайта балқыту және алуға арналған вакуумдық пештерге салу және түсіру процестері барынша механикаландырылады. Технологиялық процес қашықтықтан пульттік және операторлық үй-жайлардан басқарылады.

154. Вакуумдық пештерді пайдаланған кезде оның ішкі қабырғаларында өздігінен тотығуға бейім ұсақ түйіршікті ұшырындылардың түзілуі есепке алынады. Тұтану және жарылыстың алдын алу мақсатында бұл пештерді ашу оны алдын ала суыту және желдетуден кейін жүргізіледі. Ұшырындыларды тазалауды ұшқын шығармайтын аспаптармен жүргізеді.

155. Бериллийді ұсату және оның ұнтақтарын алуға арналған жабдық қоршаған ортаға шаңның бөлінуіне жол бермейтін герметикалы түрде жасалады. Герметикалауды жүзеге асыру мүмкін болмаған кезде бұл жабдық жеке каньондарда, бокстарда орналасады.

156. Пресс-формаларға ұнтақ салу және олардан бұйымдарды алу бөлек үй-жайда, бокста, каньонда жүргізіледі.

157. Бериллийді, оның қосындыларын және олардан жасалған бұйымдарды механикалық өңдеудің барлық түрлері, арнайы жабындылары немесе тозаңдардың өндірістік үй-жайларға түсуіне мүмкіндік бермейтін жұмыс органдарынан жылдам сорғысы бар жабдықтарда жүргізіледі.

158. Жоңқаларды, шаңды тазалау пневмовакуумдық көліктің көмегімен жүргізіледі.

159. Құрамында бериллийі бар өнімдерді тасымалдайтын құбырлар дәнекерленген, қапталдық қосылыстары аз болуы тиіс. Құбырлардың қапталдық қосылыстары жүйелі түрде тексеріледі және ерітінді ағатын жерлері қалпына келтіріледі.

160. Бериллийден және оның қорытпаларынан жасалған дайын бөлшектермен немесе бериллий тотығының негізіндегі күйежентектелген бөлшектермен жинау жұмыстарын сору-шығару желдеткішімен жабдықталған жинақтау цехтерінің жалпы жұмыс үй-жайларында жүргізуге рұқсат етіледі.

161. Өндірістік және зертханалық жұмыс орындарында құрамында бериллийі бар шаңдайтын материалдарды орау камералық қолғаптар герметикалық бекітілген шкафтарда немесе бокстарда жүргізіледі.

162. Желдету жүйесі немесе тазалау құрылысы (апаттық желдеткіш болмаған жағдайда) істен шыққан жағдайда учаскеде уытты заттар бөлетін жұмыстар дереу тоқтатылады.

163. Жұмыс орындары үнемі тазалықта және жинақы күйде ұсталынады. Өндірістік өнімдердің барлық шашырындылары мен төгінділері ылғалды немесе вакуумдық жинастыру арқылы жиналып алынуы тиіс.

164. Жүйелі түрде қорғаныс құрылғыларының қорғаныстық тиімділігі тексеріледі және үнемі жарамды күйде ұсталады.

165. Жергілікті желдету сорғыларымен:

1) жұмыс істеген кезде зиянды булар, газдар және бериллий тозаңы бөлінуі мүмкін технологиялық жабдықтар;

2) майдалау учаскесіндегі құрғақ және ылғалды майдалау майдалағыштарының тиеу-түсіру қондырғылары, бункерлері және жіктегіштері;

3) бериллий концентратын балқытуға арналған электрдоғалық пештер, бункерлер және табаншалар;

4) ыдырату, тазалау және қайта балқыту пештері жабдықталады.

166. Қауіпті жабдықтардың жабындыларының ашық ойықтары ауа қозғалысының 1,5 м/с жылдамдығын ескере отырып, жобаланады.

167. Технологиялық сүзгіш жабдық құрамында бериллийі бар булардың өндірістік үй-жайларға бөлінуін болдырмайтын тиімді сорғылармен жабдықталады.

168. Бериллийді ыстықтай пресстеу пеші пешке салу және түсіру кезінде іске қосылатын айналдыра орнатылған сорғышпен, ал дистилляция пеші-оған ашық ойықтың төменгі бөлігінде кемінде 2 м/с жылдамдықты қамтамасыз ететін орнатылған жергілікті сорғылармен жабдықталады.

169. Инертті газ қысымы артқан кезде майдалау жүргізілетін дірілді майдалағыштар жергілікті сорғылармен жабдықталған металл кабиналарда орнатылады. Кабиналардан шығарылатын ауаның мөлшері кабинаның есіктерін ашқан кездегі ауа қозғалысының жылдамдығына байланысты, ол кемінде
1,5 м/с мәнде қабылданады.

170. Агрессивті, жарылуы қауіпті немесе жанатын заттардың әсеріне ұшырайтын аппараттар осы ортаға төзімді материалдармен қорғалады.

171. Химиялық өңдеу учаскелерінде қолданылатын барлық жабдықтар шағын қарау люктерімен жабық түрде жасалады. Ыдыстық жабдықтар, оның ішіндегі заттарға байланысты қойыртпақтар мен ерітінділердің төгілуін болдырмайтын қайта құю құбырларымен жабдықталады.

172. Сақтандырғыш қақпақшалары іске қосылған кездегі уытты газдардың, булардың және тозаңдардың төгінделері қабылдағыштарға немесе тазалау қондырғыларына бағытталады.

173. Апараттарды авариялық босатқан кезде ішіндегі заттар авариялық немесе резервтік ыдыстарға құйылады немесе айдалады.

174. Сыртқы бетінің температурасы 450С және одан жоғары болатын аппараттар және құбырлар термиялық күюлерді болдырмау үшін оқшауланады. Оқшаулайтын бетінің жоғарғы қабаты ылғалды тазарту жүргізуге мүмкіндік беретін материалдан жасалады.

175. Өндірістік үй-жайларда тікелей қабырғада орналасқан қалқаншалар, пульттер және шкафтар олардың арасында және қабырғада саңылаусыз орнатылады.

176. Өндірістік үй-жайларда және тікелей технологиялық аппараттардың жанында орнатылатын пульттер, басқару түймелері және басқа да электр жабдықтары өндірістік ортаның талаптарына сәйкес жасалады.

177. Тарату пункттері және электр қабылдағыштарды басқару аппаратуралары жеке электрлік қалқанша үй-жайларында орналастырылады.

178. Өндірістік цехтарды электрмен жабдықтау талабы қоректенудің сенімділігі, үнемділігі, ыңғайлы пайдаланылуы және қауіпсіздігі болып табылады.

179. Жоғары температуралық вакуумдық электрлік пештер Электр құрылғыларын орнату қағидаларына (бұдан әрі - ЭОҚ) сәйкес бірінші санатты электр қондырғыларына жатады және оларға қызмет көрсететін персоналдың қауіпсіздігі мақсатында тәуелсіз электрмен жабдықтау көздерінен екі қосумен қамтамасыз етіледі.

180. Кенеттен тоқтауы аварияғы әкеп соқтыруы мүмкін жабдықтар үшін тәуелсіз электрмен жабдықтау көзінен резервті автоматты түрде қосатын екі қосу көзделеді.

181. Бірінші санатты электр қабылдағыштарды электрмен жабдықтау тәуелсіз көздердің электр тарататын бөлу желілерінен жүзеге асырылады.

182. Өндірістік цехтарда электрлік жабдықтарды және электр аппаратураларын жөндеу және іске қосуға арналған шеберханалар көзделеді.

183. Қалқанша үй-жайының жанында БӨАжА алдын алу жөндеу және тексеру жүргізуге арналған шеберхана, айналымдағы және резервтегі аспаптарды сақтауға арналған үй-жай орналасуы тиіс.

184. Жөндеу қызметтерінің шеберханалары сору-шығару желдеткіштерімен қамтамасыз етіледі.

185. Аспаптардың, қалқаншалардың есіктері аспаптың, қалқаншаның ішіне газ, шаң және тағы басқалардың кіруіне жол бермеу үшін тығыздалған құлыптау құрылғысымен жабылады.

186. Аспаптың немесе қалқаншаның қораптарындағы сымдарды өткізуге арналған саңылауларда тығыздағыштар жабдықталады.

187. Барлық аспаптар және реттегіштер орталық қалқанша бөлмесінде немесе оқшауланған басқару жүйесінің қалқанша бөлмелерінде орналасуы тиіс.

188. Қалқанша үй-жайы құрғақ, таза және жарық күйде ұсталады, сору-шығару желдеткіші болады.

189. Аспаптар мен реттегіштерді тікелей өндірістік учаскелерде шкаф түріндегі қалқаншада орналастыруға рұқсат етіледі. Бұл ретте шкаф түріндегі қалқаншаның есіктері құлып құрылғысымен және тығыздағышпен жасалады.

190. Қалқанша үй-жайында және оның үстіне үй-жайға технологиялық өнімнің түсуіне себеп болуы мүмкін технологиялық жабдықты және коммуникацияларды орналастыруға рұқсат етілмейді.

191. Барлық аспаптарға паспорт жасалады, оған жөндеу жүргізілгені туралы белгі және тексерілген күні қойылады.

192. Аспапқа импульстік желіні енгізу және одан шығару тығыздағыш арқылы жүзеге асырылады.

193. Импульстік желілерді қабырға арқылы енгізу металл келте құбыр арқылы жүзеге асырылады. Келте құбыр мен импульстік желі салынатын қорғаныс құбырларының арасындағы саңылау тығыздалуы тиіс.

194. Цех ішіндегі телефондық байланыс сымдары жасырын (құбырда, қабырғадағы үңгімеде және тағы басқа) орындалады.

195. Өндірістік үй-жайларда орнатылатын байланыс аппаратурасы шаңнан қорғалған түрде орындалады.

196. Жабдықтың қоршауы функционалдық мақсатымен рұқсат етілмеген бөлшектерін қоспағанда, еден деңгейінен екі жарым метрге дейінгі (қоса алғанда) биіктікте орналасқан немесе жұмыс алаңдарынан кездейсоқ тиіп кетуі мүмкін барлық ашық қозғалмалы бөліктері қоршалуғы тиіс. Қоршаулар тұтас немесе ұяшық өлшемі 20×20 мм тордан жасалады.

197. Қарсы салмақтар, тартылған тростар және жабдықтардың немесе механизмдердің осы сияқты бөлшектері қоршаумен жабылуы тиіс.

198. Беретін біліктер, шығыршықтар және осы сияқты құрылғылар жұмыскерлердің киімін және саусақтарын іліп кетуіне бөгет жасайтын сақтандыру құралдарымен жабдықталуы тиіс.

199. Станоктар, аралар және осы сияқты жабдықтар аспап сынған жағдайда жұмыскерлерді ұшқан жоңқалардан және жарықшақтардан қорғайтын қалқаншалармен (қоршаулармен) жабдықталады.

200. Қозғалыстағы жабдықтың элементтеріне өтуге мүмкіндік бермейтін алмалы-салмалы қоршаулар, қоршауларға орнатылған есіктер қоршау қорғаныс күйінде болған кезде ғана жұмысын қамтамасыз ететін қосу құрылғысы бар (жобада көзделеді) автоматты бекітпелермен жабдықталады.

201. Қоршауында ақауы бар немесе қоршаусыз жабдықтармен және механизмдермен жұмыс істеуге болмайды.

202. Алаңдардың, өту жолдарының, монтаждық ойықтарының, люктердің жоғарғы жағында орналасқан заттардың құлауына жол бермеу үшін олардың төменгі жағында периметрі бойынша биіктігі кемінде он бес сантиметр тұтас қоршау көзделеді.

203. Агрессивті және уытты заттар, ыстық су және бу тасымалдайтын құбырларының қапталдары қапталдық қосылған жерлерінде ерітінді төгілген кезде осы заттардың қызмет көрсететін персоналға тиюіне жол бермеуге арналған алмалы-салмалы қоршаулармен (тыс) жабдықталады.

204. Жылу, кәріз және осы сияқты желілердің құдықтары үнемі стандартты қақпақтармен жабылып тұрады.

205. Жоғарыда орналасқан жабдықтарға, БӨАжА құбырларына және аспаптарына және осы сияқтыларға қауіпсіз және ыңғайлы қызмет көрсету үшін тұтқасы бар алаңдар және ұстағышы бар сатылар немесе тұтқасы бар стационарлық баспалдақтар көзделеді.

2-параграф. Бастапқы материалдарды, дайындамаларды, жартылай дайын өнімдерді және дайын өнімді тасымалдау және сақтау
206. Бериллий өндірісінде сапалық сертификаты бар материалдар қолданылады.

207. Ыдыста (қаптарда, темір жол цистерналарда, бөшкелерде) жеткізілетін материалдардың заттың, материалдың атауын және өндірістік технологияға байланысты сақталу шарты көрсетілетін таңбасының болуы тексеріледі.

208. Бастапқы материалдарды, дайындамаларды және жартылай дайын өнімдерді сақтау және тасымалдау:

1) тиеу-түсіру жұмыстарын және тасымалдау операцияларын жүргізу қауіпсіздігі жөніндегі технологиялық регламентке сәйкес;

2) қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың туындауына жол бермейтін жинау тәртібін сақтай отырып жүргізіледі.

209. Бериллий өндірісінің барлық жартылай дайын өнімдері және даярламалары шаңдауына жол бермейтін ыдыстарда сақталады.

210. Жеке, бериллиймен ласталмаған корпустарда сақталатын қышқылдармен, сілтілермен жасалатын барлық жұмыстар қышқылға төзімді костюмде, көзілдірікте және респираторда жүргізіледі.

211. Бериллий концентратының тиеу және түсіру жұмыстары механикаландырылуы тиіс.

212. Металдық бериллий құймасын және оның қорытпаларын, бериллий және оның қорытпаларынан жасалған бұйымдарды, бериллий тотығының негізінде күйежентектелген бұйымдарды тасымалдау және сақтау олардың сақталуына кепілдік беретін кез келген үй-жайда және кез келген ыдыста жүргізіледі.

213. Негізгі және аралық қатты шаңдайтын өнімдерді бір цехтан басқасына, цехтің ішінде бір учаскеден басқасына тасымалдау пневмо-дірілді-вакуум көлікпен немесе қақпақтары тығыздалып жабылатын контейнерлермен жүзеге асылады.

214. Ұнтақ тәрізді өнімдердің (металлдық бериллий ұнтағы, бериллий тотығының ұнтағы және сол сияқтылар) қаттамаларын ашу арнайы герметикаланған, шығарылатын ауаны міндетті түрде тазалай отырып, жергілікті механикалық сору желдеткішімен қамтамасыз етілген бокстарда жүргізеді.

215. Ерітінділер мен қойыртпақтарды тасымалдау үшін өндірістік үй-жайлардың бериллиймен ластануына жол бермейтін сорғылар қолданылады.

216. Бериллий өндірісінің өнімдерін технологиялық процесті жүргізуге лайықталмаған ыдыстарда жинауға рұқсат етілмейді.

217. Құрамында бериллийі бар өнімдерді жұмыс орындарында, кезкелген мақсаттағы үй-жайларда сақтау тәсілі ауаның және өндірістік үй-жайлардың ластану мүмкіндігіне жол бермейтіндей етіп жүргізіледі.



3-параграф. Бериллий өндірісіндегі ластануы мүмкін учаскелерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
218. Бериллий қосылыстарының адам ағзасына кiруінен тыныс алу мүшелерін қорғау үшiн: шаңға қарсы респираторлар, газтұтқыштар (оқшауланған немесе жұмсақ құбырлы), пневмошлемдер, пневмокостюмдер және тағы басқалары қолданылады.

219. Персоналдың өндірістік үй-жайларда ЖҚҚ-сыз немесе ақауы бар құралдармен болуына жол берілмейді.

220. Бериллий (оның қосылыстары) өндірісінде тұрмыстық жеке киімді, ішкі киімді, аяқ киімдерді, шұлықтарды және бас киімдерді қолдануға жол берілмейді.

221. Бериллий өндірісіндегі барлық жұмыскерлер немесе жұмысқа тартылған адамдар ЖҚҚ пайдалану туралы нұсқаулықпен танысуы және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтан және практикалық сабақтан өтулері тиіс.

222. ТМЖҚҚ алғашқы бақылануы және мерзімді түрде тиімді қорғауы тексерілуі тиіс.

223. Әрбір газтұтқыш қорабына тіркеу нөмірі беріледі.

224. Бериллиймен (оның қосындыларымен) тозаңды ластану жағдайында жұмыскерлер тыныс алу мүшелерін жоғары уытты заттардан қорғауға арналған респираторларды қолдануы тиіс.

225. Ауаның бериллиймен (оның қосындыларымен) қатты ластану көзі болып табылатын жөндеу және басқа да жұмыс түрлерін жүргізу кезінде респираторлармен және басқа да негізгі ЖҚҚ персоналды тиімді қорғауды қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде жұмыскерлер ауамен жабдықтаудың автономды және шлангтық жүйесі бар ЖҚҚ (скафандр, пневмобетперделер, пневмокеудеше және тағы басқалары) қамтамасыз етілулері тиіс.

226. Скафандрлар, пневмобетперделер, пневмокеудешелер және басқалары жұмыс істеліп жатқан жерге жақын таза ауаның стационарлық ажыратқышына қосылады.

227. ТМЖҚҚ-на берілетін ауа көлемі сағатына 15 м3 мөлшерінен кем болмауы тиіс.

228. Пневмокостюмдер үшiн ауа алу жылдың суық мезгiлiнде алдын ала жылыту және тазарту арқылы жүргізіледі.

229. Бериллиймен және оның қосындыларымен жүргізілетін барлық жұмыстар резіңке қолғаптармен орындалады. Қолғаптардың түрі орындалатын операциялардың сипатына сәйкес болады.

230. Бериллийдің еритін қосындыларымен жұмыс істейтін адамдарға дерматиттен алдын алу үшін резеңке қолғаптың ішінен киетін мақта-мата қолғаптар беріледі.

231. От жұмыстарын орындау кезінде қызмет көрсететін персонал отқа төзімді арнайы киіммен қамтамасыз етіледі.

232. Бериллиймен және оның қосылыстарымен жұмыс істейтін барлық адамдардың жылына кемінде 1 рет білімдері тексеріле отырып, жұмыс қағидаларымен және жеке гигиенаның тәртібімен толық таныстырылуы тиіс.

233. Бериллий және оның қосылыстарымен жұмыс істейтін барлық адамдар әртүрлі кесілулерден, жаралардан, сызаттардан, күйiктен сақтайна отырып, қол терілерінің жай-күйін бақылаулары тиіс.

234. Ауаның уытты заттармен авариялық ластануы мүмкiн жұмыс орындарында немесе учаскелерде арнайы шкафтарда ТМЖҚҚ қосымша жинақтары сақталуы тиіс.

235. Өндiрiстiк үй-жайлардың жұмыс аймағы үшiн орындалатын жұмыстың ауырлығын және жыл мерзiмiн ескере отырып, микроклимат көрсеткiштерiнің шамасы сақталады.

236. Санитарлық өткізу орындарында үнемі дәрi қорапшасы, сабынның, сүлгінің, жөкенің дезинфекциялық және тері қабатын жұмсартатын құралдардың қажетті қоры болуы тиіс.

237. Дәрi-дәрмектердiң ұсталуын және жиынтығын бақылауды цехтың басшылығы немесе медициналық пункттің қызметкері жүзеге асырады.

238. Медициналық пункттер адамдар көп жерде немесе жарақат алу жағынан аса қауіпті цехтарға жақын жерде орналасады.

239. Бериллий өндірісінің үй-жайларында жұмыс істейтін немесе келетін барлық адамдар жұмыс аяқталғаннан кейін душ бөлмелерінде санитарлық өңдеуден өтеді.

240. ЖҚҚ лас аймақта әрбір қолданудан кейін санитарлық өңдеуден өтеді (жуылады). Арнайы киiмдер жуылғаннан кейін ғана жөнделеді.

241. Бериллий өндірісінің үй-жайларында тамақтану бөлмелерін орналастыруға рұқсат етілмейді. Бериллий өндірісінің жұмыскерлері асханаларда тамақтанады.

Асхана немесе буфет үй-жайларына жұмыскерлер арнайы киiммен кіргізілмейді.

4. Құрамында бериллий бар қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, жою, тасымалдау және көму кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті жүзеге асыру тәртібі
242. Бериллий өндiрiсінің қалдықтарын сақтау, тасымалдау залалсыздандыру және жою тау-кен және кенсіз ұйымдардың қалдық және шлам шаруашылықтарын, сұйық өндірістік қалдықтардың гидротехникалық құрылыстарын қауіпсіз пайдалануды реттейтін Қауіпсіздік қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

243. Құрамында бериллий бар қалдықтар құрамындағы бериллийді алу мақсатында қайта өңдеуге жіберіледі.

Өңдеу мүмкiн емес немесе мақсатқа сай емес қалдықтар залалсыздануы немесе жойылуы тиіс.

244. Қалдықтарды жинау және уақытша сақтау кәсiпорындарында қолданыстағы нормаларға және гигиеналық талаптарға сәйкес жабдықталған арнайы орындар бөлінеді.

245. Қалдықтарды жинау:

1) түрлеріне (сұйық, қатты);

2) қалдықта бериллийдің болу-болмауына;

3) жарылыс және от қауiптiлiгіне қарай жүргізілуі тиіс.

246. Бериллий өндiрiсiнің қалдықтарын тасымалдау үшiн өндiрiстiк алаңның жолдары мен аумағын өндіріс өнімдерімен ластауға жол бермейтін ыдыстар мен көлік қолданылуы тиіс. Бұл мақсатта жабдықталмалған көлiктi қолдануға тыйым салынады.

247. Бериллиймен ластанған өнеркәсiптiк ағын сулар тазартылады (тұндыру, химиялық тазарту, сүзу және тағы басқалары), содан кейін кері циклда қолданылады.

248. Бериллий өндiрiсінің, оның ішінде құрамында уытты заттар бар қалдықтары қойрытпақ құбыры арқылы немесе мамандандырылған машиналармен қалдық сақтау орындарына жіберіледі.

Қалдық сақтау орындарына өндіріс қалдықтарын арнайы герметикалық контейнерлерде шығаруға рұқсат етіледі.

249. Өндіріс қалдықтарын (ыдыстар, сүзу маталары, сүрту материалдары және сол сияқтылар) жою тиеу, түсіру процесі механикаланған және шаң тұтудың жүйесi бар арнайы жабдықталған пештерде өртеу арқылы жүргізіледі немесе қалдық сақтау орындарына шығарылады.

250. Тасымалдау аяқтауынан кейiн көлiк құралдары одан әрi пайдалану үшін тазартылады және залалсыздандырылады.

251. Осы Қағидалар баяндалған талаптарға сәйкес мекемелерде қалдықтарды жинау, жою және көму тәртібін көздейтін нұсқаулық әзірленеді.

5. Бериллий өндірісінің өртке қауіпті учаскелерін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
252. Ұйымдардың, санитарлық - тұрмыстық үй-жайлардың аумағында орындалатын жұмыстың сипатына байланысты қажеттi өрт сөндiру құралдары болуы тиiс.

253. Әрбір ұйымда, цехта, учаскеде өртке қарсы режим сақталады және өндiрiстiң ерекшелiктерiне байланысты өртке қарсы iс-шаралар орындалады.

254. Цехтерді және учаскелерді өртке қарсы қорғауы жөніндегі іс-шараларды дұрыс таңдау үшiн үй-жайлар мен ғимараттардың санаты айқындалады, оларға байланысты ғимараттың өртке төзімділік деңгейі, эвакуациялау жолдарының ұзындығы және ені, түтін шығару жүйесін, автоматты өрт сөндіру қондырғыларын орнату қажеттігі белгіленеді, өртті хабарлағыштардың типі таңдалып алынады.

255. Үй-жайлардың және ғимараттардың санаты технологиялық процесте қолданылатын заттар мен материалдардың (жалын температурасы, үй-жайдағы жарылыстың артық қысымының есебі) қасиетіне байланысты белгіленеді.

256. Металл бериллийдің ұнтақтарын алу немесе қолдану жүргізілетін өндірістік үй-жайлар анағұрлым өрт және жарылыс жағынан қауіпті болып табылады және оларда арнайы өртке қарсы іс-шаралар көзделеді.

257. Ірілігі кемінде бес микрометр ұнтақтар алуға арналған үй-жайлардың қабырғалары шығыңқы жерлері барынша аз болып жасалады.

258.Орташа ірілігі кемінде бес микрометр бериллий ұнтақтарын ұсақтаумен, үгітумен және қайта салумен байланысты технологиялық операциялар инертті ортада жүргізіледі (аргон атмосферасында).

259. Ылғалды бериллий ұнтақтарын кептіру ауа температурасы


2000С-2500С аспағанда жүргізіледі, бұл ретте кептіру аппаратына аргон үрленеді.

260.Бериллий ұнтағымен жұмыс жүргізілетін үй-жайларда ашық оттың болуына рұқсат етілмейді. Дәнекерлеу және басқа да отпен жасалатын жұмыстар өндірісті алдын ала дайындағаннан және осы жұмыстарды ұйымдастырғаннан кейін жүргізіледі. Жабдық алдын ала бериллий ұнтағынан тазартылады.

261. Орташа ірілігі бес микрометрден кем бериллий ұнтақтарын аргон толтырылған арнайы герметикалық ыстық ұстайтын контейнерлерде сақтауға және тасымалдауға рұқсат етіледі.

262. Бериллий ұнтақтары бар контейнерлерді бастапқы және арнайы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған оқшауланған үй-жайларда сақтау қажет.

263. Әртүрлі фракциядағы бериллий ұнтақтарын сақтау нормасы жобамен айқындалады.

264. Бериллий ұнтақтарын тез тұтанатын заттармен, қатты тотыққыштармен, қышқылдармен және сілтілермен бірге сақтауға болмайды.

265. Бериллий ұнтақтарын су астында сақтауға болмайды.

266. Бериллий ұнтағы бар контейнерді ашқан кезде контейнер қабырғасының температурасын бақылай отырып, оған мөлшерлеп ауа жіберу ұсынылады. Контейнер қатты қызған кезде оны қауіпсіз жерге көшіреді және аргонмен үрлейді.

267. Жоғары температуралы вакуумдық пештер екі тәуелсіз көздерден алынатын цехтық сумен жабдықтау желілерінен салқындатуға арналған сумен жабдықталады.

268. Пештің жұмыс кеңістігіне судың тиюіне жол бермеу үшін салқындату жүйесін тұрақты қарау және тексеру жүргізіледі және жұмыс кеңістігіне су тиген жағдайда пешті ажырататын бекітпелер көзделеді. Вакууммен жұмыс істемейтін пештер жарылғыш клапандармен (мембрана) жабдықталады.

269. Ішкі қабырғаларында металдың өздігінен жануға бейім тозаңды бөлшектері жиналуы мүмкін вакууммен жұмыс істейтін пештер ашар алдында инертті газбен толтырылады.

270. Ауа шығарғыштар және желдету жүйелерінің арналары жанбайтын материалдардан жасалады (мысалы, болаттан).

271. Желдету жүйелерінің ауа шығарғыштары шаң жинауы мүмкін иілімдер және басқа да бөлшектерсіз жасалады. Ауа шығарғыштардың шаң жиналуы мүмкін жерлерінде (иілген, жалғанған жерлері) мерзімді түрде шаңнан тазартуға арналған люктер орнатылады. Тазарту ұйымның техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша жүзеге асырылады.

272. Жаппа, аралық және қабырға арқылы ауа шығарғыштар өтетін жерлерде ауа шығарғыш пен саңылау арасындағы бос кеңістік жанбайтын материалдармен толтырылады.

273. Өртке қарсы аралықтардағы саңылаулар тартпалардың көмегімен арна (ауа шығарғыш) ішінен екі жағынан қорғалады, олар температура шекті мәнге дейін көтерілген кезде автоматты түрде жабылады.

274. Желдету арналары мен ауа шығарғыштардағы автоматты тартпалар сору желдеткіші сүзгілерінің әрбір камерасына дейін және кейін орнатылады.

275. Металл бериллийдің ұнтақтарын алу операцияларына арналған шаң-газтазарту жүйелері сүзгілерінің жеңдеріне арналған сүзгі матаны таңдау кезінде жанбайтын және нашар жанатын матаға басымдық беріледі.

276. Бериллий ұнтақтарын алу үшін сүзгі матасының жаңа түрлері оған бериллий ұнтағын шаша отырып, жану-жанбауына сынақ өткізгеннен кейін қолданылады.

277. Металл бериллийдің ұнтағын шығару кезінде жалын (сүзгіштер бар камералар жанған жағдайда) жең сүзгіштері бойынша негізінен төменнен жоғары қарай жанады, осыған байланысты шаң-газтазарту аппараттарының қабырғаларына жылу жүктемесін төмендету үшін сүзгіштердің биіктігі төмендеуі тиіс.

278. Сүзгіш жеңдердің регенерациясы сүзгіштер кедергісінің шекті мәніне жеткенге дейін тұрақты жүргізіледі.

279. Жеңдердің регенерациясы аяқталғаннан кейін бериллий ұнтағы дереу сүзгіш бункерінен алынады. Контейнер-жинақтағыш көлемінің үштен екісі бериллий ұнтағымен толған кезде жең сүзгіштерін пайдалануға болмайды.

280. Алынған сүзгіш жеңдерді көмуге шығарғанға дейін құрғақ үй-жайларда және герметикалық, жанбайтын орамаларда сақтаған жөн.

281. Ұнтақты операцияларға арналған шаң-газтазарту жүйесін пайдалану осы жүйелерге судың, тез тұтанатын сұйықтық буының, жарылуы қауіпті газдардың, жағу көздерінің (шоқ) және аппараттың қабырғасына соғылған кезде шоқ пайда болатын затардың тиюіне жол берілмейтіндей етіп ұйымдастырылады.

282. Өртенуі және жарылуы қауіпті учаскелер және тәжірибелік-өндірістік қондырғылар автоматты өрт сөндіру сигнализациясымен жабдықталады.

283. Ғимараттардың, құрылыстардың және жабдықтардың конструкцияларын жуу және сүрту үшін тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға болмайды.

Жұмыс орындарына орнатылған жабдықтарды жуу (сүрту) үшін өртке қауіпсіз сұйықтықтар мен препараттар қолданылады.

284. Дайын өнім, жартылай дайын өнім, ыдыстар мен жабдықтар персоналды эвакуациялаған жағдайда кедергі болмайтын белгілі бір учаскелерге жиналады.

285. Шатыр үй-жайларын материалдарды сақтау немесе өндірістік мақсаттарда қолдануға рұқсат етілмейді.

286. Бериллий ұнтақтары өндірілетін барлық цехтер, шеберханалар, қоймалар және басқа да үй-жайлар бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

287. Әрбір өндіріс үшін әзірленетін технологиялық регламенттерде қолданылатын шикізат пен материалдардың қасиеті, негізгі және қосалқы химиялық процестердің, аппаратураның және басқалардың сипаттамасы, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты маңызды технологиялық параметрлерді бақылау тәсілдері беріледі.

288. Жанып жатқан бериллий ұнтағын сөндіру:

1) ұнтақты материалдар: құрғақ құм, фторлы кальций, ас тұзын, графит ұнтағын (сөндірудің ұнтақтық тәсілі) қолдану арқылы;

2) аргонды қолдану (көлемді газдық сөндіру) арқылы жүзеге асырылады.

289. Фторлы кальцийді қолдану кезінде оны жанып жатқан бериллийге ұнтақты сөндірудің қол немесе стационарлық қондырғыларының көмегімен қолмен және пневматикалық жүзеге асыруға болады.

Фторлы кальцийдің сөндіруге арналған болжамды шығысы 1 кг бериллий ұнтағына 100 кг/м2 немесе 1 кг CaF2 құрайды.

290. Жанып жатқан бериллийді жабық аппаратта немесе контейнерде көлемді газдық сөндіру кезінде мүмкіндігінше оны аргонмен үрлегенге дейін аппарат (контейнер) герметикалық жабылады.

291. Аппараттың, контейнердің немесе жабық ыдыстың ішіндегі бериллийді көлемді газдық сөндіру үшін газдың шығысы мынадай теңдеумен есептеледі:
Q•t = 2,3 • V • lg ,
мұндағы: Q – газды берудің көлемді жылдамдығы, м3/с;

t – газды беру ұзақтығы, с (беріледі);

V – аппараттың, контейнердің, ыдыстың көлемі, м3;

Iн – оттегінің бастапқы концентрациясы (21 %);

Iк – оттегінің соңғы концентрациясы (бериллий үшін <13,4%);

Iо – аргондағы оттегінің құрамы, %.

292. Жанып жатқан бериллийді сөндіру үшін су, химиялық және әуе-механикалық көбік қолдануға болмайды. Көлемді газдық сөндіру үшін азот немесе көмірқышқыл газын қолдануға болмайды.

293. Өртті анықтау жүйесі түтінденген ортада сенімді жұмыс істеуді қамтамасыз етеді және жалған іске қосылуларға жол бермейді.

Хабарлау құралы ретінде қорғалған сезу элементі бар жылу датчиктерін қолдану ұсынылады.

294. Сүзгіштердің камераларында хабарлау құралдары қаптал және жоғарғы қабырғаларында орналасады.

Хабарлау жүйесінің жалған іске қосылуын болдырмау үшін камераның бір бөлігінде орналасқан екі хабарлау құралының сигналдары сәйкес келген кезде қосылуы көзделеді.

295. Өрт, желдету арналарындағы автоматты тартпалардың жабылғаны, желдеткіштердің қосылғаны, өрт сөндіру қондырғыларының қосылғаны, сыртқы сулы суыту дренчерлерінің қосылғаны туралы сигнал беру үшін БӨАжА аспаптарын қолдану қажет.

296. Өрт кезінде жең сүзгіштері камераларының қаңқаларын сақтау мақсатында қаңқаның сыртқы беті сумен суытылуы тиіс, ол үшін оның жоғарғы бөлігінде қаңқаның периметрі бойынша дренчерлер орнатылады.

297. Сүзгіштер камерасының бір секциясында жанған кезде өрт сөндіру құралдары жанып жатқан секцияға және оған жапсарлас секцияларға немесе осы камераның барлық секцияларына беріледі.

298. Өрттің таралуына жол бермеу үшін автоматты тартпалар жерасты туннельдерінің басында және соңында, желдету арналарында, әрбір камераның алдында және одан кейін орнатылады.

299. Жерасты туннельдерінде және желдету арналарында автоматты хабарлау құралдары орнатылады, олардың сигналы бойынша автоматты түрде тартпалар жабылады және желдеткіш ажыратылады.

300. Сүзгіштерді сөндіргеннен кейін тартпалар ашылады және жанған газ тектес өнімдерді жою үшін желдеткіш қосылады. Көрсетілген операция бериллийдің қоршаған ортаға таралуына жол бермеу жөніндегі тиісті іс-шаралардан кейін орындалады.

301. Бериллий бар үй-жайлардағы өртті ТМЖҚҚ қолдана отырып, дайындалған персонал сөндіреді.

Бериллийді, оның қоспаларын

және олардан бұйымдар өндіру

кезінде өндірістік қауіпсіздікті

қамтамасыз ету қағидаларына


1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет