Автор көзқарасы берілген сөйлемді көрсетіңіз.
А) ата-ананы қадірлеу керек.
В) білім мен ғылым шынайы достықтың белгісі С) өркөкіректік жақсылыққа жетелейді.
D)шынайы дос адал, шыншыл, сенімді болады.
Е) шынай достық дегеніміз - өзімшілдік пен еріншектік.
Мәтінде қандай мақал айтылды? Мағынасын ашып жазыңыз.
Айтылым. Сөйлем ішіндегі сөз екпінін ескере отырып, «Достық деген не?» сол туралы айтып бер.
Адал дос
Оқылым.
Мәтінді оқы. Төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде
тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. (152сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |