Беруін талдау Оқу құралы Қостанай



бет26/49
Дата12.05.2023
өлшемі0.97 Mb.
#473579
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49
ef f keet2012

± Мак= Мак - ҚШ.

Мұндағы: ҚШ - тауарлы-материалдық қорлар мен шығындар.


2. Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-) (Мак/ұз):


± Мак/ұз = Мак/ұз - ҚШ.

3. Қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің (НК) жалпы мөлшерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-):




± НК = НК - ҚШ.

Тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткішін есептеу кәсіпорынның қаржылык жағдайын оның тұрақтылық дәрежесі бойынша келесі төрт типке бөлуге мүмкіндік береді:



  1. қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы;

  2. қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы;

  3. тұрақсыз қаржылық жағдайы;

  4. дағдарысты (қауіпті) қаржылық жағдайы.

Қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы мына теңсіздікпен сипатталатын уақытта қалыптасады.


ҚШ < Мак немесе Мак > ҚШ.

Бұл теңсіздік тауарлы-материалдық қорлар меншіки айналым капиталымен жабылатынын көрсетеді, яғни кәсіпорын сыртқы кредиторлардан тәуелсіз болады. Мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Оның үстіне, бұл жағдай ең дұрыс деп қарастырылмауы мүмкін, себебі әкімшілік негізгі қьізмет үшін қаражаттың сыртқы көздерін пайдалана алмайды, пайдаланғысы келмейді немесе пайдалануға мүмкіндігі жоқ.


Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы мына теңсіздікпен сипатталады.


Мак/ұз<ҚШ<НК.

Бұл келтірілген қатынас тиімді жұмыс істеп тұрған кәсіпорын тауарлы-материалдық қорларды жабу үшін әр түрлі "қалыпты" - меншікті және қатыстырылған қаражат көздерін пайдаланып жатқан жағдайға сәйкес келеді.


Тұрақсыз қаржылық және қалыптасқан жағдай келесі теңсіздікпен сипатталады:


ҚШ > НК немесе НК < ҚШ.

Бұл қатынас кәсіпорын өзінің тауарлы-материалдық қорларының бір бөлігін жабу үшін «қалыпты емес»болып, яғни негізделмеген болып саналатын қосымша жабу көздерін тартуға баруына тура келетін жағдайға сәйкес келеді.


Ішкі талдау кезінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына төлеу қабілетсіздігі балансын құру негізінде, тереңдетілген зерттеу жүргізіледі. Оған келесі өзара байланысқан көрсеткіштер топтары кіреді:
1. Төлемеушіліктің жалпы мөлшері:

  • банктің қарызы бойынша уақыты өтіп кеткен борыштар;

  • жабдықтаушылардың есеп айырысу құжаттары бойынша уақыты өтіп кеткен борыш;

  • бюджетке салықты толық төлемеу;

  • басқа да төлемеу, соның ішінде еңбекақы бойынша да;

2. Төлемеушіліктің себептері:

  • меншікті айналым қаражатының жетіспеушілігі;

  • тауарлы-материалдық құндылықтардың жоспардан тыс қорлары;

  • сатып алушылар уақытында төлемеген, тиеліп жіберілген тауарлар;

  • акцептен бас тарту себепті сатып алушылардьш жауапты сақтауындағы тауарлар;

  • айналым қаражатын күрделі құрылысқа, жұмысшылардың алған қарыздары бойынша борыштарына жұмылдыру, сонымен бірге бөлінгеін қаржыландыру көздерінің каражаттарымен жабылмаған шығындар.

3. Қаржылық шиеленісті азайту көздері.

  • уақытша бос меншікті қаражаттар;

  • қатыстырылған қаражаттар (қалыпты кредиторлық борыштың дебиторлық борыштан асып кетуі);

  • айналым қаражатын уақытша толтыруға алынған банк несиелері және тағы басқа қарыз қаражаттары.

Қаржылық шиеленісті азайтатын төлемеушілік пен қаржы көздерінің жалпы мөлшерін толық есептегенде, 2-топ бойынша қорытынды 1 және 3-топтар бойынша қорытындылардың сомасына тең болуы керек. Қаржылық жағдайды төлем тәртіптерін және несиелік қатынастарды талдау үшін берілген көрсеткіштерді динамикада қарастыру ұсынылады (мысалы, тоқсан бойынша).
Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерімен қатар қаржылық жағдай үшін барлық айналым капиталының, әсіресе тауарлы-материалдық қорларға қатысты (айналымга қарсы) азаюымен көрінетін материалды айналым қаражатының айналымдылыгы маңызды орын алады.
Тауарлы-материалдық қорлардың жағдайын тереңдетіп талдау қаржылық жағдайды ішкі талдаудың құрамдас белігі болып табылады, себебі қаржылық есеп беруде жоқ және коммерциялық құпияға жататын тауарлы-материалдық қорлар жөнінде ақпаратты қолдануды көздейді.
Қорытындылай келе айта кету керек, арнайы әдебиеттерде кәсіпорындарда калыптасқан қаржылық кағдайға бұдан да басқаша жіктеу берілген. Оларды келесі атаулармен 4 топқа бөледі:

Бұл кезде өндірістік кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаражаттарды жұмсаудың келесі негізгі бағыттары бойынша қарастырылады:

  1. қалыпты (біркелкі) өндірістік-шаруашылық және ұдайы өндіру қызметін қамтамасыз ету;

  2. ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар бойынша уақытылы есеп айырысулар;

  3. кәсіпорынның дамуы бойынша көлемді жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі (нарықтың аңа секторларын игеру, өндіріс көлемін кеңейту, өнім мен технологияның жаңа түрлерін игеру және т.б.).

Қаражатты жұмсаудың осы бағыттарын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мүмкіндігін негізге ала отырып, осы көзқарастың авторлары кәсіиорынның қаржылық жағдайын бағалау және оны қайсыбір топқа жатқызудың өз әдістемесін ұсынады.
Кәсіпорынның қарамағындағы қаржы ресурстары осы үш функцияны да орындауға мүмкіндік берсе, онда оның жағдайын жақсы деп бағалау керек. Егер алдыңғы екі функциялар орындалып, ал үшіншісін орындауға қаражат жетпесе, онда оның жағдайы орташа болады. Ал егер қаражат алдыңғы екі функцияны да орындауға жетпесе, онда кәсіпорынның қаржылык жағдайы банкрот болуға (құлдырауга) жақын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет