Беруін талдау Оқу құралы Қостанай



бет46/49
Дата12.05.2023
өлшемі0.97 Mb.
#473579
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
ef f keet2012

Бірінші топқа динамикасьшың өзгеруі немесе жағымсыз ағымдағы мәндері келешекте банкроттық және қаржылық қиыншылыктардың болуы мүмкіндігін көрсететін динамикасының өзгеруі немесе белгілер мен корсеткіштер жатады. Оған жататындар:

  • негізгі өндіріс қызметіндегі қайталанатын елеулі шығындар;

  • үізақ мерзімді салымдардың көзі ретінде қысқа мерзімді заемдарды шамадан тыс қолдану;

  • мерзімі өткен кредиторлық борыштың кейбір қауіпті деңгейінің өсуі;

  • өтімділік коэффициентінің тұрақты төмен мәндері;

  • айналым қаражаттарының аса тапшылығы;

  • қаражаттар көзінің жалпы сомасындағы қарыздар үлесінің қауіпті шектеріне дейін тұрақты өсуі;

  • дұрыс емес қайта инвестициялау саясаты;

  • инвесторлар, кредиторлар және акционерлер ал-дында міндеттемелерді үнемі орындамау;

  • дебиторлық борыштың жоғары үлес салмағы;

  • нормадан тыс, жатып қалған тауарлар мен өндіріс қорларының болуы;

  • банктік жүйедегі мекемелермен қатынасының нашарлауы;

  • тиімсіз шарт бойынша жаңа қаржылық ресурстар көзін пайдалану (мәжбүрлі);

  • пайдалану мерзімі өтіп кеткен жабдықтарды ендіріс процесінде қолдану;

  • ұзақ мерзімді келісімдерді потенциалды жоғалту;

  • тапсырыстар портфеліндегі жағымсыз өзгерулер. Екінші топқа жағымсыз мәндері ағымдағы қаржылық жағдайды шекті жағдай түрінде қарастыруға негізделмейтін белгілер мен керсеткіштер кіреді. Оған жататындар:

  • басқару аппараттарының белді қызметкерлерінен айырылу;

  • мәжбүрлі тежеулер, сонымен қатар өндірістік техникалық процестердің ырғақтылығының бұзылуы;

  • кәсіпорынның активті түрі, жабдыктың типі, пакты бір жобадан тәуелді болуы;

  • жаңа жобаның табыстылығы мен сәттілігіне орынсыз сену;

  • кәсіпорынның немен аяқталатыны белгісіз сот ісіне араласуы;

  • тиімді контрагенттерді жоғалту;

  • кәсіпорынды техникалық және технологиялық түракты жаңартудың қажеттілігін дұрыс бағаламау;

  • тиімсіз ұзақ мерзімді келісімдер;

  • кәсіпорынмен тікелей немесе оның бөлімшелерімен байланысты саяси тәуекел.

Осы ұсыныстардың құндылықтарына жүйелілікті, мүмкін болатын банкроттық түрғысынан қарағанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын кешенді жолмен түсінуді, кез келген кәсіпорынның ешқандай өзгертулерсіз қолдануына болатындығын жатқызуға болады. Қаржылық есеп берулер мәліметтерінен басқа, қосымша ақпарат қажет. Бұл белгілердің шекті мәні салалар бойынша нақтылан ады, ал оларды жасау тек қана анық-талған статистик.алық мәліметтер жиналғаннан кейін жүргізіледі.
Б. Төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін болжау.
Кәсіпорынның банкроттығы жайында шешімдер қабылдау үшін негізі ретінде кәсіпорынның баланс құры-лымының қанағаттанарлықтай екенін бағалаудың белгілер жүйесі алынады. Ол Қазақстан Республикасындағы қанағаттанғысыз мемлекеттік кәсіпорындарды жою, қайта құру, қаржылық-экономикалық сауықтырудың меха­низмі экайындағы Ережемен (Қазақстан Республикасы-ның Министрлер Кабин етінің 1994 жылғы 7 қыркүйе-гіндег». №1002 қаулысымен бекітілген), сонымен қатар 1995 гжылдың 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен бекітілген кәсіпрындардың баланстық құрылымын бағалау тәртібі туралы Ережесімен белгіленген.
Осы Ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік комитеті жанындағы кәсіпорындарды қайта құру Агенттігі «Төлем қабілеті жоқ кәсіпорынньің қаржылық жағдайын тереңдетіп талдау бойынша әдістемелік ұсыныстар» жасады, оны аталған мемлекеттік органның директоры 1995 жылы 5 қазанда бекітті. Бұл әдістемелік ұсыныстар қанағаттанғысыз кәсіпорындарды сауықтыру, қайта құру жөне жоюды орындау тәртібін бірдей әдістемелік жолмен жүргізуді қамтамасыз етті. Баланстың құрылымының қанағаттанарлығың бағалау мен талдау келесі көрсеткіштер негізінде жүргізіледі:

  1. Ағымдағы өтімділік коэффициент (жалпы жабу), ағымдағы активтердің (баланс активінің бөлімі) ағымдағы міндеттемелерге (алдағы кезең табыстарын алып тастағандағы баланс пассивінің 3 бөлімі) қатынасымен анықталады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпо-рынның шаруашылық қызметін жүргізу және ағымдағы міндеттемелерді уақытында жабу үшін айналым қаражаттарымен жалпы қамтамасыз етілуін сипатгайды.

  2. Меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті меншікті айналым қаражаттарының (мен-шікті капитал минус ұзақ мерзімді активтер = баланс пассивін I бөлімі минус баланс активінің I бөлімі), ағымдағы активтер құнына (баланс активінің II бөлімі) қатынасымен анықталады.

Кәсіпорынньщ төлем қабілеттілігі жоқ деп тану оның жағдайының қанағаттанғысыздығын білдірмейді, яғни меншік иесіне азаматтық-құқықтық жауапкершілік жүктемейді. Бұл тек мемлекеттік органдар анықтаған қаржылық тұрақсыздық жағдайы, ол кәсіпорынның дағдарыс жағдайынан өз күшімен шығуын ынталандыру және қанағаттанғысыздықтың алдын алуға бағытталған шараларды уақытында іске асыруға бағытталады.
В. Қаржылық ағымдардың талдауы.
Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін алдын ала көрсетіп және оны болдырмауда қаржылық ағымдардың талдауы маңызды әдіс болып табылады. Ол несие алудың мақсатқа сәйкестігін бағалау, қарыз қаражаттарының қажетті көлемдерін және мерзімдерін бағалау міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
Қаржы қаражаттарының крзгалысын немесе қаржы ағымдарын талдауда көрсеткіштердің 4 тобы қарастырылған:

  • кірістер;

  • шығындар (немесе «төлемдер»);

  • олардың айырмасы («сальдо», «баланс»);

  • нақты бар болуы («өспелі нәтижелі сальдо», топ-тастырылған «сальдо»), шоттағы бар қаражат-тарға сәйкес.

Егер болашақта 4-көрсеткіш («өспелі нәтижелі сальдо») теріс болса, онда ол қарыздың пайда болуын көрсетеді. Егер бұл қарыздарды жабатын мүмкіндік болмаса, ал кредиторлар оларды сот арқылы талап етсе, ол банкротқа немесе форс-мажордық жағдайға алып келуі мүмкін. Демек банкроттыктың бірінші белгісі, ол - соңғы көрсеткіштің теріс болуы.
Банкроттықтың келесі белгісі сыпайылау, ол тіпті өркендеген кәсіпорынның да «несиелік қақпанға» тусу мүмкіндігімен байланысты. Бұндай жағдайда қарыз қаражаттарды алу көлемі қарыз қаражаттарды қайтару кәлеміне тең немесе кем. Ол қарыздар алынғаннан кейін бірден кәсіпорынды дамыту үшін жұмсалмағанын білдіреді, ал олардың төлемі оның тиімділігін төмендетеді, яғни өз қаражаттарының «жуылып» кетуі нәтижесінде шығынды қызметке және банкроттыққа алып келеді.
Төлем қабілетсіздік қаупі, қарыздарды төлеу уақыты келген кезде қолма-қол төлем міндеттемесін орындай алмаған жағдайда болады. Төлем қабілетсіздікті анықтау алынатын және шығатын төлемдер негізінде жасалады. Төлем қабілетсіздік қаупі болашаққа бағытталған, сондықтан белгісіздік мәселесіне қарсы тұрады. Табыстар мен шығыстардың көптеген көлемдері, қаржылық болашағы нақты жағдайға байланысты екенін көрсетеді.
Түсуі мен шығуы жоспарланған, өтімді қаражат-тардың барлығы кірістірілген қаржылық жоспар, баға-лаудың барабар қүралы болып табылады. Банкроттықтың алдын алып, кәсіпорынның төлем қабілетін қалпына келтіру үшін, кәсіпорын келесідей батыл әрекет жасауға мәжбүр болады:

  • қозғалмайтын мүліктің бір бөлігін сату;

  • басы артық тауарлы-материалдық қорлардан құтылу;

  • жарғылық капиталды өсіру;

  • айналым қаражаттарын толтыру үшін ұзақ мерзімді ссудалар мен заемдарды алу;

  • шығындарды қысқарту бағдарламасын жасау және жүзеге асыру;

  • активтерді басқаруды жақсарту;

  • қайтарылмайтын немесе қайтарылатын негіздегі әр түрлі деңгейдегі бюджеттерден, салалық және салааралық бюджеттен тыс қорлардан мемлекеттік қаржылық көмек алу.

Банкроттықты болдырмауға бағытталған жұмыстың басқа жайы маркетингтік саясатты дұрыс жүргізу болып табылады.
Үшінші бағыт - капиталдың тез айналымын қамтамасыз ету. Кәсіпорынның аз табыс алатынының ең басты себебінің бірі, ол оның қаржыларының үлкен сомасының қозғалыссыз жататындығы. Құралдар көп қолданылмайды, шикізаттың қоры тым көп, ғимарат-тардың шамадан тыс көп болуы т.б. Бұның барлығы әрекетсіз капитал болып табылады. Кейде капиталдың 2/3 бөлігі доғарылып қалып, барлық тапсырыстар қалған бір бөлігіне жүктеледі.
Бұл ұсыныстар банкроттықты болдырмайтын жұ-мыстарға жалпы бағыт береді. Шаруашылық қызметтің негізгі корсеткіштерінің өсу деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық дағдарыс жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға бағдарлама жасап шығару керек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет