Беруін талдау Оқу құралы Қостанай


Тарау 9. Кәсіпорынның потенциалдық банкроттылығын және кәсіпкерлік қатерін талдау



бет6/49
Дата19.05.2022
өлшемі1.18 Mb.
#457830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
ef f keet up

Тарау 9. Кәсіпорынның потенциалдық банкроттылығын және кәсіпкерлік қатерін талдау ......................................................................................................................

104


9.1.Банкроттықтың түсінігі және оны алдын алудың белгілі механизмі............

104

9.2.Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың ролі мен маңыздылығы........................................................

105

9.3.Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың негізгі әдістері.....................................................................

106

Бақылау сұрақтары.................................................................................................................

110

Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары........................................................................

110

Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................................

115

Қосымшалар............................................................................................................................

116



Кіріспе

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.


Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәеіпорынньщ жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасык жаңартуға және де әлеуметтiк климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Кәсіпорынның есеп беруін қаржылық талдаудың негізгі міндеті – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат беру, оны ұғыну, оларға талдау зерттеуіндегі дағдыларды меңгеруге көмек беру.
Осы курсты оқығаннан кейін студент келесілерді білуі тиіс: кәсіпорынның қаржылық есептемесінің түрлерін және олардың құрылымдарын (бөлімдерді, бөлімшелерді және баптарды), қаржылық талдау әдістерін, қаржылық жағдайдың және оны сипаттайтын көрсеткіштердің түсініктері, мағыналары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет