Беруін талдау Оқу құралы Қостанай



бет7/49
Дата19.05.2022
өлшемі1.18 Mb.
#457830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49
ef f keet up

Тарау 1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайдын талдау әдісі және мазмұны
Мақсаты: Қаржылық талдаудың пәнiмен, құрылымымен, реттеу тәсiлдерiмен танысу. Қаржылық есептi оқу әдiстерi мен факторлық талдаудың үлгiлерiн қарастыру


Жоспар:
1.1 Қаржылық талдаудың пәнi, құрылымы, реттеу тәсiлдерi
1.2 Қаржылық есептi оқу әдiстерi
1.3 Факторлық талдаудың үлгiлерi


1.1 Қаржылық талдаудың пәнi, құрылымы, реттеу тәсiлдерi

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.


Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе ."қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған ,,арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру кездерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.
Профессор Н.А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетгі қаржы ресурстармен "қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруа-шылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржьшық ұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді".
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорыннын қаржылық жағдайы "қаржы ресурстарының қалаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп жазады.
М. Н. Крейнина, А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: "Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы".
Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінін қаржылық жағдайы - бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық түрақтылық; несиеқабілеттілігі; капиталды айдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады .
С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау".




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет