Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 жылғы 1 тоқсандық қорытынды есебі



Дата23.02.2016
өлшемі54.19 Kb.
#8565
Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 жылғы 1 тоқсандық қорытынды ЕСЕБІ

Ауданның атқарушы органдары қызметтерінің өткен жыл ішіндегі басымдық бағыттары халықтарға Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында қарастырылған тапсырмаларды өмірге енгізуді түсіндіру болып табылады.



Осы тапсырмаларда, ауданның әлеуметтік және экономикалық дамуының ерекшеліктерін есепке алумен, үш жылға арналған орта мерзімді бағдарлама әзірленіп, қаражаттың тепе-теңдігіне үлкен көңіл бөлінуде, салықтық базаның кеңейтілуі, агроөнеркәсіптік кешенінің көтерілуі, орта және шағын бизнес,білім саласының өркендеуі, денсаулық және мәдениет, салауатты өмір салтын енгізу.
Осы үшін сегіз өңірлік бағдамалар әзірленуге жіберілді.
Стационарлық аудандың орталық аурухананың құрылысының басталуы іс жүзінде іске асыру болып табылады, оның сметалық құны 496 млн. теңгені құрайды.
Кривинка ауылындағы су құбырлары жүйелерін күрделі жөндеуден өткізуге 29,5 млн.теңге, тұрғындардың қаражаттарының есебінде тұрғын үйлердің және басқа объектілердің құрылысын, жарықтандыру мен көгалдандыру бойынша жұмыстар жоспарланды.
2007 жылғы 1 тоқсандағы негізгі қорытындыларды сипаттауға рұксат етіңіз.
2007 жылғы 1 тоқсан ішіндегі болжам бойынша кіріс бөлігі 149,7 млн.теңге нақты орындалғаны 150,7% немесе 100,7%. Шығыс бөлігінің орындалу болжамы бойынша 153,0 млн.теңге нақты орындалғаны 142,1 немесе 92,9 %.
Біз әлі де жоғары сеніммен қараймыз, экономиканың негізгі секторын, өнімдерді өңдеуді жоғарғы қарқынмен дамытпайынша, салық базасын дамыту, меншікті кірістердің түсімдерін ұлғайту, біз үшін өте қиынға түседі.
2007 жылға тапсырма- кірістік болжаммен қамтамасыз ету, бағдарламаларды толық қаржыландыру.

Ауыл шаруашылығы
ауданның экономикасының негізгі саласы болып саналады. Ірі қара малдардың барлық түрлерінің санының өсуі ауытқусыз жоғарылауда. Алты шаруашылық асыл тұқымды малмен айналысуда, 450 бас аналық асыл тұкымды аналық мал мен төлдер әкелінді. 77 мың тонна қатаң мал азығы дайындалып, малдардың қажеттілігіне жарады. 2006 жылдың көктемінде 24,3 мың гектар себілген егінді жинауға субсидия арқылы дизель отыны сатып алынды. 2007 жылдың 1 сәуірінде 744 шаруа қожалықтары, 1 ауыл шаруашылық «Ас Ай и К» ЖШС-і. Биылғы жылы шаруа қожалықтарына берілген жерлердің жалпы көлемі 233,5 мың.га, жалпы егіс алқабы – 36596,0 га құрайды.
Ауыл шаруашылық техникаларды жөндеулер, көктемгі дала жұмысына дайындықтар жүргізілуде.
Алдағы даму аудандағы кәсіпкерлердің қолында. Ауданда 133 дүкендер, 82 дүңгіршектер жұмыс істеуде, есеп беру мерзімі ішінде Қара-Мырза ауылындағы кәсіпкер Т.Надырбековтың шағын наубайханасы пайдаланымға алынды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде қаржылық көмектің өсуі байқалады.
Біз ауданның кәсіпкерлерінен мемлекеттік тапсырыстарды сатып алуға орналастыруға талаптанамыз, жылдың басынан осындай сатылымдар 20 млн.теңгені құрады.
Қоғамдық тамақтану мен шикізат өнімдерін сатудың арқасында біз кәсіпкерлік субъектілерінің негізгі өсімін аламыз. Біз 8 өңдеу объектілерін кіргізуді жоспарладық осы тапсырманы іске асыру ауылдық округтері әкімдерінің аудандық экономика ауыл шаруашылық бөлімдерінің негізгі жұмыстары болып табылады.

Ауданда күнделікті бақылауда әлеуметтік бағдарламаларды орындау.
Жылдың басынан ауданда кедейліктің төмен деңгейінде тұратын отбасылардың сандары анағұрлымға қысқартылды, 2007 жылғы 1 сәуір жағдайы бойынша 4,7 пайызды құрайды, ол бұрынғы уақыттан 0,1 пайызға төмен.
Осы кезеңде аудан бойынша халықтардың әлеуметтік әлсіз санаттарына 6534,1 мың. теңгеге көмек көрсетіліп, 2585 адам көмек алды.
Сонымен қоймай мемлекеттік әлеуметтік көмек, мүгедек балалары бар, үйде оқуды керек ететін балалары бар жанұяларға жәрдемақы беру туралы заңдар талаптары міндетті түрде орындалады.
Аудан әкімінің халықтардың әлеуметтік әлсіз санаттарына қабылдауды өткізу дәстүрге айналды. 8 наурыз мерекесін тойлау құрметіне – 30 көп балалы аналар шақырылды, 52 мың.тенге сомасына мерекелік дастархан жайылды, 2000 теңгеден ақшалай сыйлықтар берілді.
Ардагерлер ұйымының 20-жылдығына 14 наурызда мереке өтті қоғамдық ұйымдарының лидерлерінің қатысуымен. 32 мың.теңге сомасына қаржылай қолдаушылардың арқасында мерекелік дастархан жайылды және 1000 теңгеден ақшалай сыйлықтар ұсынылды.
2006 жылы Семей ядролық полигон сынақтарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы зейнеткерлерге, жұмыс істейтіндермен жұмыс істемейтін дәрежедегі адамдарға ақшалай өтемақы төлене басталды.
Осындай жолмен, 2007 жылдың 1 тоқсанына 76 алушыларға 1305,8 мың теңге төленді.
Жұмыспен қамтамасыз ету, кәсіби дайындық, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру сияқты халықты әлеуметтік қорғау формалары белсенді қолданылуда.
Бірінші тоқсан бойынша үндеу салған 104 адамнан 74 адам жұмыспен қамтылды. Қоғамдық жұмыстарға 124 адам қатысты, бұл тоқсандағы жоспардың 182 %орындалды 45,9 % жылдық жоспар көрсеткіші орындалды.
Кедейліктің төмен деңгейінде тұратындармен отбасылармен ауыл әкімдері мен әлеуметтік жұмысшылардың осындай отбасылармен жұмысты күшейту керек, осылардың ішіндегі көбінесе жастар, жұмысқа қабілетті отбасы мүшелерін еңбекке баулу, өздігінен жұмыс істету, жалқаулықты тудырмау жұмыстарын жүргізу керек.


Білім беру жүйесі ерекше қөңіл аударатын нәрсе.
27 мектептер мен басқа білім беру мекемелерін ұстауға 396,6 млн.теңге жіберілген, бұл аудан бюджетінің екіден үші екенін ескертуге жеткілікті.
Көп мектептер мамандандырылған мұғалімдермен толықтырылған, олардың ішінде өз істерінің шеберлері де бар, білім берумен жас өспірімдерді тәрбиелеу, балалардың творчестволық қабілеттерін дамыту үшін көп көңіл беруші мұғалімдер біздің ауданда барлық саяси науқандардың негізгі қозғаушы күші және Президенттің саясатын белсенділікпен насихаттаушы болып табылады. Білім деңгейі біршама өсті 2007 жылы Кривинка орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізу 5,7 млн.теңге сомасына жоспарлануда, оқулықтармен қамтамасыз ету және оларды әкелу үшін 6,5 млн.теңге бөлінді.
Білім беру жүйесі информатизациясы саласында үлкен өзгерістер енді.
Оқушылар мен мұғалімдер тәрбиелік –оқу процестерінде интернет желісінің мүмкіндіктерін қолданды.
Мектептерде буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылды, 260 бала демеушілердің қаражаттары есебінен ақысыз тамақтандырылады.
Халықтардың алыс пунктерінен оқушыларды мектептерге апару ұйымдастырылған.
398 мектеп түлектері оқуларын аяқтайды.
326 адам қорытынды аттестацияны Б.Ұ.Т түрінде тапсырады.
Ауданда жалпы білім беру сабақтары бойынша аймақтың және аудандық олимпиадалар өткізілді.
М-Владимировка орта мектебінің 10 сынып оқушысы А.Ажгожина облыстық оқушылар олимпиадасынан орыс тілінен екінші орын алды.
Облыстық сайыста саз мектебінің хор ұжымы бірінші орынды иеленді және республикалық сайысты сәтті аяқтап, облыстың тұғырын көтеріп, екінші орын алғандарды мақтау грамотасымен марапаттап, бағалы сыйлықтар берілді.

Денсаулық мәселесі күрделі бақылауда тұр.
Ауданда дамыған емдеу мекемелері қызмет істейді, қаржы жағы, дәрі-дәрмек жағы да жақсарды, ана мен бала өлімдері жоқ, инфекциялық аурулармен ауырғандар төмендеді, сонымен қатар өкпе ауруы да азайды.
Алдағы уақытта біз халық ортасындағы ең маңызды ережелерді тездетуді көздейміз, әсіресе бірінші медикасанитарлық көмекті ұйымдастыруды қазіргі заман талабына сай әдістермен емдеуді білетін жас мамандарды ауданға аударуды тездетуді көздейміз.
Ауданда халықтарды эстетикаға және патриоттыққа тәрбиелеудегі маңызды рөлі мәдениет мекемесінің міндетінде. Ауданда қазіргі уақытта аудандық Мәдениет үйі, 2 клуб, 16 кітапхана жұмыс істейді. Ауданда тілдерді дамыту және іс қағаздарын ақарындап мемлекеттік тілге көшіру жүргізілуде.
Соңғы жылдары ауданда тұрғын үй құрлыстары қолға алынды. 2007 жылдың 1 кварталына 257,4 м2 тұрғын үй, Башкуль ауылында 87м2, Глуховка ауылында 170,4м2.
Кривинка аулының су құбырын жөндеуге 29595,0 млн.теңге бюджет бөлінді.
Жергілікті бюджеттік бағдарламада «Суқұбырлары жүйесінің қызметіне» 2,0 млн.теңге бөлінді.
Ауданымыздың елді мекендеріндегі көшені жарықтандыру жұмыстарының біршама істелініп жатқанын атап өтуге болады.
Бүгінгі күні 5 елді мекендерде орталық көшелер жарықтандырылған.
Соңғы жылдары мемлекет орман шаруашылығын қалпына келтіруге көп көңіл бөлуде.Оның тұрақты құрылымы қалыптастырылды, қаржыландыру, материалдық-техникалық базасы өсті, орманды қорғау штаты қалыптастырылды, бір-ақ осы жылы құрғақшылық және жеке азаматтардың жауапсыздықтары өрттің көбейуіне, Беген, Долон, Жаңасемей филиалдарының елеулі орындарында орманның жойылуына әкеп соқтырды, орман материалдарын ұрлау жағдайлары туралы ұмытпауымыз керек. Құқық қорғау органдарының, филиалдар басшыларының міндеттері-өрттің пайда болу себептерін тергеу, адамдар деректері бар жердегі ұрлық жолдарын тексеру керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет