Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, Бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, Бәсекеге қабiлеттi халық үшiн Қымбатты қазақстандықтар!



бет2/4
Дата19.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#148347
1   2   3   4
Ол үшiн заң актiлерiнiң, бiрiншi кезекте, Жер, Су және Орман кодекстерiнiң қалтқысыз орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Дәндi дақылдар нарығын реттеу жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тиiмдiлiгiн арттыру қажет.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеудi және өнiм сапасын арттыруды жаңғыртуға ерекше назар аударылғаны жөн.
Қазiргi заманғы аграрлық ғылымды дамытуды да естен шығаруға болмайды.
Ауылдық жерлердегi кедейшiлiктi жою үшiн шағын несиелер беру жұмысын кеңiнен өрiстету қажет, оның үстiне ол өзiнiң өмiршеңдiгiн көрсете де бiлдi.
Осы жылдан бастап ауылдық аумақтарды дамытуға арналған мемлекеттiк аграрлық саясат бағдарламасы iске қосыла бастады. Мен перспективасыз аумақтарға мемлекеттiк инвестициялар тоқтатылатынын естерiңiзге салғым келедi.
Аталған бағдарламаларды тиiмдi жүзеге асыру мақсаттарында Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанынан ауылдық аумақтар iстерi жөнiндегi комитет құру қажет.
Тұтастай алғанда, 2005 жылдың аяғында қабылданған аграрлық бағдарламаларды есепке ала отырып, ауылдың қалыпты өмiр сүруiн қамтамасыз ету, бәсекелестiкке қабiлеттi өнiм өндiру, импорт алмастыру және экспорттық мүмкiндiктердi кеңейту үшiн қажеттi жағдайлар жасалуы тиiс.
“Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы” Заң қабылдануына байланысты аграрлық секторда толықтай негiзгi заңдық база қалыптасқан деп есептеймiн.

Жоғарыда аталып өткендей, алдымызда елiмiздегi агробизнестiң бәсекелестiк жүйесiн қалыптастыруды шешудiң мiндетi тұр. Ол үшiн заң актiлерiнiң, бiрiншi кезекте, Жер, Су және Орман кодекстерiнiң қалтқысыз орындалуын қамтамасыз ету қажет. Дәндi дақылдар нарығын реттеу жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тиiмдiлiгiн арттыру қажет. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеудi және өнiм сапасын арттыруды жаңғыртуға ерекше назар аударылғаны жөн. Қазiргi заманғы аграрлық ғылымды дамытуды да естен шығаруға болмайды. Ауылдық жерлердегi кедейшiлiктi жою үшiн шағын несиелер беру жұмысын кеңiнен өрiстету қажет, оның үстiне ол өзiнiң өмiршеңдiгiн көрсете де бiлдi. Осы жылдан бастап ауылдық аумақтарды дамытуға арналған мемлекеттiк аграрлық саясат бағдарламасы iске қосыла бастады. Мен перспективасыз аумақтарға мемлекеттiк инвестициялар тоқтатылатынын естерiңiзге салғым келедi. Аталған бағдарламаларды тиiмдi жүзеге асыру мақсаттарында Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанынан ауылдық аумақтар iстерi жөнiндегi комитет құру қажет. Тұтастай алғанда, 2005 жылдың аяғында қабылданған аграрлық бағдарламаларды есепке ала отырып, ауылдың қалыпты өмiр сүруiн қамтамасыз ету, бәсекелестiкке қабiлеттi өнiм өндiру, импорт алмастыру және экспорттық мүмкiндiктердi кеңейту үшiн қажеттi жағдайлар жасалуы тиiс. “Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы” Заң қабылдануына байланысты аграрлық секторда толықтай негiзгi заңдық база қалыптасқан деп есептеймiн.


1.5. Инфрақұрылым
Өткен жылы Алматы-Астана және Астана-Бурабай автомобиль жолдары пайдалануға берiлдi. Жаңа жүрдек пойыз жолаушыларды Астанадан Алматыға дейiн 12 сағатта жеткiзедi.
Қызылорда ауданында Сырдария үстiмен өтетiн көпiрдiң, Алматы әуежайында жолаушылар терминалының, Ұзындығы 402 шақырымдық аса маңызды “Алтынсарин-Хромтау” темiр жолының түйiсуi аяқталды.
Үстiмiздегi жылы Астана халықаралық әуе жайының жаңа нысандары iске қосылуы тиiс, Ақтөбедегi ұшу-қону жолағының құрылысын бастау қажет.
Сонымен бiрге, бiзге “Екiбастұз-Павлодар” темiр жол телiмiн электрлендiрудi, “Дружба” стансасының жүк тасымалын өткiзу қабiлетiн он миллион тоннаға дейiн ұлғайтуды қамтамасыз ету қажет. Ақтау теңiз портын кеңейту жұмыстары жалғастырылып, Каспий теңiзiндегi Баутино және Құрық порттарының инфрақұрылымдары дамитын болады.
Автомобль жолдары құрылыстарында халықаралық маңызы бар транзиттiк жолдарға, ең алдымен, “Челябi – Қостанай – Астана – Алматы – Қорғас” және “Самара – Шымкент – Алматы — Қорғас” бағыттарына бұрынғысынша басымдық берiледi.
Жалпы алғанда, үстiмiздегi жылы автожолдарды жаңғырту мен жасауға 40 миллиард теңге, ал 2005 жылы – 55 миллиард теңге қарастырылған немесе 37,5 пайызға өсетiн болады.
Мұнай тасымалдаудың баламалы бағыттарын да iске асырудың жұмыстары қарқынды жүргiзiледi.
“Ақшабұлақ – Қызылорда” газ құбырының құрылысын аяқтап, Қызылорданы газбен қамтамасыз ету керек.

Өткен жылы Алматы-Астана және Астана-Бурабай автомобиль жолдары пайдалануға берiлдi. Жаңа жүрдек пойыз жолаушыларды Астанадан Алматыға дейiн 12 сағатта жеткiзедi. Қызылорда ауданында Сырдария үстiмен өтетiн көпiрдiң, Алматы әуежайында жолаушылар терминалының, Ұзындығы 402 шақырымдық аса маңызды “Алтынсарин-Хромтау” темiр жолының түйiсуi аяқталды. Үстiмiздегi жылы Астана халықаралық әуе жайының жаңа нысандары iске қосылуы тиiс, Ақтөбедегi ұшу-қону жолағының құрылысын бастау қажет. Сонымен бiрге, бiзге “Екiбастұз-Павлодар” темiр жол телiмiн электрлендiрудi, “Дружба” стансасының жүк тасымалын өткiзу қабiлетiн он миллион тоннаға дейiн ұлғайтуды қамтамасыз ету қажет. Ақтау теңiз портын кеңейту жұмыстары жалғастырылып, Каспий теңiзiндегi Баутино және Құрық порттарының инфрақұрылымдары дамитын болады. Автомобль жолдары құрылыстарында халықаралық маңызы бар транзиттiк жолдарға, ең алдымен, “Челябi – Қостанай – Астана – Алматы – Қорғас” және “Самара – Шымкент – Алматы — Қорғас” бағыттарына бұрынғысынша басымдық берiледi. Жалпы алғанда, үстiмiздегi жылы автожолдарды жаңғырту мен жасауға 40 миллиард теңге, ал 2005 жылы – 55 миллиард теңге қарастырылған немесе 37,5 пайызға өсетiн болады. Мұнай тасымалдаудың баламалы бағыттарын да iске асырудың жұмыстары қарқынды жүргiзiледi. “Ақшабұлақ – Қызылорда” газ құбырының құрылысын аяқтап, Қызылорданы газбен қамтамасыз ету керек.


2. Адам ресурстарын дамыту

Қадiрлi қазақстандықтар!

Өткен жылдарда маған макросаясат туралы көбiрек айтуға тура келген. Өйткенi экономикалық саясаттың реформалануы мен қалыптасу мәселелерiн шешпей тұрып, нақты әлеуметтiк жетiстiктерге жету мүмкiн емес болатын.
Бүгiн маған барша қазақстандықтарды қызықтыратын нәрселер туралы айту айырықша жағымды. Өйткенi тұрғын үй, бiлiм және денсаулық сақтау мәселелерi бiздiң әрқайсымызды да толғандырады.

*   *   *


Жаһандану және күрделене түскен әлемдiк бәсекелестiк жағдайында қазақстандықтардың күш-қуаттық және санаткерлiк қабiлеттерi бiздiң жоспарларымыздың табысты болуына, ел экономикасының бәсекелестiкке төтеп беру мүмкiндiгiне және бүгiнгi жағдайда өмiр сүре алуына тұғырлы фактор болып табылады.
Қазақстандықтар әлемдiк бәсекелестiктiң күрделi және ауыр процесiнде табыстарға жету үшiн халқымызға тән күштi рухын, денсаулығы мен бiлiмiн әлемге көрсетуге қабiлеттi ме?
Бiз өзiмiздiң адамдық әлеуетiмiздi дамыту жолында алдымызда үлкен жұмыс тұрғанын мойындауға тиiспiз.
Қазiр, елiмiзде экономиканың өсуi есебiнен қор жинақталған кезде, кейбiреулер масылдық пиғылмен өздерiнiң көптеген проблемаларын мемлекет есебiнен шешкiсi келедi.
Бiрақ мұндай жол бiздi артқа қарай лақтырып тастайтыны анық. Мұны әлемдiк тарих дәлелдеген. Бұған орынды ой мен жеке тәжiрибемiз дәлел.
Тегiн дүние мен жатыпiшерлiк құндылықтардың бәсiн түсiрiп, еңбектiң мәнiн кетiредi, адамды босаңсытып, оның өмiршеңдiгiн төмендетедi.
Кейбiр мұнай өндiрушi елдерде жаңадан дүниеге келген сәбиге банкiлiк есеп-шот ашылатыны туралы бiзде талай рет айтылған-ды. Бiрақ өзiмнiң жақындағы Сауд Арабиясына сапарым кезiнде мен мұның олай емес екенiне көз жеткiздiм. Оларда масылдық көңiл-күй жоқ. Батыста да бала кезден бастап еңбекке деген құрмет, өзiнiң күнкөрiсiне, ата-аналары мен елiнiң әл-ауқатына қарамастан қаражат табуға деген ұмтылыс бойға сiңiрiледi.
Сондықтан, адам өзiнiң дамуы мен кәсiптiк шеберлiгiн тұрақты түрде көтеру арқылы өзi және өз отбасын игiлiктермен қамтамасыз етуi тиiс.
Және де оның өзектi проблемаларын шешуге мемлекет аз қатысқан сайын солғұрлым адамның өзiне пайдалы бола түседi.
Егер сiздердiң естерiңiзде болса, 1997 жылдың өзiнде елiмiз дамуының 2030 жылдарға дейiнгi ұзақ мерзiмдi Стратегиясында адамдарға бiзде мұнайдан түсетiн табыс жоқ болғандағыдай жағдайда өмiр сүру ж¡не жұмыс жасауға үйрету мiндетi қойылған болатын. Сондықтан болашақ ұрпақ дағдарысты жағдайлар үшiн қаржы жинақтау қызметiн атқаратын Ұлттық қор құрылған едi.
Мемлекет өзiнiң жасы келуiне және денсаулық жағдайына байланысты жұмыс iстей алмайтын ж¡не өз бетiнше табыс таба алмайтындарға ғана қамқорлық жасауы тиiс. Бұл бiздiң реформалардың басты принципi. Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашады, адамның өз қабiлет-мүмкiндiктерiн көрсетуге жағдай жасайды, халықтың табысының өсуiне қамқорлық көрсетедi.
Адам дамуының басты салаларында, таза ауыз су және инфрақұрылымдар қалыптастыру проблемаларын шешу аз кепiлдi стандарттарды қамтамасыз ету үшiн шешiм қабылдау және қаражат табу ғана мемлекеттiң иығына жүктеледi.
Қазақстандықтардың орта мерзiмдiк перспективада бәсекеге қабiлетiн арттыру тұрғын үй құрылысында, денсаулық сақтау мен бiлiм беруде, әлеуметтiк қамсыздандыруда жүйелiк өзгерiстердiң жаңа саясатын талап етедi.

2.1. Тұрғын үй құрылысының жаңа саясаты
Соңғы кездерi тұрғын үй құрылысы проблемаларын шешудiң ықтимал жолдары белсендi талқылануда.
Мемлекеттiк қайтарымсыз тұрғын үй салу идеясы бұрынғысынша күшiнде қалуда.
Бар жауапкершiлiкпен мынаны мәлiмдеуге тиiспiн, тұрғындардың кейбiр жекелеген топтары болмаса, тұрғын үйдi тегiн беру деген болмайды.
Тұрғын үй жекеменшiк болып табылады, демек, адамның өзiнiң жауапкершiлiгi саласына жатады. Бүгiнде елiмiздiң тұрғын үй қорындағы жеке меншiк үйдiң үлесi 97 пайызға жуық. Бұл бұдан әрi төмендемейдi.
Осымен қатар тұрғын үй проблемасы ең басты проблема болып қалып отыр.
Өткен жылы Қазақстанда екi миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Бұл 2002 жылы пайдалануға берiлген үй санынан 30 пайызға көп. Алайда, осы қарқынның өзi бiздi қанағаттандыра алмайды. Есептеулер көрсеткендей, жыл сайын кем дегенде төрт миллион шаршы метр тұрғын үй салуға қол жеткiзу керек.
Мен осы саланы бiздiң экономикалық дамуымыздың жетекшi саласының бiрiне айналдыру идеясын көптен айтып келемiн. Сiздер тұрғын үйлердi жаппай салу өзiмен бiрге құрылыс материалдары өнеркәсiбiн, жиһаз өнеркәсiбiн, металл өңдеудi дамытатынын түсiнесiздер.
Осыған байланысты мен қазақстандықтарға 2005 жылдан бастап тұрғын үй құрылысында жаңа саясатты iске асыру басталатыны жөнiнде үлкен қанағат сезiмiмен айта кеткiм келедi.
Бұл саясаттың мәнi тұрғын үй құнының арзандауы, оны несиелеу мерзiмiнiң ұзартылуы, алғашқы төлем жарнасы мен несиелеу үстемесiнiң төмендетiлуi арқылы халықтың басым бөлiгiн тұрғын үйге қол жеткiзуге мүмкiндiк беру болып табылады.
 Мұның барлығы халықтың табысын ұдайы өсiру саясатының нәтижесiнде жүзеге асырылуы тиiс.
Өздерiңiзге белгiлi, өз қаражатына сатып алу немесе тұрғын үй құрылысын салу секiлдi жолдан басқа, тұрғын үйдi ақшасын бiртiндеп төлеп алудың екi жүйесi бар: ипотека арқылы және тұрғын үй құрылысы қаражатын жинау жүйесi арқылы. Бiрақ бұл екеуi де әзiрше өзiнiң қымбатшылығына байланысты көпшiлiктiң қолы жете бермейтiн жүйе болып табылады.
Жаңа тұрғын үй саясаты оларды арзандатуға, сондай-ақ, құрылыс құнын төмендетуге бағытталатын болады.
Сонымен, ипотекалық несиелер үшiн қайтарым мерзiмi бүгiнгi он жылдан жиырма жыла дейiн Ұзартылады.
Алғашқы төленетiн жарна көлемi үй құнының 20 пайыздан 10 пайызына дейiн төмендетiледi, бұл жағдайда несие үстемесi 13-тен 10 пайызға дейiн азайтылады.
Тұрғын үй құрылысы қаражаты жүйесi туралы айтсақ, онда алғашқы төлемақы жарнасы 50-ден 25 пайызға дейiн төмендетiледi. Несиенi қайтару мерзiмi қалған сома бойынша 15-тен 25 жылға дейiн ұзартылады.
Мұның үстiне iрi қалалардағы аз мөлшердегi әрлеу жұмыстары жүргiзiлген үздiк жобадағы тұрғын жайдың бiр шаршы метрiнiң құны орташа есеппен бүгiнгi әр шаршы метрi үшiн 700 доллардан 350 долларға дейiн төмендетiледi. Бiзге жалпы, бiр шаршы метрiнiң құны 350 доллар сомасынан аспайтын үйлер салу қажет. Егер құрылысшылар бағаны көтеретiн болса, онда олар бұдан былай несие және тапсырыс алмайтын болады. Ал аймақтарда тұрғын жай бағасы тiптi бұл көрсеткiштен де төмен болуы тиiс.
Есептеулер көрсетiп отырғандай, тұрғын үй туралы жаңа саясат жүзеге асқан жағдайда 200 мың отбасы (ал бұл миллионға жуық адам) ипотеканы және тұрғын үй құрылысы жинақтаушы жүйесiн пайдалана алады.
Бұл үшiн 2007 жылдың аяғына дейiн 12 миллион шаршы метр тұрғын жай iске қосылуы тиiс, яғни, жыл сайын тұрғын үй к£лемiн енгiзудi бүгiнгi деңгеймен салыстырғанда орташа есеппен екi есеге ұлғайту қажет болады.
Есептеулер көрсетiп отырғанындай, жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыру үшiн 2005-2007 жылдар аралығында барлық қаражат көздерi бойынша тұрғын үй құрылысына 300 миллиард теңге, оның iшiнде, басым бөлiгi қайтарылуға жататын негiзде 150 миллиард теңге мемлекет есебiнен бөлу, сондай-ақ, Қазақстан ипотекалық компаниясы және “Тұрғынүйқұрылысжинақтаушыбанкi” қаржыландыру мақсатында инвестиция салуы қажет.
Құрылысты арзандату мақсатында тұрғын үй инфрақұрылымын қаржыландыруды өз мойнына жергiлiктi билiк алуы тиiс.
Құрылыс үшiн тендер арқылы жер сатуды мiндеттi шараға айналдыру қажет.
Алға қойылған мiндет Үкiмет пен әкiмдер мүмкiндiктерiнiң шегiнен шығып жатуы да мүмкiн, бiрақ, ол таяу үш жылда орындалуы шарт. 2008 жылға қарай бiз барлық халықтың орташа табын тұрғын үй құрылысына жұмылдыруға орнықты тұғыр қалыптастыруымыз керек.
Үкiмет бiр ай мерзiмде тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасын бекiтуге енгiзуi тиiс, сондай-ақ, осы жылы әкiмдермен бiрлесе отырып барлық қажеттi дайындық жұмыстарын қолға алғандары жөн.
Жұмыс барысын тиiстi дәрежеде бақылап отыру мақсатында мен елiмiздiң Премьер-Министрi жетекшiлiк жасайтын тиiстi Мемлекеттiк комиссия құратын боламын.
Оған және әкiмдiктерге республика бойынша кең көлемдегi түсiнiк жұмыстарын жүргiзу мiндеттеледi.
Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесiнде ЖIӨ-нiң болжамды қосымша өсiмi елiмiз бойынша екi пайыз шамасын құрайтын болады.
Жаңадан 45 мың жұмыс орны ашылады, сондай-ақ, үш жыл iшiнде 80 миллиард теңге шамасында қосымша салық алынатын болады.
Бiз елiмiздiң Индустриялық бағдарламасының бiр бөлiгi болып табылатын, үлкен мултьипликативтiк тиiмдiлiк беретiн ауқымды және жауапты жұмысты қолға аламыз.
 Жартылай ұмыт бола бастаған құрылыс отрядтарын еске алып, каникул кезiнде бiздiң студенттерiмiздi құрылысқа кеңiнен тарту керек.
Отандық және шетелдiк құрылысшылар мен құрылыс индустриясының жұмысшылары алдында олар қазiрдiң өзiнде дайындықты бастаулары тиiс жұмыстардың үлкен майданы ашылмақ. Тапсырыстарды кiмдер жақсы жағдай ұсынса, тек солар алады.
Ең бастысы – тұрғын үй рыногын адамдар үшiн мүмкiндiгiнше қол жетерлiк ету, тұрғын үй құны мен халықтың табысы арасындағы сәйкессiздiктi қысқарту. Одан әрi рыноктың өзi-ақ осы өлшемдер негiзiнде реттелетiн болады.
Тұрғын үй құрылысымен қатар оны пайдаланудың жаңаша ұстындары талап етiледi. Тiптi бұл жерде де мемлекеттiң оған араласуы шектеулi болуы тиiс.
Бiз жекеменшiктiк пәтерлердiң кооперативтiк институттарын жетiлдiрудiң, толық жөндеу жұмыстарын қаржыландыратын қаражаттық жинақтаудың, құрылысты мемлекеттiк бақылауға алу және пайдалануға берудiң жүйесiн ойластыруымыз керек.
Тұрғын үй қатынастарын, оңтайландыру және соған сәйкес тұрғын үй заңнамасы қажет.
Әкiмет тиiстi Бағдарламаны тезiрек қабылдауы тиiс.
Шындықтан жалтармайық. әзiрше қазақстандықтардың бәрi бiрдей жаңа тұрғын жайға ұмтыла алмайды.
Бiрақ, сенiңiздер, жұмыс iстейтiн әрбiр адам пәтер немесе үй алатын жағдайға жететiн уақыт та келедi.

Соңғы кездерi тұрғын үй құрылысы проблемаларын шешудiң ықтимал жолдары белсендi талқылануда. Мемлекеттiк қайтарымсыз тұрғын үй салу идеясы бұрынғысынша күшiнде қалуда. Бар жауапкершiлiкпен мынаны мәлiмдеуге тиiспiн, тұрғындардың кейбiр жекелеген топтары болмаса, тұрғын үйдi тегiн беру деген болмайды. Тұрғын үй жекеменшiк болып табылады, демек, адамның өзiнiң жауапкершiлiгi саласына жатады. Бүгiнде елiмiздiң тұрғын үй қорындағы жеке меншiк үйдiң үлесi 97 пайызға жуық. Бұл бұдан әрi төмендемейдi. Осымен қатар тұрғын үй проблемасы ең басты проблема болып қалып отыр. Өткен жылы Қазақстанда екi миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Бұл 2002 жылы пайдалануға берiлген үй санынан 30 пайызға көп. Алайда, осы қарқынның өзi бiздi қанағаттандыра алмайды. Есептеулер көрсеткендей, жыл сайын кем дегенде төрт миллион шаршы метр тұрғын үй салуға қол жеткiзу керек. Мен осы саланы бiздiң экономикалық дамуымыздың жетекшi саласының бiрiне айналдыру идеясын көптен айтып келемiн. Сiздер тұрғын үйлердi жаппай салу өзiмен бiрге құрылыс материалдары өнеркәсiбiн, жиһаз өнеркәсiбiн, металл өңдеудi дамытатынын түсiнесiздер. Осыған байланысты мен қазақстандықтарға 2005 жылдан бастап тұрғын үй құрылысында жаңа саясатты iске асыру басталатыны жөнiнде үлкен қанағат сезiмiмен айта кеткiм келедi. Бұл саясаттың мәнi тұрғын үй құнының арзандауы, оны несиелеу мерзiмiнiң ұзартылуы, алғашқы төлем жарнасы мен несиелеу үстемесiнiң төмендетiлуi арқылы халықтың басым бөлiгiн тұрғын үйге қол жеткiзуге мүмкiндiк беру болып табылады.  Мұның барлығы халықтың табысын ұдайы өсiру саясатының нәтижесiнде жүзеге асырылуы тиiс. Өздерiңiзге белгiлi, өз қаражатына сатып алу немесе тұрғын үй құрылысын салу секiлдi жолдан басқа, тұрғын үйдi ақшасын бiртiндеп төлеп алудың екi жүйесi бар: ипотека арқылы және тұрғын үй құрылысы қаражатын жинау жүйесi арқылы. Бiрақ бұл екеуi де әзiрше өзiнiң қымбатшылығына байланысты көпшiлiктiң қолы жете бермейтiн жүйе болып табылады. Жаңа тұрғын үй саясаты оларды арзандатуға, сондай-ақ, құрылыс құнын төмендетуге бағытталатын болады. Сонымен, ипотекалық несиелер үшiн қайтарым мерзiмi бүгiнгi он жылдан жиырма жыла дейiн Ұзартылады. Алғашқы төленетiн жарна көлемi үй құнының 20 пайыздан 10 пайызына дейiн төмендетiледi, бұл жағдайда несие үстемесi 13-тен 10 пайызға дейiн азайтылады. Тұрғын үй құрылысы қаражаты жүйесi туралы айтсақ, онда алғашқы төлемақы жарнасы 50-ден 25 пайызға дейiн төмендетiледi. Несиенi қайтару мерзiмi қалған сома бойынша 15-тен 25 жылға дейiн ұзартылады. Мұның үстiне iрi қалалардағы аз мөлшердегi әрлеу жұмыстары жүргiзiлген үздiк жобадағы тұрғын жайдың бiр шаршы метрiнiң құны орташа есеппен бүгiнгi әр шаршы метрi үшiн 700 доллардан 350 долларға дейiн төмендетiледi. Бiзге жалпы, бiр шаршы метрiнiң құны 350 доллар сомасынан аспайтын үйлер салу қажет. Егер құрылысшылар бағаны көтеретiн болса, онда олар бұдан былай несие және тапсырыс алмайтын болады. Ал аймақтарда тұрғын жай бағасы тiптi бұл көрсеткiштен де төмен болуы тиiс. Есептеулер көрсетiп отырғандай, тұрғын үй туралы жаңа саясат жүзеге асқан жағдайда 200 мың отбасы (ал бұл миллионға жуық адам) ипотеканы және тұрғын үй құрылысы жинақтаушы жүйесiн пайдалана алады. Бұл үшiн 2007 жылдың аяғына дейiн 12 миллион шаршы метр тұрғын жай iске қосылуы тиiс, яғни, жыл сайын тұрғын үй к£лемiн енгiзудi бүгiнгi деңгеймен салыстырғанда орташа есеппен екi есеге ұлғайту қажет болады. Есептеулер көрсетiп отырғанындай, жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыру үшiн 2005-2007 жылдар аралығында барлық қаражат көздерi бойынша тұрғын үй құрылысына 300 миллиард теңге, оның iшiнде, басым бөлiгi қайтарылуға жататын негiзде 150 миллиард теңге мемлекет есебiнен бөлу, сондай-ақ, Қазақстан ипотекалық компаниясы және “Тұрғынүйқұрылысжинақтаушыбанкi” қаржыландыру мақсатында инвестиция салуы қажет. Құрылысты арзандату мақсатында тұрғын үй инфрақұрылымын қаржыландыруды өз мойнына жергiлiктi билiк алуы тиiс. Құрылыс үшiн тендер арқылы жер сатуды мiндеттi шараға айналдыру қажет. Алға қойылған мiндет Үкiмет пен әкiмдер мүмкiндiктерiнiң шегiнен шығып жатуы да мүмкiн, бiрақ, ол таяу үш жылда орындалуы шарт. 2008 жылға қарай бiз барлық халықтың орташа табын тұрғын үй құрылысына жұмылдыруға орнықты тұғыр қалыптастыруымыз керек. Үкiмет бiр ай мерзiмде тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасын бекiтуге енгiзуi тиiс, сондай-ақ, осы жылы әкiмдермен бiрлесе отырып барлық қажеттi дайындық жұмыстарын қолға алғандары жөн. Жұмыс барысын тиiстi дәрежеде бақылап отыру мақсатында мен елiмiздiң Премьер-Министрi жетекшiлiк жасайтын тиiстi Мемлекеттiк комиссия құратын боламын. Оған және әкiмдiктерге республика бойынша кең көлемдегi түсiнiк жұмыстарын жүргiзу мiндеттеледi. Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесiнде ЖIӨ-нiң болжамды қосымша өсiмi елiмiз бойынша екi пайыз шамасын құрайтын болады. Жаңадан 45 мың жұмыс орны ашылады, сондай-ақ, үш жыл iшiнде 80 миллиард теңге шамасында қосымша салық алынатын болады. Бiз елiмiздiң Индустриялық бағдарламасының бiр бөлiгi болып табылатын, үлкен мултьипликативтiк тиiмдiлiк беретiн ауқымды және жауапты жұмысты қолға аламыз.  Жартылай ұмыт бола бастаған құрылыс отрядтарын еске алып, каникул кезiнде бiздiң студенттерiмiздi құрылысқа кеңiнен тарту керек. Отандық және шетелдiк құрылысшылар мен құрылыс индустриясының жұмысшылары алдында олар қазiрдiң өзiнде дайындықты бастаулары тиiс жұмыстардың үлкен майданы ашылмақ. Тапсырыстарды кiмдер жақсы жағдай ұсынса, тек солар алады. Ең бастысы – тұрғын үй рыногын адамдар үшiн мүмкiндiгiнше қол жетерлiк ету, тұрғын үй құны мен халықтың табысы арасындағы сәйкессiздiктi қысқарту. Одан әрi рыноктың өзi-ақ осы өлшемдер негiзiнде реттелетiн болады. Тұрғын үй құрылысымен қатар оны пайдаланудың жаңаша ұстындары талап етiледi. Тiптi бұл жерде де мемлекеттiң оған араласуы шектеулi болуы тиiс. Бiз жекеменшiктiк пәтерлердiң кооперативтiк институттарын жетiлдiрудiң, толық жөндеу жұмыстарын қаржыландыратын қаражаттық жинақтаудың, құрылысты мемлекеттiк бақылауға алу және пайдалануға берудiң жүйесiн ойластыруымыз керек. Тұрғын үй қатынастарын, оңтайландыру және соған сәйкес тұрғын үй заңнамасы қажет. Әкiмет тиiстi Бағдарламаны тезiрек қабылдауы тиiс. Шындықтан жалтармайық. әзiрше қазақстандықтардың бәрi бiрдей жаңа тұрғын жайға ұмтыла алмайды. Бiрақ, сенiңiздер, жұмыс iстейтiн әрбiр адам пәтер немесе үй алатын жағдайға жететiн уақыт та келедi.
2.2. Денсаулық сақтау
Алға қойылған мiндеттерге сәйкес денсаулық сақтау iсiнде байыпты да жүйелi өзгерiстер талап етiледi.
Ең алдымен, осы саладағы реформалар тұжырымдамасын айқын ұғыну қажет.
Осы жылдарда бiз басқару мен қаржыландырудың кеңестiк, корпоративтiк-мемлекеттiк жүйесiнен бас тарттық, бiрақ батыстың денсаулық сақтау iсiне тән жекеше – сақтандыру жүйесiне жете алмадық.
Осылай болғаны да жөн шығар, өйткенi түрлi елдерде барған сайын қолданылып жүрген жүйенiң кемшiлiктерi көптеп бой көрсетуде.
Неге онда бiз бұл бағытпен жүруiмiз керек? Денсаулық сақтауды шектен тыс коммерцияға айналдыру дәрiгердiң ниетiн бұзатынын өз тәжiрибемiз көрсетiп отыр: оған адамның денi сау болғанынан гөрi жиi-жиi ауырғаны пайдалырақ бола түседi.
Сондықтан да елiмiзде мемлекет пен адамның адам денсаулығы үшiн ынтымақты, бiрлескен жауапкершiлiгi болуға тиiс.
Мемлекет кепiлдiк берiлген, адам үшiн тегiн, шектi стандарттар бойынша медициналық қызмет көрсетудi қамтамасыз етiлуге тиiс.
Осыдан тыс нәрсенiң барлығы адамның өз еңбекақысының немесе ерiктi медициналық сақтандырудың есебiнен қамтамасыз етiлуi қажет.
Мемлекеттiк медицина жекешеден кеңiстiк тұрғысында бөлiнуi керек: заң мемлекеттiк медициналық мекемелерде қандай да бiр жекеше кабинеттердi ашуға тыйым салуға тиiс.
Салада:
- басқару жүйесiн;
- денсаулық сақтау iсiн қаржыландыруды, қаржы ресурстарын пайдаланудың тиiмдiлiгi мен сатып алуды мiндеттi түрде орталықсыздандыруды;
- медициналық көмек берудi ұйымдастыру жүйесiн;
- денсаулық сақтау жүйесiнiң нормативтiк базасын;
- статистиканы, саланы ақпараттандыруды, есептiлiктi оңтайландыруды жетiлдiруге қатысты байыпты өзгерiстер жүргiзу қажет.
Келесi жылдан бастап шешуге кiрiсу қажет бiрiншi кезектегi мiндеттер ретiнде мыналарды айқындар едiм.
Бiрiншi. Негiзгi екпiндi бастапқы медициналық-санитарлық көмекке, стационарда емдеуден амбулаториялық емдеуге көшiру, жатын-орындарға иек артудан арылу керек.
2005-2007 жылдар барысында бастапқы медициналық-санитарлық көмекке жұмсалатын қаражат көлемiн едәуiр ұлғайту қажет.
Екiншi. Денсаулық сақтау iсiнiң халықаралық стандарттарына, емдеу мен медициналық қызмет көрсетудiң жаңа технологиялары мен қазiргi заманғы әдiстерiне жүйелi түрде көшудi бастау керек.
Үшiншi. Ана мен баланың денсаулығын бекемдеу. Үкiметке Астанада Ана мен баланың республикалық орталығының құрылысын қамтамасыз етудi тапсырамын, ол халықаралық стандарттарға сай әрi денсаулық сақтау жүйесiнде жаңа сапа эталоны болуға тиiс. Барлық аймақтар осы стандарттарды ұстанып, ана мен балаға байыпты көңiл бөлiнуi керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет