Беттерінше шыгармашылыќпен жїмыс Істеу /сЗлану, табу/ ќзбілет-терін дамыту мјселесін басты чысаиа етіп алєан дїрыс



бет9/11
Дата20.05.2022
өлшемі215.5 Kb.
#458272
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
kur -bastauysh-synyptarda-oqushylarga-qazaq-tilinin-morfologijalyq-zhuyesin-oqytu-26

+ - мен үшін жаңа ақпарат....
- мені таңқалдырады белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSEPT — оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңі-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру атаған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құрауға дағдыландырады. Сурет арқылы бейнелесек:
Тақырып туралы ой толғанысбағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезенде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалімнің ролі қандай дейтін болсақ, ол үйрену процесінде оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады. Бүкіл қайнаған істін ортасында білім алу (үйрену) ісін ұйымдастырушы деуге болады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:
1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.
2. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3. Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.
5. Кейбір оқушылар түсіл қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау.
6. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Ал оқушылардан осыған байланысты:
- сенімділікпен жұмыс жасау;
- бар ынтасымен оқуға берілу;
- пікірлерді тыңдау, құрметтеу;
- өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.
Тек сонда ғана олар:
- Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
- Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?
- Осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?
- Маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Жоба сексенге жуық стратегиялардан тұрады. Бұдан ары қарай солардың кейбірімен таныстыра кетеміз.
ДЖИК СО - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.
Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым төрт адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл «жанұя» топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4 -ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4- өз алдына «жұмыс» тобын құрайды.
Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар 3, 4-нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиіс бөлігін жақсы меңгеру қажетгілігін, өйткені сол бөлікті «жанұя топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.
ДЖИК СО — стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет