Бүгінгі таңда тіл білімінде әр түрлі тілдердің грамматикалық құрылымының салыстырмалы-типологиялық зерттеулеріне көп көңіл бөл


Ағылшын және қазақ тілдеріндегі модальділіктің лексикалық жолмен берілу тәсілдері



бет50/88
Дата02.02.2022
өлшемі1.08 Mb.
#455055
түріДиссертация
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   88
ҚАЗАҚ,ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ШЫҒАРМАЛАРДА АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАЛАРДЫҢ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі модальділіктің лексикалық жолмен берілу тәсілдері

Ағылшын және қазақ тілдерінде модальділіктің лексикалық жолмен берілетін тәсілдеріне модаль сөздері сияқты тілдік құралдар жатады. Әр модаль сөзінінің сөйлем ішінде дербес модальді мағынаға ие болғандықтан оларды лексикалық тәсілдерге жатқызуға болады.

Қазіргі кездегі ағылшын тіліінің лингвистикасында модаль сөздері жайлы сұрақ біршама талқылынған. Осыған байланысты Э.У.Илебаев (1997), О.В. Романова (1997), М.В. Пляскина (2001) сынды ғалымдардың жұмыстары, ал қазақ тілінде модаль сөздерге байланысты Е.Жанпейісовтың арнайы еңбегі бар. О.Төлегенов, Б.Шалабаев, Г.Темірбекова, А.Шойбекова сынды зерттеушілер модаль сөздерді синтаксистық қызметі жағынан зерттеген. О.Төлегенов, Б.Шалабаев сынды зерттеушілердің еңбектері бар, жоқ сөздерінің синтаксистік қызметін сипаттауға арналса, Г.Темірбекова, А.Шойбекова олардың үстіне басқа модаль сөздерді де қамтыған. Дегенмен, модаль сөздер жете зерттелмегендіктен, оның толық қызметі толық сараланбаған. Модаль сөздердің мүшеленетін сөйлемдерге негізгі баяндауыштың қызметінде немесе күрделі баяндауыштың компаненті ретінде келетіні белгілі [24,32].

Зерттеушілердің көбі модаль сөздерінің қызметі сөйлеушінің айтылымға қатынасын білдіру екендігі жайлы көзқарсы сәйкес келеді. Алайда модаль сөзддердің семантикасы жайлы пікірлер өзгеше болып табылады.

Ағылшын лингвистикасындағы Кеңес Одағының зерттеушілері Л.С. Бархударов, Д.А.Штеллинг, Е.М.Гордон, И.М. Крылова модаль сздеді ерекше, өзгермейтін сөз табы ретінде қарастырады.

Ал шетел M.Halliday және F.Palmer сынды зерттеушілері модаль сөздерді арнайы сөз табы ретінде атамайды, олар модаль сөздерін үстеулердің ерекше бір түрлеріне жатқызады [24,35].






      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет