Модальдік демеуліктер. Cөздің мағынасын түрлендіретін, оған әр түрлі мағына үстейтін, бүкіл сөйлем мәніне әсер етіп оған түрлі эмоциональді өң берітін шылыаулар демеулік шылаулар деп аталады.
Демеулік шылауларға мыналар атады.
Сұрау мағыналы демеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше. Мысалы:
Тежеу мағыналы демеулік: ғана, қана.
Жаланыш, тілек мағыналы демеулік: ғой.
Күшейту мағыналы демеуліктер: ақ, да, де, ды, ді, ты, ті, ғой.
Көңіл-күйді білдіретін демеуліктер: -ай, -ау.
Сенімділік, кекесін мағыналы демеуліктер: мыс, міс (мыш).
Демеулік ғой, қой, көбінесе, сөйлеуші өзінің субьективті ойын айтқанда растай, құптай сөйлегенде пайдаланады. Мұндай жағдайда ол баяндауыштан кейін тұрады да, түгелдей сөйлемнің мағынасына қатысты болады.
Ғой айтылатын іс-оқиға тыңдаушыға бұрыннан белгілі екендігін ескерту үшін де жұмсалады [133].
О жолы біздің әкей тәлімнен құр қалған шығар, арыздығының басы осы ғой. [124,143].
Ал Жанболат ағаң болса, ол енді аузы жеңіл кісі ғой.
Менен тумады дейтін шығарсың... [124,223].
Әлде рас та шығар деген күдік бірте-бірте пайда болды [124,225].
-Менің күйеуім секілді бір топас екен ғой! [124,250].
Аталған демеулік жеке сөз не сөз тіркесінен соң тұрып оған ой екпінін түсіру үшін қызмет етеді. Ғой интонацияның көмегімен сұраулық мағына да туғызады. Басқа сұраулық демеуліктерден ерекше бұл демеулік, көбінесе, сөйлеуші өзіне аян, белгілі хабарды, жайды көзін жеткізе түсу үшін, не сұрақтың өзіне алдын-ала белгіліб сондықтан өзі оған күтінулі екндігін білдіру үшін жұмсалады.
Және біздің Мамекең секілді ел адамы төбенің басын, қораның бұрышын, қидың түбін босатпайтын әдеті ғой [124,224].
Қазақ тілінде көбінесе ғой модаль демеулігі кездеседі.
Қазақ және ағылшын тіліндегі лексика-синтактикалық жолмен модальділік түрлері:
Білдіретін мәндері мен реңктері
|
Қазақ тіліндегі модаль сөздер, аналитикалық форманттар мен демеуліктер.
|
Ағылшын тіліндегі модаль сөздер мен етістіктер.
|
Міндеттілік
|
Керек, тиіс, қажет, лазым, -у керек, -у қажет, -у лазым, -мақ керек, -маққа керек, -уға тиіс, -уы, -уі тиіс.
|
Must, have to, to be, ought to, need модаль етістіктері
|
Болжалдылық
|
Сияқты, сыңайлы, сынды, әлпетті, мүмкін, шамасы, аңғары, әлпеті, жобасы, қисыны, тәрізі, сықы, нәті, бәки, бәлкім, бәлкі, ықтимал, кәдік, болар, шығар, білем, -ды білем, -қан, кен білем, -са, -се керек, -у керек, -ға,-ге ұқсайды, -уы мүмкін, тәрізі, -түбі
|
Perhaps, may be, possibly, probably, evidently модаль сөздері мен may, can, would модаль етістіктері
|
Қостау
|
Рас, анығында, шынында. –ғой, -қой модаль демеуліктері
|
Indeed, naturally, obviously модаль сөздері
|
Сенімділік
|
Әрине, әлбетте
|
Certainly, of course, no doubt, surely, assuredly, undoubtedly, apparently, certainly, most likely модаль сөздері
|
Күмән
|
Мүмкін бе сұраулы сөйлемедерде
|
I doubt, Can it be that, can/could жалпы сұрақтарда,
|
Қосымша модальді мағыналар мен реңктер
|
Кеңес
|
-ған, -кен жөн
|
should
|
Кінәләу
|
-са, -се етті аналитикалық форманты
|
Might
|
Уәде беру, қауып білдіру
|
Ашық райдағы хабарлы сөйлем
|
shall
|
Бұйрық, тыйым салу
|
-ма, -ме, -ба, -бе, па,- пе немесе бұйрық райдағы етістік формасы
|
Must, must not, ought to, don’t/doesn’t have to, have to
|
Таңғалу
|
Мүмкін бе сұраулы сөйлемдерде
|
Can/could сұраулы сөйлемдерде
|
Рұқсат беру
|
-а, -й ғой, -ыңа, -ыма, -ыңызға болады
|
May, allowed to, let
|
Физикалық немесе ақыл-ой қабілеті
|
-а алу аналитикалық форманты
|
Can, to be able to, could
|
Жұмыста көрсетілген мысалдарға және сараптамаға сүйене отырып ағылшын және қазақ тілдеріндегі модальділік категориясының беруде лексика-синтактикалық тәсілдердің орны ерекше деген қорытынды шығара аламыз. Модальді мағыналардың екі тілде берілуінің өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтары бар. Егер ағылшын тілінде модальділік мағыналардың басым бөлігі модаль етістіктері арқылы беріліп отырса, қазақ тілінде модаль етістігі деген тілдік лексикалық құбылыс болмағандығымен байланысты, дәл сондай модальді мағыналар мен модальді реңктерқазақ тілінде модаль сөздері, модаль демеуліктері, модаль етістіктері және модаль сөздерімен тіркесе қолданған аналитикалық форманттары арқылы беріледі. Ағылшын тілінің модаль етістіктерінің мағыналары осы модаль сөздерінің аналитикалық форманттарымен қолданысындағы формаларына сәйкес келеді.
Сонымен бірге екі тілдің типологиялық ерекшелігіне байланысты, яғни қазақ тілі аглюнативті, ал ағылшын тілі флективті тілдерге жататындықтан, қазақ тілінде модальді мағыналарды білдіруде модаль сөздер көп жағдайларда қолданылады. Ағылышын тілінде модаль етістіктері модальділікті білдіруде өте маңызды рөл атқарады. Қазақ тілінде модаль мағыналы аналитикалық форманттар, демеуліктер мен модаль баяндауыштардың орны ерекше.
Көптеген теориялар мен тұжырымдамаларға сүйене отырып, біз модаль сөздердің екі тілде де көмекші сөз таптарына жатады деген қорытындыға келе аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |