Үшінші тарау бойынша қорытынды.
Осы тарауда біз мәтін модальділігінің берілу ерекшеліктеріне тоқталдық. Сонымен қатар ағылшын және қазақ тілдеріндегі мәтіндердегі модальділікті зерттей келе, оның берілу тәсілдерін түсіндірдік. Мәтін модальділігінде кездесетін обьективті және обьективті модальділіктің арақатынасын анықтап, көбінесе көркем шығармалардағы модальділік субьективті болады деген тұжырымға келдік, өйткені көркем шығарма жазушының өзінің жеке субьективті әлемі мен көзқарасы арқылы тжасалған туындысы, сондықтан ондағы барлық кейіпкерлер мен оқиғалардың жағдайы тікелей жазушының субьективті бағасына тәуелді және жазушы оларды қалауынша сипаттайды. Біз диссертациямыздың екінші тарауында модальділікті білдіретін тәсілдер мен тіл құралдарына классификация жасап, оларды, морфологиялық, лексикалық және лексика-синтактикалық, және синтактикалық сияқты топтарға топтастырдық. Олар сөйлем деңгейінде жекелей синтактикалық, лексикалық, морфологиялық және т.б. тәсілдер арқылы беріле алады.
Мәтін деңгейінде кездесетін модальділікті білдіретін түрлі тілдік құралдар мен тәсілдер жекелей емес, ал тұтас мәтін немесе мәтіннен үзіндісінде осы аталған тәсілдердің жиынынында немесе комбинациясында кездеседі. Осындай модальділікті білдіретін тәсілдерден басқа мәтін модальділігі стилистикалық тәсілдер арқылы беріледі. Зерттеу жұмысында қолданылған мысалдарды зерттей келе мәтін модальділігін білдіруде стилистикалық құралдардың арасында көбінесе эпитет, метафоралар, қайталаулар және теңеулерді қолданады. Өйткені осы аталған стилистикалық құралдар автордың кейіпкерлерге, мәтінге деген субьективті қатынасын тікелей білдіріп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |