АЛҒЫСӚЗ
Қазақ халқының қасиетті де қҧдіретті, кенге де, тарихқа да бай жерінің бірі –
Маңғыстау ӛлкесі екені жалпы қауымға мәлім. Маңғыстау мен Ҥстірт сан ғасырлардан
бері Еуразиядағы жаугершілік пен басқыншылықты, бейбіт пен ымыра замандардың
куәсі болған. Маңғыстау ӛңірі – тарих пен мәдениетке ӛз ҥлесін қосқан кӛне мекен.
Ӛлке тарихына кӛз жіберсек, бҧл жерде ертеден ірі тарихи оқиғалардың болғанын,
әсіресе ір кезең, әрбір дәуірде ӛмір сҥріп, ізін қалдырған талай тайпалар мен ҧлыс, ҧлт,
халықтардың ӛткенін кӛрсек, қазір де кӛптеген ҧлт, ҧлыс, халық ӛкілдері мекендеп
отыр.
Маңғыстауды «археологиялық қорық, ашық аспан астындағы мҧражай» деп тегін
айтпаған, ол жерлерден табылған кӛшпенділердің сәулет ӛнерінің тамаша ҥлгілері
әлем жҧртшылығын таңғалдырып отыр. Сонымен қатар Маңғыстау – ӛте мол мҧнай
мен газ қоры бар бай ӛлке.
Қаламқас, Қаражамбас, Ӛзен, Жетібай т.б. мҧнай-газ кен
орындарының аты әлемге әйгілі.
Алайда осы кҥнге дейін осы киелі де, қазыналы ӛлкенің мол мәдени-рухани
байлығының бір кӛзі жер-су аттары зерттелмей, тіптен жер-су аттарының жиналмай
келгені айқын.
Халқымыздың ғасырдан ғасырға ҧласып келе жатқан бай мҧрасының бір сарасы
жер-су аттары –
атадан балаға, ҧрпақтан-ҧрпаққа жетіп, кейінгі буындарға мирас
болып отырған зор байлығымыз. Олардың қҧрамында кӛне замандардың рухы ретінде
сақталған жҥздеген «қарт» атаулармен қатар жаңа дәуір атаулары да сан мың. Бҧл
атаулардың ӛн бойында жекелеген сӛздердің ғана тарихы емес, азаматтық тарихтың,
халықтың болмысы мен мінез-қҧлқы, тірлік-әрекетінің сипаты, әдет-ғҧрып, салт-
санасының, ел тарихының қат-қабат сыры жатыр. Оларды жаппай жинап, есепке алып
хаттау, ана тіліміз бен ҧлттық тарихымыздың сыр-сипатын, халқымыздың этномәдени
қҧбылыстарын тереңдей зерттеу ҥшін де аса қажетті, ӛте қымбат бағалы дерек болары
сӛзсіз. Олай болса, халық тілі мен мәдениетінің кемел байлығы, мәңгілік тарихи мҧра
– Маңғыстау ӛңірі жер-су атауларын жинап, әрбір атаудың мән-мағынасын толық
тҥсіндіруге
талпынған ғалым, ҧстаз Бибатпа Кӛшімоваға мың да бір рақмет айтуға
болады.
Сонымен қатар ғалымның Маңғыстау жер-су атауларына лингивистикалық және
танымдық тҧрғыда жасалған зерттеулері ғылыми басылымдар мен жинақтарда
жарияланды. Іргелі монографиялық еңбегі баспаға даярлануда. Міне осы сӛздіктегі
материалдар – автордың ізденген қажырлы еңбегінің жемісі. Қалың қауым мен
жергілікті әкімшілік орындарына қажетті де маңызы бар қҧралдың бірі – осы сӛздік
болары сӛзсіз.
«Маңғыстау ӛңірі жер-су атауларының тҥсіндірме сӛздігінде» қатаң алфавиттік
тәртіппен жер-су аттары берілген. Автор жер-су аттарының мағынасын айқындап,
шығу тегін –
этимологиясын ашып, толық тҥсініктерін берген. Кӛптеген ескі, кӛне,
мән-мағынасы бҧл кҥнде ҧмыт болған атауларды шығу тӛркін-тегі туыстас немесе
туыс емес басқа тілдермен салыстырыла отырып, жан-жақты талдап тҥсіндірген.
Мысалы:
Аджықұй, Айғыр, Айдарқарабас, Айрақты, Аққоңырдаң, Ақмыш, Аусар,
Бесӛгіз, Бозашы, Долыапа, Егдір, Каспий теңізі, Кетікбұлақ, Маңғыстау, Оғыланды,
Үдек, Шебір, Шетпе т.б. Ерте орта ғасыр, ортағасырлық атаулар мен моңғол (қалмақ),
араб және парсы тілдерінен енген атаулардың мағыналарын айқындау барысында
кӛптеген сӛздіктер мен іргелі еңбектерге сҥйенген. Атауларға фоносемантикалық
талдау жасаған.
Аманбұлақ, Айназарәулие, Қапамата, Қазанғапәулие, Қамысбай
қорымы, Қонайдың үйігі, Мәмішқазған, Темірбаба, Тӛлепқазған, Сайын, Сеңгірбай
тәрізді
антропотопонимдердің, яғни кісі есімдерінен қойылған қҧдық, қорым, қыстау,
тӛбе, мола, ауыл т.б. аттарын иемденуші адамның қоғамдық қызметін, топонимге
есімінің берілу себебін анықтауға тырысқан. Сондай-ақ жер-су аттары туралы
сақталған халық аңыздарының да орынды берілгені байқалады.
Б.Кӛшімованың «Маңғыстау ӛңірі жер-су атауларының тҥсіндірме сӛздігінің»
теориялық та, практикалық та мәні зор. Бҧл сӛздікті
оқып шыққан адамның әрбір
атаудың мән-мағынасы, ҧзақ тарихы, дҥниеге келу сыры барына толық кӛзі жетіп,
ынтыға тҥсері сӛзсіз. Әсіресе киелі де, қазыналы ӛлкенің жер-су атауларында халық
тарихының ізі, халықтың дҥниеге кӛзқарасы, тіршілік харекеті, тҧрмыс-кҥй,
шаруашылық кәсіптерінің кӛріністері, әдет-ғҧрып, салт-сана, жӛн-жобаның кӛрік
бейнесі айқын зерделенген.
Бҧған халық жазушысы Ә.Кекілбайҧлының: «Маңғыстау қашаннан да зердесі
даңғыл, қиялы жҥйрік адамдардың мекені болса керек. Мыңдаған кӛнекӛз
ескерткіштерін былай қойғанда, ӛлкедегі жер-су аттарының ӛзі-ақ соны айғақтағандай.
Жаңғақтың ойы, Арпалы ой, Қайыңды,
Кендірлі, Қауынды, Жиделі, Ағашты,
Теміртапқан, Мҧнайлы, Жездібас, Керіз – қазбалай тҥссең ӛлкенің ӛткен дидарынан
сыр шертердей; Қаңға, Есентҥбек, Ерсарықайрақ, Оғыланды, Ноғайтӛбе, Қырғын, Хан
жайлауы, Хан қыстауы, Байтақ, Шаңқала, Арыстанбҧғы, Сҧлтанепе, Дәніспан,
Қызылтам – тҥп мағынамды тарата берсең, тарихтың талай қойнауын сҥзіп шығар ең
деп тҧрғандай. Ал енді мына бір аттарға зер салыңызшы: Кӛрікті тӛбе, Сҧлу торпа,
Тәуір қыр, Сырлы тепсең, Сырлы тамшы, Тамшылы, Жабағылысаз,
Қыз емшек,
Кҥркіреуік, Қаракӛз, Дәурен-биік, Ақша оймақ, Кӛрпешік, Ӛрмелі...Бҧл ӛлкені сҧсты
табиғатынан осынша кӛрік табу ҥшін қырағы жанар, ҧшқыр қиялмен қоса шынайы
ақын жҥрек те керек шығар. Ақынжанды маңғыстаулықтар ҧлдарына қоймайтын
жақсы аттарды жерлеріне қойып баққан. Осының ӛзінен-ақ туған жерге деген ыстық
махаббат, ӛлкенің келешегіне деген зор сенім лебі еспей ме?» – деген сӛзі толық
дәлел-ақ.
Достарыңызбен бөлісу: