Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет9/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   333
АБЫЛ (Абыл) – мола, Бейнеу ауданы. Антропонекроним. 
АҒАШҚҦДЫҚ (Агашкудык) – қ., Ҥстірттің Солтҥстік Кемерінің батысында. Бейнеу 
ауданы. Ағаш (зат есім) және қҧдық (зат есім) сӛздерінен бірігіп жасалған атау. 
Мағынасы: «ағашпен шегенделген қҧдық». 
АҒАШТЫ (Агашты) – б., Шығыс Қаратаудың оңтҥстік бауырайында. Маңғыстау 
ауданы. Ағаш (зат есім) және сын есім тудыратын –лы жҧрнағының бірігуінен 
жасалған атау. Бҧлақ басында ағаш ӛсуіне байланысты «ағашты бҧлақ» аталған. 
АҒАШТЫБАУЫР (Агаштыбауыр) – қон., Тҥпқараған ауданы. Мағынасы: «ағаш 
ӛскен қыратты жонның ықтасын жеріндегі қоныс». 
АҒЫМӘУЛИЕ (Агымаулие) – қор., Маңғыстау ауданы. Ағым (зат есім) және әулие 
(зат есім) сӛздерінінің бірігуінен жасалған атау. Антропонекроним. Бҧл әулие – қыз 
әулие және қазаққа дейінгі (мҥмкін тҥрікмен, ноғай, не оларға дейінгі тайпалардікі 
шығар) ӛмір сҥрген кісі деген мәліметтен басқа дерек жоқ (С.Қондыбаев, 2000, 12).  
АДА (Ада) – қҧмқайыр, Қарақия ауданы. Ада сӛзі Э.В. Севортянның сӛздігінде –  
«арал; ӛсімдік ӛскен арал, ӛсімдігі бар арал» деген мағына береді (Э.В. Севортян
1974, 87). Ада сӛзі арал мағынасында тҥрікмен, тҥрік т.б. тілдерде қолданылады. Ӛзбек 
тілінде ота болып айтылады (Э.М.Мурзаев, 1984, 38). Сонда Ада атауының 
мағынасын: «ӛсімдік ӛскен, ӛсімдігі бар арал» деп білеміз. 
АДАМӚТПЕСШАЛБАР (Адамотпесшалбар) – тҥбек, Қаракешудің Қайдақ 
шығанағымен жалғасқан тҧсының солтҥстігінде 5 км жерде, Ҥстіртке сҧғына еніп 
жатыр. Теңіз тартылған соң Бозашы тҥбегімен бірігіп кеткен. Маңғыстау ауданы. 
Татарстан гидронимдерін зерттеген Ф.Г.Гарипова: «чалбар – «ӛзен саласы, тармағы» 
деп жазады (Ф.Г.Гарипова, 1991, 42). Атаудың мағынасы: «адам ӛте алмайтын терең, 
екіге айырылған сай немесе сор жер» болуы мҥмкін.
АДАМТАС (Адамтас) – мҥйіс, Кендірлі – Қиясай Ҥстіртінің батысында. Қарақия 
ауданы. Адам (зат есім) және тас (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған атау. 
Мағынасы: «адам кейпіне ҧқсас тасты мҥйіс» деген болу керек. 
АДЖЫ (Аджы) – тӛбе, Қарақия ауданы. Аджы (кӛне тҥріктің сӛзі) // ажы –суы ащы, 
бірақ мал ішуге жарамды қҧдықтарға қарата айтылып, солай жер атауы болып 
қалыптасып кеткен: Ажы – Севортянның сӛздігінде: «ащы, ащы су, шипалы су» 
делінген (Э.В.Севортян, 89). Атау бҧрын сол жерде болған ащы сулы қҧдыққа 
байланысты қойылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет