Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет100/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   333
КӚШЕРБАЙ (Кошербай) – қ., меш., Бейнеу ауданы. Антропотопоним. Кӛшербай 
Қаражігітҧлы – Адайдың Қырықмылтық руынан шыққан, балаларға араб-парсы 
тілдерін, жағрафия, математика ғылымдарын ҥйреткен, халықты адалдыққа, дін 
жолынан таймауға тәрбиелеген ахун (Бейнеу, 118).
КӚШКІН (Кошкин) – қор., Тҥпқараған ауданы. Кӛшкін – «кӛшпенді жҧрт, босқын 
ел» (ҚТТС, 5 т. 248). Мағынасы: «кӛшпенді жҧрт, босқындар жерленген қорым». 
КӚШМАҒАМБЕТ (Кошмагамбет) – жҧрт, Бейнеу ауданы. Антропоойконим. 
КРАСНЫЙ ДОЛГИНЕЦ (Красный Долгинец) – жҧрт, Тҥпқараған ауданы. 
КҤМБЕТ (Кумбет) – тӛбе, қор., Маңғыстау, Тҥпқараған ауд-да. Кҥмбет – арабша 
«кҥмбез». Мағынасы: «шаңырақ тәрізді тӛбе» және «кҥмбезді қорым». 
КҤМІСБАЙ МОЛАСЫ (Кумисбай моласы) – мола, Маңғыстау ауданы. Мағынасы: 
«Кҥмісбайдың моласы».
КҤЙЕКЖАЛ (Куйекжал) – жал, Маңғыстау ауданы. Атау кҥйек (зат есім) және жал 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «малдан кҥйек алынғаннан 
кейін ғана ойға қҧлайтын жал, асу». 
КҤЙЕКЖОЛ (Куйекжол) – Батыс Ақтау жотасынан асып тҥсетін ежелгі кӛш, керуен 
жолы. Атау кҥйек (зат есім) және жол (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. 
Мағынасы: «малдан кҥйек алынғаннан кейін ғана ойға қҧлайтын ежелгі жол». 
КҤЙЕКТАҚЫР (Куйектакыр) – шатқ., Маңғыстау ауданы. Атау кҥйек (сын есім) 
және тақыр (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «кҥйектей, яғни 
ҥлкен тақыр». 
КҤЙЕУТАМ (Куйеутам) – там, Маңғыстау ауданы. Аңыз бойынша, сҥйгеніне 
қосыла алмай, мерт болған кҥйеу жігіттің тамы. «Олжаның қызын (Олжа ру немесе 
адам аты екені белгісіз) кҥйеу жігіт пен Қалматай алып қашады. Соңынан 
қуғыншылар қуып жетіп, әуелі Қалматайды ӛлтіреді. «Сендер алға қарай кете 
беріңдер», – дейді. Кішкенеден соң қуғыншылар кҥйеу жігітті, соңынан қызды қуып 
жетіп ӛлтіреді. Болған оқиға батыстан, шығысқа қарай болған болу керек, қыздың 
моласы кҥн шығыста да, жігіттердің моласы батыста. Қазірде ҥшеуінің де моласы бар, 
аралары бір-бірінен 3-4 шақырымдай қашықтықта (Ж.Дҥйсенбаева, 2002, 52-53). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет