Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет166/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   333
ОМАРҚОРА (Омаркора) – қора, қон., Маңғыстау ауданы. Атау Омар (зат есім) және 
қора (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «Омардың қыстауы». 
ОМАР-ТҦР КҤМБЕЗДІ МАЗАРЫ (Омар-Тур кумбезды мазары) – маз., Бейнеу 
ауданы. Антропонекроним. Әкелі-балалы Омар мен Тҧрға арналып салынған кҥмбезді 
мазар.  
ОНБАЙ (Онбай) – қ., қорған, Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «қатар жатқан кӛп 
сусыз арна, жыралар» (қараңыз: БАЙ). 
ОН БЕСІНШІ БЕКЕТ (Он бесинши бекет) – а., т.ж.бекеті, Маңғыстау ауд-ы
Жыңғылды ауылдық әкімшілігі аумағында. Атау он бесінші (сын есім) және бекет (зат 
есім) сӛздерінің тіркесуі арқылы жасалған. Пойыз тоқтайтын бекеттің орналасу ретіне 
қарай аталған.
ОНЕЖЕ (Онеже) – б., Маңғыстау ауданы. Атау он (сан есім) және еже (зат есім) 
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Еже – кӛнетҥркі тілінде «ҥлкен апа» 
мағынасындағы сӛз. Атаудың мағынасы: «ежелден ағып жаткан он бҧлақ» деген 
тәрізді. 
ОНҚҦДЫҚ (Онкудык) – қ., Бейнеу ауданы. Атау он (сан есім) және қҧдық (зат есім) 
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Осы жерде бір-біріне жақын жатқан он қҧдыққа 
байланысты қойылған атау. 
ОНҤЙ (Онуй) – алқ., Қарақия ауданы. Атау он (сан есім) және ҥй (зат есім) сӛздерінің 
бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «он шақты ҥй болған жер». 
ОҢАЙКЕТКЕН (Оңайкеткен) – шатқ., Маңғыстау ауданы. Атау Оңай (зат есім) 
және кеткен (етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Белгілі бір оқиғаға 
байланысты аталған. 
ОҢАЙКҤП (Онайкуп) – кҥп, Маңғыстау ауданы. Атау Оңай (зат есім) және кҥп (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. «Кҥп – (парсы сӛзі) сай тҧйығындағы асты 
тастақты, шҧңғыл, су жиналатын орын (Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева, 194). Мағынасы: 
«Оңайдың сай тҧйығындағы асты тастақты, шҧңғыл, су жиналатын орны». 
ОНДЫ (Онды) – а., Маңғыстау ауданы. С.Әжіғали «Онды» атауын XVII-XVIII 
ғасырларда Маңғыстауға шабуыл жасаған қалмақтардың қолбасшылары Даян Омбы
Дундук Омбының аттарымен байланыстырады (Каспий қайраңы, 161). «Жерінің аты-
еліңнің хаты» атты энциклопедиялық анықтамалықта: Онды – «жӛнді, жақсы, дҧрыс, 
тәуір» мәнін береді делінген. (584). Моңғолша-орысша сӛздікте: «Ондоо – «мықты, 
ерекше, басқаша» деген сӛз (300). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет