ОРТАША (Орташа) – қ., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «екі ортадағы кішкене
қҧдық».
ОРЫНДЫҚ (Орындык) – қор., Бейнеу ауданы. Орын деп – «бҧрын су жҥрген
арналарды айтады. Мағынасы: «қҧрғақ арнаның табанындағы қорым».
ОРЫС (Орыс) – қор., Қарақия ауданы. Халық атынан қойылған. Мағынасы: «орыс
халқының ӛкілдері жерленген қорым».
ОТАЙБЕРГЕН (Отайберген) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним.
ОТАЛҒАН (Оталган) – шатқ., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «шӛбі жоқ шатқал».
ОТАР (Отар) – қ., Бейнеу ауданы. Бҧл сӛздің этимологиясын Э.В.Севортян: «от
«шӛп»+ а – шӛпті ота + р етістіктен зат есім тудыратын жҧрнақ, сӛздің мағынасын:
«жайылым, ӛріс, ауылдан жырақтағы мал жайылатын жер», – деп кӛрсетеді
(Э.В.Севортян, 1974, 488). Сонымен қатар В.В.Радлов та мҧндағы «от» тҥбірінің тҥркі
тілдеріндегі бір мағынасы «шӛп, ӛсімдік» екенін айтады (Радлов, том 1., часть 2, 1100-
1106). Сонда атау: «жайылым, ӛріс, ауылдан жырақтағы мал жайылатын жердегі
қҧдық» деген мағынаға толық сәйкес келеді.
ОТАРБАЙ (Отарбай) – мола, Маңғыстау ауданы. Антропонекроним.
ОТАР САЛПЫ (Отарсалпы) – қ., Маңғыстау ауданы. Атаудың мағынасы: «ӛрістегі
суы ӛте аз қҧдық».
ОТПАН (Отпан) – тау, Маңғыстау ауданы. Басында 2007 ж. «Отпантау» тарихи-
мәдени кешен, кесене ашылды. Атау от (зат есім) және пан (зат есім) сӛздерінің бірігуі
арқылы жасалған. Ақын С.Нҧржан: «От-пан (Ман) деген сӛздің бір мағынасы –
«Тәңірлік От», бір мағынасы – «От–адам», – дейді (С.Нҧржан, 14). Ал біздің
пікірімізше, пан/ман – ҥндіеуропалық «тау» деген сӛз (қараңыз: МАНҒЫСТАУ).
Мағынасы: «от тауы». Жаугершілік заманда ҧран оты жағылатын тау болған. Атау осы
мағынаға толық сәйкес келеді.
ОТЫНШЫ (Отыншы) – қ., мола, тӛбе, Маңғыстау, Қарақия ауд-да.
Антропогидроним.
Ӛ
ӚГІЗ (Огиз) – қ., Маңғыстау ауданы. Т.Жанҧзақов: «ӛгіз – кӛнетҥркі тілінде «ӛзен»,
«су» мәнін білдіретін сӛз болған», – дейді (Т.Жанҧзақ, 2007, 66). Бҧл пікірді
Э.Мурзаев нақтылай тҥседі: «Негізінен, окуз сӛзі «ағып жатқан су» мағынасын береді»
(Э.Мурзаев, 1974, 195). Сонымен Ӛгіз атауы – «ағынды сулы қҧдық» мағынасын
береді.
Достарыңызбен бөлісу: |