Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет224/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   333
ШЕТКІҚОРА (Шеткыкора) – қон., қора, Маңғыстау ауданы. Атау шеткі (сын есім) 
және қора (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «оқшау 
орналасқан қыстау». 
ШЕТПЕ (Шетпе) – а., ауд. орт., Маңғыстау ауданы. Шетпе атауы парсының 
чәшмә//чешме – «қайнар кӛз, бҧлақ» (Оңдасынов, 105) деген сӛзінен пайда болған. 
Жергілікті баспасӛз беттерінде «Чешме» сӛзі тҥрікмендікі немесе кӛнетҥркі сӛзі 
делінеді: «Шетпені ең соңғы мекендеген тҥрікмендер еді. Әсіресе тҥрікменнің сегіз 
арыс Сейілхан дейтін руының тарамдары мекендеген. Ол кезде тҥрікмендер Шетпені 
«Чешме» деп атайды екен. Бҧл тҥрікменнің бҧлақ кӛзі деген сӛзі» деген мәліметтер 
кездеседі. Шынымен де Шетпе маңы сыңсыған бҧлақ. Шетпе деп бҧлақ та аталады. 
Шетпе атауы жӛнінде тҥрлі этимологиялар қалыптасқан. Мәселен, Е.Қойшыбаев: «Из 
шет и аффикс –пе: «густая» (о рябине) (Е.Койчубаев, 252), А.Костенко мен 
Е.Ӛмірбаев «Ожувут степи» кітабында Шетпе атауы тҥрікменнің осы аттас 
тайпасының аты дейді: «... с XIII века здесь поселились уцелевшие после 
монгольского нашествия туркмены рода шетпе (А.Костенко и Е.Умирбаев, 121). 
С.Қондыбай: «Шетпе сӛзіне дыбыстық ӛзгеру жағынан ең жақын келетін сӛз –
«жетімек» атауы. Яғни «жетімек» - «джетмек» - «четпек» «шетпе (к)» ӛзгеруі 
сӛздің заңдылығына толық сәйкес келеді» деп кӛрсетеді. Дегенмен шежірелік немесе 
тарихи кітаптардан шетпе аталатын этноним кездеспегенін ескерсек, Шетпе топонимі 
парсының чешме – «қайнар кӛз, бҧлақ» деген сӛзінен пайда болды деп нақты айта 
аламыз. 
ШЕТТӚБЕ (Шеттобе) – тӛбе, Қарақия ауданы. Атау шет (сын есім) және тӛбе (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «оқшау орналасқан тӛбе». 
ШИӘУЛИЕ (Шиаулие) – қор., Тҥпқараған ауданы. Атау ши (зат есім) және әулие 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «ши ӛскен әулиелі қорым». 
ШИЕЛІ (Шиелы) – қ., тереңдігі – 2 м., Маңғыстау ауданы. Атау шие (зат есім) + лі 
(бір нәрсенің бар екенін білдіретін жҧрнақ) туынды сын есім жасайтын жҧрнағының 
қосылуы арқылы жасалған. Шие – басында қызыл тҥсті жеміс ӛсетін ағаш. Мағынасы: 
«шие ӛскен жердегі қҧдық немесе ши ӛскен қҧдық». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет