Жабайұшқан
Жабайұшқан – қоныс, шың. Бҧл Сенек тҧспаның бер жағында, батыстан
кҥншығысқа қарап тҧрған Ҧшпа тауы. Жабай деген қазақ жерінде қалып қойған тҥрікпен
кӛрінеді. Ертеде осы таудың басына ҧя салатын қыран бҥркіттің балапандарын аулап,
Бесқалаға апарып сатады екен.
Жабай ӛзі тҥрікпен қанынан шыққан, жаужҥрек адам екен. Бірде сол Жабай жалғыз
баласын арқанға байлап жіберіп, балапан алдырғысы келген. Жан-жағы теп-тегіс, ҧшпа
таудың ажалына кезігіп тҧрған бір тастарына ілігіп қалған арқан қиылып кетіп, бала
ҧшып ӛлген. Баласынан басқа қызығы қалмаған бейшара Жабай атының кӛзін таңып, ӛзі
де ҧшып ӛлген екен.
Содан халық аузында бҧл тау «Жабайҧшқан» деп аталып кетіпті (Қазақтың мифтік
әңгімелері, 119).
Көкімбет
Тҧщықҧдық ауылының жанында Кӛкімбет атты ескі ғимарат бар. Кӛкімбет батыр
аңшылықты кәсіп еткен кісі екен, ол адамды жасартатын, мәңгілік қасиет беретін су кӛзін
іздеп жолға шығады. Сол судан нәрленіп, мәңгілік ӛмір сҥретін қҧсты ҧстап алып, еліне
келсе, ел жауға аттанғалы жатады, батыр қҧсын ҥйге қалдырып, ҧрысқа барып, қайтып
келсе, әйелі кӛк қҧсты пісіріп, етіп жеп, сорпасын қҧмай тазысына берген екен. Сызықты
ӛмірі бітіп Кӛкімбет осы араға жерленіп, әйелі мен қҧмай тазы бӛтен жаққа кӛшіп кетіпті
деседі (Б.Әбдірахманов. Кӛкімбет//Маңғыстау. 13.12.2005).
Күйкенұшқан
Күйкенұшқан – Бейнеу ауданындағы тау атауы. Осы оқиға Мҧрын Сеңгірбаев жырау
жырлайтын «Қырымның қырық батыры» цикліне кіретін «Манашыҧлы Тҧяқбай»
дастанында кӛрініс тапқан. Ол оқиғаға былайша баяндалады: «Ащыағар сайдың бойында
отырған ноғайлы ауылдарын ындыс қалмақтар шабады. Олар ноғайлылының ақылшысы
Орманбетке бізге кӛн деп талап қояды. Би кӛнбейді. Қалмақтар оны ӛлтіріп, қалған он бір
биді шақыртады. Он бір би қалмаққа келе жатып, Манашы мырзаның ҥйіне тҥседі, оған
бізбен бірге жҥр дейді. Оларға Манашының шешесі Кҥйкен де ере жҥреді. Ащыағар
сайдың бойындағы қалмақтарға он бір би: Ҥш кҥнде қайтып келеміз, елді кӛндіріп
келеміз деп, Манашыны аманатқа тапсырып кетеді. Бірақ қорқақ билер ҥш кҥнде келмей,
ауылдарын жасырып, кӛшіріп әкетеді. Қалмақтар Манашыны кескілеп ӛлтіреді. Оның
кҥйігіне шыдай алмаған анасы Аралтӛбе тауының бір шыңынан ҧшып ӛледі. Содан бері
бҧрынғы Ащыағар сайы «Манашы», Аралтӛбе тауы «Кҥйкенҧшқан» аталып келеді
(Ж.Дҥйсенбаева, 2002,
59).
Достарыңызбен бөлісу: |