Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет35/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   333
АТЫОЗҒАН (Атыозган) – мола, Маңғыстау ауданы. Белгілі бір оқиғаға байланысты 
аталған. 
АУСАР (Аусар) – а., Маңғыстау ауданы. Бҧл топонимнің этимологиясы туралы тҥрлі 
жорамалдар кездеседі. С.Қондыбай бҧл топонимиді ортағасырлық оғыз тайпасының 
(афшар) атымен байланыстыра қарастырады. Ал біздің ойымызша, Аусар – екі 
компоненттен қҧралған: аб(а)-об-оп-ау тәрізді ӛзгерістерге ҧшыраған «су», «ӛзен» 
мәніндегі иран сӛзі де, ал сар сӛзін Н.Оңдасынов «Парсыша-қазақша тҥсіндірме 
сӛздігінде» – «бір нәрсенің кӛптігін, молдығын білдіретін жҧрнақ» (Н.Оңдасынов, 161) 
деген. 
Иран 
топонимикасындағы 
географиялық 
терминдерді 
зерттеуші 
В.И.Савинаның еңбегінде: «Абшар – сарқырама, кӛп су» деп те беріледі (В.И.Савина, 
1971, 4). Сонымен Аусар атауы «сулы жер» деген мағынаны білдіреді. 
АУЫЗДЫБАС (Ауыздыбас)  – қыс., б., Маңғыстау ауданы. Атау ауызды (сын есім) 
және бас (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «кӛпшілік жҥретін тау 
асуындағы мол суы бар бҧлақ, қыстау». 
АУЫЗДЫБАССАЙ (Ауыздыбассай) – м., Маңғыстау ауданы. Атау ауызды (сын 
есім) және бас (зат есім), сай (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: 
«кӛпшілік жҥретін тау асуындағы, жолдағы ҥлкен сай». 
АУЫЗДЫКӚЛ (Ауыздыколь) – қҧм, Бейнеу ауданы. Атау ауызды (сын есім) және 
кӛл (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «кӛпшілік жҥретін тау 
асуындағы кӛлі бар қҧм жер». 
АУЫЗҚАРА (Ауызкара) – тӛбе, Маңғыстау ауданы. Атау ауыз (зат есім) және қара 
(сын есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «кӛпшілік жҥретін тау асуы» 
АУЫЗКӚЛ (Ауызколь) – м., Бейнеу ауданы. Атау ауыз (зат есім) және кӛл (зат есім) 
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «кӛпшілік жҥретін тау асуындағы, жолдағы 
кӛлді мҥйіс». 
АУЫЗОРПА (Ауызорпа) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау ауыз (зат есім) және орпа (зат 
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «кӛпшілік жҥретін тау асуындағы
жолдағы сулы қҧдық» (Б.Әріпов, Д.Әріпов,136).  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет